Тарихи деректер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 17:00, реферат

Краткое описание

Маңқа ( Mаlleus,can ) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте – бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.Маңқамен жылқы, есек, қашыр, сирегірек түйе,кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.
Тарихи деректер. Маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д. ІҮ ғасырда Аристотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушысының өсінін Леффлер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды. Ал 1907 жылы неміс ғалымдары Шютц пен Шуберт ауруды балау үшін комплемент байланыстыру реакциясын ұсынды. Х.И.Гельман мен О.И.Кальнинг 1891 жылы жасап шығарған маллеин әлі күнге дейін аллергиялық диагноз қоюға пайдаланылады.

Содержание

1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім:
2.1 Тарихи деректер
2.2 Қоздырушысы
2.3 Індеттік ерекшеліктері
2.4 Дерттенуі
2.5 Өтуі мен симптомдары
2.6 Патологиялық өзгерістер
2.7 Балау
2.8 Емі
2.9 Дауалау және күресу шаралары
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Маңқа.docx

— 62.28 Кб (Скачать файл)

Кейбір жаралар мұрын пердесін тесіп өтуі мүмкін, жараның жазылуы, қиын, ұзаққа созылады. Жазылған жағдайда дене тканьдер әлсіреп, тыртыққа (рубец) айналады.   

Мұрын пердесін рефлектормен көру керек .

Лимфа    түйіндері    (жақ    асты түйіні)     үлкендігі,   тауық жұмыртқасындай болып, қатты, бұдыр-бұдыр, сипағанда  өте салқын, ауырмайды, іріңдемеген.

Тері   маңқасында,   лимфа   (без) жүйесінде,   теріде   және   тері   астына маңқа  түйіндері пайда болады. Олар тез  жорылып, орнына ортасы сары майға ұқсас  жараға айналады. Әсіресе артқы аяқтың терісі көп ауырады, Ауру ұзаққа созылғанда артқы аяқ жуандап кетеді (слоновость).

Иммунитет. Маңқаға қарсы қалыптасқан иммунитеттің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар, ең бастысы оның стиральді еместігі. Сонымен қатар, гуморальдық факторлар мен фагоцитоз бұл аурудың қоздырушысына айтарлықтай әсер етпейді. Телімді антиденелер организмді инфекциядан қорғамайды, тек қана диагностикалық мәні бар. Денеге енген маңқа бактерияларын нейтрофильдер мен макрофагтар белсенді түрде фагоциттегенімен, торша ішіне түскен микроб толықтай ыдырамайды да, тіршілігін жоймайды. Организмнің негізгі қорғанысы микробты қоршап, маңқа түйіндерін түзуге және оның уытының денеге таралуына тосқауыл болу үшін ол түйіндерде тұздардың шөгуіне байланысты. Маңқаны дауалау үшін арнайы телімді препараттар жоқ.

 Дауалау және күресу жолдары.Маңқаға бейім малдардың барлығын басқа шаруашылыққа жіберерде, көрмелерге, жарыстарға, ұзақ жолға поезбен, машинамен тасу немесе ет комбинатына союға апарарда маңқаға клиникалық тәсілмен тексеріп, маллеин жіберіп зерттейді. Ал шаруашлықта басқа  жақтан әкелінген малды профилактикалық карантинде ұстап, осы уақытта клиникалық тексеру арқылы және маллеин жіберіп бақылайды. Кез келген шаруашылықта жылқы тектес малдардың барлығын жылына бір рет клиникалық жолмен тексеріп, маллеин жіберіп байқау қажет.

 Егер шаруашылықта  маңқа біліне қалса, шаруашылықты  сау емес деп жариялап, карантинге  қояды. Жылқы тектес жануарлардың  бәріне басқа шаруашылыққа жіберуге, жем жөнелтуге, малды топтауға  және фермаларды бір – біріне  ауыстыруға, сондай – ақ , жылқыны  союға тиым салады.

 Маңқаның клиникалық  белгілері бар малдарды және  маллеинге оң реакция берген  жылқыны ауру белгісі жоқ болса  да дереу оқшаулап, терісін алмай  оңаша жерге апарып жояды. Аурудың  жұғуына  күмәнді малдарды 3 рет  қатарынан теріс реакция алғанша  15 күн сайын көзіне маллеин тамызып тексереді, 5 күн аралатып клиникалық бақылау жүргізеді. Тексеру біткенше бұл малдарды жекелеп суарып, азықтандырады.

Ауру мал тұрған қораларды  және аулаларды тазалап, дезинфекция  жүргізеді. Малдың тезегін, қалдық  жем шөпті өртейді. Күмәнді малдың көңін 2 ай бойында биотермиялық өңдеуден өткізеді. Қора жайдағы індетті тежеу  үшін жүргізілетін дезинфекцияны 3% формалин ерітіндісімен, 70°С қыздырған 3% күйдіргіш  натрий немесе 3% белсенді хлоры бар  хлорлы әкпен жасайды. Сайман, ер –  тұрманды 5 % креолин ерітіндісіне 3 сағат бойы батырып, күнге кептіреді, былғарымен қаптаған жерлерін қара маймен майлайды.

Шаруашылық сауықтырылды деп ең соңғы ауру малды жойып, дезинфекция жасағаннан кейін 45 күн  өткеннен соң есептеледі де, карантин алынады.      

Сап емделмейді, ауру жазылмайды. Аурудың алдын   алу үшін мына  шараларды іске асыру қажет:

Шаруашылыққа бөтен жылқыны  әкелмейді. Әкелген жылқыны малленизациядан  өткізу керек, 30 күн карантинде ұстау  қажет.

Жылына екі рет, тұрақты  түрде көз мелленизациясын . өткізу керек.

Маңқаға күдіктенген жылқының (клиникалық аурудың белгісі бар) көзін жою керек. Өлігін өртеп  жібереді, малды соймайды, терісімен  өртеу керек.

Тез арада СЭС-қа хабарлап, шаруашылыққа карантин салады.

Дезинфекция жасау үшін, хлорлы известтің 3 % ерітіндісін, едкии  натрийдың 4 % ерітіндісімен ғана пайдалану  қажет.

Карантинді соңғы маңқамен аурған жылқының көзін жойған соң, 45-күннен кейін ашады. Карантинді ашар алдында, қорытынды дизенфекция және ферманың мал тұрған жерді тазалайды. [1].

Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.

Инфекциялық аурумен күресуде басты шаралар үш бөліктен тұрады:

1) аурудың көзін жою

2) ауруды тарату жолдарын,     жағдайларын     жою   

3) Малдың ауруға  қарсы   туралататын каблетін көтеру.

Айтылған шаралар профилактикалық (аурудың алдын алу, сактандыру) және лажсыз (ауру шыққан    соң)    болатын    шаралардан тұрады.

 Профилактикалық шараларға, малды азықтандыру, суғару, күту, бағу жатады. Малды күтүшілердің жеке гигиенасын сактау (арнайы киіммен камтамасыз ету, дизенфекциялық және жуушы дәрі - дәрмектер бөлу т. б) керек.

 Мал фермаларын қоршау, суды, суғару суаттарын реттеу мал азықтарын үнемі тексеріп отыру малды әр кезде малдэрігерлік тексеруден өткізіп отыру қажет.

 Сақтандыру  мақсатында малдарды клиникалық тексеруден, диагностикалық - лабораториялық тексеруден өткізіп отырады. Ауру малды уақытылы бөліп алып емдейді. Күдіктенген малдарды вакцинация жасайды (етке; тері астьша вакцина егеді). Қазырғы кезде ачрозолттык вакцинация (әсіресе құсқа, шошқаға кеніннен қолдануда, соны іске асыру керек.

 Құрт ауруларының  алдын  алу үшін дегельмтизация жасау керек. Ауруды сактандыру шарасын іске асыру және оны жоюға Қ.Р малдәрігерінің, бекіткен уставын (жарғыны)және заңын сөзсіз іске асыру болып табылады. Оны іске асыру жеке адам болсын, ферма иесі болсын, жеке мал иесі болсын міндетті  және  сөзсіз  іске  асуға тиіс.

 Жұқпалы аурудың алдын алу таратпау үшін ең маңызды шара бұл карантин. Бұл шара ауру шықсадқ.ауру шықпасада іске асыру керек. Мал дәрігерлік устав бойынша, ферма және аулға келген мал 30 күн карантинде болуы керек. Мал келген кезде малдәргерлік тексеруден өтуі тиіс. Ал ауру шыққан жагдайда ауылға,   фермаға   карантин   сальшуы қажет. Фермаға бөтен адам, (тек фермада істейтіндер ғана кіреді), көлік, атты адам кіріп шықпауы керек. Ол жерден жем, шөп (жалпы азықтың барлық түрі) сабан, силосты әкелуге және әкетуге тиым салынады.                          

 Карантин салынған аумағы шамамен 1000м*1000м территория   қоршалып,   малды күтіп  бағатын  адамдардан басқа адамдар ол жерде кірмеу керек. Ауру малды үнемі мал дәрігерлік тексеруден өткізу  қажет,   ауру  малды  тез  арада бөліп емдеу керек. Мал дәрігерлік саяси ағарту жұмыстары (лекция, баяндама, әңгіме т.б.) халықпен,  күтінуші персоналмен, өзін аурудан сақтандьфу», ауруды таратпау және жою жөнінде әңгіме өткізу керек. Ауру шыққан туралы бұхаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабар тарату қажет.

Ауруға  бейім мал түгелдей балаулык  тексеруден   өтеді.   Ауруға жаппай  тексеру    үшін    әдетте    клиникалык,     серологиялык, аллергиялық әдістер  қолданылады.  Бұл зерттеудің нәтижесінде  барлық    жануарлар   үш   топка   бөлінеді:   ауруы   айкын,   ауруы дүдәмал және аурудың жұғуы күдікті. Ауруы айқын жануарларға диагнозы күдіксіздер жатады  да, олар    жедел    баска    малдардан    бөлініп,     жеке     қора-жайға да, ауыстырылады. Бұл малдарды күтуте бөлек адам тағайындалады да,  аурудын ерекшелігіне   байланысты   оларды емдейді,  болмаса сояды /бруцеллез, туберкулез т.б./  не жояды.

Ауруы дүдәмал жануарларға       диагнозы       түпкілікті қойылмағандар  жатады.   Олар   -  клиникалык,   белгілері   айқын немесе   зерттеудің  нәтижесі  дүдәмал  болғандар.   Мұндай малдар  ауруы айкын және аурудың жұғуы күдіктілерден  жеке бөлініп    алынады.    Олар    қосымша   кайтадан   тексеріледі   де, диогнозы   айкындалса   ауруы    айкын   малдарға,    ал    диагнозы растамаса аурудың жұғуы күдіктілерге косылады.

Аурудың жұғуы күдіктілерге барлық калған малдар жатады. Олар ауруға   шалдыққандармен   жанаскан   себепті   дәрігерлік бақылауда    болып,    ретті   түрде   ауруды   балау    үшін   арнайы тексеруден  өтіп   түрады.   Тексеру   малдын.   ауруға   шалдығуы біржола    тоқтағанша   жұргізіледі.   Әрбір   балаулық   тексеруден кейін  ауырған  жануарлар   бөлініп   окшауланғаннан  соң   қоражайға  ағымдағы    дезинфекция   жасалынады.    Сонымен   катар  жұқпалы  аурудың ерекшелігіне байланысты 6ұл топтағы жануарларды   иммуңдейді   /белсенді   немесе   енжар   әдіспен/   болмаса микробтарға    қарсы   әсер   ететін   емдік-дауалык   дәрмектермен домдайды.  Аса қауіпті аурулар кезінде /мысалы, шошка обасы/ індет ошағындағы барлық жануарлар сойылады.

Жұқпалы    аурулардың    емі.     Жұқпалы     аурумен    ауырған жануарларды    емдеу   кешеңді   түрде   жүргізіледі.    Бұл    кешен  этиотропты және симптоматикалық емдеу  шараларынан тұрады.

 Этиотропты   ем - аурудың себебіне /этиологиялык факторына/, яғни оның коздырушысына қарсы  бағытталады.   Ол үшін сол Ауруға     тән   өзгеше   және   сонымен   катар   өзгеше   емес   дәрі-дәрмектер қолданылады.   Белгілі   бір   аурудың  коздырушысына ғана   ететін   өзгеше   дәрмектерге   иммунді   қан   сарысуы, иммупоглобулиндер, бактериофагтар жатады. Өзгеше емес дәрі- дәрмектерге   антибиотиктер,   сульфаниламидтер,   нитрофурандар және химиялык препараттар жатады.

 Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай, күйіне байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады. Оларға жүрекке әсер ететін, қақырық түсіретін, зәр шығаратьш дәрілер, су-тұз алмасуын қалпына келтіретін ерітінділер, дененің жалпы куатын арттыратын, десенсибилизациялайтын, т.б. дәрмектер жатады.

 Жұқпалы ауру кезінде емдеу толық курс ретінде жүргізіледі Аурудың беті кайтып, клиникалық беліілері өше бастаған сәтте емдеуді тоқтауға болмайды. Емдеу курсы толық аяқталмаса ауру кайта өрбіп, рецидив беруі мүмкін жұқпалы ауруға шалдыққан жануарларды /мысалы,  бруцеллез, туберкулез кезінде/ санитарлық қасапханада сояды. Егер ондай мал тым көп болса, ет комбинатының сою цехын пайдаланады. Ол үшін ауру малды соятын арнайы санитариялық құн белгілеп, сойым аякталғаннан кейін бүкіл цехка дезинфекция жасалынады. Сойылған малдан алынған өнімді азық-түлікке пайдалану аурудың түріне, ветеринарлық-санитарлық сараптың қорытындысына, бактериологиялық тексерудің нәтижесіне байланысты шешіледі.

Аса қауіпті инфекциялар  кезінде /кұтырык, шошқа обасы, топалаң/ ауру малдың ұшасы техникалық пайдалануға  жатқызылады немесе өртеу аркылы, не баска жолмен жойылып жіберіледі.                         

Ауруға бейім  жануарларға қатысты шаралар.

Індетке қарсы шаралардың маңызды бір бөлігі ауруға бейім  жануарларға қатысты жүргізіледі. Олар негізінен хайуанаттарды ауруға төзімділігін арттыруға және оларды ауру жұғу каупінен корғауға бағытталған. Аурудын малға жұғуына қарсы  шаралар инфекция коздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде  қарастырылатындықтан бұл жерде  жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру  жайы сөз болады.

Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру - фермаларда жүргізілетін барлық шаруашылыққа қатысты іс-әрекеттердің ең  өзекті мақсаты. Оны қамтамасыз ету үшін кең аукымды экономикалық - ұйымдыстыру, селекциялык-зоотехникалық, ветеринариялық - санитарлық шараларды  іске асыру керек. Өнімді көп беретін  малды өсірумен қабат олардын  ауруға төзімді болуына да көңіл  бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, оның  күтіміне де байланысты екені анық. Сондықтан  қора-жайдың, жайылым мен өрістің, соңдай-ақ малды азықтандыру және суару, пайдалану санитарлық-зогигиеналық талаптарға сай жүргізулері керек. Жануарлардың ауруға төзімділігіне  әртүрлі стресс жағдайлар кері  әсер  етеді.   Оларға  сапасыз  жемшөп  және   су,   олардың  құрамында болатын   зиянды коспалар,   ауаның  қалыптан   тыс температурасы,   ылғалдылығы,   қысымы,   газдык, құрамы  және шаң -тозаң жатады. Қорада немесе торларда жануарлардың аса орналасуы,       әртүрлі       механизмдердін      жұмысына байланысты  шулы дыбыстар, жануарларды көлікпен тасымалдау оларға  зиянды әсер етеді.  Сондықтан да жыл  мезгілі ауыскан шақта,     малды    қыстаудан    жайылымға    шығарғанда    немесе керісінше    қыстамаға     ауыстырғанда,     сондай-ак көлікпен  тасымалдағанда     стресс - факторлардың     жануарларға     жайсыз әсерін   мейлінше   болдырмауға   бағытталған   арнайы   шаралар  қолдану қажет.  Ауа райының  кұбылмалы   шақтарында:   қарлы  жауын,   боран,   катты   аяз,   аяздан   кейінгі   жылымық    кезінде малдың, күтіміне ерекше көңіл бөлу керек.   Малдың күтіміне  азықтандыру  рационына, бос  жіберілуіне   /моцион/  күнделіктібақылау    - жануар организмінің ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды алғы шартгар.Жұкпалы   ауру  шыққан  сәтте   аталған  шараларды   орындау жеткіліксіз.  Ол шарттар   ауру  болмаған  уақытта   да тиянакты түрде іске асырылып отыруы керек. Жұқпалы ауру байқалғанда, сол ауруға   қарсы   иммундік   дәрмектер   қолданылады.    Егер жануарлар инфекция коздырушысының  бастауымен жанаспаған болса, вакциналау арқылы белсенді иммудеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта    қолдан    жұктыру    аркылы    ауруды    жасанды    түрде қоздырып, иммунитетті  қалыптастыруға тиым салынған. [5]. Егер   жануарлар    инфекция   коздырушысының    бастауымен жанаскан болса, немесе тез  арада ауру шығып кету каупі туса, онда   иммуноглобулиндік  дәрмектер   арқылы   енжар   иммундеу әдісін қатар қолдану, яғни симультанды  иммундеу, жақсы нәтиже береді.    Бұның нәтижесінде  егілгеннен   соң   бірден   организмде  енжар  иммунитет калыптасады да,  ол  әлсірей   бастаған  кезде белсенді иммунитет күшіне енеді. Есте  болатын  бір   жай,   аса қажеттілігі болмаса енжар иммундеусіз - ак, белсенді иммундеу әдісін жеке қолдану дұрыс. Өйткені енжар иммунитеттің әсерінен белсенді иммунитеттің күші төмендейді.

Індет ошағының  түрлері.

Індет  ошағы  деп  - індет  процесі  өтетін,  оның   негізгі  үш  қозғаушы  күштері   инфекцйия   қоздырушысының  бастауы,  берілу  тетігі  және  бейім  жануарлардың  өзара  бір-біріне  әсер етітін  кеңістік  аталады.  Екінші  сөзбен айтқанда  індет  ошағы ауру  қоздырушысы   орын    тепкен  және  нақтылы  қалыптасқан  жағдайда  ауру  қоздырушысының  сау  жануарларға  берілу қауіпі  сақталған  аймақ. Ошақ  -  қазақ  тіліндегі  байырғы  сөз .  оның мағынасы  от  жағатын  орын.  Бұл  ұғым  халықтың  індетті  тілсіз  жау – отпен  салыстыруынан  туған.  Орыс  тілінде  індет  ошағы  эпизоотологический  очаг   деп аталады.  Ошақ  сөзінің  іс  жүзінде  еш  бір  өзгеріссіз  орыс  тіліне  ауысуы   алтын  орда  дәуірінде  болса  керек.

Індет  ошағы  ұғымын  инфекция  ошағы ұғымымен  шатастырмау  керек. Індет  ошғы  аймаққа  тән  ұғым  болса,  инфекция  ошағы  организмде болады. Инфекция ошағы  деп  зардапты ауру  қоздырушы  микроб   жайлаған  дертке  шалдыққан  дене  мүшесі  немесе  ұлпаны айтамыз.  Індетті  ошағының  әрекентті  және  әрекетсіз  түрлері болуы  мүмкін.

Індет  ошағын  жою -  жұқпалы  аурулармен  күоресудің  басты  мақсаты мен  негізгі  жолы.  Індет ошағын  жоюдың  міндетті  шарттары:  инфекция  қоздырушысының  бастауын  құрту  және  сыртиық  орта  объектілерін  түбейгейлі  зарарсыздандыру.  Бірақ  кей  жағдайда  зардапты  микроб  қалай  да болмасын, сыртқы ортада  сақталып  қалады.

Індет  ошақтары  жаңа  өше бастаған  тұрақты  және  табиғи  болып  бөлінеді.  Індет  ошағы  жуықта  пайда  болып,  ауруға   шалдыққан  жануарлардың  саны әлі  де  өсіп  келе  жатса,  ол жаңа  болып  есептеледі.   Мұндай ошақтан  аурудың  одан  әрі  қарай  кету  қауіпі  жоғары  болады.

Өше  бастаған  ошақта  жүргізілген  індетке  қарсы шаралардың  нәтижесінде  немесе  ауру  әбден  жұғып  болады,  аурудан  малдардың  сауығуына  байланысты  індет  бәсендей  береді.  Қоздырушының  белсеңді  бастауларына  азаюына  байланысты  аурудың  одан  әрі  таралу  қауіпі  де  төмендейді.

Тұрақты  деп   аурудың  тұтануы  оқтын-оқтын  белгілі  уақыт  аралығынан  соң  үнемі  байқалып  тұратын   ошақты  атайды. Нақтылы  бір  себептердің  салдарынан   мұндай  ошақта  аурулардың  біліну  мүмкіндігі  сақталады. Індет ошағының  тұрақтануына жануарлардың арасында  жасырын  микроб алып,  жүргізушілердің болуы  әртүрлі  микроб  тасымалдаушы    кемірушілер   және зардапты   микробтың  сыртқы  ортада  ұзақ  уақыты  сақталуы   себеп  болады.  Листериоздың  індет  ошағының  тұрақтануы  оның  қоздырушысының  сүлемеден  кемірушілер арасында  сақталуынан  болса,  топалаңның  індет ошағының  ұзақ  мерзімділігі   қоздырушысының  топырақта  жылдар  бойы  өлмеуінің  салдары.  Егер  ауру  қоздырушысының   бастауы  болмай  қоздырушы  микроб сыртқы ортада  ұзақ  сақталған  жағадайда  мұндай  жерді   індет ошағы  дегеннен  гөрі  инфекцияланған  аймақ  деп атаған  жөн.

Информация о работе Тарихи деректер