Орман өсімдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 16:03, реферат

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасы орман заңдарының мiндеттерi ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсiру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
2. Орман қатынастарын реттеу орман биосфераның, ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды бөлiктерiнiң бiрi екенi, оның жай-күйi Жер бетiндегi тiршiлiк жағдайын айқындайтыны негiзге алына отырып, жүзеге асырылады

Вложенные файлы: 1 файл

орман кодексі.docx

— 76.56 Кб (Скачать файл)

1. Шөп шабуға және  мал жаюға мүмкiн болатын алаңды  орман қоры учаскелерiнiң иелерi белгiлейдi. Шөлейттегi ормандарда мал  жаюға осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес  орман өсiмдiктерi өскен жерлерде  жол берiледi.  
      2. Орман қорында шөп шабу және мал жаю ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Х тарау. Орманды мәдени-сауықтыру мен ғылыми-зерттеу  
мақсаттарында және аңшылық шаруашылығының  
мұқтаждарына пайдалану      

54-бап. Орманды мәдени-сауықтыру мақсаттарында  
              пайдалану      

1. Халықтың тынығуын  ұйымдастыру мақсатында жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары, орман  қоры учаскелерiнiң иелерi, сондай-ақ  олармен келiсе отырып, орман пайдаланушылар  қала маңындағы аймақтардың сәулеттiк  жоспарлары мен санитарлық талаптарын  орындап, орманды орта мен табиғи  ландшафты сақтауды ескере отырып  қала ормандарында, жасыл аймақтарда  және тынығу мақсатындағы басқа  да ормандарда орман учаскелерiн  көрiктендiру және халыққа мәдени-тұрмыстық  қызмет көрсету жөнiнде шаралар  өткiзедi.  
      2. Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.      

55-бап. Орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында  
             пайдалану      

1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын  жүргiзу үшiн орман қорының  иелерi учаскелер бередi, оларда орман  пайдалануға шек қойылуы немесе  толық тыйым салынуы мүмкiн.  
      2. Орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.      

56-бап. Орманды аңшылық шаруашылығының  
              мұқтаждарына пайдалану     

1. Орман қорының учаскелерi аңшылық шаруашылығы мұқтаждары  үшiн заңды ұйымдарға және нақты  адамдарға берiледi.  
      2. Жануарлардың бағалы түрлерi мекендейтiн ормандарда сүрек дайындауға табиғат қорғау органдарымен келiсiм бойынша жол берiледi. Жануарлардың сирек ұшырасатын және жойыла бастаған түрлерiн құртуға немесе мекендеу ортасын бұзуға әкелiп соқтыратын сүрек дайындауға жол берiлмейдi.  
      3. Аңшылық шаруашылығы мұқтаждары үшiн орман қорын пайдаланудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi Заңдарымен белгiленедi.

ХI тарау. Қала ормандарына және шекаралық  
аймақта орман пайдалану ерекшелiктерi      

57-бап. Қала ормандарында орман пайдалану  
              ерекшелiктерi      

 Қала ормандары ең  алдымен мәдени-сауықтыру мақсаттарында  және осы Кодекстiң 41-бабында белгiленген  шарттар негiзiнде халықтың тынығуы  үшiн пайдаланылады.      

58-бап. Шекаралық аймақта орман пайдалану  ерекшелiктерi     

1. Шекаралық аймақта  орман пайдалану осы Кодекспен  және Қазақстан Республикасының  басқа да заңдарымен белгiленген  тәртiпте жүзеге асырылады.  
      2. Шекаралық аймақта орман пайдалану ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы шекара әскерлерi командованиесiмен бiрлесе отырып белгiлейдi.

ХII тарау. Орман биоценоздарының гендiк қорын  
пайдалану. Өсiмдiктер мен жануарлар  
әлемiн интродукциялау      

59-бап. Орман биоценоздарының гендiк  қорын пайдалану     

1. Қазақстан Республикасы  аумағында орман биоценоздарының  гендiк қоры тек қана республиканың  меншiгi болып табылады және өсiмдiктер  мен жануарлар дүниесiнiң генетикалық  резерваттарынан, жылылықты қажет  ететiн екпелер мен ағаштардан  және басқа селекциялық-генетикалық  объектiлерден тұратын шектеулi пайдалану  тәртiбiндегi жекелеген аймақтар  түрiнде бөлiнедi.  
      Аталған аймақтарды ғылыми ұйымдар мен Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  
      2. Орманның өсiмдiктер мен жануарлар әлемi гендiк қорының репродукциялық материалдарын басқа мемлекеттермен алмасу Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.      

60-бап. Орман өсiмдiктерi мен жануарлар  әлемiн  
              интродукциялау      

1. Орман биоценоздарында  өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi мен формаларын қалпына келтiру  және ұлғайта өсiру жергiлiктi өсiмдiктер  мен жануарлар әлемiнiң таңдаулы  өкiлдерiн реинтродукциялау жолымен  жүргiзiледi.  
      2. Орман биоценоздарына интродукциялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясымен және Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

Төртiншi бөлiм  
Ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру

ХIII тарау. Ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру      

61-бап. Ормандарды қалпына келтiру және  орман  
              өсiру жөнiндегi жұмысты жүргiзу     

1. Ағаш кесiлген жерлерде, өртеңдерде және басқа бұрынғы  орман өскен алаңқайларда орманды  қалпына келтiру жүзеге асырылады.  
      Орман қорының ағаш өсiруге жарамды деп табылған ормансыз алқаптарында аумақтың ағаш өсiруiн арттыру, эрозия процестерiн болдырмау және экологиялық жағдайды жақсарту мақсаттарында орман өсiру жүргiзiледi.  
      2. Орманды қалпына келтiру жұмыстары ағаш өсiру жағдайлары мен экономикалық тиiмдiлiгiн ескере отырып, шаруашылық тұрғысында бағалы ағаш тұқымдарынан неғұрлым қысқа мерзiмде жоғары өнiмдi әрi төзiмдi ормандар жасауды қамтамасыз ететiн экологиялық қолайлы әдiстермен жүргiзiлуге тиiс.  
      3. Орманды қалпына келтiру және орман өсiру жөнiндегi жұмыстардың ауқымы орман орналастыру және басқа жобалау ұйымдарының экологиялық сараптамадан өткен материалдары бойынша белгiленедi.  
      4. Орманды қалпына келтiру және орман өсiру, ағаш тұқымдарын дайындау және екпе көшеттердi өсiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар белгiлейдi.  
      5. Ауыл шаруашылығы және басқа кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жерлерiнде орман өсiру жөнiндегi жұмыстар арнаулы жобалау ұйымдары әзiрлеген жобалар бойынша жүзеге асырылады.      

62-бап. Ағаш дайындаушылардың ағаш кесiлген  жерлерде  
              орманды қалпына келтiру үшiн қолайлы  
              жағдайларды сақтауға бағытталған талаптарды  
              орындау жөнiндегi мiндеттерi     

 Кеспеағаш орындарын  әзiрлеу кезiнде ағаш дайындаушылар  ағаш кесiлген жерлерде ормандарды  қалпына келтiру үшiн қолайлы  жағдайларды сақтауға бағытталған  талаптарды орындауға, сондай-ақ  ағаш тұқымы шикiзатын жинаудың  жүргiзiп, оны орман қоры учаскелерiнiң  иелерiне өткiзуге мiндеттi.      

63-бап. Жерлердi мемлекеттiк орман шаруашылық  
              кәсiпорындарына, мекемелерi мен  
              ұйымдарына беру     

 Оңтайлы орман өсуiн, суаттардың жағалауларына ағаштың  желектенуiн қамтамасыз ету үшiн  және басқа қажеттi жағдайларда  орман қоры жерiнiң құрамына  өзге категориялардағы жерлер, ең  алдымен ауыл шаруашылығында  пайдалануға жарамсыз (сай-жыралар, құмдауыттар, азып-тозған жерлер  және т.б.) жерлер, сондай-ақ мемлекеттiк  жер қорының ағаш-бұталар басып  кеткен жерлерi берiлуi мүмкiн. Аталған  жерлердi беру Қазақстан Республикасының  Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен  жүзеге асырылады.

Бесiншi бөлiм  
Ормандарды сақтау және қорғау

ХIV тарау. Ормандарды сақтау және қорғау      

64-бап. Ормандарды сақтау мен қорғаудың  негiзгi  
              мiндеттерi      

1. Қазақстан Республикасында  барлық ормандар сақталуға және  қорғалуға жатады.  
      2. Ормандарды сақтау мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:  
      1) орман өрттерiнiң алдын алу, оларды дер мезгiлiнде анықтау және сөндiру жөнiндегi шараларды жүргiзу;  
      2) орманда жұмыс iстейтiн барлық адамдардың және осында орналасқан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ орманда жүрген азаматтардың Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауын бақылау;  
      3) ормандарды заңсыз кесуден, зақымдаудан, талан-таражға салудан және басқа орман талаптарын бұзудан сақтау, сондай-ақ орман қорының жерлерiн сақтау;  
      4) ағаш дайындаушылардың өсiп тұрған ағашты босату ережелерiн орындауын және орман пайдаланудың басқа түрлерiнiң ережелерiн сақтауын бақылау;  
      5) орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау және оларға қарсы күрес;  
      6) орман қорының аумағында аңшылық ережелерiн сақтауға бақылау, браконьерлiкке қарсы күрес;  
      7) ормандардың сақталуын, қорғалуын, ұлғайта өсiрiлуi, мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер.  
      3. Ормандарды сақтау және қорғау республикалық, сондай-ақ жергiлiктi бағдарламалар негiзiнде жүргiзiледi.      

65-бап. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет  
              органдарының ормандардағы өртке, орманның  
              зиянкес жәндiктерi мен ауруларына қарсы  
              күресi жөнiндегi ерекше өкiлеттiктерi     

 Жергiлiктi жерлердегi атқарушы  өкiмет органдары ормандарда өрт  шығуының алдын алу, өртке, сондай-ақ  орманның зиянкес жәндiктерi мен  ауруларына қарсы күрес жүргiзу  мақсатында:  
      1) орман қоры учаскелерiнiң иелерi мен орман пайдаланушылардың өртке қарсы алдын алу жөнiндегi шараларды орындауын ұйымдастырады;  
      2) кәсiпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды орман өрттерiн сөндiруге қатыстыру тәртiбiн белгiлейдi, осыған тартылған адамдарды жүрiп-тұру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;  
      3) ормандарда өрт қаупi ерекше жоғары кезеңдерде өрт сөндiрушiлер бөлiмшелерiн құрады және олардың ұдайы әзiр тұруын қамтамасыз етедi;  
      4) ормандарда авиациялық сақтауға және қорғауға пайдаланылатын ұшақтар мен тiкұшақтар үшiн аэродромдар мен қону алаңдарын салуға, ормандарды авиациялық сақтау бөлiмшелерi әрекет етiп жатқан аудандарға жанар-жағар май материалдарын жеткiзуге жәрдем жасайды;  
      5) өрт қаупi жоғары кезеңде азаматтардың ормандарда болуына тыйым салады;  
      6) облыс, аудан аумағында орман өрттерiне, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жөнiндегi шаралардың үйлестiрiлуiн қамтамасыз етедi.      

66-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш  және бұта  
              өсiмдiктерiн сақтау мен қорғау     

 Орман қорына кiрмейтiн  ағаш және бұта өсiмдiктерiн  сақтау мен қорғауды олар өсiп  тұрған жерлердiң иелерi мен жер  пайдаланушылар, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары  қамтамасыз етедi.      

67-бап. Мемлекеттiк орман күзетi     

1. Орман шаруашылығын  басқарушы мемлекеттiк органдар  жүйесiнде ормандарды сақтау мен  қорғау жөнiндегi ұйымдастыру, шолу-күзету, насихаттық және өзге шараларды  жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк  орман күзетi құрылады.  
      2. Мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ормандарды сақтау және қорғау ережелерiн, орман пайдалануды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, орман қоры жерлерiн өз мақсаттарына сәйкес пайдалану тәртiбiн бұзуға жол бермеу және алдын алу жөнiндегi, сондай-ақ орманға залал келтiретiн басқа да әрекеттерге жол бермеу және алдын алу жөнiндегi құқықтар берiледi.  
      3. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген ережелерге сәйкес берiлетiн табельдi қару алып жүруiне, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте оны қолдануға құқық берiледi.  
      4. Мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен және Орманшы туралы ережемен реттеледi.

Алтыншы бөлiм  
Орман пайдалануға ақы төленетiндiгi.  
Орман шаруашылығын қаржыландыру

ХV тарау. Орман пайдалануға ақы төленетiндiгi      

68-бап. Орман пайдаланғаны үшiн ақы  төлеу     

1. Осы Кодекстiң 42-бабында  көзделгеннен басқа жағдайларда  орман пайдалануды жүзеге асыруға  ақы төленедi.  
      2. Орман қоры учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы орман ресурстарының сапасы мен арзанға түсуiн, орман өнiмiне қолданылып жүрген бағаларды, бiрақ олардың қолданылып жүрген кесiмдi бағадан кем болмауын ескере отырып белгiленедi.  
      3. Орман қорының жерлерi үшiн ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.  
      4. Орманды пайдаланғаны үшiн бюджетке ақы төлеу ставкалары, есептеу мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне  сәйкес белгiленедi.  
      ЕСКЕРТУ. 68-баптың 3-тармағына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995.10.05. N 2488 Жарлығымен .  
      ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .      

69-бап. Орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi  
              экономикалық ынталандыру     

 Орман шаруашылығын  ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру  осы Кодексте, орман шаруашылығы  саласындағы өзге де нормативтiк  актiлерде ормандарды ұлғайта  өсiруге, сақтауға, қорғауға және  орман пайдалануға қойылатын  талаптарды орындауға орман қоры  учаскелерi иелерiнiң, орман пайдаланушылардың  мүдделiлiгiн арттыруға бағытталған  және ол мыналарды қамтиды:  
      1) орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар арқылы орман шаруашылығын дамытудың бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң немесе басқа да көздердiң есебiнен қаржыны мақсатты бөлу;  
      2) алынған нәтижелердiң сапасы бойынша сараланған, өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуға, сондай-ақ орман қоры учаскелерiнiң иелерiн материалдық ынталандыруға арналған қаржыларды қамтитын нормативтер (бағалар) бойынша орман шаруашылық шараларына ақы төлеу;  
      3) орман қоры учаскелерiнiң иелерiне толық пайдаланылмаған кеспеағаш қорын және есептi кеспеағашын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ағаш саудасы мен конкурстарын өткiзу туралы ережеге сәйкес ағаш саудасы мен конкурстарды өткiзу құқығын беру.

ХVI тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру      

70-бап. Орман шаруашылығын қаржыландыру      

1. Мемлекеттiк орман  шаруашылық кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының орман шаруашылық  қызметi, сондай-ақ орман шаруашылығын  басқарушы мемлекеттiк органдарын  ұстау республикалық бюджет және  өзге де қаржылар есебiнен қаржыландырылады.  
      2. Орман шаруашылығын қаржыландыру Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы әзiрлеген және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген экономикалық жағынан негiзделген нормативтер бойынша жүзеге асырылады.

Информация о работе Орман өсімдіктері