Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………...3
1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты мен жүргізуді ұйымдастыру негіздері…………………………………………………………....5
1.1.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді жүргізу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу …………………………………………………………………………11 2.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижесін айқындап және оны бухгалтерлік есепте көрсету…………………………………………………….24
2.1. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің жетілдіру жолдары……...27
Қорытынды………………………………………………………………………33
Пайданылған әдебиеттер………………………………………………………..34

Вложенные файлы: 1 файл

айка.docx

— 94.73 Кб (Скачать файл)

    Тауарлы- материалдық қор теміржол транспортымен жеткізіп берген кездеТауарлы –материалдық қорды қабылдау вагондардан, контейнерден, цистернадан түсірген жерінде немесе теміржол қоймаларынан кабылданады.Тауарлы-материалдық қорлар алушы өкілі олармен қоса келген құжаттардың (жүкті тасымалдауға берілген накладной) негізінде қабылдап алады және қабылдау процесіне тасымалдаушының өкілі де, Сауда-өнеркәсіп палатасынан келген тәуелсіз бақылаушы да қатысады.

    Егер жүк қосарлана жүретін кұжаттарынсыз келсе, онда Тауарлы-материалдық қорларды актімен рәсімделеді, сол актіде нақты Тауарлы-материалдық қордың саны мен бағасы көрсетіледі. Бұл жағдайда жабдықтаушылардың өкілі қатысқаны жөн, егер де олар болмаса тәуелсіз бақылаушылар қатысады. Актіні жасаудың барлық ережесі сақталса, онда ол заңды құжат болып табылады және жабдықтаушыға талап тілек қоюға негіз бола алады. Тауарлы-материалдық қорды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелінетін жүктердің операциясына ұқсас болып келеді.

  Жоғары аталғандардан басқа  Тауарлы — материалдық   қорды халықтан да сатылып алынуы мүмкін. Бұл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған Тауарлы-материалдық қорға акті жасайды, онда: сатушынын аты-жөні, СТН (салык төлеушінің тіркеу нөмірі), Тауарлы-материалдық қордың аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледІ (актінің нысаны төменде келтірілді). Осы актіде патентгің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе басқа да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.

  Тауарлы-материалдық қорды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

- шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен Тауарлы- материалдық қорларды  сатып алушының СТН, ҚҚС –ын  есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген Тауарлы-материалдық қор атаулары мен саны, құны акцизделетін Тауарлы-материалдық қор сомасы т.б.;

-  тауарлы-транспорттық накладной;

-  тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордері. Жабдықтауышлардан немесе ендеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар коймаға келіп түскен кезде толтырылады.

  Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші (жабдықтаушы) өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылданғаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-келіктік женелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардын, қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі — жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.   

    Материалдық құндылықтардың өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы акті. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған кұжат негіз бола алады.

  Бұл құжат материалды қабылдау  жөніндегі АКТ-ге тіркеледі. Екі  данасы толтырылып, комиссия мүшелері  мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы  бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі — бөлімшеде қалады.

Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралыактісі.Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акты жасалады. Қорларды қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, 1-ші данасын бухгалтерияға өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты тұлғалар ол сол адамдардың есебіне есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның екінші данасы қоймада калады.

   Материалдардың (тауарлардың) бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі.Кәсіпорында  бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде  арзандатуға және қорларды (тауарларды) есептен шығару үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1-ші  дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың  жоғалуына себепші болған материалды  жауапты тұлғаларға есептен шығаруға  негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде  қалады.

  Тауарлы-материалдық қорды босатқанда рәсімделстін құжаттар.     Кәсіпорынның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылык қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады.

   Тауарлы- материалдық қорлар  цехтан цехқа берілсе, онда оны  өндірістің ішіндегі қозғалысы  деп санайды, ал егер де орталық  қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде  танылады.

Материалдардың шығысы мынадай кұжаттар бойынша рәсімделеді: лимиттік-жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап-актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.

   Лимиттік-жинақтама картасы — өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ ендіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау белімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номенклатуралық нөмірлердің) бір түріне (атауына) 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа (учаскеге) — қорды пайдаланушыға, 2-шісі — қоймаға немесе цехтың (учаскенің) қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік-жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылады.

   Шаруашылық жүргізуші субъектілердін  тауарлык-материалдық қорларының  кұрамдас бөліктерінің бірі —  дайын өнім. Оны шығару, сақтау  және өткізу дегеннің өзі —  субъектінің шаруашылық іс-қызметінің  жалпы жиынтық процестерінің  жекелеген процесі. Дайын өнімнің  жағдайын бағалау тауарлық-материалдық  қорды басқарудың функционалды  аудиті аясында не болмаса  оның іс-әрекетінің жеке циклін  іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен  гөрі ішкі бақылау жүйесіне  қатысты және ревизия сипатты  болады.

   Дайын өнімнің қозғалысы  жөніндегі есептік мәліметтер  негізінде алынған ақпарат қаржылык  есептілікті жасау үшін, соның  ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық  активтер мен басқа маңызды  бөлімдер позициялары бойынша  негізгі болып табылады. Өнімді  өткізу циклінің аудитіне қаржылык  есеп берудің де, функционалды  аудиттің де міндеттері тән.

   Құжаттық мәліметтері ескерілмеген  өнімді шығару мен өткізуді  анықтау мақсатымен тексере келіп, кайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге  болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі  аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын  толығымен негіздейтін құжаттық  мәліметтердің жиынтығына сүйенуі  тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын  қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің  дайын өнімінің артық болуы  туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің  ескерілмегенін айғақтай алады.

Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық кұндылыктардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

   Шығындар туралы мәліметтердің  функционалды аудиті үшін, мысалы  тұтас кәсіпорынға қанша материал  жұмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген  өнімге мәнді талдау жасау  үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу  орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың  шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың  калькуляциялық баптары бойынша  жіктеу мен осы шығындардың  функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды колданудың тиімділігін арттыруға болады

 

 

 

 

 

 

 

2.Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижесін айқындап және оны бухгалтерлік есепте көрсету

 

   Қазақстан Республикамызда осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің менщігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

   - жылдық  есеп беру алдында маусыммен  жұмыс істейтін қайта өндіруші  ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және  басқа да ұйымдар материалдар  мен шикізатқа олардың қалдығының  азайған кезінде түгендеу жұмысын  жүргізе алады;   

    -материалдық  қорларды міндетті түрде түгендеу  материалдарға жауапты адамның  ауысуына байланысты, ұрлық және  қиянат жасағанда, сондай-ақ материалдық  қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) т.б. жағдайларда  жүргізіледі.

    Түгендеу  жүргізу үшін кәсіпорын басшысының  бұйрығымен орталық түгендеу  комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны  кәсіпорын басшысы немесе оның  орынбасары басқарады. Сонымен қатар  әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті  түгендеу комиссиясы құрылады. Оның  жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып  және басқарып отырады.

    Кәсіпорын  басшысының бұйрығымен түгендеу  жүргізу оның басталуы және  аяқталуы мерзіміне жауапты адам  тағайындалады. Түгендеу жұмысы  материалдарға жауапты адамның  жауапкершілігінде материалдардың  түрлері және олардың сақтаулы  тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ  оның өз меншігіне жатпайтын , яғни басқа ұйымдардың немесе  жеке адамның материалдарында  түгендеу керек.

    Түгендеу  – бұл барлық материалдардың  әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы  қалдығын бухгалтерлік баланстағы  қалдығымен салыстыру. Түгендеу  жұмысы материалдардың түгел  сақталуын қамтамасыз етудің  басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы  материалдардың қалдығын өлшеу  және санау арқылы олардың  сақталып тұрған жерлері жіне  материалдарға жауапты адамдар  бойынша түгендеу тізімін жазып (үлгілі түрі инв-3), кәсіпорынның  бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Ұйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтін тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесеінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуы тиіс.Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталабас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдадың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кемі мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қоладнылады. Егер кейбірматериалдар бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық-кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын кінәлі адамдардан өтелуі керек. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлшерінен артық-кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен шығындарына қосылады. Қай жағдайда материалдаардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдеріалмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материадардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан матриалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.

     Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.

 

 

3-кесте. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

                                     2

3

4

1

Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден келген материалдар есеп айырысу құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынды.

1300

3310

2

Сатылып алынған материалдардың құны кассадан төленді.

 

1310-1315

1010, 1020

3

Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық құндылықтардың құны.

1310-1315

1250

4

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз келіп түскен материалдар

1310-1315

6160

5

Негізгі құралды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық құндылықтар

1310-1315

6210

6

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды кіріске алу.

1310-1317

8010, 8030

7

Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді.

1310-1315

1070

8

Пайдалануға болатын өндірістік ақаулардан алынған материаларды кіріске алу.

201-208 1310-1317

900 8010

9

Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу.

1310-1315, 1317

6160

10

Еншілес және тәуелді серіктестермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған материалдар.

1310-1315, 1317

3320

11

Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы.

1310-1315,

3430

12

Өдіріс пен шаруашылыққа пайдалану үшін жіберілген материалдар:

-  негізгі өндіріске;

- қосалқы өндіріске;

- цехқа (үстеме шығын);

- ұйымның әкімшілік шығындары.

 

 

 

8011 8031

8041 7210

 

 

 

1300

13

Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар.

2418

1310-1315, 1317

14

Өндірістік ақауды жөндеу үшін есептен шығарылған материалдар.

8011, 8031 

1310-1315

15

Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен шығару.

7210

1310-1315, 1317

16

Басқа ұйымға әріқарай жөндеуге берілген матералдар.

1316

1310-1315, 1317

17

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөндеуден алынған материалдарына

1310-1315, 1317

1316

18

Жөндеуден алынған материалдар үшін есептелінген сома.

1310-1315, 1317

3310, 3320

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты