Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 15:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Респубикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әкімшіл-әміршіл жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырады.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс тәжірибелік саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару себебі сияқты арнайы ғылымдармен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3 бет
1 Ұзақ мерзімді активтерді зерттеу теориясы..............................................4 бет
1.1 Негізгі құралдар түсінігі, түрлері...................................................4 бет
1.2 Материалды емес активтердің түсінігі, түрлері ..........................10 бет
1.3 Амортизация әдістері.....................................................................20 бет
2 Ұзақ мерзімді активтер................................................................................30 бет
2.1 Материалдық емес активтердің аудиті.........................................30 бет
2.2 Негізгі құралдардың аудиті............................................................32 бет
2.3 Ұзақ мерзімді инвестициялар........................................................37 бет
Қортынды ........................................................................................................38 бет
Қолдынылған әдебиеттер...............................................................................40 бет

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая по аудиту.docx

— 88.96 Кб (Скачать файл)

 

  1. Мүліктік құқықтар. Мүліктік құқықтарға жатқызылады: жерді, су ресурстарын, жер қойнауын, мүліктерді, пәтерлерді, лицензияларды және басқаларды пайдалану құқығы.

Материалдық емес активтерді иелігіне байланысты 4 топқа бөлуге болады:

  1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер.

Оларға жатқызылады: өнеркәсіптік (өндірістік) меншіктің нысандарына  берілген құқықтар; өндірістік ақпаратты  пайдалану құқықтары; интегралды микосызбалар технологиясы; өндірістік үлгілері, ЭЕМ  мен мәліметтер базасын бағдарламалық  жабдықтау; табиғи ресурстарды пайдалану  құқықтары;

  1. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары; сауда маркалары; ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау және басқалар жатқызылады;
  2. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа өнертапқыш құқығы; патенттер; лицензиялар; франшиза, өндірістік үлгілер және басқалар жатқызылады;
  3. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Мұнда интеллектуалдық меншік және басқалар кіреді.

Енді осы материалдық  емес активтердің кейбір түрлеріне  қысқаша 

сипаттама берейік.

Өндірістік ақпаратты  пайдалану құқықтары – бұл материалдық емес активтер қатарына жататын белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпараттар, сондай-ақ мекеменің өнімлерін келешекте сатып алатын тұтынушылар туралы; шикізіттармен,  материалдар және қызметтермен қамтамасыз ету туралы; бәсекелестері және басқа да туралы мәліметтер.

Өндірістік үлгілері – моделдер, суреттер, сондай-ақ екеуінің қосындысы түрінде берілуі мүмкін.

Өндірістік үлгі өндірістік әдіспен бұйым түрінде жасалып, шаруашылық айналымына түсуге дайын  болған жағдайда оның өндірісте қолданылуға болатындылығы мойындалады. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шет елдерде белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өндірістік үлгі болып танылады. Өндірістік үлгілер авторлардың шығармашылық еңбегі ретінде танылады.

Өндірістік үлгілерді  пайдалануға айрықша құқықты  растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі, өндірістік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік тізіліміне тіркелген  соң беріледі.

Лицензиялық келісім бойынша  патент иесі (лицензияр) өндірістік үлгілерді  пайдалану құқығын басқа тұлғаларға да (лицензиат) бере алады, ал соңғысы  лицензияларға төлемдер берип тұруға және келісімде қарастырылған басқа  да іс әрекеттерді орындауға міндетті. Өндірістік үлгілердің құқықтық экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан  Респубикасы заңдарымен реттеледі.

ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық   жабдықтау – бұл ЭЕМ үшін бағдарламаларды жасау барысында алынған дайындық материалдарды қоса есептегендегі белгілі бір табыс алу мақсатында мекемелер сатып алған ЭЕМ мен басқа да компьютерлік құрылғылардың жұмыс істеу үшін арналған мәліметтер жүйелері мен бағдарламалық құжаттардың жиынтығын пайдалануға берудің объективті нысаны.

Табиғи ресурстарды  пайдалану құқықтары – бұл мекеменің қызметін жүзеге асыру үшін ел ішіндегі және шетелдегі үйлерді және ғимараттарды салу (жасау) немесе сатып алудан пайда болған мүліктік құқық. Жер участкелері мен табиғи ресурстарды пайдалану құқығының құны жасаған немесе сатып алынған нысандардың орналасқан жер участкесінің жерін бағалауға байланысты.

Тауарлар таңбасы  және қызмет көрсету таңбасы (бұдан  әрі тауар таңбасы) – бұл Қазақстан Республикасының «тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылы 26 шілдеде №456-1 заңына (ҚР 2005 жылғы 22 қарашадағы №90 Заңымен енгізілген өзгерістеріне) сәйкес тіркелеген немесе ҚР-сы қатысатын халықаралық келісім шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан (қызметінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі. Тауар таңбасына құқық куәлікпен куәландырады. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау жоғарыда аталған заңда белгіленген тәртіпте оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық келісімшартына орай тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кез келген заңды немесе жеке тұлғаларға беріледі. Тауар таңбаларының иесі куәлікте көрсетілген тауарлармен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбаларын пайдалану мен оған иелік етудің айырықша құқығына ие болады да, қорғалатын тауар таңбаларын олардың иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.

Тауар таңбалары ретінде  бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері  және өзгеде белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері кез келген бояулы түсті немесе бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін.

        Ажыратылатын  реңкі жоқ белгілерден ғана  тұратын тауар таңбаларын тіркеуге  жол берлмейді,атап айтқанда:тауарлардың  белгілі бір түрін белгілеу  үшін жалпыға ортақ қолданысқа  енген;жалпыға ортақ қабылданған  рәміздер мен терминдер болып  табылатын;тауарлардың түрін, сапасын,қасиетін,мақсатын,құндылығын,сондай-ақ  олардың шығарлған немесе өткізілген  жері мен уақытына көрсететін;тіркеу  талап етіп отырған тауарлардың  табиғи немесе нобайлық кескінделуін көрсететін ;бояулы түсті ғана бейнелейтін;тауарлады немесе көрсетілген қызыметтерді белгілеу үшін пайдаланатын олармен тікелей сипаттық және(немесе)ұқсастық байланысы бар;сызықтарды,нүктелерді,қарапайым геометриялық фигураларды,сондай-ақ олардың біртұтас кескіндемелік қисындасуын құрмайтын және әрбір жеке құрамдық элементке қарағанда қабылдаудың сапалық жаңа деңгейін бермейтін үйлесімін білдіретін;сөздік сипаты жоқ,кәдімгі қаріппен орындалған және тілдің (әріптерд»ң және(немесе цифрлардың,белгілердің)үш жеке бірлігінен кем қисындасуынан тұратын жеке цифрларды, белгілерді немесе әріптер үйлесімін білдіретін;нысаны оның тек қана функционалдық міндетте байланысты үш өлшемді объекті болып саналатын;егер сөздердің әрбір жеке құрамдас бөлігінің айырмшалық қабілеті болмаса,ал олар бірігіп қабылдаудың сапалық өзге денгейін бермесе, күрделі жасанды құрылған сөздерді білдіретін;жарнамалық сипатта болатын;мекемелердің экономика салаларының жалпы жұрт қабылдаған қысқартылған атаулар мен олардың аббревиатурлары білдіретін;патенттелмейтін аәрлік заттар блып саналатын тауар таңбаларын.

Көрсетілген белгілер тауар  таңбаларында басымдық жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элеметтері ретінде пайдалануы мүмкін .

Мемілекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды,халықаралық  ұйымдардың қысқартылған немесе толық  атауларын және олардың елтаңбаларын , туралы мен эмблемаларын,ресми  бақывлаулық,кепілдік және сынамалық  таңбаларды ,мөрлерді,олимпиалдық рәміздерді, наградаларды және басқада айырым белгілерін,сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейін оларға ұқсас белгілеріді бейнелейтін  белгілер тауар таңбалары ретінде  тіркелмейді.

         Егер белгі солардан тғана  тұратын болмаса және, егер оларды  пайдалануға тисті құзретті органның  немесе олардың иесінің келсімі бар болса, мұндай  белгілер қорғалмайтын элементтер ретінде пайдалануы мүмкін.

Тауар таңбаларын тіркеу үшін өтінімді сараптама жасау ұймына бір немесе  бірнеше өтінім иелері береді. Ұжымдық тауар таңбаларына  өтінім ұжымдық тауар таңбаларына  пайдалану туралы оған қатысшулардың  келсіміне сәйкес бірлестік атынан берлді. Өтінім бір тауар таңбасына қатысты болуға тиіс және ол бір үлгі бланкінде берілуі де, онда өтінім берушіні (өтінім берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгіге сараптама жүргізу туралы өтінішті   мәлімделген   белгіні;  тауарлар   мен қызметтердің халықаралық сипаттамасына сәйкес тауарлардың және қызметтердің тізбесін қамтуға тиіс.

Өтінім және оған қоса тіркелетін құжаттар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде табыс етіледі. Егер құжаттар басқа тілде табыс етілетін болса, өтінім беруші екі ай мерзімде олардың мемлекеттік тілдегі  немесе орыс тіліндегі аудармасын тапсырады.

Сараптама жасау мекемесі өтінімдер сараптамасын кезең-кезеңмен жүргізеді:

  • алдын-ала сараптама - өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі, оның барысында өтінімнің мазмұны, осы жоғарыда аталған заңның 5 және 9 баптарында белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі;
  •    толық сараптама – өтінім берілген күннен бастап он екі ай ішінде жүргізіледі, оның барысында мәлімделген белгінің осы жоғарыда аталған заңның 6 және 7 баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

 

Алдын-ала жасалған сараптама  нәтижелері бойынша өтінім берушіге өтінімнің қарауға қабылданғаны, лған тиісті нөмер берілгені, берілген күні және басымдық күні белгіленгені туралы не өтінімді қарауға қабылдаудан  бас тартылғаны туралы дәлелді қортынды түрінде хабарланады.

Толық сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік  орган тауар таңбасын тіркеу туралы немесе тіркеуден бастарту туралы шешім  қабылдайды. Тіркеу туралы шешім тауарлар мен қызметтердің бүкіл тізбесіне  не олардың бір бөлігіне қатысты  болу мүмкін.

Өтінім иесі шығарылған сараптама  қорытындысымен келіспеген жағдайда өзіне  сараптама қорытындысын жіберілген күннен бастап үш ай мерзім ішінде дәлелді  қарсылық табыс етіуге құқылы. Қарсылық  келіп түскен күннен бастап төрт ай ішінде апелляциялық кеңес қарауға тиіс. Оны қарау нәтижесі бойынша сараптама ұйымының түпкілікті қортындысы шығаралады.

Тауар таңбасына берілген куәлік таңбасының тіркелу фактісін, оның басымдығын,  куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты тауар таңбасына иесінің айрықша құқығын куәландырады.

Тауар таңбасына куәлік бере отырып сараптама жасау ұйымы  оны Тауар таңбаларының мемлекеттік  тізіліміне тіркейді. Тауар таңбасының тіркелу өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады және тіркеудің  қолданылу мерзімі оның қолданылуының  соңғы жылы ішінде берілген иесінің  өтініші бойынша әр жолы он жылға  ұзартылып отыруы мүмкін. Тіркеудің  қлданылу мерзімінің ұзартылуы туарлы мәліметтер Тауар таңбаларының мемлекеттік  тізіліміне және куәлікке енгізіледі.

Тауар таңбасына куәлік иесі тауар таңбасына қатар тұстан пайдаланып отырған белгілі ҚР-да тіркелген тауар таңбасы екенін көрсететін латынның (R) әріпі түріндегі ескертпе таңбалауын не «тауар таңбасы» немесе «тіркелген тауар таңбасы» деген сөз белгілерін соға алады.

Тауарлар шығарылған жерлердің  атаулар. Тауарлар шығарылған жерлердің  атаулары ретінде тарихи атауларын  қоса алғанда, елдердің, елді мекендердің, жерлердің атаулары, сондай-ақ басқа  да географиялық нысандардың атаулары немесе олардың тауарларының көрініс  атауларынан ұштасымы тіркелуі мүмкін.

Сараптама жасау мекемесі тауарлар шығарылған жердің атауын пайдалану  құқығына куәлік берумен бірге Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тізіліміне тауар шығарылған жердің атауын, тіркелу нөмірі мен күнін, тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын, тұрғылықты жерлерін өтінімнің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелері туралы мәліметтерді және көрсетілген мәліметтердегі одан кейінгі барлық өзгерістерді, сондай-ақ тіркеуге қатысты басқа да мәліметтерді енгізеді.

Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесі тауар  шығарылған жер атауымен қатар тұстан латынның (R) әріпі түріндегі ескерпе таңбалауды, «Тіркелген тауар шығарылған жердің атауы», «Зарегистрированное наименование место происхождения товаров» немесе «ТШЖА тірк» деген сөз белгілерін соға алады.

Тауар таңбалары мен тауар  шығарылған жер атауын тікелей тауарларды, буып-түю қорабында, жарнамада, шаруашылық оралымға осы тауарды енгізуге байланысты проспекттер мен бухгалтерлік құжаттардың бланктерінде көрсетіледі. Олар ішкі және сыртқы нарықта тауарларды өткізу мүмкіндіктерін ұлғайту және сатып алушылар мен саудалық серіктестері мен анзары мен ынталарын аудару мақсатында тауарлардың сапасы мен қасиетін жарнамалар үшін кеңінен қолданылады. Тауар таңбалары мен тауардың шығарылған жер атаулардың үлгілерінің белгілерінің мысалы ретінде келесілерді келтіруге болады: «Қазақстан» (сигареты); «Карагандинское» (сыра); «Бибигуль» (вино); «Қарағанды конфеттері», «Львов» (Автобус)  «Лада» (автомобиль) және т.б

Патенттер –бұл заңды түрде танылған және тіркелген ерекше құқықтық куәландыратын құжат. Патенттік құқық оның иегеріне өнімді, үрдісті немесе қызметті пайдалануға , өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, өндірісте патент оның иегеріне өнім шығаруға, сақтауға және сатуға (өткізуге),яғни өндірстік қызыметпен шұғылдануға құқық береді.Патенттің әрекет ету мерзімі мемілекеттің заңнамалармен анықталады,оның әрекеті оны берген мемілекеттің аймағында ғана жүргізіледі.Патентті берген кезде патенттік баж алынады.

Лицензия – (латын тілінен – еркіндік,құқық ) – бұл жеке немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемілекеттік орган беретін рұқсат.Лицензиялардың берілетіндерінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.   Лицензиялардың мәні ментүрлері оқулықтың алдағы тарауларда жанжақты қаралады.

Франшиза - бұл белглі кезеңге берлетін және келсемдіе көрсетілетін коммерциялық кәсіпорын ашуға берлген құқық.

Материалдық емес активі есепке алу үшін оның пайдалы қызметін  мерзімі негізі болып табылады.

Материалдық емес активтің пайдалы қызымет мерзімі-бұл мекеме активті пайдалануға жобалайтын уақыт мерзімі немесе мекеме активті пайдаланудан алуды жобалайтын өндіріс бірліктерінің немесе ұқсас бірліктердің саны.Материалдық емес активтің пайдалы қызмет мерзімі айқындалған немесе айқындалмаған болып табылатын анықтауға тиіс, және ең алдымен осы мерзімді құрайтын өндіріс бірлігінің немесе осындай бірліктердің ұзақтығын немесе санын белгілуге міндетті. Мекеме материалдық  емес активті, егер маңызды факторларды талдау осы актив бұл мекемеге келетін ақша қаражатының таза ағынына басым болуы күтілетін кезең ішінде болжанатын шектің болмауын көрсетсе, пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған ретінде қарауы тиіс.

Материалдық емес активтің пайдалы қызмет мерзімін айқындаған кезде мыналарға назар аудару керек:

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі