Казақстан топырағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 15:23, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен рөлі өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық ретінде саналады. Жалпы топырақтың қызметін ешнәрсемен де алмастыра алмайсың. Сондықтан да топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
I ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРАҒАН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ ..........................................6
1.1 Топырақты классификациялау заңдылықтары...................................................6
1.2 Жазық территориялардың топырағы...................................................................8
1.3 Таулы алқаптың топырақтары............................................................................12
II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ...............................................................................................................14
2.1 Қазақстанның топырақ экологиясы ..................................................................14
2.2 Қазақстандағы топырақты қорғау мәселелері..................................................19
2.3 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру...................................................................23
ҚОРТЫНДЫ............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая фгк ДОК.doc

— 166.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................5

I ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРАҒАН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ ...................................................................................................................6

1.1 Топырақты классификациялау заңдылықтары...................................................6

1.2 Жазық территориялардың топырағы...................................................................8

1.3 Таулы алқаптың топырақтары............................................................................12

II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ...............................................................................................................14

2.1 Қазақстанның топырақ экологиясы ..................................................................14

2.2 Қазақстандағы топырақты қорғау мәселелері..................................................19

2.3 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру...................................................................23

ҚОРТЫНДЫ............................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан аумағындағы  топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен рөлі өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық ретінде саналады. Жалпы топырақтың қызметін ешнәрсемен де алмастыра алмайсың. Сондықтан да топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты.

Қазақстанда кең  алқапты жазықтар мен ойпатты  жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.

Жұмыстың  өзектілігі: Қазақстан топырақ жамылғысының экологиялық қасиеттерін, кешенділігін, эрозияға бейімділігін, тұздылығын, табиғи құнарлығының қасиеттері жайлы білу қажет болып табылады.

Жұмыстың  мақсаты: Қазақстан жерінде таралған топырақ түрлерін және олардың экологиялық жағдайын анықтау.

Жұмыстың  міндеттері:

  • Қазақстан жерінде таралған топырақ түрлерін қарастыру;
  • топырақ жамылғысының экологиялық жағдайын анықтау;
  • оларды қалпына келтіру шараларын қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРАҒАН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ 

 

1.1 Топырақтарды классификациялау заңдылықтары

 

Топырақтар  табиғи әрі тарихи дене болғандықтан, оларды біліп, түсіну, тиімді пайдалану  үшін бір ретке келтіріп жүйелеу  қажет. Мұны топырақты классификациялау деп атайды. Топырақты классификациялау жұмыстарының күрделілігі сол – ол жүйеленуге тиісті топырақтардың барлық қасиеттерін, олардың пайда болып, түзілу құбылыстарын, топырақ түзуші факторлардың тигізетін әсерлерін, адам қоғамының әсерін, яғни табиғи-тарихи әдістерді қолдану қажет. Топырақтардағы кездесетін комплексті белгілерін тауып, солар арқылы оларды әр түрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге бөлу қажет. Топырақтың қасиеттері мен белгілерге бөлінеді. Мәселен оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін ажырата білу қажет. Сонымен қатар топырақтардың өздерінің одан да күрделі және жоғарғы комплекс – ландшафтардың бір бөлігі екенін ескерген жөн. Осыған байланысты топырақтардың көптеген қасиеттерінің өздері оның геохимиялық байланысқан ландшафтарының қай бөліктеріне орналасуымен анықталатыны түсін-ікті. Бұл жағдайлардың барлығын ескеріп, қамту өте күрделі мәселе. Әлемде осы күнге шейін топырақтардың барлық жағдайларын ескеріп, үйлесімді жасалған классификациясы (жүйелеуі) жоқ. Әр ел (мәселен, бұрынғы КСРО, француздар, американдықтар, канадалықтар, австралиялықтар т.б.) өзінше бұл мәселемен шұғылдануда.

Топырақтану ғылымының  негізін қалаған В.В. Докучаев болғандықтан, топырақтарды классификациялау да Ресейде  дұрыс жолға қойылғандығын дүние жүзі ғалымдары мойындайды. Сондықтан да біз 1886 жылы В.В. Докучаев жасаған топырақтарды классификациялау принциптерін келтіреміз. Топырақты классификациялаудағы негізгі таксономиялық өлшеміне топырақ тиіп қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді:

1 топ. Қалыпты  зоналық топырақтар: А – құрғақ  шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: а) терістік  ашық сұр күлгін; б) орманның  сұр топырақтары; в) қара топырақтар; г) қара қоңыр топырақтар; д)  құба сортаңдау топырақтар, әрі қарай әр тип механикалық құрамдарына қарай бөлінеді. Б – құрғақ-батпақты топырақтар – су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, В – батпақты топырақтар – шымтезектер, тундра топырақтары.

2 топ. Өтпелі  топырақтар: А – шайылған топырақтар, Б – жер бетіне төселген топырақтар.

3 топ. Қалыпсыз  топырақтар: төселінген, өзен мен  көлдер аллювилері, жел үйінділері.

Докучаевтың топырақ  типі – топырақтарды классификациялаудағы негізгі өлшем болып қалды. Алайда олардың сандары әр заманда әр түрлі өзгерістерге ұшырауда. В.В. Докучаевтан соң топырақ классификациясы мәселелерімен көптеген оның шәкірттері: Н.М. Сибирцев, П.С. Коссович, К.Д. Глинка, К.К. Гедройц, С.А. Захаров, А.Н. Сабанин, С.С. Неуструев, Б.Б. Полынов т.б. шұғылданады.

Топырақты классификациялауда оның барлық қасиеттерін қамту қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мәселен К.Д. Глинка оның негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды. А.Н. Сабанин өсімдіктердің өсуіне байланысты топырақты жүйелеуді жөн көрді. Ал, П.С. Коссович пен К.К. Гедройц топырақтардың химиялық құрамын негізге алған классификацияларды ұсынды. Дегенмен олардың ешқайсысы да қолдау таппады.

Кеңестік заманда  бүкіл еліміздің топырақтарының ресми классификациясы болып  КСРО-ның Ғылым академия-сының  В.В. Докучаев атындағы Топырақтану  институтының ғалымдары профессорлар Е.Н. Иванова, Н.Н. Розов басқарған комиссия мүшелері 1960 жылдары бекіткен жаңа классификация есептелінеді (1965-1967 ж.ж.). осы классификация бойынша топырақты жүйелеудегі негізгі өлшем «топырақ типі» болып В.В. Докучаев термині қабылданды. КСРО Ғылым академиясы В.В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры болған академик Л.И. Прасловтың анықтауы бойынша топырақтың бір типіне жату үшін олар төмендегідей бір тектес жалпы белгілерге ие болуы қажет:

1) органикалық заттардың біртектес түсіп, өзгерістерге ұшырауы, ыдырауы;

2) минералды  заттардың біртектес комплексті  үгілу процестеріне ұшырауы, олармен  органо-минералдық түзілістердің  біртектес түзілуі (синтезделуі);

3) заттардың  жылжуы мен шоғырлануының біртектес  болуы;

4) топырақ пішіні  құрамының біртектес болуы, яғни  негізгі қабаттары құрамының  біркелкі болуы;

5) топырақтың  құнарын сақтап және оны арттыру  шараларының бір бағытта болуы.

Топырақтар  типі негізгі топырақ түзілу процестеріне қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ типшелеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кішігірім зоналарына – зонашаларына бөлінеді. Мәселен, кең алқапты орманды зонаның күлгін топырақтар типінде: кәдімгі типті күлгін топырақтар типшелерімен қатар, глейлі-күлгінді (күлгінге глейлі процесс қосылса), шымды-күлгінді (күлгінге шымды процесс қосылса) топырақты типшелері кездеседі. Ал қара топырақты тип – негізінен үш зонашаға бөлінеді: терістік мол гумусты, орталық немесе кәдімгі қара топырақты және оңтүстік, аз гумусты зонашаларына (типшелеріне) бөлінеді.

Топырақ типшесі, яғни зонашалары топырақ жақындастығына, туыстығына (род) қарай бөлінеді. Топырақ  жақындастығы негізінен оның пішінің  сапалық ерекшеліктеріне тән. Бұл  жағдай топырақ түзуші аналық жыныстардың  химиялық құрамына (сортаңды, карбонатты т.б.) немесе топырақ түзілудің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілеріне байланысты болуы мүмкін.

Топырақ жақындастығы топырақ түрлеріне бөлінеді. Бұл  көбіне топырақтағы негізгі процестердің даму деңгейіне байланысты. Топырақ  қабаттарының қалыңдығы, органикалық және минералдық заттардың топырақта жиналу белсенділігіне, қарашірінді, карбонаттар, тез ерігіш тұздар, күлгінді және гумусты қабаттардың қалыңдығына қарай бөлінеді. Мысалы, шамалы, орташа және қатты күлгінді, шамалы, орташа немесе қатты сорланған. Ал қаратопырақтар: қалың қабатты, орташа және жұқа қабатты т.б. болып бөлінеді.

Топырақтың  әр түрлілігі негізінен олардың  механикалық құрамына байланысты: құмды, сазды, балшықты т.б. болып келуіне  қарай ажыратылады. Мәселен, жаңа игерілген, жоғары мәдениленген, эрозияға шамалы немесе қатты шалдыққан т.б.

Сонымен бұрынғы  КСРО елдерінде топырақтардың 100-ден  артық типтері, олардың әрқайсысында бірнеше типшелер, ондаған жақындастық  және түрлері бөлінген. Олар туралы шамалы мәліметтерді әрбір топырақ зоналарына (типтеріне) тоқталған кезде келтіреміз.

Топырақ классификациясы  топырақтарды картаға түсіргенде, оларды агроөндірістік топтағанда және құнарлығына  қарай бағалағанда (бонтировка) қолданылады. Ескеретін жай кейбір топырақ  объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта картаға түсірген кезде, жоғарыда айтылған ірі таксономиялық өлшемдерден (тип, типше, жақындастық, түр және әр түрлілік) басқа да кіші-гірім өлшемдер практикада жиі қолданылады. Топырақтарды практикада қолдану бағытына қарай, мәселен: суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эрозия және ластанудан қорғау жағдайларына байланысты топырақты классификациялаудың қолданбалы жүйесі пайдаланылады.

Ұсақ территорияларды  картаға түсіру және оларды классификациялау кезінде кіші-гірім өлшемдер қолданылса, ал аса ірі аймақтарды картаға түсіріп, оларды классификациялау кездерінде жоғарғы айтылғандарды біріктіріп, типтен де жоғарғы өлшемдер қолданылады. Мысалы, профессор М.А. Глазовская әлем топырақтарын классификациялау сызба-нұсқасында типтен жоғары топырақ жақындастығын, топырақ генерацияларын және топырақтың геохимиялық ассоциацияларын ұсынды (1981). Сонымен әлем топырақтарының жүйелерінде 40 топырақ жақындастығы, 29 генерациясы және 12 топырақ ассоциациялары бөлінген. Дегенмен бұл ұсыныс барлық жерде қолдау тапты деп айтуға болмайды. Топырақ классификациясы мәселелері тек әлемде ғана әрбір жеке елдерде де үйлесімді жасалып, барлық сұрақтарға жауап беретін, көпшілікпен қабылданған шаруа емес. Бұл мәселелер әрбір жеке елдер ғалымдарымен қатар, халықаралық топырақтанушылар назарында.[66]

 

 

1.2 Жазық  территориялардың топырақтары

 

Енді біз  Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша  сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз. Төменде осы сызба-нұсқада келтірілген зонашалардың сипаттамасы берілген.

1) Республиканың  қиыр терістігінде біраз терри-торияны  жеткілікті ылғалданған орманды-далалы  зонаша алып жатыр. Бұл зонашада  ауадан түсетін ылғалдың орташа  жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффиценті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қаратопырағы және сілтісізденген қаратопырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 8-9-%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн. (республика жерінің 0,2%) гектар, зонанының негізгі бөлігі, терістіктегі Ресей жерінде.

2,3) Осы зонашадан  оңтүстікке қарай байтақ қаратопырақты  далалы зона басталады. Өзінің  топырағы мен климаттық жағдайына  қарай бұл зона екі зонашаға  бөлінеді:

а) орташа ылғалданған  дала;

б) ылғалы жеткіліксіз  қуаң дала.

Бұл аймақтың біразы Батыс Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналсқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қара топырақты зонаның Батыс Сібір провинцияларында кездесетін 2) кәдімгі қара топырақ (орташа ылғалданған далада) және 3) оңтүстіктің қара топырағы (ылғалы жеткіліксіз қуаң далада).

Информация о работе Казақстан топырағы