Орман өсімдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 16:03, реферат

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасы орман заңдарының мiндеттерi ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсiру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
2. Орман қатынастарын реттеу орман биосфераның, ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды бөлiктерiнiң бiрi екенi, оның жай-күйi Жер бетiндегi тiршiлiк жағдайын айқындайтыны негiзге алына отырып, жүзеге асырылады

Вложенные файлы: 1 файл

орман кодексі.docx

— 76.56 Кб (Скачать файл)

Бірінші бөлім

Жалпы ережелер

I тарау. Негiзгi ережелер      

1-бап. Орман заңдарының мiндеттерi     

1. Қазақстан Республикасы  орман заңдарының мiндеттерi ормандардың  экологиялық және ресурс қуатын  арттыру, орман ресурстарын ұтымды  және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта  өсiру жағдайларын қамтамасыз  ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын  реттеу, орман қатынастары саласында  заңдылықты нығайту болып табылады.  
      2. Орман қатынастарын реттеу орман биосфераның, ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды бөлiктерiнiң бiрi екенi, оның жай-күйi Жер бетiндегi тiршiлiк жағдайын айқындайтыны негiзге алына отырып, жүзеге асырылады  

2-бап. Орман заңдары     

1. Қазақстан Республикасында  орман қатынастары осы Кодекспен, соған сәйкес шығарылатын Қазақстан  Республикасының заңдарымен және  басқа да нормативтi актiлерiмен  реттеледi.  
      2. Жер және су қатынастары, сондай-ақ өсiмдiктер (ормандардан басқа) және жануарлар дүниесiн, жер қойнауын, атмосфералық ауаны сақтау және пайдалану жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.       

3-бап. Орман қоры     

1. Барлық ормандар, сондай-ақ  орман ағаштары өспейтiн, бiрақ  орман шаруашылығының мұқтажы  үшiн берiлген жерлер Қазақстан  Республикасының орман қорын  құрайды.  
      2. Қазақстан Республикасының орман қорына мыналар кiрмейдi:  
      1) ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерде өскен жеке түп ағаштар мен шоқ ағаштар, аграрлық-орман мелиоративтiк екпелер, тал-шiлiк өсiмдiктер;  
      2) темiр жолға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырлар мен басқа да арналы құрылыстарға бөлiнген белдеулердегi қорғаныш екпелерi;  
      3) қалалық ормандардан басқа, қалалар мен басқа да елдi мекендердегi жеке түп ағаштар мен көгалдандыру екпелерi;  
      4) үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелерiндегi жеке түп ағаштар мен шоқ ағаштар;  
      5) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер.  
      Аталған екпелердi пайдалану, оларды сақтау мен күту басқа заң актiлерiмен реттеледi.       

4-бап. Орман қорының жерлерi     

1. Орман қоры жерлерi құрамында мынадай жерлерге бөлiнедi:  
      орманды жерлер (ағаш өскен, сондай-ақ ағаш өспеген - ағашы кесiлген жерлер, өртең жерлер, ағашы селдiр жерлер, алаңқай жерлер, бос жерлер, тұтаспаған орман дақылдары және басқалары);  
      ормансыз жерлер (ауыл шаруашылығының пайдаланатын жерлерi, жолдар, кварталдық орман жолдары, өртке қарсы жарма жерлер және басқалары).  
      2. Орман қоры жерлерiнiң шекарасы орман орналастыру материалдары негiзiнде жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзген кезде белгiленедi және анықталады.      

5-бап. Ормандарға меншiк     

1. Қазақстан Республикасында  ормандар тек қана республика  меншiгiнде болады.  
      2. Ормандарды иеленудi, жұмсауды және пайдалануды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тiкелей немесе халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi арқылы, Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары және орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар осы Кодекс белгiлеген құзыреттер шегiнде жүзеге асырады.  
      3. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру және орманға меншiк құқығын iске асыру жөнiндегi басқа да әрекеттер жасау орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдардың мiндеттi түрде қатысуы жағдайында жүзеге асырылады.      

6-бап. Орман қоры учаскелерiне иелiк  ету     

1. Орман қоры учаскелерi тұрақты иелiк етуге мемлекеттiк  орман шаруашылығы кәсiпорындарына, мекемелерi мен ұйымдарына, сондай-ақ  мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк  табиғи резерваттарға, мемлекеттiк  ұлттық табиғи парктерге және  мемлекеттiк табиғи парктерге  орман шаруашылығын жүргiзу үшiн  берiледi.  
      Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман қорының учаскелерi басқа да заңды ұйымдар мен нақты адамдар иелiгiне берілуi мүмкiн.  
      2. Орман қоры учаскелерiн иелiк етуге берудi Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органының ұсынысы бойынша жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 
      3. Орман қорының учаскелерiне иелiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес берiлетiн мемлекеттiк актiмен куәландырылады.  
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 Заңымен .  
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 151 Заңымен .      

7-бап. Орман қоры учаскелерi иелерiнiң  құқықтары     

 Орман қоры учаскелерiнiң  иелерi:  
      1) орман пайдалануды және өзге де шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;  
      2) өздерiнiң иелiгiндегi орман қорының жерлерiндегi жердi, суды, жалпыға мәлiм пайдалы қазбаларды, жануарлар дүниесiн және табиғаттың өзге де объектiлерiн белгiленген тәртiппен пайдалануға;  
      3) жобалық және техникалық құжаттамаларға сәйкес орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажет үйлер мен құрылыстар салуға;  
      4) өздерi әзiрлеген өнiмдi және оны өткiзуден алынған табысты меншiктеуге;  
      5) ағаш кесу билеттерiн, ордерлерiн немесе орман билеттерiн бере отырып, бұл үшiн бөлiнген учаскелерде заңды ұйымдар мен нақты адамдардың орман пайдалануына және басқа шаруашылық қызметiн жүзеге асыруына құқық беруге;  
      6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қоры жерлерiн алып қою, сондай-ақ орман өсiмдiктерi үшiн залалды заттар бөлетiн объектiлердi салу мен пайдаланудан туатын ормандар сапасының нашарлауы салдарынан шеккен зияндар көлемiн толық өтеуге құқылы.       

8-бап. Орман қоры учаскелерi иелерiнiң  мiндеттерi     

 Орман қоры учаскелерiнiң  иелерi:  
      1) орман шаруашылығын қолданылып жүрген орман заңдарына және орман шаруашылығы қызметiн реттейтiн басқа нормативтiк құжаттарға, сондай-ақ орман орналастыру құжаттамаларына сәйкес жүргiзуге;  
      2) ормандарды ұдайы ұлғайта өсiрудi, сақтауды, қорғауды, санитарлық жай-күйiн жақсартуды, оларды күтiп-баптауды, ормандардың өнiмдiлiгi мен орман топырағының құнарлылығын арттыруды, орман пайдалану iсiн ұйымдастыруды, орман орналастыруды жүргiзудi, ормандар мен аңшылық жануарлар дүниесiн есепке алуды қамтамасыз етуге;  
      3) орман қорының ресурстық қуатын ғылыми негiзделген нормалар шегiнде пайдалануға;  
      4) жұмысты орманның табиғи ортаны туғызатын және табиғи ортаны қорғайтын қызметтерiн сақтауды, сондай-ақ екпе ағаштарды, емдiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы әдiс-тәсiлдермен жүргiзуге, ормандарды, жануарлар дүниесiн ұтымды пайдалану, ұлғайта өсiру, сақтау және қорғау жөнiндегi осы Кодексте, Қазақстан Республикасының басқа да заңдық және нормативтiк актiлерiнде көзделген өзге де талаптарды орындауға;  
      5) орман қоры аумағын өртке қарсы және санитарлық жағынан оңтайлы орналастыруды қамтамасыз етуге, ормандарда өрт қауiпсiздiгi, орман пайдалануды жүзеге асыру ережелерiн бұзудың, сондай-ақ орман заңдарын басқа да бұзушылықтардың алдын алуға, оларды дер мезгiлiнде айғақтап, тыйып отыруға, орман өрттерiн сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресу жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.      

9-бап. Орман қорының учаскелерiн иелену  құқығын  
             доғару      

1. Орман қорының учаскелерiн  иелену құқығы мынадай жағдайларда:  
      1) иелiктен өз еркiмен бас тартқанда;  
      2) орман қорының учаскелерi иелiгiнде болған кәсiпорын немесе өзге шаруашылық қызмет субъектiсi қызметiн тоқтатқанда;  
      3) орман қорының жерлерiн мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн белгiленген тәртiп бойынша алып қойғанда;  
      4) орман қорының учаскелерiн мақсатына қарай пайдаланбағанда;  
      5) орман шаруашылығын тиімсіз жүргізу салдарынан ормандардың жай-күйiнiң нашарлауына, олардың суды сақтау, қорғау, климатты реттеу, сауықтыру және өзге де пайдалы қасиеттерiн төмендетуге, орманды нашар сақтауға әкеліп соқтырғанда доғарылады.  
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорының учаскелерiн иелену құқығын доғарудың басқа да жағдайлары көзделуi мүмкiн.

II тарау. Халық депутаттары кеңестерiнiң  орман  
қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi      

10-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесiнiң  
              құзыретi      

 Орман қатынастарын  реттеу саласында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына:  
      1) орманға меншiк құқығын жүзеге асыру;  
      2) Қазақстан Республикасының орман заңдарын әзiрлеу мен жетiлдiру;  
      3) мемлекеттiк орман саясатын айқындау;  
      4) орман ресурстары үшiн ақы төлеу принциптерiн белгiлеу;  
      5) республика облыстарының арасында орман қатынастарын реттеу;  
      6) орман заңдарын сақтауды бақылау жатады.       

11-бап. Халық депутаттары облыстық Кеңесiнiң  құзыретi     

 Облыстың әкiмшiлiк  шекарасында халық депутаттары  облыстық Кеңесiнiң қарауына:  
      1) облыс халық шаруашылығы салаларының жалпы кешенiнде орман шаруашылығын дамыту бағдарламалары мен жоспарларын бекiту;  
      2) қосалқы орман материалдары мен орманды жанама пайдаланғаны үшiн ақы мөлшерлерiн белгiлеу;  
      3) орман шаруашылығын жүргiзудi бақылау жатады.      

12-бап. Халық депутаттары аудандық, қалалық  Кеңесiнiң  
              құзыретi      

 Ауданның, қаланың әкiмшiлiк  шекарасында халық депутаттары  аудандық, қалалық Кеңесiнiң қарауына:  
      1) аудан халық шаруашылығы салаларының жалпы кешенiнде орман шаруашылығын дамытудың бағдарламалары мен жоспарларын бекiту;  
      2) орман шаруашылығын жүргiзудi бақылау жатады.

III тарау. Ормандарды мемлекеттiк басқару  және  
олардың жай-күйiн, ұлғайта өсiрiлуiн,  
сақталуын, қорғалуы мен пайдаланылуын  
бақылау       

13-бап. Орман шаруашылығын мемлекеттiк  басқару     

 Қазақстан Республикасы  аумағында орман шаруашылығын  жүргiзу және орман ресурстарын  пайдалану саласындағы мемлекеттiк  басқаруды Қазақстан Республикасының  Үкiметi, жергiлiктi жерлердегi атқарушы  өкiмет органдары, орман шаруашылығын  басқарудың мемлекеттiк органдары  жүзеге асырады.      

14-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  құзыретi     

 Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң қарауына:  
      1) мемлекеттiк орман саясатын iске асыру;  
      2) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызу және оларды бiр топтан немесе категориядан басқасына көшiру;  
      3) орман пайдаланудың, өсiп тұрған ағашты босатудың, ағаш кесудiң, ормандарды ұлғайта өсiрудiң, сақтау мен қорғаудың нормаларын, нормативтерi мен ережелерiн бекiту;  
      4) басқа да табиғат сақтау шараларының кешенiнде ормандарды ұтымды пайдалану, ұлғайта өсiру, сақтау мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды бекiту және олардың орындалуын бақылау;  
      5) орман мониторингiн, орман қорының мемлекеттiк орман кадастры мен мемлекеттiк есебiн жүргiзудi ұйымдастыру;  
      6) орман шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;  
      7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң құзыретiне жатпайтын басқа мәселелер бойынша орман қатынастарын реттеу жатады.       

15-бап. Жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының  
              құзыретi      

1. Облыстық әкiмшiлiк  шекарасында облыстық атқарушы  өкiмет органының қарауына:  
      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарының келiсiмiмен орман қорынан жер учаскелерiн алу;  
      2) орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамыту жобаларын келiсу;  
      3) орман кадастрын, мониторингiн және орман қоры есебiн жүргiзудi ұйымдастыру;  
      4) ормандарды қорғаныш болудың топтары мен категорияларына жатқызу жөнiнде өтiнiш салу;  
      5) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес облыс аудандары арасында орман қоры жерлерiнен шабындық және жайылымдық шүйгiн жерлердi бөлу;  
      6) ормандарды сақтау мен қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру;  
      7) ормандардың жай-күйiн, ұлғайта өсiрiлуiн, сақталуын, қорғалуын және пайдаланылуын бақылау жатады.  
      2. Ауданның, қаланың әкiмшiлiк шекарасында аудандық, қалалық атқарушы өкiмет органының қарауына:  
      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органның келiсiмiмен орман қорынан жер учаскелерiн алу және орман шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн иеленуге және пайдалануға беру;  
      2) орман қоры учаскелерiн иелену құқығына мемлекеттiк актiлердi беру;  
      3) ормандарды сақтау және оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын ұйымдастыру;  
      4) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес орман қоры жерлерiнен шабындық және жайылымдық шүйгiн жерлер бөлу;  
      5) ормандардың жай-күйiн, ұлғайта өсiрiлуiн, сақталуын, қорғалуын және пайдаланылуын бақылау жатады.      

16-бап. Орман шаруашылығын басқарушы  мемлекеттiк  
              органдардың құзыретi     

1. Қазақстан Республикасы  орман шаруашылығын басқарушы  мемлекеттiк органның қарауына:  
      1) орман шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық саясатты жүргiзу;  
      2) орман ұлғайта өсiру, сақтау, қорғау және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттарды әзiрлеу;  
      3) орман шаруашылығын дамытудың республикалық бағдарламаларын әзiрлеу мен оны орындауды ұйымдастыру;  
      4) табиғатты үздiксiз әрi сарқылмастай пайдалану принциптерi негiзiнде орман шаруашылығын жүргiзудi, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;  
      5) ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асыру;  
      6) есепке алынған ағаш кесетiн жердi бекiту;  
      7) орман шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер мен жобалық-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру;  
      8) орман мониторингiн, мемлекеттiк орман кадастрын, ормандар мен орман орналастырудың мемлекеттiк есебiн жүргiзу;  
      9) егер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатпайтын болса, орман шаруашылығын басқару жөнiндегi басқа да мәселелердi шешу жатады.  
      2. Облыс аумағында облыстық орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органның қарауына:  
      1) орман шаруашылығын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;  
      2) орман шаруашылығын жүргiзу жөнiндегi ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру;  
      3) ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;  
      4) орман шаруашылығын дамытудың бағдарламаларын әзiрлеу мен орындау;  
      5) орман мониторингiн, мемлекеттiк орман кадастрын, орман қорының, орман орналастыру мен орман шаруашылығын жобалаудың мемлекеттiк есебiн жүргiзу;  
      6) мемлекеттiк орман шаруашылығы кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының орман шаруашылығы қызметi нәтижесiнде аяқталған объектiлердi және өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдау;  
      7) Қазақстан Республикасы орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк орган анықтайтын орман шаруашылығын басқару жөнiндегi басқа мәселелердi шешу жатады.  
      3. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар шешiмдерi барлық орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың орындауы үшiн мiндеттi болады.  
      4. Орман шаруашылығын басқару саласындағы мемлекеттiк орман шаруашылығы кәсiпорнының, мекеме мен ұйымының құзыретi белгiленген тәртiпте бекiтiлетiн олардың қызметi туралы Ережемен анықталады.      

Информация о работе Орман өсімдіктері