Тарихи деректер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 17:00, реферат

Краткое описание

Маңқа ( Mаlleus,can ) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте – бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.Маңқамен жылқы, есек, қашыр, сирегірек түйе,кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.
Тарихи деректер. Маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д. ІҮ ғасырда Аристотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушысының өсінін Леффлер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды. Ал 1907 жылы неміс ғалымдары Шютц пен Шуберт ауруды балау үшін комплемент байланыстыру реакциясын ұсынды. Х.И.Гельман мен О.И.Кальнинг 1891 жылы жасап шығарған маллеин әлі күнге дейін аллергиялық диагноз қоюға пайдаланылады.

Содержание

1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім:
2.1 Тарихи деректер
2.2 Қоздырушысы
2.3 Індеттік ерекшеліктері
2.4 Дерттенуі
2.5 Өтуі мен симптомдары
2.6 Патологиялық өзгерістер
2.7 Балау
2.8 Емі
2.9 Дауалау және күресу шаралары
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Маңқа.docx

— 62.28 Кб (Скачать файл)

 Милиарлық маңқа өкпеде  көптеген тары түйіріндей майда  түйіншектердің пайда болуымен  сипатталады, ол қан немесе  лимфа тамырларына мол мөлшерде  қоздырушының енуіне байланысты  туындайды.

 Ірі ошақты маңқа  түйіндерінің көлемі грек жаңғағына  дейін жетеді, олар ақшыл, нығыз  келеді, ауру ұзаққа созылғанда  дәнекер өрмемен қапшықтанады, ақшыл лайсаң өліге ұшыраған ортасы көбінесе әктенеді.

 Маңқалық бронхопневмония  дерттік процестің бронтармен  таралуына байланысты туындайды.  Қабыну ошақтарының көлемі бойынша  ол ациноздвқ, лобулярлық және  лобулярлық – лобарлық  пошымдарда  байқалады.

 Ациноздық пневмония  өкпенің ең майда бірлігі –  ацинустардың қабынуымен сипатталады.  Олар майда көлемді, диаметрі 3 – 4 мм , ақшыл – сұрғылт, әртірлі  пішінді, жиегі тегіс емес, ара  тістеріне ұқсаған, қабыну ошақтары. Микроскоппен бронх қуысында  ыдырау күйіндегі лейкоциттер,  альвеолаларда серозды – фибринді  экссудат пен лейкоциттер шоғырлары анықталады. Уақыт өте келе қабыну ошағын эпителиоид торшалар, лимфоциттер мен фибробластар қоршайды. Қабыну процесі үдегенде ациноздық ошақтар бір – бірімен қосылып, лобулярлық қабыну ошағы , яғни жекелеген немесе  бірнеше көршілес өкпе бөлікшелерін зақымдаған қабыну процесі туындайды.

 Ілкәде қызғылт түсті,  уақыт өте келе ақшылданатын  бұл лобулярлық пневмония ошақтарында  сұрғылт түсті өлген жерлер  байқалады.

 Маңқалық лобарлық  пневмония екі түрде байқалады  – жіті өтетін «желатинге ұқсаған  экссудативтік пневмония» және  созылмалы өтетін            «қойдың құйрық майына ұқсаған»  продуктивтік бронхопневмония. Экссудативтік  пневмония өте сезімтал жылқыда  өршиді, негізінен өкпенің алдыңғы  бөліктері қабынады. Өкпенің қабынған  бөлігі сұрғылт – сарғыш тартады,  біршама нығызданып сілікпеге  ұқсайды, жарым – жартылай  немесе түгелге дерлік өледі,  бөлікшелераралық дәнекер өрме домбығу сұйығымен кеуленіп, жуандайды. Бронхтарда қою ірің болады. Продуктивтік бронхпневмония өте ірі көлемді, ересек адамның жұдырығындай, нығыз ақшыл ошақтар түрінде байқалады. Олардың тілік бетінде өлген жерлер, іріңмен – кілегеймен толған каверна байқалады.

 Лимфалық түйіндер (жақастылық, жұтқыншақтық, бронхтық, шымылдықтық,  т.б.) қабынады. Үлкейген, кедір –  бұдырланған түйіндерде маңқа  түйіншіктері байқалады. Құлындардың  жұтқыншақтық түйіндерінде кейде  грек жаңғағындай абсцесс болады.

 Танау қуысы кілегейлі  қабығының маңқасы өкпе маңқасына  қарағанда сиректеу кездеседі  және көбінесе өкпеден келген  қоздырушының әрекетіне байланысты, яғни екінші кезекті, туындайды.  Ауру малдан ірің тамшылары  сау жылқының  танау қуысына  тікелей енгенде ғана маңқалық  ринит бірінші кезекті туындайды. Өкпеден маңқа таяқшасы танау қуысына қанмен бірге енеді. Қабыну процесі қан тамырларындағы ұйыспен, ол жердегі лейкоциттер шоғырларымен басталады. Одан әрі бұл қабыну түйіншегін эпителиолид торшалар мен лимфоциттерден тұратын белдеу қоршайды. Нәтижесінде танау шымылдығында, кеңсірікте орналасқан, өте майда, жай көзге көрінер – көбінес те, ірі бұршақтай да маңқа түйіншектері қалыптасады. Олардың тілік беті ілкіде сұрғылт, біркелкі болады, кейін түйіншектің орта жері өліп, лайсаңданады, көбінесе іріңдейді. Уақыт өте келе түйіншек, оның бетіндегі кілегейлі қабық өліп, сыдырылып түсіп, ойылым пайда болады. Жиегі тегіс емес бұл ойылымдардың түбі кедір- бұдырлы, іріңді болады. Олар көлемденіп, бір – бірімен бірігеді. Көбінесе танау шымылдығы мен кеңсіріктің беті түгел ойылымданады.

 Танау қуысының зақымдануы  кілегейлі қабықтың жайылма қызарып,  қатарлы – іріңді қабынуымен  басталуы да мүмкін. Процесс одан  әрі ойдымдарға, ойылымдарға ұласады.

 Маңқа ұзаққа созылғанда  танау қуысы кілегейлі қабығындағы  ойылымдар тыртықтанып жазылады. Бұл маңқа тыртықтары дәнекер  өрме будаларының орталықтан  шетке қарай тарамданған суретімен  ерекшелінеді. Жайылма сипаттағы  маңқалық ринитте тыртықтанып жазылуы мүмкін. Бұл тыртықтар терезе әйнегіндегі аяз әшекейіне ұқсайды. Танау қуысы кілегейлі қабығынды түйіндер, ойылымдар мен тыртықтар қатар кездесуі мүмкін.

 Көмейдің , кеңірдектің  және ірі бронхтардың маңқамен  зақымдануы танау қуысы кілегейлі  қабығындағы өзгерістер сипатында  болады.

 Терінің маңқасы сырқаттық  процесс организмге жайыла таралғанда  туындайды. Көбінесе лимфалық  тамырларды бойлай орналасқан  түйіндер пайда болады да, олардың  ортасы іріңдеп, тері тесіліп,  ойылымға айналады. Бұл ойылымдар  жиегінің тегіс болмауымен, түбіндегі  грануляцияның іріңмен бүркелуімен  сипатталады. Ойылымдар ұлғаяды.  Терідегі алғашқы түйіндерден,  ойылымдардан маңқа таяқшасы  лимфаға ілесіп, терінің басқа  жерлеріне көшеді, сөйтіп жаңадан  түйіндер мен ойылымдар пайда  болады. Уақыт өте келе ойылымдар  тыртықтанып жазылады.

 Маңқалық заққымданулар  бауырда, талақта, т.б. мүшелерде  де байқалуы мүмкін. Олар көлемі  тарыдай түйіншіктер, бұршақтай,  грек жаңғағындай, тіптен одан  да үлкен түйіндер түрлерінде  болады. Бұл түйіндердің құрылымы  өкпедегі түйіндердің құрылымы  өкпедегі түйіндерге ұқсас.            

Желбезектің бір не екі  жағынан маңқаға тән көптеген түйнекшелері мен ойық жаралар табылады. Алқым бездерінің көлемі ұлғайған, олар қабынған, олардың кей жерлерінде маңқа түйнекшелері байқалады.

Тері маңқасы болса, қабынған сөл тамырларын бойлай құрылысы өзгерген сөл түйіншелері орналасады. Оларды терең түп жағы ұшық жара басып  кеткен. Ішкі органдардан және сөл  бездерінен маңқа түйіндері мен  одан да үлкен ошақтары табылады.

Ескі түйіндердің ортасынан  әк шөгіндісі табылуы мүмкін. Өкпеден  жалқаяқ жиналып қабыну, бронхоэктазия, каверна (қуыс), сондай-ақ көптеген маңқа  түйіндері сияқты зақымдарды байқауға болады.

Осындай зақымдар бауырда, талақта, тіпті жүрек еттерінде де кездеседі, маңқа түйіндері мен паразит  түйіндерін бір-бірінен ажырата  білу керек. Соңғылар әдетте қос қабықты  болып келеді, көбінесе олардың ішінен паразиттер  табылады.

Диагноз. Кешенді жойылады. Қазірде жылқыларды маллеинмен тексеру міндетті жүргізілетіндіктен, клиникалық нышандармен білінетін маңқа сирек кездесетін құбылыс. Жақастылық лимфалық түйіндерді сипап көріп, олардың ісінгенін, қозғалмайтынын, танау қуысын қарап серозды – іріңді ринитті, түйіншекті – ойылымды зақымдануларды байқауға болады. Малды сойып – зерттегенде негізінен өкпенің , бауырдың, талақтың, оларға өңірлік лимфалық түйіндердің қабынып, зақымдануларына көңіл аударылады. Бұл мүшелердің жай -  күйі ауруға күдік туғызған жағдайда гистологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша қорытынды диагноз тұжырымдалады.

Балау. Маңқа түйіншектерін туберкулез түйіншіктерінен ажырату керек. Бұл мәселеде ескерілетін жайт : жұмыр тұяқтылар туберкулезге, аша тұяқтылар маңқаға өте сирек шалдығады. Жұмыр тұяқтыларда туберкулездік процесс продуктивтік қабыну сипатында болады, оргшанизмде жайыла таралмайды. Туберкулдардан маңқа түйіншектері кариопикноз және кариорексис күйіндегі лейкоциттердің молдығымен ерекшеленеді.

 Маңқа түйіншектерін  халикоздардан, яғни бауырда,  өкпеде аскаридалар мен стронгиляттардың  өлген балаусаларын қоршай қалыптасатын  паразиттік түйіншіктерден ажырата  тану керек. Бұл паразиттік  түйіншектер эозинмен боялған  құрылымсыз, әктенген орталықтан  және гиалинозға ұшыраған қапшықтан  тұрады. Өлі орталықта гельминт  қалдықтары, өлі зат айналасында  бөгде денелер алып торшалары  мен  аздаған эпителиоид торшалар  болуы мүмкін.

 Індетті лимфангитті  (мандам) маңқадан ажыратудың қиындығы  жоқ. Теріде туындайтын мандам  ойылымдары жайпақ болады, ойылым  түбі қара – қызыл болады. Ойылымдардан, түйіндерден дайындалған ірің жағындыларында ауру қоздырушысы – криптококтар көрінеді. Олар барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, көбінесе макрофагтардың цитоплазмасында болады.  

 Ауру жіті дамыған клиникалық белгілері айқын байқалса, онда диагноз қою аса қиын емес. Балау клиникалық талдау, індеттанулық  деректер негізінде іске асады. Егер ауру созылмалы немесе жасырын түрде өтсе, онда аллергиялық зерттеу жүргізеді. Оны маллеин қолдану арқылы іске асырады. Аллергиялық зерттеу үшін маллеинді көзге тамызып, теріге және тері астына жібереді. Жіті маңқа клиникалық белгілері бойынша анықталады да, бактериологиялық зерттеу, сондай-ақ қан сары суын КБР (комплемент байлаланыстыру реакциясы) әдісімен зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады. Маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.

Маңқаның жіті түрін комплемент байланыстыру реакциясы бойынша  анықтайды. Күдікті жағдайда Штраус реакциясын пайдалана отырып, теңіз  шошқасының еркегін биологиялық  сынаудан өткізеді; осы хайуанның  құрсағын көмкерген көк шандырға маңқа бактериясын енгізгенде оның ені қабынып ісіп кетеді (орхит).                                                     

 Көзге тамызу ( көз  байқауы) жылқы және басқа малдар  маңқасын анықтауда негізгі тәсіл  болып саналады. Маллеинді арасына  5 – 6 күн салып, 2 мәрте тамызады. Оны таза пипеткамен қабақты ашып, конъюнктиваға 3 – 4 тамшы тамызады. Организмнің реакциясы маллеинді бірінші тамызғаннан кейін 3 – 6 – 9 және 24 сағат өткеннен кейін есепке алынады. Егер көзді іріңді конъюнтивит байқалса, онда реакция оң деп саналады. Көзде ірің жиналып, ол көздің бұрышынан шұбатылып ағып тұрады. Мұнымен қатар кейбір жылқыларда танауынан іріңді сарысу ағады. Кейде оң реакция маллеин тамызбаған көзде де болуы мүмкін. Ал реакция күмәнді болса, онда конъюнктива қызарып, қабақтары сәл қабынады, көзден жас ағып, аздаған ірің жиналады.

 Егер реакция теріс  болса, онда конъюктивада өзгеріс  болмайды, көз аздап қызарып, сәл жас ағады. Күмәнді және теріс реакциялы малдарға маллеинді бұрынғы көзге қайталап 5 – 6 күннен кейін жібереді. Реакцияны 3 – 6 – 9 -12 сағаттан кейін есепке алады. Маллеинмен тексергенде малды байлап ұстайды. Түйелерге маллеинді бірақ рет жібереді. Ал арық, әлсіз, ауру меңдеген малдардың маллеинге реакциясы төмен болады.

 Маллеинді тері астына  көз байқауын жүргізуге болмайтын  жағдайда жібереді, мысалы, көз зақымданса, сондай – ақ, «көз байқауы»  нақты нәтиже бермесе, мұндай жағдайда алдын – ала малдың таңертең, түсте, кешке температурасын өлшегенде, орташа дене қызуы 38,5°С – тан аспауы керек. 1 мл маллеинді мойын терісінің астына жіберген соң келесі күні таңертең сағат 6 дан бастап кешке дейін әрбір сағатта ақырғы рет 24 – 36 сағаттан кейін дене қызуын өлшейді. Реакцияның нәтижесін дене қызуы мен терінің қабынуына қарай бағалайды. Егер қызуы 40°С – қа көтеріліп, 6 – 8 сағат бойы төмендемей содан біртіндеп қалпына келсе, маллеин жіберген тері ісініп, сипағанда ыстық екені білініп, ауырсынса реакция оң деп саналады.

 Күмәнді реакция кезінде  тері сәл ғана ісініп, дененің  температурасы 39° С – 39,6°С  аралығында болады. Кейде дене  қызуы көтерілгенімен (40°С) тері  реакциясы болмауы мүмкін.

 Егер, маллеин жіберген  жерде терінің қабынуы байқалмаса  немесе сәл ғана болса, ал  дене қызуы 39°С – қа дейін  көтерілсе онда реакция теріс  деп саналады.

 Жалпы тері астына  жіберілген маллеин 95% ауру малды анықтайды, бірақ, жұмысы көп, орындауы қиын.

 Маллеинді тері ішіне  жіберу тәсілімен асау, табындағы  жылқыларды тексереді. Олар үшін 0,2 мл маллеинді мойын терісіне  жіберіп, реакциясын 48 сағаттан кейін  есепке алады. Теріде ұстағанда  ыссы, ауыртпалы, тығыз ісік пайда  болса реакция оң болғаны. Экспортқа  шығаратын жылқыларды осы тәсілмен  екі мәрте тексереді.

 Комплемент байланыстыру  реакциясымен маллеинге оң рекация  берген малдың ғана қан сарысуын  тексереді. Егер КБР оң нәтиже  берсе жылқының денесінде маңқа  түйіні болғаны.Бұл реакцияның  көмегімен маллеинмен тексерудің  нәтижесі теріс болғанда маңқаға  диогноз қоюға болмайды. Кей жағдайда  бактериологиялық және гистологиялық  зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, мысық пен теңіз тышқанына биосынама қоюға болады.

 Ажыратып балау. Маңқа негізінен кеңсірікті зақымдаса, оны сақаудан айыра білу керек, ал негізінен тері зақымданса, онда бұл ауруды мандаммен шатастырмау қажет. Дүдәмәл жағдайда маллеинмен « көз байқауы» жүргізіледі.

 Емі.Маңқамен ауырған жануарларды емдеуге тиым салынған, оларды жояды.Маңқа шыққан шаруашылықтағы жылқылар тиісті ережеге сәйкес 4 топқа бөлінеді.

Бірінші топқа маңқаның клиникалық сипаты анық білінген жылқы жатқызылады. Оларды   өлтіреді де, ішін жармастан   өртеп жібереді.

Екінші топ—ауру белгілері  көмескі, маллеинге реакция берген жылқы; олардың қаны КБР әдісімен тексеріледі. Анық реакция берген жылқыны  өлтіреді де, реакция бермеген жылқыларды «маллеиншілер» деп табады.

Үшінші топ — ауру белгілері  жоқ, бірақ маллеинге реакция  берген жылқылар. Олардың қаны 1,6 және 15-ші күндері КБР әдісімен екінші рет тексеріледі. Айқын реакция  берген мал маңқа деп табылады да, құртып жіберіледі.

Төртінші топ — күдікті  жылқылар. Оларды мезгіл-мезгіл клиникалық бақылаудан өткізіп тұрады, барлық зерттеуден теріс нәтиже шыққанша осы  топтағы жылқыларды көздеріне маллеин  тамызып тексеріп отырады, басқа  жылқылармен жанастырмай, бөлек  бағады, сол ауру шыққан шаруашылықта ғана жұмысқа  пайдаланылады.

Ат қора құрамында 3 процент  белсенді хлоры бар тұндырылған (мөлдір)  хлор ерітіндісімен, күйдіргіш  натрдың 4 проценттік ыстық ерітіндісімен  немесе. күкірт-карбол қосындысының 5 проценттік ерітіндісімен дезинфекцияланады. Ауру малдың көңі өртеп жіберіледі, күдікті жылқының көңі биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді жояды.

Маңқадан сақтану үшін барлық жылқы клиникалық бақылаудан өткізіліп, көзге маллеин  тамызу әдісімен зерттеліп отырады. Мұрын маңқасы.         Мұрын кілегей қабықтары қызарады, мұрын тесіктерінен ақшыл, ақшыл-сары сұйық ағады, кейде қан араласып ағуы мүмкін, мұрын айналасы қатпаршықтап кетеді, жұтқыншақ қабынуы (ісік пайда) болады,    тыныс    алуды    қиындатады мұрын пердесінде майда маңқа түйіндері (төмпешіктер пайда болады, оның түсті ақшыл сары. Маңқа түйіндері, жарага айналады, жара айналысы, жайылған  емес, ортасы саргыш май түсті болып түрады.

Информация о работе Тарихи деректер