Отчет по практике в «Рамадангрупп» ЖШС

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 23:02, отчет по практике

Краткое описание

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2010 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызынан 2011-жылдың 01-ші қаңтарына дейінгі аралықта Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Шу көшесіндегі 45 үйде орналасқан «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;
2 Ақша құралдары айналымы есебі;

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау..............................9

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы............................................13
2.2 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................14
2.3 Қорлар есебі мен аудиті....................................................................................16
2.4 Дебиторлық борыштар есебі............................................................................18
2.5 Факторингтік операциялар есебі.....................................................................20
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23
2.8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28

3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы...........................................................................32
3.2 Жеке табыс салығы...........................................................................................33
3.3 Әлеуметтік салық..............................................................................................34
3.4 Қосылған құн салығы.......................................................................................35
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы аудиті...................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР..................

Вложенные файлы: 1 файл

4-67.doc

— 424.50 Кб (Скачать файл)

Ескертпе- Кесте 2007-2009 жж. «Рамадангрупп» ЖШС-нің бухгалтерлік балансы бойынша құрастырылған.

Пассивтердің жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі жоғарылады және 2009 жылы ол  85% немесе 416 996 мың теңге сомманы құрады. Бұл өзгеріс меншікті капиталдың 2007 жылмен салыстырғандағы 2009 жылда 41%-ға өсуімен анықталады. Қарыз қаражаттарының пассивтер құрылы-мындағы үлесі 2008 жылмен салыстырғанда үлкен өзгеріссіз, яғни 2008 жылы 18673 мың теңге (4%) болса 2009 жыл 24 443 мың теңге сомманы құрап тек 1% артты. Қарыз қаражаттарының ішінде басқа да міндеттемелер салықтық міндеттемелер негізгі орынды алады, олардың үлесі пассивтердің жалпы құрылымында 2008 жылы 4 % болса 2009 жылы 2% төмендеген.  Ал

салықтық міндеттемелер тек 2009 жылы пайда болған және ол 3% құраған.

Кәсіпорын мүлкінің қалыптастыру көздерінің жалпы соммасында меншікті капитал үлес салмағының төмендеуі мен ұзақмерзімді міндеттемелер үлес салмағының ұлғаюы кәсіпорын қаржылық жағдайының төмендеу салдары болып табылады.

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы

 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өздерінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.

Меншікті капиталдың ерекшелігі-ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді.

ҚЕХС, ҚЕҰС-да меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінбеген табыс.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушы-лардың салымының жиынтығы болып табылады. Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар мен сәйкес корреспон-денциялар жүргізіле отырып, төмендегідей операциялар рәсімделеді:

 

Кесте 4 - Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар

Жарғылық  капиталға қатысты өткізбелер

1

Тағайындаушы құжаттарға сай жарғылық капитал өлшемін бейнелеу

5110

5030

2

Жарғылық капитал артуына байланысты тағайындаушы құжатқа өзгеріс

5110

5030

 Төленбеген капиталға қатысты өткізбелер:

3

Акция төлеу, салым салу, жарна төлеу

   

3.1

Материалды емес активтермен

2730

5110

3.2

негізгі құралдармен

2410

5110

3.3

Тауарлық-материалдық қормен

1310,1320,1330,1350

5110

3.4

Ақшалай қаражаттармен

1010, 1030

5110

Бөлінбеген табысқа қатысты өткізбелер

4

Есеп беріп отырған жылғы таза табыс бейнеленуі

5610

5510

5

Жыл есебіндегі залалды резервтік капитал есебінен жою

5410, 5460

5510, 5520

6

Есептен шығару бойынша қайта бағалау сомасын бөлінбеген табысқа жіберу:

   

6.1

Негізгі құралдар бойынша

5420

5510

6.2

Материалды емес активтер бойынша

5430

5510

7

Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы

5420

5510


5000 «Жарғылық капитал», «Төленбеген  капитал», 5200 «Сатып алынған жеке меншік үлес құралдары», 5300 «Эмиссиялық кіріс», 5400 «Резервтер», 5500 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» кіші бөлімдері шоттарының кредиті бойынша операцияларды есепке алуға арналған.

«Операциялардың мазмұны» бағаны бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жарғылық капиталға жарналарға, ұйымның жарғылық және резервтік капиталының мөлшерін арттыруға және т.б. байланысты операциялар бойынша қажетті жазба жүргізіледі.

5000, 5100, 5200, 5300, 5400, 5500 кіші бөлімдерінің  әрбір синтетикалық шоты үшін бағандар арналған, оларға дебет бойынша осы шоттармен корреспонденцияланатын синтетикалық шоттардың кодтары енгізіледі. Айдың аяғында әрбір синтетикалық шот бойынша кредит бойынша айналым есептеледі және «Жиыны» бағанына енгізіледі. Әрбір синтетикалық шот бойынша кредит жөніндегі айналымдардың сомасы («Жиыны» жолы) Бас кітапқа ауыстырылады.

Қосалқы шоттардың бөлінісінде ұйымның жеке меншік капиталының бар-жоғы мен қозғалысының талдамалы есебі жүзеге асырылады.     

 

 

2.2 Ақша қаражаттарының есебі

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының   түсуі  мен   жұмсалуы   келесі   категорияларға  жіктейді: Операция-лық   қызмет, Инвестициялық  қызмет, Қаржыландыру  бойынша   қызмет

    1. Операциялық   қызмет – ұйымның   табыс   әкелуге  бағытталған    негізгі   қызметі.  Осы  категорияға  ақша  қаражаттарының   түсу   ағыны   ретінде   жатады:  тауарлар   мен  қызметтерді  сатып  алушылардан   ақша  қаражаттарының түсуі,   инвестициялар мен  ссудалардан   алынған   пайыздар   мен  дивидендтер, сондай-ақ нарықтық  бағалы   қағаздарды  сатудан  алынған   қаражаттар.  Ақша  қаражаттарының   жұмсалу ағынына: еңбекке   ақы  төлеу, тауарлар  мен  қызметтер үшін   төлемдер,  проценттер   бойынша  төлемдер,  салықтық  төлемдер   және  нарықтық   құнды   қағаздарды   сатып  алу.
    2. Инвестициялық қызмет – айналымнан   тыс  активтерді   сатып  алу   және  сату, ақша  эквиваленттеріне  жатпайтын   басқадай   инвестицияларды   сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді   активтерді   және  нарықтық    құнды   қағаздарды   сатудан   алынған ақша  қаражаттарын   қамтиды. Ақша  қаражаттарының  жұмсалу  ағыны   ұзақ   мерзімді   активтер  мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын   қамтиды.
    3. Қаржылық қызмет– ұйымның  меншікті   капиталының    құрамындағы   өзгерістерді   тудырады.  Басқаша айтқанда   қаржылық  қызмет – ұйым   иелерінің ресурстарды   алу  немесе   иелеріне ресурстарды  қайтару. Олардың    инвестицияларына  табысты   беру.

Ақша  қаражаттарының  түсу   ағыны  акцияларды,  қысқа   және  ұзақ   мерзімді  займдарды шығарудан  түскен  түсімдерді қамтиды. Ақша  қаражат-тарының жұмсалу  ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеуді   қамтиды.

Ақша қаражаттарының   қозғалысы  туралы   есеп   беру  үш   категорияға   сәйкес үш  бөлімнен  тұрады.   Алғашқы   бөлімде   операциялық    қызметтен   түскен   ақша   ағыны   одан  кейін   инвестициялық   қызмет,   ең  соңғысы – қаржылық   қызмет.

Аталған қызметтердің  құрамы  1-суретте   берілген.

 

 

Түсуі                                                                                    Жұмсалуы


 

 

 

 

Сурет 1. Ақша  қаражаттарының   түсу   және  жұмсалу   ағынын   жіктеу

«Рамадангрупп» ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1020 – «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1060 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.

 

2.3 Қорлар есебі мен аудиті

 

Тауарлы материалдық өнім өндіру барысында  өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін – тауарлы материалдық қорлар деп атаймыз.

Тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:

  • шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер;
  • улы химикаттар, медикаменттер;
  • дайын өнім;
  • сатуға арналған тауарлар.

Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:

Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.

Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.

  • Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді.

Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

  • ұрланған фактілер болған жағдайда;
  • төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);
  • материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;
  • кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебі келесі 2 суретте көрсетілген тәртіп бойынша жасалады.


 


 


 

 

 


 

 

 



 

 

 


 


 



 


 

 

 


 

 

 

 Сурет 2. Тауарлы-материалдық қорлардың есебін ұйымдастыру тәртібі

 

Талдау жүргізу барысында тауарлы-материалдық құндылықтардың өзгеруіне жалпы баға беріледі. Тауарлы-материалдық құндылықтардың өскені керек емес, өйткені бұл өнімге сұраныс жоқ, инфляцияның әсер етуі, стратегияның дұрыс жүргізілмегендігін айтып тұр.

Тауарлы-материалдық қорлардың аудитінің негізгі мақсаты: олардың есебінің дұрыс құрылуы; сақтау орындарындағы тауарлы-материалдық қорлардың нақты бары қозғалысы туралы нақты мәліметтердің болуы, тауарлы-материалдық қорлардың сақталынуының қамтамасыздығы және өндірістік тұтыну нормативтерінің сақталынуы.

Тауарлы-материалдық қорлардың аудиторлық тексеру бағдарламасы мына сұрақтарға жаап беруі тиіс:

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың баланстағы көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру.
  2. Қоймадағы есеп пен кәсіпорын соңғы есепті кезеңге тауарлы- материалдық қорлармен  толық қамтамасыз етілгендігін тексеру.
  3. Тауарлы-материаалдық қорлардың нақты бары мен сақталуын тексеру.
  4. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың дұрыстығын тексеру.
  5. Құндылықтардың толық және уақытында келіп түскендігін және сол кезде толтырылған бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру.
  6. Өндіріске дайын өнім өндіру үшін жіберілген материалдардың негізділігін тексеру және олардың бухгалтерлік есеп шоттарындағы крсеткіш-терінің дұрыстығын тексеру.
  7. Таурлы-материалдық қорлардың бағалау әдістерін анықтау.
  8. Материалдық құндылықтарды басқа кәсіпорындарға қайта өңдеуге жіберілген кезде толтырылған құжаттардың дұрыстығын тексеру.
  9. Өзге кәсіпорвндарға өңдеу және қайта өңдеу үшін материалдық құндылықтардың жіберілуне байланысты операцияларбойынша бухгалтерлік жазбалар мен құжаттардың дұрыс толтырылуын тексеру.
  10. Тауарлы-материалдық құндылықтардың инвентаризациясын өз уақтында және дұрыс жүргізілуін тексеру.

Тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары мен құжаттардағы тізімінің сай келуін тексеруде біріншіден жылдық түгелдеудің берілгендеріне сүйену, екіншіден қорлардың сақталу орындарының жаппай тексерілуі  мен бөлек немесе теріліп тексеру орындарын таңдау қажет.

Материалдық құндылықтардың қоймадағы сақталу тізімінің қадағалауына және құндылықтардың бөлек түрлерінің сақталыну орындарына аса маңызды көңіл бөлінеді.

Материалдар негізгі құралдарға қарағанда өндіріс процесінің бір циклына қатысып, өзінің құнын өнім құнына толығымен беріп, оның негізін құрайтын өндірістік қор болып табылады. Өндіріс процесінде барлық материалдар атқаратын қызметіне және тағайындалуына қарай негізгі және көмекші болып бөлінеді.

 

2.4 Дебиторлық борыштар есебі

 

Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын  -дебиторлық берешек деп айтады.

«Рамадангрупп» Серіктестігінде сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:

1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар»

1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек» шоты;

1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

Информация о работе Отчет по практике в «Рамадангрупп» ЖШС