Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 16:03, реферат
1. Қазақстан Республикасы орман заңдарының мiндеттерi ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсiру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
2. Орман қатынастарын реттеу орман биосфераның, ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды бөлiктерiнiң бiрi екенi, оның жай-күйi Жер бетiндегi тiршiлiк жағдайын айқындайтыны негiзге алына отырып, жүзеге асырылады
Жетiншi
бөлiм
Орман
орналастыру. Мемлекеттiк орман
кадастры
және орман қорын мемлекеттiк
есепке
алу. Орман мониторингi
ХVII тарау. Орман орналастыру
71-бап. Орман орналастыру
1. Орман орналастыру
орман шаруашылығы мен орман
пайдалануды ұтымды жүргiзудi, ормандарды,
ұлғайта өсiрудi, сақтауды және
қорғауды қамтамасыз етуге, орман
шаруашылығында ғылыми-
2. Орман орналастыру кезiнде мыналар жүзеге
асырылады:
1) орман қоры аумағының шекарасын белгiлеу
және iшкi шаруашылық ұйымдастыру;
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды
орындау және ормандарды арнайы картографиялау;
3) екпе ағаштардың тұқымдық құрамы мен
жас мөлшерiн, олардың жай-күйiн, орман
ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын
айқындай отырып, ормандарды түгендеу;
4) күтiп-баптау мақсатындағы кесудi, санитарлық
мақсаттағы кесудi, орман екпе ағаштарын
қайта жаңғыртуға байланысты кесудi, орманды
қалпына келтiру және орман өсiру, ормандарды
сақтау және қорғау жөнiндегi шараларды
және басқа орман шаруашылық жұмыстарын
жүргiзудi қажет ететiн орман қорының учаскелерiн
анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң көлемiн,
тәртiбi мен әдiстерiн белгiлеу;
5) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына
бөлудi негiздеу және ормандарды қорғаныштың
бiр тобынан немесе категориясынан екiншiсiне
көшiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
6) басты мақсатта пайдалану жөнiндегi
есептi кеспеағашты күтiп-баптау мақсатындағы
кесудiң орман екпе ағаштарын қайта жаңғыртуға
байланысты кесудiң, санитарлық мақсаттағы
кесудiң және орман пайдаланудың басқа
да түрлерiнiң мөлшерiн есептеп шығару;
7) осы Кодекстiң 23-бабына сәйкес басты
мақсатта пайдалану үшiн кесiлетiн ағаштардың
жасын негiздеу;
8) орман-биологиялық және басқа зерттеулер
мен iздестiрулер;
9) орман шаруашылығын жүргiзу мен орман
пайдалануға кешендi баға беру;
10) облыстардың және республиканың орман
шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту
жөнiндегi негiзгi ережелердi әзiрлеу;
11) орман шаруашылығын ұйымдастыру мен
дамытудың жобаларын әзiрлеу;
12) орман орналастыру кезiнде әзiрленген
жобалардың жүзеге асырылуын авторлық
қадағалау.
3. Экологиялық сараптамадан өткен орман
орналастыру материалдары белгiленген
тәртiпте бекiтiледi және ол орман шаруашылығын
жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге
асыру, ағымдағы және перспективалық жоспарлау
мен болжамдау үшiн негiзгi ұйымдық-шаруашылық
құжаттар болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы орман қорының
бүкiл аумағында орман орналастыруды бiрыңғай
жүйе бойынша мамандандырылған ұйымдар
жүргiзедi.
Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу
тәртiбiн Қазақстан Республикасы орман
шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы
белгiлейдi.
ХVIII тарау.
Мемлекеттiк орман кадастры және
орман
қорын мемлекеттiк есепке алу.
Орман
мониторингi
72-бап.
Мемлекеттiк орман кадастры
мемлекеттiк
есепке алу
1. Мемлекеттiк орман
кадастры және орман қорын
мемлекеттік есепке алу орман
қорын ұтымды пайдалануды, ормандарды
ұлғайта өсiрудi, олардың сақталуы
мен қорғалуын ұйымдастыру
2. Мемлекеттiк орман кадастрына орман
қорының құқықтық тәртiбi, оны иеленушiлер
бойынша бөлу, орман қорының сандық және
сапалық жай-күйi, ормандарды қорғаныш
топтары мен категорияларына бөлу туралы
мағлұматтар жүйесi, орман шаруашылығын
жүргiзу, шаруашылық қызметi нәтижелерiн
бағалау үшiн қажеттi басқа мәлiметтер
жинақталған.
3. Мемлекеттiк орман кадастры мен орман
қорын мемлекеттiк есепке алуды орман
орналастыру, түгендеу мен зерттеу материалдарының
негiзiнде Қазақстан Республикасының орман
шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдары
жүргiзедi. Мемлекеттiк орман кадастры
мен орман қорын мемлекеттiк есепке алудың
құжаттамаларын орман қоры учаскелерiнiң
барлық иелерi жүргiзедi.
4. Мемлекеттiк орман кадастры мен орман
қорын мемлекеттiк есепке алу республика
үшiн бiрыңғай жүйе бойынша Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
73-бап Орман мониторингi
1. Орман мониторингi ормандарды
пайдалану, ұлғайта өсiру, сақтау
және қорғау саласында тиiмдi басшылық
жасау мақсатында орман қоры
жай-күйiн байқаулардың жүйесi болып
табылады.
2. Орман мониторингi құрылымын, мазмұны
мен жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлейдi.
Сегiзiншi
бөлiм
Орман
дауларын шешу және орман заңдарын
бұзғандық
үшiн жауаптылық
74-бап.
Орман дауларын шешу тәртiбi
1. Заңды ұйымдар, азаматтар
арасындағы орман даулары сот
тәртiбiнде шешiледi.
2. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер
арасындағы орман даулары екi жақтың келiсiмiмен
белгiленетiн тәртiпте шешiледi.
75-бап. Орман заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
1. Орман қорының учаскелерiн
сатып алу-сатуға, сыйға тартуға,
кепiлге беруге, өз бетiнше иеленуге
және айырбастауға, сондай-ақ орман
пайдалануды жүзеге асырудың
құқығын өз бетiнше өзгеге
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған
заңсыз мәмiлелердi жасағаны үшiн кiнәлi
адамдар, сондай-ақ:
1) ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен
және зақымдаған;
2) өрт салудың, отқа салақ қараудың салдарынан
орманды құртқан немесе зақымдаған;
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық
ережелер талаптарын бұзған;
4) орман қорын химиялық және радиоактивтi
заттармен, өндiрiстiк қалдықтармен және
сарқынды сулармен, өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық
төгiндiлермен, қалдықтармен және қоқыстармен
зақымдаған немесе ластаған;
5) орман қорының уақытша берiлген учаскелерiн
қайтару мерзiмiн бұзған немесе оларды
мақсатына сәйкес пайдалану үшiн жарамды
күйге келтiру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған;
6) орман дақылдарын, орман питомниктерi
мен плантацияларындағы екпе көшеттердi
немесе тiкпе көшеттердi, сондай-ақ табиғи
жас өскiндердi, өрiм шыбықтарды, сондай-ақ
орманды қалпына келтiруге арналған алаңдарда
өздiгiнен түскен тұқымды құртқан және
зақымдаған;
7) ағашы кесiлген жерлерде және орманды
қалыпқа келтiру мен орман өсiруге арналған
орман қоры жерлерiнiң басқа категорияларында
ағаш өсiру тәртiбi мен мерзiмiн бұзған;
8) орман қорының учаскелерiн ағаш түбiрiнен
тазарту, құрылыс салу, сүректi ұқсату,
қоймалар салу, ара ұялары мен омарталарды
орналастыру және басқа мақсаттар үшiн
тиiстi рұқсаты болмай пайдаланған;
9) өз бетiнше пiшен шапқан және мал жайған;
10) жабайы жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды,
жидектердi және т.б. тыйым салынған немесе
тек орман билетi бойынша ғана жол берiлетiн
учаскелерде өз бетiнше жинаған;
11) есептi ағаш кесуден артық мөлшерде
сүрек дайындаған;
12) кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек
дайындау мен тасудың, шайыр және ағаш
шырынын, қосымша ағаш материалдарын өндiрудiң
белгiленген тәртiбiн бұзған;
13) орман үшiн пайдалы жануарлар әлемiн
құртқан;
14) шектеу, орман орналастыру және орман
шаруашылық белгiлерiн жойған және зақымдаған;
15) рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға
немесе талаптарға сәйкес келмейтiн орман
пайдалануларды жүзеге асырған;
16) ағаш кесетiн жерлердi бөлу мен баға
қоюдың белгiленген тәртiбiн бұзған;
17) ормандардың жай-күйiне және ұлғайта
өсiрiлуiне зиянды әсер ететiн объектiлердi
салған және пайдаланған адамдар Қазақстан
Республикасы заңдарына сәйкес тәртiптiк,
әкiмшiлiк, азаматтық немесе қылмыстық
жауапты болады.
3. Орман заңдарын басқа да бұзулар үшiн
Қазақстан Республикасының заңдарымен
жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
4. Заңды ұйымдар мен нақты адамдар орман
заңдарын бұзу салдарынан өздерi келтiрген
зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына
белгiленген мөлшерде және тәртiпте өтеуге
мiндеттi.
76-бап.
Өз бетiмен иеленген орман
учаскелерiн
қайтару
1. Өз бетiмен иеленiлген
орман қорының учаскелерi олардың
иелерiне заңсыз пайдалану
2. Өз бетiнше тұрғызылған құрылыстарды
бұзу, жерлердi ағаш өсiруге жарамды күйге
келтiру және орман алқаптарын қалпына
келтiру кiнәлi адамдардың есебiнен жүргiзiледi.
77-бап.
Орман қорына кiрмейтiн ағаш-
құртқаны
немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
Орман қорына кiрмейтiн,
осы Кодекстiң 3-бабы екiншi бөлiгiнiң
4-тармағында көрсетiлгеннен
Тоғызыншы
бөлiм
Халықаралық
шарттар
78-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы
қатысатын халықаралық шартта
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының
Орман Кодексiне қосымша
Қазақстан Республикасының
Орман Кодексiнде
пайдаланылған негiзгi орман
терминдерi мен
анықтамалары
Ағаш сирек өскен
жерлер - толымдылығы 0,1-0,2 мөлшерiнен
кем бiрiншi және екiншi класты жас
ағашты қоспағандағы табиғи
Ағаштың жинақталмаған дақылдары - тұқымнан
немесе көшеттен өсiрiлген, бiрақ орманды
жерге отырғызылмаған дақылдар.
Ағаш кесiлген жер - сүрекдiңi кесiлген,
ал жаңасы әлi кеспеағаш болып жетiлмеген
орман алабы.
Алаңқай жерлер - орман алқабының ағашы
жоқ, орман өсiмдiктерi сақталмаған учаскесi.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
- сүрек дайындау және орманды қалпына
келтiру үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдi
кесу.
Биоценоз - құлықтың немесе су айдынының
белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiркелкi
учаскесiн мекендейтiн және өзара белгiлi
бiр қатынастармен әрi айналадағы ортаның
абиотикалық (биологиялық емес) факторлармен
сипатталатын өсiмдiктердiң, жануарлар
мен микроорганизмдердiң жиынтығы.
Бос жатқан жерлер - орман жерiнiң (өртең,
ағаш кесiлген жерлер) 10 жылдан астам уақыт
бойы ағаш өсiмдiктерi өспеген учаскесi.
Гендiк қор - бiр топ өнiмдерiнiң (таралымының,
таралымдар топтарының немесе түрдiң)
өздерi шегiнде белгiлi бiр жиi кездесуiмен
сипатталатын гендерiнiң жиынтығы.
Кеспеағаш - басты пайдалану мақсатындағы
кесуге, орманды күтiп-баптау мақсатындағы
кесуге және санитарлық кесуге бөлiнген
орман учаскесi.
Кесу айналымы - толысқан сүректiң кесiлген
қоры толық қалпына келу циклы өтетiн уақыт.
Кесу уақыты - ағашты нысаналы мақсатқа
сәйкес кесу үшiн белгiленетiн толысқан
сүрекдiңнiң жасы.
Қала ормандары - қала шегi iшiнде өсiп,
орман қорының құрамына кiретiн ормандар.
Қорғаныш категориясы - орман қорының
ерекше қорғаныштық, су қорғаушылық, санитарлық-гигиеналық,
рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы
маңызына байланысты бөлiнген бөлiгi. Бiрыңғай
мақсаттарға пайдалану үшiн бөлiнген барлық
ормандар бiр қорғаныш категориясына жатады,
онда орман шаруашылығы мен орман пайдалануды
жүргiзудiң белгiленген тәртiбi сақталады.
Орман - бiр-бiрiне жақын өсетiн бiр түрлi
немесе көп түрлi ағаш өсiмдiктерiнен және
биологиялық жағынан өзара байланысты,
бiр-бiрiне және сыртқы ортаға ықпал жасайтын
басқа да көптеген организмдерден тұратын
табиғи кешен.
Ормандағы өрт қауiптi мол маусым - күнтiзбелiк
жылдың орман өртi пайда болуы мүмкiн бөлiгi.
Ормандарды мемлекеттiк есепке алу - нақты
ормандарды, олардың сапасы мен жай-күйiн
және оларда болып жатқан өзгерiстердi
есепке алу жөнiндегi мемлекеттiк шаралар
жүйесi.
Орманды сақтау - орман өрттерiнiң, орманды
өз бетiмен кесудiң және орман заңдарын
басқада бұзудың алдын алу және оларға
қарсы күресу жөнiндегi шаралар жиынтығы.
Орманды күтiп-баптау мақсатындағы кесу
- жоғары өнiмдi сапалы екпелердi қалыптастыру
және сүректi дәл мерзiмiнде пайдалану
мақсатында екпелер арасынан қажетсiз
ағаштарды кесу және басты тұқымдардың
жақсы ағаштары өсуi үшiн қолайлы жағдай
жасау жолымен жүзеге асырылатын орманды
күтiп-баптау.
Орманды қолдан қалпына келтiру - бұрын
орман болған алқаптарға ағаш егу.
Орманды қорғау - орманды зиянкестерден,
аурулардан және қолайсыз жәйттердiң әсерiнен
қорғау жөнiндегi шаралар жиынтығы.
Орманды өңiр - белгiлi бiр аумақтың ормандану
дәрежесi, ол орман өскен жер мен оның жалпы
көлемiнiң қатынасымен анықталады; процентпен
белгiленедi.
Орман жерi - орман қорының ағаш өсiруге
арналған орманды және ормансыз жерi.
Орманның генетикалық резерваты - түрдi,
қосалқы түрдi таратудың генетикалық-селекциялық
тұрғыдағы құнды бөлiгi бар орман учаскелерi.
Орманның санитарлық жай-күйi - орманның
қоқыстануы, сола бастаған және қураған
ағаштар туралы мәлiметтер келтiрiлген
сипаттамасы.
Орман орналастыру - ормандарды ұтымды
пайдалануға, ұлғайта өсiруге, қорғау мен
сақтауға, орман шаруашылығын жүргiзу
мәдениетiн арттыруға бағытталған шаралар
жүйесiн талдап жасауды қамтамасыз ететiн
орман шаруашылығы қызметiнiң мамандандырылған
түрi.
Орман питомнигi - ағаштың көшет материалын
өсiруге арналған питомник.
Орман ресурстары - орманның сүректiк
және сүректiк емес өнiмдегi қорының, сондай-ақ
оның табиғи пайдалы қасиеттерiнiң жиынтығы.
Орман соқпағы - ормандағы орман шаршыларының
шекараларын белгiлеу үшiн ағаштардан
тазартылып жасалған өңiрлер.
Орман табысы - орманды шаруашылық мақсатқа
пайдаланудан алынатын ақшалай түсiм.
Өскiн - орман етегiнде өсiп, сүрек қалыптастыруға
қабiлеттi табиғи түрде өсетiн талшыбық,
олардың биiктiгi негiзгi ағаштардың 1/4 бөлiгiнен
аспайды.
Өртең - өртенiп кеткен немесе өрттен едәуiр
зақым келген өсiмдiктер (орманды қоса)
учаскесi.
Санитарлық мақсаттағы кесу - орманның
санитарлық жай-күйiн жақсарту мақсатымен
жүргiзiлетiн кесу, оның барысында жекелеген
ауру, зақымданған және құрай бастаған
ағаштар немесе бүкiл сүрекдiң кесiледi.
Сүрекдiң - екпе ағаштардың негiзгi құрамы
болатын ағаштар жиынтығы.
Шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған
кезде бөлiнетiн қоймалжың зат.
Шырын алу - ағаштардың өсiп-өнуi кезiнде
тiршiлiкке қажет өнiмдерін (шайыр, шырын
және басқаларын) алу үшiн ағаш дiңiне жүйелi
түрде арнайы зақым келтiру.
Павлодар облысын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi
мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының
1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат
ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Павлодар облысын
көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған
"Жасыл ел" бағдарламасы (бұдан әрi
- Бағдарлама) - бекiтiлсiн.
2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын
Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын
қамтамасыз етсiн.
3. Облыс табиғи ресурстар мен табиғат
пайдалануды реттеу департаментi жыл сайын
20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың
экология және қоршаған ортаны қорғау
мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына
Бағдарламаны iске асыру барысы туралы
ақпарат ұсынатын болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық
мәслихаттың экология және қоршаған ортаны
қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына
жүктелсiн.
Сессия төрағасы Г. Досжанова
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облысы
мәслихатының
2005 жылғы 30 мамырдағы
III-сайланған XII-сессиясының
N 49/12 шешiмiне қосымша
Павлодар облысын көгалдандырудың
2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел"
бағдарламасы
1. Паспорт
Атауы |
Павлодар облысын
көгалдандырудың 2005-2007 |
Бағдарламаны |
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2005 |
Негiзгi әзiрлеушi |
Облыс табиғи ресурстар
және табиғат |
Мақсаты |
Ағаш отырғызу көлемiн
көбейту, елдi |
Мiндеттерi |
Облыс қалалары мен
ауылдық елдi мекендерiнде |
Iске
асыру |
2005 -2007 жылдар |
Қаржыландыру |
Республикалық бюджет,
облыстық бюджет, |
Күтiлетiн |
Ағаш егiлген жерлердiң
көлемiн ұлғайту, |
2. Кiрiспе
Павлодар облысын
көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған
"Жасыл ел" Бағдарламасы (бұдан
әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы
Қазақстан халқына Жолдауын iск
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2004
жылғы 14 мамырдағы N 542 қаулысымен бекiтiлген 2004-2006
жылдарға арналған "Қазақстан ормандары"
бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау
және табиғат пайдалану саласындағы басты
мiндеттерiнiң қатарына орман алқабын кеңейтудi,
өсiмдiктер әлемiн сақтауды және тиiмдi
пайдалануды қойды.
Бағдарлама - ағаш егу жұмыстарының көлемiн,
елдi мекендердi көгалдандыру және соның
нәтижесiнде облыс аумағында орман алқабын
кеңейту жөнiндегi негiзгi мақсаттарды
анықтайды.
3. Проблемалардың қазiргi жай-күйiн талдау
Облыс аумағында
орман-тоғайлы алқапты ұлғайту
тұрғындардың өмiр сүруiне
Павлодар облысында орман қорының жалпы
көлемi 456,7 гектарды құрайды. Жекеменшiкте
орманды иелену тiркелмеген.
Ағаш отырғызу және ағаш егу көлемдерiнiң
бiрнеше есе қысқаруы орман питомниктерiнiң
елеулi бөлiктерiнiң жоғалуына және егу
материалдарын өсiру көлемiнiң қысқаруына
әкеп соқты.
Облыс орталығындағы, басқа елдi мекендердегi
бұрынғы егiлген қорғаныш және көгалдандыру
мақсатындағы ағаш және бұталар тұқымдас
екпелер түрi өте аз, жасыл аймақтар, парктер,
скверлер, жалпы қолданыстағы басқа да
екпе ағаштар қоры жаңадан құрылмайды.
Автомобиль жолдары мен темiржолдар бойына,
егiстiк жерлер мен жайылымдарды қорғау
мақсатындағы екпе ағаштары жеткiлiксiз.
Осы екпе ағаштарына күтiм болмағандықтан
(күтiм мақсатындағы, санитарлық мақсаттағы
ағаш шабу, топырақ құнарлығын сақтау
жұмыстарының мерзiмiнде жүргiзiлмеуi) елеулi
аумақтағы екпе ағаштарының құруына әкеп
соқты, ал аман қалғандары нашар жағдайда.
Осыған байланысты олар тұрғындардың
демалыс орны бола алмайды және өзiнiң
тыңайтқыштық мақсатына сәйкес емес.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның
мақсаты болып облыс аумағында
тоғайлы жерлердi көбейту, оларды
қалпына келтiру, және тұрғындардың
тұрмыстарына қолайлы жағдай
жасау үшiн ағаш егу, елдi мекендердi
көгалдандыру, биологиялық көптүрлiлiктi
сақтап қалу жөнiндегi басты бағыттарды
анықтау болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн ормандарды
қалпына келтiру және елдi мекендердi көгалдандыру
жөнiндегi шараларды iске асыруға тұрғындарды,
мемлекеттiк емес мекемелердi, студенттер
мен оқушыларды облыстың ормандарын үнемi
өсiру, елдi мекендерiн көгалдандыру және
елдi кеңiнен тарту қажет.
Бағдарламаның негiзгi мiндетi облыс қалалары
мен басқа да елдi мекендерiнде көшеттер
отырғызу, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде
орманды алқаптар аумағын көбейту болып
табылады.