Жарып сою хаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 22:15, курсовая работа

Краткое описание

Маңқа жылқының , есек пен қашырдың әдетте ұзаққа созылатын, кейде жіті түрде өтетін жұқпалы ауруы болып табылады. Маңқаға шалдыққан малдардың өкпесінде және ішкі органдары мен кілегей қабықтарында осы ауруға тән түйнектер пайда болып, ал олар ыдырыған сәтте уытты жараға айналады. Маңқа індеті адамғада жұғады.
Курстық жұмыстың мақсаты , аурудың дамуын,белгілерін, алдын-алу шараларын қарастыру болып табылады.
Жалпы жылқыда кездесетін осы ауру туралы жалпы мәліметтер жинақтау.
Маңқа жылқы шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді., сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып табылады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................
Әдебиетке шолу...................................................................
Негізгі бөлім. Маңқа ...............................................................
Маңқаның патогенезі, ауру эпизоотологиясы....................
Маңқаның белгілері...........................................................
Сойғаннан кейінгі диагноз...............................................
Дифференциальдық диагноз..............................................
Алдын-алу,емдеу шаралары.............................................
өлекседегі өзгерістер.........................................................
Жарып сою хаттамасы...........................................................
3.1 Сыртқы қарау кезіндегі өзгерістер..................................
3.2 Ішкі қарау кезіндегі өзгерістер.........................................
3.3 Патаанатомиялық диагноз..................................................
3.4 Қорытынды.........................................................................
Қорытынды............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................
Қосымшалар...........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Маңқа. doc.doc

— 113.00 Кб (Скачать файл)

    Маңқа індетті  әсіресе жылқыға, есекке, қашарға  және кәрі қашарға жұққыш. . түйе  мен мысық тұкымдас жануарларда өте сирек кездеседі. Лабараториялық жануарлардық ішінде індет мысыққа, теңіз тышқаны  мен ақ  тышқанға кейде үй қояны мен дала тышқанына жұғады.

   Маңқаның жылдың  қай мезгілінде болса кездеседі  беруі мүмкін. Бірақ маңқамен  жылқының копшілігі күз бен қыста ауырады. Ешгер мал жайылымында бағылса, маңқа жылқы ішінне баяу тарайды. Егер жылқы тар және лас, желдеткіші жоқ қорада ұсталып, жемі құнарсыз болып, күтімі нашар болса, маңқа бір ай ішінде оңдаған жылқыға жұғады. 

   Індеттің көзі – ауру қоздырғышын танау шырынымен шығаратын ауру мал. Ауру індетке шалынған терінің іріңі арқылы тарайды. Індет маңқа бактериясымен ластанған жем, су, қи, былғары және қайыс бұйымдары арқылы да таралуы мумкін.  Уақытында бөлініп , оқшауланбаған маңқа жылқы денесінін шыққан бактериаларымен суатты, жайылымды ластайды сау жылқымен бірге ұсталса да тікелей ауру жұктырады. Бақылауға жеке зерттеу нәтижелеріне  қарағанда , ауру жылқыға көбінесе асқазан жолдары арқылы жұғады.  Ауру қоздырғышының тыныс жолдары арқылы енуі өте сирек кездеседі.  Ал биеге маңқамен ауырып жүрген айғырмен шағылысқанда жұғуы мүмкін. Тері қаңқасы жэарақаттанған тері арқылы жұғады.

    Организмге енген маңқа  бактериялары алдымен лимфа жолдары  арқылы қанға тарайды.  Маңқаға  беім жануарлар арасында ауру тез таралмайды, себебі індет баяу және жасырын қоздырушысы сыртқы ортаға сирек бөлінеді. Керісінше мол тор қорада ұсталса, немесе қансорғыш жәндіктері көп жайылымда жайылса ауру тез тарайды.

          Маңқа  тұрақты тараған аймақта ауру  көп малда сырт белгілерінсіз жасырын жүреді. Мұндайда кейбір жылқылардың маллинге реакциясы жоғары болып кетеді егер  осы жануарлардың жұмысқа жексе немесе климатты басқа жерлерге ауыстырса инфекциялық процесс өршіп кетеді.

        Қазіргі уақытта  ауру тек қана Азия континентінің кейбір елдерінде ғана кездеседі. Біз де маңқа жойылған.  

2.2. Маңқаның  белгілері

  аурудың бастапқы  кезінде патологиялық процесс  тек ішкі мүшелерде дамып, сыртқы  клиникалық белгілерінсіз өтеді де 4-5 жұмадай уаыттан соң біртіндеп көріне бастайды. Жалпы маңқа жеті немесе созылмалы түрінде өтеді. Ал патологиялық процесс тің қайсысы мүшені көбірек зақымдуына клиникалық айқындалған өкпе , кеңсірік және теі маңқасы деп бөлінеді.

 Аурудлың жасырын кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін созылады. Маңқаныңжіті- созылмалы және жасырын түрлерін бар. Ауру ошағының орналасуына сәйкес індеп өкпе , танау және тері маңқасы болып үш түрге бөлінеді. Осыған байланысты ауру белгілерінің де жеке ерекшеліктері бар.

      Маңқаның  жіті түрімен ауырған жылқы  денесінің ыстығы 41-42 градусқа дейін көтеріледі, денесі қалтырап , көзі мен танауының кілегей қабаттары қызарыды, мал қатты күйзелдіп, тамыр соғуы нашарлайды, тыныс алуы жиіліп, шоптен қалады. 2-3 күннен соң танауының кілегей қабатында ұсақсорғыш түйнектер, ал олардың айналасында қызыл жиекшелер пайда болады.. ол түйнектердің үлкендігі тары және бұршақ дәніндей болады. Кейбір түйнектер бірнеше сағаттан кейін бір-бірімен бірігіп ,ыдырап кетеді. Сондықтан танау ішінде ңгелек, түбі тоң май тәрізді, шеттері ирек-ирек жаралар пайда болады. Малдың ауруға деген  тойтарысы күшті болса, мұндай жаралар біртіндеп жазыла бастайды. Бірақ ауру көбінесе асқынады. Ауру асқынғанда танау тесігі ыдырап , танаудан қан аралас, сасық иісті жолқаяқ ағады. Ауру кезінде үлкейген алқым бездері бастапқыды аурады да ,кейін ауырмайды, қатайып нығызданады, тері мен шелге жабысып қозғалмай қалады. Малдын әлсіе ілсін ыстығы көтеріледі,өкпесі қбынадыәлсірейді.

    Маңқаның жіті  түрінде көбнесе өкпн, ал кейде  санның ішкі жағы ұманың терісі  шалдығады. Тері мен шиде түйнектер  мен жаралар пайда болады. Теріде  бұршақ дәніндей түйнектержансыданып,  ұзақ уақыт жазылмайтын жараға айналады.олардың айналасындағылимфа тамырылары жуандап, адырайып тұрады. Бұларды бойлай шыққанн жаңа түйнектер де кеиін жарылып жараға айналады. Айналадағы дәнекер ұлпа одан әрі ісініп, көкірек пен құрсақта ауырмайтын жараға айналады. Кейде малдың малдың аяғы күмпиіп іседі. Маңқаның жіті түрі 2-4 аптаға созылып, ауырған жылқы көбіне өлім жетімге ұшырайды.

 Маңқаның созылмалы  түрі ауырған жылқылардың көбінде  кездеседі. Малдың ыстығы уақытша  көтеріліп. өкпесін ауа кернейді, күші азаяды, ол біртіндепарықтап, анда-санда біртіндеп жөтеледі,кейде танауынан  кенет қан ағады. Ауру ұзақ уақыт осы қалыпта қалады,не одан әрі өрши түседі. Індет асқынса малдың тыныс алуы күшиеді. өкпені тыңдағанда одан сау малға тән емес қатаң дыбыс, не сырыл естіледі. Бара-бара танауының ішкі қабығы мен терісіндегі өзгерістер айқын көзге түсе бастайды. Алқымдағы лимфа бездері ісініп үлкейеді. Танаудың ішкі қабағындажұлдыз тәрізді тыртықтармен жаралар көтеріледі .

      Маңқаның  жасырын латентті түрі аурцу  тұрақты таралған аймақтарда кездеседі. Мұнда ұзақ уақыт бойына дерт клиникалық белгілерінсіз дамиды.

   Ауру жыртқыш  жануарлардажіті түрінде өтеді  . алдымен олар ақсайды, тұмсықтарында  , терілерінде, сирақтарында ойымдар  пайда болады. Ауырған жануар әдетте 1-2 аптада өледі.

 

 

 

 

 

2.3  Сарғайғаннан  кейінгі диагноз

Клиникалық белгілері  жіті өткенде ауру белгілерін ажырату  қиын емес. Алайда белгілерінің бар  комплексі сирек кездесетіндіктен арнайы диагностикалық тексерулер жүргізеді. Қазіргі уақытта аллергиялық  және серологиялық (РСК) тексерулер дмагностиканың негізгі шаралары болып саналады. РСК аллергиялық тексерулерді толықтырушы толықтырушы болады да және инфекциялық асқынуын табуға болады.

 Маңқаның аллергиялық  диагностикасы үшің маллейн пайдаланады.  Көз сынамасы (көзді маллейндеу) маңқаның активті де жасырын өтуін анықтайды.

Маңқа індеті күдігі бар  жылқының сау көзіне қайнатылып , зарарсыздандырылған  пипеткамен 3-4 тамшымаллейн тамызады. 3,6,9,12 сағаттан кейін және келесі күні танертен жылқының көзінде қандай өзгерістер пайда болғаны  тексеріледі. Маллейн тамызған көз қып-қызыл болыпісініп, одан жіптей салбыраған ірің ақса , ондай жылқы маңқа деп, ол реакция бұдан бәсеңдеу болса жылқыда ауру күдігі бар деп есептеледі. Көзінде ешқандай өзгеріс болмаса ондай жылқысау болғаны. Күдікті жылқының көзіне екінші рет маллейн 5-6 күннен кейін тамызылыды, сөйтіп малдың ауру не саулылығы анықталады.

Егер жылқының көз  ауруы болса, маллейнді тері астына 1 мл мөлшерінде шприцпен егуге болады. Маллейн егерден бұрын 3 рет (танертен, түсте, кеште) жылқының ыстығы өлшенеді. Егер жылқы денесінің ыстығы 38,5 градустан аспаса ғана меллейнді кешкі сағат 22-24 мөлшерінде мойын тұсынан егеді. Егер маллейн егілгенен кейін жылқының ыстығы 12-16 сағаттан кейін 40 градусқа дейін көтерілсе және 6-8 сағат сол деңгейде сақталып, бірте-бірте қалпына келсе, ол дәрі егілген жер күмпиіп ісіп кетсе, ондай жылқы ауру деп саналады.  Түйе маңқасын анықтау үшін көзге бір рет маллейн тамызады.  Реакция 3-6-9-12 және 24 сағаттан кейін тексеріледі. 

 

Маңқаны серологиялық  әдіспен анықтау үшін РСК қолданылады. Ал бактерологиялық әдіс қазіргі кезде қолданылмайды.  Маңқа бактериасын микроскоп арқылы зерттеу бітеу жаралардың ішпен ауырған іріңді зерттегенде ғана жақсы нәтиже береді.  Маңқа бактериясы Романовский Гимза әдісімен боялады. Бұл індетті анықтағанда сақау мен мапданнан ажырата білу керек.

Күмәнді реакция кезінде  тері сәл ғана ісініп, денесінің  температурасы 390 С-39,6 0С аралығында болады. Кейде дене қызуы көтерілгенімен тері реакциясы болмауы мүмкін.  

Егер, маллейн жіберілген жерде терінің қабынуы байқалмаса , не сәл ғана болса, ол дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілсе онда реакция  теріс деп саналады.

Жалпы тері астына жіберілген маллейн 95 №ауру малды анықтайды. Бірақ жұмысы көп, орындауы қиын. Меллейнді тері ішіне жіберумен орындау тәсілі мен табындағы жылқыларды тексереді. Олар үшін 0,2 мл маллейнді мойын терісіне жіберіп, реакциясы 48 сағаттан кейінесепке алынады.

Теріде ұстағанда ыссы, ауыртпалы тығыз ісік пайда болса  реакция оң болғаны. Экспортқа шығаратын жылқыларды осы тәсілмен екі марте тексереді.

Комплемент байланыстыру реакциясымен маллейнге оң оң реакция  берген малдың ғана қан сары суын тексереді. Егер Кбр оң нәтиже берсе жылқының денесінде маңқа түйіні болғаны. Ал реакцияның комегімен маллейнді тексеруде теріс нәтиже болғанда маңқаға диагноз қоюға болмайды. Кей жағдайда бактерологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар мысықпен теңіз тышқанына био сынама қоюға болады

 

 

 

2.4 . Дифференциальды диагноз

Маңқа негізінен кеңсірікті зақымдаса, оны сақаудан айыра білу керек. Ал негізінен терің зақымданылса, онда оны мандальмен шатыстырмау керек.

  Мандай, сақау, мұрын мен қосалқы қуыстарының кілегейлі қабықтарының созылмалы қатары есептен шығарылады. Мандаль мен сақауда ойық жаралар мен абцестерден алынған іріңді зерттеу специті қоздырушыны табуға мүмкіндік береді. Белгісіз жағдайдаміндетті түрде көзді маллейндеу жасалады.

 

2.5 Алдын-алу және емдеу шаралары

Негізінен маңқамен ауырған  малдарды емдеуге тиым салынады.

Маңқаға қарсы әлі күнге дейін нақты ем жоқ. Аурудың созылмалы және жіті түрімен ауырған малдар өздігінен сауығып кетуі мүмкін.

     Аурудан  арылу үшін ауру байқалған  шаруашылықтанкарантин жарияланады.  Бұл кезде бұл шаруашылықтан  бірде-бір бас жылқыны басқа  жаққа  жіберуге, басқа жақтан әкелуге, не үйірден- үйірге ауыстыруға , не ауырады деген жылқылармен шағылыстыруға болмайды.

   Маңқа індеті  бар шаруашылықтың жылқысы маллеинизация  жүргізілгеннен кейін 4 топқа  бөлінеді. Бірінші топқа ауру  белгілері айқын жылқы;  екінші тоқа ауру белгілері көмекі; үшінші топқа ауру белгілері жоқ: бірақ маллейн реакция берілген жылқы төртінші топқа жоғарыда аталған үш топқа жанасқан жылқы жатқызылады.

Бірінші топтағы жылқыны  апарып, ішін жармастан көміп тастайды. Екінші және үшінші топтағы жылқыны бөліп оқшау жерге шығарады да олардың көзіне әрбір 5-6 күн сайын маллйн жібереді, қанын РСК арқылы зерттейді. Маллеинге реакция берген және қанын РСК арқылы зерттегенде ауру деген жылқыны таып, көміп тастайды. Реакция бермегендерін төртінші топқа қосады.

Төртінші топтағы жылқы  екі рет маллейнмен зерттеледі. Бұдан  ауру белгісі байқалмаса , олар карантин жойылғанша бастапқы кезде әрбір 15 күн сайын, сонан соң ай сайын  зерттеліп отырады. Маллейнге реакция  берілген жылқылардын мойнының оң жағына «М» әрәпәмен ( маллейн деген) таңбаланады да, маңқа жиналған пунктке ауыстырады.

Маңқа жылқы тұрған қора мал дәрігерінің нұсқауы бойынша  дер кезінде тазаланып. Зарарсыздандырады.  Ауру жылқының қиы өртеледі, аз ауырады  ау деген күдігі  бар жылқының қиы биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Жылқы әбзелдерін 5 % креалинге 3 сағаттай салып қою арқылы, ал қора ішін 3 % активті хлорлы бар хлорлы әкпен, 4 % ыстық (60-700) натрий сілтісімен  немесе 20 %жаңа сөндірілген әкпен зарарсыздандырады, изолятордың ішін күнде,  ал ауру шыққан қораның ішін 15 күн сайын зарарсыздандыру керек.

Маңқа індеті білінген соң  жақын жердегі адам дәрігеріне хабар  беріледі, өйткені маңқаның адамға да жұғуы мүмкін.

Ең соңғы ауру жылқы  бөлініп шығарылған соң 45 күннен кейін, қорытынды дезинфекция жасалып алынады да, шаруашылықы індеттен арывлдлы деп есептеп, карантинді жабады.

Маңқаға бейім малдардың  барлығын басқа шаруашылықтарға жібереді де, жарыстарға ұзақ жолда поезбен, машинамен тасу не ет комбинатына союға апарарда клиникалық тәсілмен тексеріліп, маллейн жіберіп зерттейді. Ал шаруашылықта басқа жақтан әкелінген малды профилактикалық карантинде ұстап, осы уақытта клиникалық тексеру  арқылы не маллейн жіберіп анықтайды.  Кез келген шаруашылықта жылқы тектес малдардың  бәрін жылына бір рет клиникалық жолмен тексеріп отырады.

Егер шаруашылықта маңқа  біліне қалса, шаруашылықты сау емес деп жариялап , карантинге қояды, жылқыны  союға тиым салынады.  Ауру мал  тұрған қораларды және аулалардыф тазалап, дезинфекция жүргізеді.  Малдың тезегін қалдық шөпті өртейді.

 

 

 

2.6 Өлекседегі өзгерістер

    Жануарлардың  өлекселері арық болады. Маңқадан  өлген малдың өлексесін жарып  союға тиым салынады. Бұл індетке тән өзгерістер жылқының өкпесінде, бауырында, көк бауырында лимфа түйіндерінде , танаудың кілегей қабығында , ал кейде теріде болады.  өкпеде шыны тәрізді жылтыр немесе ақшыл қоңыр маңқа түйнектері, олардың айналасында қызыл жиекшелер, ал аурудың созылмалы түрінде түйнектердің айналасында әк тұздары сіңген қабыршақ ьолады.  Маңқа өкпе мен бронха шалдықса, өкпенің әр жеріне каверка(қуыстар) кездеседі.  Осы маңдағы лимфа түйіндері ісінген, ал олардың кейбіреуінде өметтенген ошақтарменг әк тұздары шөккен түйнектер кездеседі. Танаудың кілегей қабығында көлемі әр түрлі түйнектер және уытты жаралар немесе жұлдыз тәрізді тыртықтар кездеседі. Егер диагноз малдың тірі кезінде қойылған болса, онда өлексені жару ұсынылмайды.

 

ΙΙΙ Жарып сою хаттамасы

 Өлексені жарып сою: жылқы

Жалған аты: Құлагер.№ 1

Иесі: Хатауов Б.А

Жарып сойылған күні: 07.09.09

Информация о работе Жарып сою хаттамасы