Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 15:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Респубикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әкімшіл-әміршіл жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырады.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс тәжірибелік саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару себебі сияқты арнайы ғылымдармен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3 бет
1 Ұзақ мерзімді активтерді зерттеу теориясы..............................................4 бет
1.1 Негізгі құралдар түсінігі, түрлері...................................................4 бет
1.2 Материалды емес активтердің түсінігі, түрлері ..........................10 бет
1.3 Амортизация әдістері.....................................................................20 бет
2 Ұзақ мерзімді активтер................................................................................30 бет
2.1 Материалдық емес активтердің аудиті.........................................30 бет
2.2 Негізгі құралдардың аудиті............................................................32 бет
2.3 Ұзақ мерзімді инвестициялар........................................................37 бет
Қортынды ........................................................................................................38 бет
Қолдынылған әдебиеттер...............................................................................40 бет

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая по аудиту.docx

— 88.96 Кб (Скачать файл)

Мекеме әрбір есепті күні негізгі құралдың мүмкін болатын  құнсыздану белгілерінің болуын анықтауға  міндетті. Кез келген осындай белгі  анықталған жағдайда мекеме негізгі  құралдың өтелетін сомасын бағалауға  тиіс.

Егер негізгі құралдардың  құнсыздануы мүмкін болатын белгілері  бар болса, онда бұл пайдалы қызметтің  қалған мерзімін, амортизациялау әдісіні  немесе активтің жойылу құнын осы  активке қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес, тіпті, егер ол жөнінде қандайда болсын құнсызданудан болатын залал танылмаса да, қайта қарау және түзету керек екендігін дәлелдейді.

Егер негізгі құралдың өтелетін сомасы оның теңгерімдік (баланстық) құнын аз болған кезде ғана, теңгерімдік  құн негізгі құралдың өтелетін сомасына дейін айтылуыға тиіс. Бұл азайтылу құнсыздану залалы болып табылады.

Құнсызданудан болған залал  танылғаннан кейін осы негізгі  құралдар бойынша амортизациялық аударымдар негізгі құралдың өзгертілген теңгерімдік (баланстық) құнын бөлу үшін, оның жою  құнын шегере отырып (егер ондайлар бар болса), оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізде болашақ  кезеңдерде түзетілуге тиіс.

Құнсызданудан болған залалдар танылған жағдайда, кейінге қалдырылған  барлық салықтық активтер немесе міндеттемелер 12 – «Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралалық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдың өзгертілген теңгерімдік (баланстық) құнын оның салықтық базасымен салыстыру арқылы анықталады.

Егер негізгі құралдардың  құнсыздануының қандай да болмасын белгісі  бар болса, онда жеке алынған осы  негізгі құрал үшін өтілетін сома бағалануға тиіс. Егер жеке негізгі  құрал нысаны үшін өтелетін соманы бағалау мүмкін болмаса, онда мекеме ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, негізгі құрал тиесілі болатын  бірліктің (осы активтің қозғалысқа келтіретін бірлігі) өтелетін сомасын  анықтауға міндетті.

Әрбір есепті күнге мекеме алдыңғы кезеңдерде негізгі құралға  қатысты танылған құнсызданудан  болған залалдың бәлкім, бұдан әрі  болмауының немесе кемуінің қандайда болсын белгілерінің бар немесе жоқ  екендігін анықтауға міндетті. Осындай  белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, мекеме осы негізгі құралдың өтелетін сомасын бағалауға міндетті.

Құнсызданудан болған қайта  топтастырылған залалдың есебінен ұлғайған негізгі құралдың теңгерімдік құны, егер алдыңғы жылдары негізгі  құрал үшін құнсызданудан болған залал танылмаған болса, анықталу мүмкін (амортизацияны шегеріп) теңгерімдік  құннан аспауға тиіс.

Егер алдыңғы жылдары  негізгі құралдар үшін құнсызданудан  болған залал танылмаған болса, анықталуы  мүмкін болатын теңгерімдік құннан тыс (амортизацияны шегеріп), негізгі құралдардың теңгерімдік құнының кез келген ұлғаюы қайта бағалау болып танылады.

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болған залалды қайта топтастыру, егер осы актив басқа стандартқа сәйкес (мысалы, 16 – «Негізгі құралдар» IAS Халықаралалық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес қайта бағалау үлгісі бойынша) қайта бағаланаған өлшем бойынша есепте көрсетілмесе ғана, пайдалар мен залалдары туралы есептің өзінде танылуға тиіс. Қайта бағаланған негізгі құрал бойынша құнсызданудан болған залалды қайта топтастыруды кез келген осындай басқа Стандартқа сәйкес қайта бағаланудан ұлғаюы ретінде ескеру керек.

Қайта бағаланған негізгі  құралдар бойынша құнсызданудан  болған залалды қайта топтастыруға меншікті капиталдың шотына «Қосымша бағалау сомасы» деген тақырыппен тікелей кредитіне беріледі. Алайда, егер қайта бағаланаған топ сол негізгі құралдар бойынша құнсызданудан болған залалды қайта топтасытру бұрын пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған болса, онда мұндай залалды қайта топтастыруда пайдалар мен заладар туралы есепте танылады.

Құнсызданудан болған залалды  қайта топтастыру танылғаннан кейін негізгі құралдар үшін амортизациялық аударым олардың өзгертілген теңгерімдік құнын, оның тарату құнын (егер ондайлар бар болса) шегере отырып, оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізді болашақ кезеңдер үшін түзетілуге тиіс.

Негізгі құралдар құнсыздануынан болатын залалдарды шоғарландырып  есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалдар» шоты арналған. Құнсызданудан болған нақты залалдарды анықтағанда, арнайы есептеулердің негізінде теңгерімдік құны өтелетін сомадан асқан сомасына келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

 

2430 «Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын залалдар»  шотының дебеті

2410 «Негізгі құралдар»  шотының кредиті

 

Негізгі құралдар құнсыздануынан болған залалдар мекеменің пайдалары  немесе залалдары (шығындары) есебіне  жатқызылады.

Егер айтылған залалдардың  сомасы мекеменің пайдалары есебіне  жатқызылса, онда бухгалтерлік есеп  шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

 

5510 «Есепті жылдың бөлінбеген  пайдасы (жабылмалы залалы)» шотының  дебеті

2430 «Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын залалдар»  шотының кредиті

 

Егер негізгі құралдардың  құнсыздануынан болған залалдарды мекеменің  залалдарына (шығындарына) жатқызылса, онда келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

 

7420 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының

7421 «Негізгі құралдардың  құнсыздануынан түсетін шығыстар»  қосымша шотының дебеті

2430 «Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын залалдар»  шотының кредиті 

 

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болған залалдарды мекеменің алдын  – ала арнайы жасалған резерв (қор) есебіне жатқызылса, онда бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

 

5420 «Негізгі құралдарды  қайта бағалауға арналған резерв»  шотының дебеті

2430 «Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын залалдар»  шотының кредиті 

 

2 Ұзақ мерзімді  активтер.

2.1. Материалдық емес активтердің аудиті. Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Аудитор  бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттары), ҚР-ның  «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы»  және басқа құқықтық-нормативтік  актілерді басшылыққа алады.

Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне  баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объетілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын  материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі (1 кесте).

Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге  қажетті шығындар көлемін айқындаудың  анықтығы мен материалдық емес активтердің (МЕА) құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:

а) жарғы капиталына санаткерлік (интеллектуалдық) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы) келісімдері  бойынша;

ә) объектілірді иелікке  алу мен дайын жағдайға келтіру  бойынша нақты шығындарға негізделе  отырып;

б) басқа кәсіпорындардан  және тұлғалардан өтеусіз алу  күйіне сараптама жлымен.

Аудит (процедурасы)

Ақпараттың шығу көздері

Баланс көрсеткіштері  Бас кітабының мәліметтеріне  МЕА бойынша сәйкестігін тексеру

Баланс, 101-106, 111-116 шоттар бойынша  Бас кітап.

Баланс көрсеткіштерінің Бас кітабінің мәліметтеріне  МЕА бойынша сәйкестігін тексеру 

Бас кітап, есеп регистрлері,12,10 журнал ордерлер, «МЕА  амортизациясы  сомасын есептеу» әзірлеме кестесі  және бастапқы құжаттар

Кәсіпорынның бұл объектіге  меншіктілік құқығын растайтын  МЕА бар екендігі туралы алғашқы  құжаттарды тексеру 

Патент, лицензия, авторлық куәлік, сызба, жоба, үлгі, лицензиялық  келісім-шарт пен кеміту туралы келісім-шарт, ас рецептурасы, геологиялық картаралар және т.б.

Түскен МЕА бағалаудың дұрыстығын тексерту

Келісім-шарттық бағалардың хаттамалары, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қорытынды , сарапшылардың  қортындысы және т.б.

МЕА кіріске алу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 1,2,3,4,6,7,8 журнал –ордерлері, Бас кітап

МЕА амортизациясын есептеудің дұрыстығын тексеру

«материалдық емес активтердің  амортизациясының сомасын есептеу» әзірлеме кестесі, 10журнал-ордер

МЕА істен шығару есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 10 журнал-ордер

МЕА түгендеу қорытындыларындағы шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру 

Түгендеу (инвентарлық) тізімдемесі (опись), салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12 журнал-ордер

МЕА қатысты салықтарды есептеу  мен есептің дұрыстығын тексеру

Салықтар бойынша есеп айырысулар, 5,8 журнал-ордер


 

Белгіленуі мен атқарылатын  функцияларына байланысты материалдық  емес активтер үш негізгі топқа бөлінеді:

<span class="Normal__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-siz


Информация о работе Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі