Казақстан топырағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 15:23, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен рөлі өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық ретінде саналады. Жалпы топырақтың қызметін ешнәрсемен де алмастыра алмайсың. Сондықтан да топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
I ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРАҒАН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ ..........................................6
1.1 Топырақты классификациялау заңдылықтары...................................................6
1.2 Жазық территориялардың топырағы...................................................................8
1.3 Таулы алқаптың топырақтары............................................................................12
II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ...............................................................................................................14
2.1 Қазақстанның топырақ экологиясы ..................................................................14
2.2 Қазақстандағы топырақты қорғау мәселелері..................................................19
2.3 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру...................................................................23
ҚОРТЫНДЫ............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая фгк ДОК.doc

— 166.50 Кб (Скачать файл)

Егістікке жарамды  жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта  негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен, сортаң, сорланған топырақтар және комплексті учаскелер күрделі  мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі – 25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9%-на жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.

2) Кәдімгі топырақты  зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары – кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8% табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.

3) Оңтүстік қаратопырақты  зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика  жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін  ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы  уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.

4,5,6) Қара топырақты  далалы зонаның оңтүстігінде  Қазақстан батысынан шығысына  қарай – Шығыс Қазақстан облысына  дейін созылып құрғақ және  шөлді-далалы қара қоңыр топырақты  зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн  гектардай (республика территориясының  33,3%), яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара-қоңыр топырақ (4). Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі жай қара қоңырға айналады (5). Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді-далада топырақ түсі тіпті ашық қара қоңырға ауысады (6). Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері не бары 1,5-2%.

Ауадан түсетін  ылғал мөлшері өте айнымалы.

4) Зонаның солүстік  бөлігінің топырағы күңгірт қара  қоңыр, онда суарылмайтын жаздық  бидай егіледі. Бірақ олардан  алынатын өнім мөлшері ауа  райына тәуелді. Орта есеппен  жылына түсетін ылғал 250-280 мм. Мұнда құрғақшылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27,7 млн гектардай (республика жерінің 10,3%).

5) Ал зонаның  орталық бөлігінде жай қара-қоңырлы  топырақтарда құрғақшылық жиі  болатындықтан, суарылмайтын егін  өнімі мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның көлемі 24,3 млн гектар жер, Қазақстан жерінің 8,9%. Негізсіз жыртылып кеткен жер көлемі 4 млн гектарға жуық. Бұл зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе күңгірт қара-қоңыр зонашада жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар желмен ұшуға бейім, оның өзі топырақтың жел эрозиясына қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар топырағында фосфор аз болғандықтан, фосфорлы тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зонашадағы негізгі егістік жерлер тың игеру кезінде игерілген. Ескеретін жай: тың игеру науқанында біршама асыра сілтеушілік болып, қара-қоңыр топырақтардың астық егуге жарамсыз біршама жерлері жыртылып кеткен. Ол жерлерді жайымдылыққа қайтару соңғы жылдары жүзеге асуда. Егістіктермен қатар мал шаруашылығы дамыған.

6) Шөлді-далалы  зонаша солтүстіктегі далалы  аймақ пен оңтүстіктегі шөлді  аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан  бұл зонашада солтүстіктегі далалы  зона мен оңтүстіктегі шөлді  зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөп-тердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орта есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістіктің өнімді шығыуын қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффиценті аймақта шамамен 0,2-0,3, яғни 20-30%. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақыттарда жақсы.

Құрғақшылық жиі  байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп, тұрақты  өнім алу тек суармалы жағдайда ғана іске асады, бірақ оған су көздері  тапшы. Суарылмайтын егін аз мөлшерде, ойпатты, шалғынды жерлерде ғана егіледі. Мұнда егілетін дақылдар – тез пісетін тары, арпа т.б. мал азықтық дақылдар. Көлемі 38,4 млн гектар, яғни Қазақстан территориясының 14%-ын алып жатыр.

7,8) Жартылай  шөлді зонашаның оңтүстігін кең  алқап-ты шөл зонасы алып жатыр.  Бұл зонада Батыс Қазақстан  облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.

Бұл алқапта  түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффиценті 0,1-0,5-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 10°-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700°-ке жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер де табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар (7), терістік шөл; б) жусанды сор шөптер сұр-құба топырақтар (8), орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көптеп кездеседі.

Аймақ негізінен  мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек  суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, яғни республика территориясының 44%-ны жуық. Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл қойлары, «шөл кемесі» атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жер көл болып бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылық бар.[66]

 

 

1.3 Таулы  алқаптың топырақтары 

 

Қазақстан территориясында  жазық жерлердің көлемі таулы  алқаптармен салыстырғанда көп. Дегенмен респуб-ликаның шығысы мен  оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар – Шығыс  Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың бел-деулік зоналары түгел кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы толық мәлімет Аболиннің (1930 ж.) Ленинградта шыққан «Балхаш өңірінің шөл даласынан Хан Тәңірінің қарлы биіктігіне шейін» деген классикалық еңбегінде келтірілген (Аболин А.Р., 1930 ж.). сондықтан топырақтың биіктік зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың Алматы аймағында өтетіні тегін емес.

9) Таулы алқаптарда  ені әр жерде әр түрлі батыстан  шығысқа қарай созылған тау  етегіндегі шөлді дала зонасы – белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді-дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу – таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.

Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал  мөлшері жазық территориядағы шөлді-дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін  жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары – күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.

Қалған жерлері  көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл аймақтың топырағы негізінен  таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған сәйкес түсетін ылғалдың мөлшеріне  байланысты топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсі зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті және ашық қара-қоңыр топырақтар зонашалары кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Батыс Тянь-Шань тау етектерінде күңгірт-сұрғылт топырақтар мен ашық қара-қоңыр топырақтар орнына қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Осы үш зонашаның соңғысында ғана, яғни күңгірт-сұрғылт түсті және ашық қара-қоңыр топырақтар таралған алқапта ғана суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт және ашық-сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайынша жақсы өнім алынбайды. Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл облыстарынан қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі астықтары, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен дәрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай, яғни республика жер көлемінің 5,2%-на жуық.

10) Тау етегі  шөлді-далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр топырақтары. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе астықты дақылдар өседі, мал жайылымына да қолайлы. Аймақ таулы, жыралы болып келетіндіктен, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан көбіне табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі. Алматының әйгілі «Апорт» алмасы да осы аймақта өсіп, жақсы өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.

11) Орташа-таулы,  шалғынды-орманды белдеуі аласа  таулы-далалы белдеуінен жоғары  алқапта жатыр. Бұл аймақта  түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін жетеді. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. Топырағы аса құнарлы қара топырақ пен күңгірт-қара түсті орман топырағы. Таудың қара топырағындағы қарашірінді мөлшері 10-12%-ға жетеді. Жер бетінің бедеріне, аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері негізінен жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы. Көп жері орман ағаштары, негізінен Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4 млн гектардай.

12) Биік таулы-шалғынды  және шалғынды-далалы белдеу –  биік таулы аймақтарда орын  алады. Бұл аймақтың ауа райы  орта таулы аймақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары – биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды-далалы топырақтар. Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар мен мұз жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тун-дра топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе уақ малдың жазғы жайлауы, себебі басқа уақыттарда күн салқын. Көлемі 3 млн гектардай.

 

 

 

 

II ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫ

 

2.1 Қазақстан топырақтарының  экологиясы

 

Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта аламыз. Мұндай жағдай, әсіресе біз-дердің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайды қарамуымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс оқымыстысы академик В.И. Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының саналы қимылының нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға «ноосфераға» (ақыл-еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғанын мойындауымыз керек.

Белгілі Америка экологы О. Одумның (1975) бағалауы бойынша адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары тамақтық заттар үшін; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 6,3 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті 0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектарақ келеді. Дегенмен бұл көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы жылдарға шейін бұрынғы орталық Мәскеу Қазақстан өндірісінің 93%-на қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға өте үлкен нұқсан келтірді. Себебі республикамыз Одақтың нұсқауымен негізінен шикізат өндірумен шұғылданып келді, ал шикізат өндіру - өндірістің ең «ылас» саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі «қаймағын» ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды.

Қазақстанда бүкіл Д.И. Менделеев  кесте жүйісіндегі элементтердің  барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті  барлық пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті материалдары да осы өзімізге мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау кезінде жерімізге көптеген – «жарақаттар» түсті. Оның үстіне олардың көбісін ең «арзан» ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды қазу кезінде кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдыққоқыстарды, жылу электрстанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны-әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқысқалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтардың көбінесе тез арада ыды-ратып, минералдандыратын бірден-бір жәндік немесе микро-организмдер жоқ. Сондықтан олар біреше ондаған, жүздеген жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жердің көлемін арттырады, алқаптың санитарлық жағдайын нашар-латады. Міне сондықтан да өз қолымызбен табиғатқа енгіз-ген зиян әрекеттерімізді өзіміз қолымызбен жақсартып, бүл-інген жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлер-імізді басып жатқан қоқыс-қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз қажет. Қазақстан ауылшаруа-шылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда өндірісіміз бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 мың гектардай екен.

Информация о работе Казақстан топырағы