Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 23:02, отчет по практике
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2010 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызынан 2011-жылдың 01-ші қаңтарына дейінгі аралықта Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Шу көшесіндегі 45 үйде орналасқан «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;
2 Ақша құралдары айналымы есебі;
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау..............................9
ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы............................................13
2.2 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................14
2.3 Қорлар есебі мен аудиті....................................................................................16
2.4 Дебиторлық борыштар есебі............................................................................18
2.5 Факторингтік операциялар есебі.....................................................................20
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23
2.8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28
3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы...........................................................................32
3.2 Жеке табыс салығы...........................................................................................33
3.3 Әлеуметтік салық..............................................................................................34
3.4 Қосылған құн салығы.......................................................................................35
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы аудиті...................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР..................
Әлеуметтік салықтың ерекшелігі – оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі болып жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін ақшалай және натуралды формадағы табыстары, әлеуметтік және материалдық түрдегі жұмыс берушінің ұсынған игіліктері табылады. Салық ставкасы 11 пайыз. Серіктестікте салық ай сайын есептеліп, салық төлеушінің тіркелу орны бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей төленіп отырады, ал декларацияны тоқсан сайын салықтық органдарға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей ұсынады.
Әлеуметтік салықтың есептелуі: 1620, 7110, 7210, 8110, 8310, 8410, 3150
3.4 Қосылған құн салығы
Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады.. Серіктестік ҚР қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде. ҚҚС тауарлар мен қызметтердің өндірісі немесе айналымы кезіндегі құн өсіміне салынатын, сатылған тауарлар мен қызметтерге есептелген ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталған бюджетке төленуге тиісті салық болып табылады. Серіктестікте ҚҚС объектісі салық салынатын айналым болып табылады.
Салық салынатын айналым ретінде жұмыс пен қызметтерді өткізуден табыс анықталады. ҚҚС 3130 «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебетіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтау-шыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төленген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС өткізілген өнім, орындалған жұмыс немес көрсетілген қызмет үшін есептелген ҚҚС сомасымен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындалған жұмыстары үшін төленген ҚҚС сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. ҚҚС мөлшері ҚР-ның салық заңында белгіленеді. (12 пайыз)
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы аудиті
Аудит экономика ақпарат жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Аудит – бұл кәсіпорынның қаржылық есебінің заң талаптарына сәйкес жасалғандығын тәуелсіз түрде тексеру және ол туралы аудиторлық пікір білдіруі.
«Рамадангрупп» ЖШС кәсіпорны жыл сайын міндетті сыртқы аудитордың тексерістен өтуі тиіс. Кәсіпорында аудиторлық тексерісті «Аудиторская фирма АЛИАС-ТУ» ЖШС-гі 2005 жылдың 5 қыркүйегінен берілген мемлекеттік лицензия негізінде жүргізеді. Аудиторлық тексеріс есебі кәсіпорынның 2007 ж 31 желтоқсанына құрастырылған қаржылық есебі, яғни есепті кезең аяқталған күніне бухгалтерлік балансы, пайда мен зиян есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі, меншікті капиталдағы өзгеріс есебі, сонымен қатар, есеп саясатының элементтерінің қысқаша сипаттамасы мен басқа да түсініктеме жазулар негізінде жасалады.
Қаржылық есептің әділетті құрастырлуы мен ұсынылуына кәсіпорынның басшылығы жауапты. Бұл жауапкершілік маңызды қателері жоқ қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға байланыты ішкі бақылауды қолдау мен енгізу, қалыптастыру, қажетті есеп саясатын қолдану мен таңдау, есептік бағалардың негізді болуын қадағалаудан тұрады.
Аудитордың есебі аудит стандарттарына сәйкес жүргізілді. Стандарттар аудитті этикалық талаптарға сай, қаржылық есепте маңызды қателерінің болмауына сенімділік туғызатындай жоспарлап, жүргізуге міндеттейді. Аудит кәсіпорынның қаржылық есебіндегі ашылымдар мен сомалар қолдана отырып, аудиторлық дәлелдерді алу әрекетінен тұрады. Қаржылық есептің негізгі ақпарат көзі бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухгалтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет.
Тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебі бойынша «Рамадангрупп» ЖШС-ны қаржылық есебін ҚР «Бухгалтерлік есебі туралы заңына», Бухгалтерлік Есептің Халықаралық Стандарттарына, Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына сәйкес жасалған.
Аудиторлық тексеріс жүргізілген кезең негізгі құралдар мен тауарлық – материалдық қорлар түгендеуінен кейін жүргізілгендіктен, аудитор есебінде кәсіпорында түгендеу жүргізілу дұрыстығы туралы мәлімет берілмеген.
Аудиторлық тексеріс соңында берілген аудиторлар пікірі бойынша кәсіпорынның жарғылық капиталының көлемі мен негізгі құралдар мен тауарлы материалдық қорлар құрамы мен саны жөніндегі ақпарат белгілі болған жағдайы, сонымен қатар, пайдасы мен зияны, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ҚР «Бухгалтерлік есебі туралы заңына», Бухгалтерлік Есептің Халықаралық Стандарттарына, Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына сәйкес шынайы әрі нақты бейнесін анықтайды.
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР
«Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде іс-тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық» университетінде теориялық түрде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, бухгалтерияда бухгалтерияның жұмыстарын істедім және өз білімімді едәуір тереңдеттім деп ойлаймын.
Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым.
Кәсіпорын жұмысы Қазақстан Республикасының барлық заңдарына сәйкес реттеліп отырады. Қызметті ұйымдастыруда барлық жағдай қарастырылып, кәсіпорын табысына жағымды әсерін тигізеді. Барлық құжатнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Есептер жүргізу автоматтандырылған. Кәсіпорынның материалдық емес активтерінде бекітілген «1С: Предприятие» бағдарламасы бухгалтерияны жүргізуде қолайлы істер атқарады. Салық есептемелерін ЭФНО, ИСИД, ИНИС, НДС, СГДС бағдарламалары жүргізеді.
«Рамадангрупп» ЖШС-і қазіргі күнге барлық нормаларға сәйкес жұмыс атқарып жатыр. Яғни бюджетке, статистика басқармаларына салықтарды және есептілікті мерзімінде тапсырып, қазіргі күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын талаптарды толығымен орындап жатыр. Салық басқармасына есептілікті жалпыға бірдей қолданылатын режиммен өткізеді. Салық органдарымен электронды есептілік туралы келісімі болғандықтан декларацияларды СГДС-клиент арқылы ұсынады.
Осы жұмыстың қортындысы ретінде талау материалдарына сүйене отырып төменгідей тұжырым жасауға болады:
Бухгалтерлік есепке тән «Рамадангрупп» ЖШС-де төмендегідей мәселелер де кездеседі:
1. Кәсіпорында жылма-жыл жасалатын
есеп саясатын алдыңғы қатарлы
тәжірибеге және Халықаралық
қаржылық қорытынды есеп
2. Ұзақ және қысқа мерзімді активтердің айырмашылықтарын толық анықтап отыру мақсатында, бұларды экономикалық маңызына қарай классификациялық топтарға бөліп, әрбір жекелеген есеп обьектілері бойынша аналитикалық шоттар жоқ.
3. Ұзақ мерзімді активтер
Жоғарғы айтылған мәліметтерге сүйене отырып төменгідей ұсыныстар жасауға болады:
Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.