Казақстан топырағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 15:23, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен рөлі өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық ретінде саналады. Жалпы топырақтың қызметін ешнәрсемен де алмастыра алмайсың. Сондықтан да топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
I ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРАҒАН ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ ..........................................6
1.1 Топырақты классификациялау заңдылықтары...................................................6
1.2 Жазық территориялардың топырағы...................................................................8
1.3 Таулы алқаптың топырақтары............................................................................12
II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ...............................................................................................................14
2.1 Қазақстанның топырақ экологиясы ..................................................................14
2.2 Қазақстандағы топырақты қорғау мәселелері..................................................19
2.3 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру...................................................................23
ҚОРТЫНДЫ............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая фгк ДОК.doc

— 166.50 Кб (Скачать файл)

Ескеретін жай, республикамызда  мұндай қазба байлықтарды алған  кезде «таза бұзылған» жерлерден  басқа әскери-өндірістік кешендерден  бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым  көпшілік жерлері ядролық қару-жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшыраған кездерде бұзылып, зақым-данып оның ішінде радиацияға шалынып, «ғарыш» қоқыс-тарымен ыластанады. Бұл мәліметтердің көп уақыт құпия болып келгені мәлім. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депу-таттар тобы кейінгі кездерде анықтағандай, еліміздің «қор-ғаныс» мақсатында бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асады. Бұл «қорғаныс» мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына тигізген және болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақытылап есептеу – келешектің ісі. Қынжылтатын шындық, Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядролы-стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында табылып алынды, ядролы қондырғылар осында дайындалып, осында сыналды, раке-талы-ғарыштық кешендер осында салынып, осында көзі жой-ылды. Мұның барлығы 40 жыл бойы. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты ластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес Ресейдегі Капустин-Яр полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық зияндары ұшан-теңіз екені даусыз.

Біздің шамалауымызша  ол жерлердің кемінде жартысы  бүлінген және ластанған жерлер. Бұл  жерлер негізінен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында орын алған.[13]

Бұзылған, шаны шыққан жерлер қатарына бүлінген жайылым жерлер де жатады. Жайылымдардың тарлығынан олардың  біркелкі суландырылмағандығын қыстау мен мал суаратын және елді мекендер төңірегіндегі миллиондаған гектар жайылымдар «тұяқ тесті» алқаптарға айналған. Ауылшаруашылығы айналымына жарамай шыққан жайылымдар көлемі қазақ ауылшаруашылығы академиясының академигі А. Асановтың (1991) мәліметіне қарағанда 15 млн гектар, ал өнімі көп кеміп, бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан асады.

Өнімділігі  көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздер тағы да ауыр техника мен транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-битум қалдықтарымен ластанған Каспий өңіріндегі жайылым жерлерді де жатқызамыз. Шамамен олардың көлемі 4-5 млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп бұзылған, ластанған жерлер көлемі республикада 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі топырақты қайта құнарландыру шараларын қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр жер-де әр түрлі болады.

Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру объектілеріне су тасқынынан кейін сайлы-салалы, құм-тасты болып қалған алқаптар және су астынан жаңа босаған жерлер де жатады. Республикамыздағы мұндай бүлінген жерлерді қайта құнарландыру жұмыстары жайында жұмыстың соңғы бөлімдерінде айтылады.

Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей Қазақстанда жатқан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен  жартылай Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік шығыс алқабы. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны Арал теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.[12]

Арал мәселесі, оның тағдыры, оған суын құятын екі  үлкен өзендермен - Әмудария және Сырдариямен  байланысты. Кезінде белгілі географ  ғалым А.И. Воейков (1908) шөл далада мұндай теңіздің пайдасыз жатуы бос ысырап, ол таби-ғаттың «қатесі», оның қоршаған ортаға да ықпалы елеусіз, сондықтан да дұрысы оған құятын өзендердің суын мақта, күріш өсіруге пайдалану тиімді деп есептеген. Кеңес заман-ындағы империя белсенділері осы есепке сүйене отырып, табиғат «қатесін» жөндеуге кірісті. Сонымен құдіреті күшті Орталықтың су министрлігін тікелей араласуымен Орта Азия республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш т.б. егістерін өрістету кездерінде өзен бойларында бірнеше су қоймалары салынып, екі өзен сулары ауыздықталып, егіс алқаптарына пайдаланылды. Сонымен 1960 жылға дейінгі сақталып кел-ген, өзендер құятын сумен Арал айдынынан булану тепе-теңдігі бұзыла бастады. Әрине, Арал қасіретін толық сипаттап жату мүмкін емес, сондықтан тек бұл жайындағы қорытынды мәліметтерді келтірейік. Арал деңігейі осы жыл-дар арасында 17-18 метрге төмендеді, теңіз жүздеген шақы-рымға шегінгендіктен, су астынан босаған алқаптар теңіздің бұрынғы көлемінің жартысына жуықтады. Теңізге құятын тұщы судың күрт кемуімен теңіз суының тұздылығы көп артты. Бұрынғы 1 литрдегі 8-11 г тұз енді 30-35 г-ға жетті. Теңізде балық құрыды. Құрғаған теңіз табанынан жел суы-рып ұшыратын тұз бен шаңның зияны тек Қызылорда обл-ысы, Қазақстан ғана емес, әлемнің талай түкпірлеріне баратыны туралы деректер келіп түсуде. Сондықтан Арал қасіретін тек жергілікті емес, дүние жүзілік қасірет деп түсіну керек.

Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы түгелдей, Ақтөбе, Шымкент және Қарағанды  облыстарының Арал бассейнімен шектескен  аймақтары үкіметіміздің шешімі бойынша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал апатын халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу орталықтың құдіреті күшті кезде мүмкін бол-мады. Оның үстіне «шегініп бара жатқан Аралды жуырда келетін Сібір суымен толтырамыз» деген үміт бар еді. Сібір өзендерінің суын Орта Азия мен Қазақстанға бұру жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді тоқтатқаннан кейін бүкіл Арал аймағындағы халық «Аралға араша», «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген ұрандарды айта бастады. Бірақ бұл тілектің орындалу уақыты өтіп кеткен еді. Арал аймағы экологиялық апатқа көптен ұшыраған-ды. Енді Аралды бұрынғы қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес. Әңгіме – экологиялық жағдайды әрі қарай ушықтырмау үшін ең болмағанда теңіз деңгейін осы қалыпта сақтау жайында болып жүр. Арал апатының халық шаруашылығына, адам өміріне шамалы жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының халық шаруашылығына, оның күріш тағы басқа егістеріне, мұқтаждарына негізгі өзек болып отырғаны шындық. Бірақ «су басын-дағылары су ішеді, су аяғындағылары у ішеді» дегеннің кері келіп, Дарияның суы бүкіл Өзбекстан, Оңтүстік Қазақстан жерлерін басып өтіп, ондағы мақта тағы басқа егістіктерді «химияландырудың» әсерлерін өзімен бірге ала келеді. Аралға жақындаған сайын Дария суына облыстың жоғарғы аудандарындағы күріш, тағы басқа егістіктерді «химия-ландыру» әрекеттерінің «жемістері» қосыла береді. Судың тұздылығы артып, оның химиялық құрамы нашарлап адамнан бастап бүкіл тіршілікке, жер эрозиясына қатты зиянын тигі-зуде. Ол туралы нақтылы материалдар баспасөзде айтылып жүр.

Арал бассейніндегі  апат теңіздің шегінгенінен, Каспий аймағындағы  апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен  құрғақ жерлерді басып, өзінің көлемін  ұлғайтуға байланысты болып отыр. Осыған қарап, табиғатта тепе-теңдік заңы жоқ деп қалай айтасың? Егер біз Аралға құятын суларды ауыздақтап, егістік суаруға мол жұмсағандықтан, теңіз деңгейі төмендейді десек, ал Каспий теңізі туралы болжам ақталмады. Бұрынғы Одағымыздың көптеген ғалымдары Каспийге құятын Еділ, Жайық т.б. өзендердің суларын ауыл шаруашылығына мол пайдалану таяу болашақта бұл теңіздің де деңгейін төмендетеді деп болжам жасаған еді. Бұл жағдайдың алдын алу үшін мол сулы терістік өзендерін (Печора, Солтүстік Двина) Еділге қарай бұру туралы кезінде жобалар да жасалды.

1970 жылдың соңынан бастап теңіз деңгейінің төмендеуінің орнына, керісінше, біртіндеп биіктей бастады. Соны-мен 1978 жылдан бері қарай теңіз деңгейі 2 м астам биіктеді, ал оның көтерілуі тоқтар емес. Кейбір ғалымдардың болжау-ынша, теңіздің биіктеуі ХХІ ғасырдың ортасына дейін созылмақ. Сонда мұндай таңғажайып оқиғаны немен түсін-діруге болады? Бұл жаында әр түрлі көзқарастар бар. Біздің ойымызша, бұл жайында көңілге қонарлық мәліметті гео-логия-минералогия ғылымының докторы, Түркімен Ғылым академиясының толық мүшесі К.Н. Аманниязов келтіреді (1999). Ғалымның ойынша, Орталық Каспий Жерорта теңізі белдеуінің салалас аймағына жатады. Ол Үлкен Кавказ бен Үлкен Балкан құрылымымен жалғасып, су астындағы жер қабатының тектоникалық әсері салдарынан біртіндеп көте-ріліп келеді. Теңіз деңгейінің көтерілу «құпиясы» осында. Қазірдің өзінде жағалауы жайпақ Атырау, Астрахань, Лен-коран, Маңғыстау аймағын және Түркіменстан мен Әзірбай-жанның біраз жерлеріне су жайыла бастады. Ал теңіз одан әрі көтерілген сайын су басқан жер көлемі де молайып келеді.

Теңіз деңгейі  пәлен метр көтеріледі деп айтуға ғана жеңіл. Шын мәнісінде көтерілген әрбір метр түгілі әр сантиметрінде  халық тағдыры жатыр. Себебі көптен қалыптасқан теңіз жағалауында  қаншама халықтың мекен-жайы, өндіріс  орындары, халық шаруашылығының құрылыстары, қазба байлықтар, ауыл шаруашылығына пайдаланатын қаншама жерлер бар. Осылардың су астында қалуы нағыз экологиялық апат. Бұл апаттан жеңілірек құтылудың жолдары К. Аманиязовтың еңбегінде баяндалған. Бұған қоса Каспий өңіріндегі экологиясы бүлінген жерлерден басқа, мұнай мен газ барлау, өндіру кездерінде топырақ қабаттары бұзылған, ластанған жерлерді де қосу керек.

Енді Балхаш көлінің аймағы туралы біраз сөз. Балхаш көлінің су режимі өзін оңтүстік пен оңтүстік шығыстан қоршаған Іле, Жоңғар, Кетпен т.б. таулардан және Қытай территориясынан басталатын жеті өзенмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл алқапты халық көптен «Жетісу» алқабы деп атайды.

Ірі жеті өзенмен  бірге суын Балхашқа құятын басқа  да майда өзендер толып жатыр. Дегенмен Балхаш тағдырын шешетін негізгі күре тамыр – Іле өзені. Басын Қытайдан алатын бұл өзен – осы өңірдегі ең мол сулысы. Балхаш көлін көрген академик Л.С. Берг оны «табиғат таңғажайыбы» деген болатын. Осындай шөлді аймақта бірнеше ғасырлар бойы тұщы көлдің сақталуы, академикті таңқалдырған еді. Кейінірек бұл құпиялық оқиғаның кейбір сырлары шешілді. Бірін-шіден, Балхашщқа құятын өзендер өз бастауын таудың мұздары мен қарларынан алады. Жол-жөнекей көп тұздана қоймайды. Бастауымен құятын көлге дейінгі ара – қашық емес. Екіншіден, көлдің барлық айдыны (акваториясы) түгелдей тұщы емес екені анықталды. Оның шығыс бөлігі әжептеуір тұзданған, ал оңтүстік батыс бөлігі – мол сулы Іле өзені келіп құятын аймағы тұщы.

Ал 1960 жылдан бастап Іленің төменгі сағасын суармалы егіске, оның ішінде суды көп қажет ететін күріш өсір-уге пайдалануға байланысты Балхаш өңірінің экологиясы нашарлай бастады. Іле суын ауыздақтап, Қапшағай су қой-масын жасау Іленің төменгі сағасындағы аймақтарды құрғатып, сол аймақтағы мал шаруашылығына, ондатра, балық шаруашылығына өте үлкен зиян келтірді. Балхаш көлінің деңгейі төмендеп, суы тұздана бастады. Көлдің арғы бетінде орналасып, оның тұщы суын қажетке жаратып отырған республикамыздың ірі өндіріс орталығы – кен-металлургия комбинатына, Балхаш қаласына көп нұқсан келтіре бастады. Құрылысы 1970 жылы бітіп, суға толтырыла бастаған Қапшағай су қоймасының жобалық көлемі 28 шаршы шақырым болатын, 1987 жылы, яғни 17 жылдың ішінде көлдегі су деңгейі 2 м төмендеп, оның Балхаш қаласы тұсын-дағы тұздылығы 2 еседей артты. Сөйтіп Балхаш көлін жоғал-тып алу қаупі туды. Нәтижеде «Балхашты сақтайық!» деген ұран баспасөзде, теледидар мен радиода көтеріле бастады. Жұртшылықтың бұл әрекеті елеусіз қалған жоқ. Сол кездегі әкімшілік, басшы органдар Балхаш деңгейін одан әрі төмен-детпеу үшін біршама игі істерді жүзеге асырды. Біріншіден, су қоймасындағы су көлемін жобадағы 28 шаршы шақырымға жеткізбей, сол 1987 жылғы деңгейде – 13,5 шаршы шақы-рымда қалдыру. Екіншіден, бұдан әрі суды көп қажет ететін күріш шаруашылығын өрістетуді тоқтату. Оның орнына су аз жұмсалатын мал азықтық шөптер егіп, мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар ұйымдастыру. Осындай шара-ларды жүзеге асыру нәтижесінде көл деңгейі орта есеппен 340,7 метр өлшемде қалыптасты. Ал Балхаш өңіріндегі экол-огиялық жағдай одан әрі онша төмендеген жоқ.

Біз бұл Қазақстан  территориясындағы экологиялық  апат аймақтары туралы қысқаша шолуымызда республикамыздағы барлық экологиялық  мәселелерді қамтыдық деп айта алмаймыз. Тың игеру кезіндегі жіберілген кейбір экологиялық қателер жайында сол аймақтардағы жерлерімізді егіншілікке пайдалану бөлімінде сөз болды. Ал атом жары-лыстары мен «ғарыш қоқыстарының» Қазақстанның эколо-гиясына тигізетін әсерлерін толық зерттеу болашақтың ісі.

 

 

2.2 Қазақстан  топырақтарын қорғау мәселелері

 

Топырақтану ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының көпжылдық зерттеулері республикамыздың жері қаншалықты кең болғанмен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалмен қамтамасыз етілгені шамалы екенін дәлелдеп отыр. Сондық-тан жыртылған, егістікке айналған жердің әрбір гектарын тиімді пайдалану – бүгінгі күннің басты міндеті. Егістік жерді тиімді пайдалану – оның әр гектарынан мүмкіндігінше мол өнім алу деген сөз. Ал мол өнім алу үшін егістік жер-лерге жыл сайын негізгі ғылыми негізделген егіншіліктің ауыспалы жүйесін енгізумен қатар, егіншілікке барынша аудандастырылған дақыл сорттарын егіп, озат агротехниканы қолдану қажет.

Көпжылдық тәжірибе республиканың негізінен жаздық астық егілетін солтүстік аудандарында қолданылатын егіншіліктің парлы-астықты  жүйесі тиімді екенін көрсетті. Бұл құрғақ аудандарда парға егілген дәнді дақылдар жыл сайын астық егілетін танаптарға қарағанда гектарынан 5-7 центнер артық өнім береді. Себебі танапты бір жылдай қара пар етіп өңдеп, «тынықтырса», арамшөптерден арылып, ылғалдың қажетті қоры жиналады да, микробиологиялық құбылыстардың нәтижесінде қоректі заттар көбейіп (әсіресе азотты заттар), бұдан кейінгі үш-төрт жыл бойы дәнді дақылдардың дұрыс өнім беруіне себеп болады.

Солтүстік облыстардың  көпшілігінде, әсіресе топырақ құрамы жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты тұратын желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды, ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары тіпті жойылып кетеді.

Эрозияның халық  шаруашылығына тигізетін әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 36 кг жыл-жы-малы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары екі тоннаға дейін жалпы азот-ты, 120 кг жылжымалы азотты, 280 кг фосфор мен 215 кг калийді жоғалтады екен (Жанпейісов Р.Д., 1977). Республи-камыздың солтүстігінде тың игеру жұмыстарын жаппай жүр-гізген кезде жыртуға жарамды жер таңдауда жіберілген қате-ліктерден көптеген құмдақ-құмды жерлер жыртылып, жел эрозиясына қатты ұшырағаны баршаға белгілі. Мұндай жер-лер тек Павлодар облысында 805 мың гектарға жетті. Қос-танай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында көптеген алқаптар жел эрозиясынан бүлінді. Кейін жүргіз-ілген түбегейлі зерттеулердің нәтижесінде, солүстіктегі ау-дандарда жел эрозиясына ұшыраған 1,5 млн гектар егістікке жарамай, ол жерлерге әр түрлі көп жылдық шөптер егілді. Табиғаттың бұл апатымен күресуде Шортанды астық шаруа-шылығы институтының академик А.И. Бараев басқарған ұжы-мы кезінде жақсы жетістіктерге жетті (Бараев А.И., 1972).

Информация о работе Казақстан топырағы