Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………...3
1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты мен жүргізуді ұйымдастыру негіздері…………………………………………………………....5
1.1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді жүргізу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу …………………………………………………………………………11 2.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижесін айқындап және оны бухгалтерлік есепте көрсету…………………………………………………….24
2.1. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің жетілдіру жолдары……...27
Қорытынды………………………………………………………………………33
Пайданылған әдебиеттер………………………………………………………..34

Вложенные файлы: 1 файл

айка.docx

— 94.73 Кб (Скачать файл)

  инфляция кезеңінде компаниялар өз өнімдерін өткізу бағаларын көтереді, бұл ретте қорлар бағалардың өсуі кезіне дейін сатып алынуы ықтимал. 

Тиісінше бағаның төмендеу кезеңінде таза табыстың шамасы ең төменгі болса, мұнын өзі осы әдістің кемшілігі болса керек

   ЛИФО әдісі – шаруашылық ұйымдарда  ең соңғы кезекте кіріске алынған  материалдар тобы бірінші болып  шығыс етіледі, немесе жұмсалды  деген қағидаға негізделген, яғни  алғашқы жұмысалынатын немесе  шығыс етілетін материалдар шаруашылық  ұйымда ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында шаруашылық ұйымда қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады. 

  ЛИФО әдісінің ФИФО әдісінен  айырмашылығы солдефляциялық үрдістер  кезінде таза табыстың неғұрлым  жоғары деңгейінен әкеледі. Бұл  әдістің кемшілігі сол еспті  кезең соңындағы қорлар құны  нақты мәнінен алшақтау болады. 

  НИФО әдісі материалдарды «келесі  болып түсті – бірінші болып  шығысқа кетті» бағасы бойынша  есептен шығаруды көздейді. Бұл  әдісте жіберу құны мен кіріс  құнын теңдестіру үшін түзетулер  жасау қажет. 

   Қалыпты баға (нормативті құн) бағалау  тәсілін қолдануда өндіріске  жіберілген материалдар, олардың  қалыпты бағасы бойынша бағаланады.

   Шынайы және нормативті баға  арасындағы айырма жеке шотта  жиналады.

   Тауарлы – материалдық қорларды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы  мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты  тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.  
   Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.

   Жабдықтаушылардың қоймаларынан  тауарларды алу үшін материалды  жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің  сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан  берілген №26 сенімхат №1 қосымшада  берілген. Сенімхатты бухгалтерия  рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. №  М – 2а типтік ведомосы арқылы  нысаны, алдын -ала нөмірленген және  түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу  журналы, сенімхатты тіркеуге және  беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды  тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған  жағдайда бір жолғы сенімхаттар  беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық  жүргізуші субъектілер оның мерзімін  көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын  басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын  тауарлардың тізімі сенімхаттың  артқы жағында жазылады.  
  Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.   
  Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.

   Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен

(қосымша №2) тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.

   Тауарлы – материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.

   Тауарлы – материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

  • шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б.

 
   Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

   Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.  
  Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт –ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға , ал екіншісі бөлімшені қалады.

   Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.

  Сауда мекемелерінде тауарларды  қабылдау, біріншіден кімнен тауар  жеткізілген және ол қандай  түрде – упаковка жасалған  немесе упаковкасы алынған күйде  ме. 

  Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.

  Тауарларды саны мен сапасы  бойынша сату кәсіпорындарда  боса, тауарлардың «тауарлардың  сапасы мен саны және өнімнің  қабылдауы»бекітілген тәртіпке  сүйене отырып қабылданады, ол  ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен  бекітілген.

  № 1240 09.11.1994 ж және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.

   Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы  немесе жүргізуші үш – төрт  тауарлы – көлік накладнойымен  жеткізеді.

   Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы  немесе жүргізуші үш – төрт  тауарлы – көлік накладнойымен  жеткізеді.

  Түскен тауарларды қоймада қабылдауды  қойма меңгерушісі және МЖА  сапасы және санын тексеріп  қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан  тауарларды қабылдау мерзімі  тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа  қалалардағылардан – тауарлар  станцияға түсу күннен кейін  – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына  сәйкес қабылданады. Егер тауарды  қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына  әкеледі, ол дегеніміз шығындардың  ұлғаюына және табыстың азаюына  әкеліп соғады. Қабылдап алынағн  қоймадағы тауарларды бағытталағн  түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы  тауарлардың құжаттарырын қолдана  отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі  арнайы штамп қояды, онда келесілер  көрсетіледі:

   Түскен тауарларды қоймада қабылдауды  қойма меңгерушісі және МЖА  сапасы және санын тексеріп  қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан  тауарларды қабылдау мерзімі  тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа  қалалардағылардан – тауарлар  станцияға түсу күннен кейін  – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына  сәйкес қабылданады. Егер тауарды  қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына  әкеледі, ол дегеніміз шығындардың  ұлғаюына және табыстың азаюына  әкеліп соғады. Қабылдап алынағн  қоймадағы тауарларды бағытталағн  түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы  тауарлардың құжаттарырын қолдана  отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі  арнайы штамп қояды, онда келесілер  көрсетіледі:  

    Тауар қабылдау күні, нөмірі және  ілеспе құжат күні, нақты өзіндік  құны және бөлек ыдыстар, ал  материалды жауапкершілік адам  қолымен расталады.   

    Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы қүжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық запастардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына кдтысы бар барлык тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

    Әрбір атаулары, сорттары  бойынша шартты сандық белгілері  — номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда  Тауарлы-материалдық қорлардың бары  мен козғалысы бойынша берілген  нөмірі қойылады. Номенклатуралык нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады.

    Ол жүйеленген материалдар  тізімі бойынша жасалады және  оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдық-тау,бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде  пайдаланады.

    Тауарлы-материалдық қорлардын  түсуін құжатпен рәсімдеу.Тауарлы  — материалдық қорларды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мумкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

   Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан Тауарлық-материалдық  қорлардыалған кезде алушы-кәсіпорын  өздерінің жауапты тұлғалары  арқылы жүзеге асырады.

   Материалдардың қозғалысын  есепке алған кезде мынадай  типтік кұжаттар пайдаланылады.

   Жабдықтаушылардың коймасынан  тауарларды алу үшін материалды  жауаптытұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын  қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны келтірілген.

   Берілген сенімхатты есептеу  Журналы,сенімхатты тіркеуге  және беруге  жауапты тұлғада сақталады.

   Сенімхатты беру үшін  лауазымды  тұлғамен  келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ  болған жағдайда  бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта  шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді.Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып,мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың  тізімі сенімхаттың  артқы (кері)  жағына  жазылады.  Бір қоймаға жататын Тауарлы — материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі

   Сенімхат, әрекет ететін  мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық  құндылықтарды алған кезінен  бастап беріледі. Мерзімі өткен  сенімхаттары бойынша есеп бермеген  лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар  берілмейді.   

    Тауарлы – материалды  қорлар ала салысымен материалды  жауапты тұлға тапсырманы орындағаны  туралы құжаттарды бухгалтерияға  беріп, Тауарлы-материалдық қорлар  қоймаға өткізу керек, олардың  сол кұндылықтарды қуаттайтын  сенімхаты толық болмаса да.

   Егер де Тауарлы-материалдық  қорларды алу құқы жойылса, онда  одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат  беріледі.Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі еткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады.

   Пайдаланбаған сенімхатты  қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды  есепке алу журналына» тіркейді  және оның түбіршегіне «пайдаланбаған»  деген белгісін жасайды. Осындай  сенімхаттар есеп беру кезеңнің  соңына дейін сақталады, сосын  есепті кезеңнің соңында жойылады.

   Жабдықтаушылар (жіберушілер) Тауарлы-материалдық қорлар босатқан  кезде, әрбір жіберілген бөлігіне  үш данада накладной жазып, онда  сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның біріншісі Тауарлы-материалдық  қорларды алушыда, екіншісі жіберушінің  өзінде қалады, оны ол алдағы  кезеңде жіберілетін Тауарлы  — материалдық қорларды бақылау  жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі  бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық  қорды босатып біткен соң, ең  соңғы партиясының құжаттарымен  бірге сенімхатын да бухгалтерияға  тапсырады. Тауарлы-материалдық қорды  мынадай жағдайларда сенімхат  бойынша босатуына болмайды:

   - сенімхаттың барлық реквизитгері толық толтырылмаса, жөнделген  немесе өшірілген болса;

-    көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;

-    сенімхаттың мерзімі біткен болса;

-    субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;

-    сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық  өзгерістер жасаса).

  Жабдықтаушылар сатып алушының  қоймасына автотранспортпен Тауарлы-материалдық  қорды жеткізіп берген кездесатып  алушылардың материалды жауапты  тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың  экспедиторьшан алған Тауарлы  –материалдық қордың санын және  брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен  салыстырады, олар екі данада  жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН) үлгісі төменде келтіріледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық  болмаса, онда оның бір данасына  қол қойып және штамп басып, Тауарлы-материалдық қор қабылданды  деп жазады. Накладнойдың бір  экземпляры материалды жауапты  тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық  болса, онда оның саны мен сомасына  Акті жасалады. Ол екі дана  етіп жазылады және оған екі  жактың да жауапты түлғалары  қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға  жібереді, ал екіншісі Тауарлы-материалдық  қор кабылдаған жауапты тұлғада  қалады, одан әрі ол бухгалтерияға  беріледі. Акты жабдықтаушыға талап-тілек  қоюға негіз бола алады. 

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты