Халықтың демографиялық жағдайына әсер ету факторы ретінде Қазақстанның экономикалық дамуының талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 12:46, реферат

Краткое описание

Экономикалық өсімнің негізгі факторларының арасында кез – келген елде маңызды құраушы адам факторы болып табылады. 192 елді зерттеген Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, ауыспалы экономикалы мемлекеттерде экономикалық өсімнің 16% өндірістік потенциялымен шартталған (құрал – жабдық, ғимараттар, өндірістік инфроқұрылым) 20 – ресурстармен, ал қалған 64% адам және әлеуметтік капиталмен байланысты. Бұл арақатынасқа әртүрлі қарауға болады, бірақ адам ылғи да қоғамдық өмір өзгерістерінің, экономикалық жүйе және мемлекеттік құрылым орталығында болды және қалады. Тарих дәлелдеген: өркениетті елдерде адам және оның дамуы қоғамның маңызды приоритеттері болып табылады, өйткені адам материалдық және рухани байлықтардың тұтынушысы ғана емес, сонымен қатар халықтың, әлеуметтік және материалдық байлықтардың қайта өндірілуінің субъектісі, жаңа идеялар және технологиялардың генераторы (1)

Вложенные файлы: 1 файл

ҚР, ШҚО демографиясы.doc

— 3.05 Мб (Скачать файл)

Табиғатта өсіп-өну қауіпсіздігінің  жоғарылауы мынадан көрінеді, популяциялар өте төзімді бола бастайды, ал олардың санының ауытқуы азаяды. Биологиялық эволюция процестерінде популяциялардың өсуін басқаратын сыртқы және ішкі факторлардың қатынасы әр уақытта өзгереді, әрі адамның пайда болуы кезіндегі популяциялық динамиканың сыртқы реттеуші рөлі біршама азайды, ішкінің рөлі ұлғайды. Осымен бірге түрдің өсіп-өнуінің үнемділігі, яғни оның өмірлік шикізаттарды пайдалану мүмкіндігі де өседі. Олар бірте-бірте аз дегенде ұрпақ өндіруге жұмсалады, осының нәтижесінде органимздер мен олардан қауымдастығының ұйымдасуы және әрекет етуінің қиындауы пайда болды.

Адамзат қоғамының пайда  болуы популяциялық даму динамикасының  заңдылығында жаңа кезеңді бастады. Биологиялық механизмдерге популяциялық, әлеуметтік механизмдер қосылды. Осы  кезеңде демографиялық аумақ  адамзат популяциясының өсіп-өнуі аумағы пайда болды, бұл биологиялық ғана емес, әлеуметтік реттеушілермен де басқарылатын аумақ болып отры. Адамзат тарихында демографиялық тетіктерді теңестіруді жетілдіру үздіксіз жүруде. Адамзат популяциясының санының динамикасы мен сандық – жыныстық құрылымы тәуелді болатын қатерлер қауіпсіз бола түсуде және осы себептен өсіп-өну процесі біршама тиімді болуда. Дегенмен, қоғамда күш, уақыт, энергия шикізаттары босап шығады. Бұрын олар демографиялық өсіп-өнудің тіршілік етуі қажеттіліктеріне жұмсалатын, енді оларды қоғамның дамуы мен басқа қызметтері үшін пайдалануға мүмкіндік туды. Осының нәтижесінде барлық қоғамдық даму жылдам жүруде (26).

II ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

 

    1. Шығыс Қазақстан облыс халқының туу, өлім және табиғи өсімінің демографиялық көрсеткіштерінің ырғақтылығының салыстырмалы талдауы

 

80 жылдары аяғымен  90 жылдардың басында барлық посткеңестік  кеңестігіндей ШҚО – ның әлеуметтік  – экономикалық дамуында болған  өзгерістер көп жағдайда қолайсыз  деп бағаланатын қазіргі демографиялық  жағдайды аңықтады (27).

Халық санының ырғақтылығы. ШҚО халқының саны 2007 жылы 1 қаңтарына 1418,8 мың адамды құрады. Аймақта Қазақстан  Республика халқының 9,3 % тұрады. 2001 – 2007 жылдары кезіңінде облыс халқы 1,5-ге азайды.

Халықтың жалпы санымен  қала және ауыл  тұрғындар санының арақатынасы құрады. Қала үлесі – 58,8 % және сәйкесінше ауыл халқы үлесі – 41,3 % (28).

Жыныстық – жастық құрылымы ШҚО – да әйел халқының үлесінің басымдығы бар, жалпы республика бойынша көп облысының әйел халқының үлесіне, 52,2 % тұрақты келеді, республикада ерекектер мен әйелдер үлесі пропорционалдыққа жақын жастық құрылымға келсе, еңбекке қабілетті жастан  жасырақ халық үлесі 24,8%, еңбекке қабілетті 61,8  %, ал еңбекке қабілеттіден үлкен 13,4 %. 2000 жылдардағы халықтың табиғи өсімінің коэфициенті облыста – 1,2 ‰ – ге төмендеді (29).

ШҚО – да 1989 -2000 жылдарда туу  коэффициентінің 20 ,7 – ден 11,0 промиллеге дейін төмендеуі болды. Туу деңгейі және оның  ырғақтылығы  халқының демографиялық құрылымының  ерекшеліктерге тәуелді. (Жынысы, жасы, отбасылық жағдайы бойынша) (30).

Туудың қалыптасқан  дифференциациясы қалада тұратын азбалалыққа  бағдарланған ( орыстар, украйндықтар, немістер т.б.) этностар және ауылдық  жерде тұратын дәстүрлік көпбалалыққа бағдарланған (қазақтар, өзбектер, ұйғырлар, әзербайжандықтар) этностардың құрылған құрылымы арасындағы облысының этнодемографиялық ерекшеліктерімен  шартталған.

Демографиялық депрессия  – халық шығыны негізінен орыстілді  халық есебінен «кететін» үлкен  ұрпақтарын  ауыстыру үшін (демографиялық депопуляция), бірақ үлкен дәрежеде  депортанттардың Ресей, Германия, Украйна, Белоруссияға эмиграциялық ағыны есебінен жүрді және жүреді, олардың саны біртіндеп өсуде және жақын уақытта 1000 адамға 6 – 8  % құрайтын болады. Халықтың депопуляциясы абсолюттік шама бойынша 50 мың адамға жетеді. (өлімнің туудан асуы есебінен) (31).

Халық санының төмендеуімен қатар халықтың қартаюы процесі  анық көрінген барлық салыстырылатын территорияда туудың төмендеуіне аңық тенденция байқалған.Оның деңейінің  айтарлықтай кетуі 1996 – 2000 жылы облысының барлық аудандарында байқалады (32).

Туу деңгейінің төмендеудің  жалпы тенденциясы факторлар  кешенінің   әсерімен шартталған: жалпы құрлымының жас жыныс бойынша  өзгеруі, қала халқының үлестік салмағының өсуі, халық өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайының өзгеруі.

Екінші маңызды демографиялық  көрсеткіш – халық өлімі. Бұл  көрсеткіш елдің дамуының әлеуметтік – экономикалық деңгейіне, халықтың материалдық жағдайы және жастың құрылымына, сонымен қатар тұрғылықты жерде тарату (қала, ауыл), медициналық ғылымның даму  дәрежесіне тәуелді (Қосымша 2, сурет 2).

Өлімнің өсуінің жоғары темптері Зайсан (4,2 %) және Бесқарағай (1,1  % - ке) аудандарында алған (Қосымша 3, сурет 3).

Аурулар кластары  бойынша  ШҚО өлім себептерінің деңгейлер  және құрлымының анализі жалпы (қала және ауылдың жер бойынша) келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік  береді:

  1. Ересек халықтың өлімінің себептерінің құрылымында жалпы 2001 1 – ші рангтік орынды қанайналым жүйесінің аурулары (9451 адам көрсеткіш  деңгейімен үлестік салмағы барлық өлім еңбектерінен 51,9  %,) Екінші орынды – уланулар мен жарақаттар 2671 адам. (14,7 %); Үшінші орынды – жаңа  түзілістер – 2556 адам (14 %); төртінші орынды – тынысалу  мүшелерінің аурулары – 1026 адам (5,6  %);  5 – ші орынды – асқорыту мүшелернің аурулары – 567 адам (3,1 %) алды.
  2. Жергілікті жердің типі бойынша (қалалық ауылдың) өлім деңгейі мен құрылымында 1989 – 1990 жылы айырмашылықтар айтарлықсыз болды (қаланың 1392; ауылдың  - 139 1000 халыққа, яғни қалаларда 27,5  % жоғары) 1995 – 1996 жылдарды салыстыратын территориялар коффциентінің  арасында айырмашылық өсті, өлім қарқындылығының өсуінде (қалалаықтарда 15,3 ауылдықтарда 11,59 адам 1000 халыққа, 32 % - нен жоғары) 2001 жылы қалалық жерде халық өлімі 46,9 % - нан ауылдықтан көп.
  3. Қаланың, ауылдың денсаулығына, қала тұрғындарына зиянды әсер ететін – аңызырақ.
  4. Өлім көрстекіштерінің жастық ерекшеліктері дифференцирленген – жаспен өлім қарқындылығының өсуіне әсер ететін заңдылық анық байқалады. Жыныстық-жастық өлімнің деңгейі жоғары көрсеткіштерді аса өндірістік жастық топтарда байқалады (30 – 60 ж)
  5. Еркектер өлімінің әйелдіктен 19,4 % - нен асуы және әйелдерде  ерекекмен салыстырғанда жоғары күтілетін өмір ұзақтығы, сонымен қатар оның шамаларының балалық және еңбекке қабілетті жаста өлім деңгейіне тәуелділігі (33).

 

    1. Шығыс Қазақстан облыс аудандарының геоэкологиялық жағдайының сипаттамасы

 

Табиғи ресурстардың болуы және олардың пайдалануы Қазақстан  халқына байлық және гүлденуді әкелмей ғана қоймай, сонымен бірге айтарлықтай шамада Қазақстан Республикасының барлық территориясының әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, демографиялық жағдайларының шиеленісуінің себебі болды (34).

Табиғатқа антропогендік  жүктеме өсті, табиғатты пайдаланудың аяусыз сипаты және аяусыздық білінуде, ол қоршаған табиғи орта сапасының нашарлауында көрінеді, және заңды ретінде  нәтижесі дамудың демографиялық факторларының нашарлауы және шиеленісуі, яғни өлімнің өсуі, туудың азаюы, табиғи өсімнің төмендеуі, республикадан, сондай – ақ Шығыс Қазақстан облысының қолайсыз аймақтарынан миграциялық ағынның үлкеюі.

Ауыр экологиялық жағдай табиғи орта үшін қауіпті зиянды тастандылары бар. Қазақстан түсті металлургиясының кәсіпорындарының негізгі бөлігі щоғырланған  Шығыс Қазақстан облысында қалыптасты. Мұнда қорғасынның 45 пайызы, мырыштың жартысы және республиканың сирек металдарының 90 пайызы өндіріледі. Барлық бұл өндірістер халықтың қайта өндірілуі үшін аса қолайсыз 2000 жергілікті кәсіпорындарда тек 63 пайызы қалдық газдарды тазарту жабдықтарымен қамтамасыз етілген ластаушы заттардың тастандыларының көздерінің 7000 есептеледі. Яғни облыс территориясы өте үлкен антропогендік жүктемені бастан кешіреді. Ауада, суда, топырақта адам ағзасына аймақтық ауамен, ауыз сумен, азық – түлікпен түсетін 100 ластаушы заттар тіркелген (35).

Қоршаған орта күйінің  Шығыс Қазақстан облысының халқына  әсері көптеген бағыттар бойынша, мысалы, экологиялық – экономикалық, экологиялық - әлеуметтік, экологиялық – демографиялық  бағыттар бойынша көптеген зерттеулердің жұмыстарында көрініс тапқан, Шығыс Қазақстан облысының экологиялық – демографиялық күйі бөлшектей зерттеліп негізделген және экологиялық – демографиялық аудандастыру жүргізілмекші болды. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының экологиялық және демографиялық жағдайларын бағалауды жүргізу, экологиялық – демографиялық процестердің өзара байланысын орнату, аймақта сауықтандыру іс – шараларының жүйесін жүргізу көкейкесті. Мұндай зерттеулерді жүргізудің мақсаттылығы қоршаған ортаның ілгерімелі деградациясымен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық дамудың нашарлауының анық тенденциясымен, халық санының шұғыл төмендеуімен, өлімнің үлкеюімен жіне табиғи өсімнің барлық жерде төмендеуімен бекітіледі. 90 жылдардың басында г.-м.ғ.д В.А Кожарының басшылығымен сараптаушылар тобымен жүргізілген халықтың денсаулығы және мекендеу ортасының күйінің өзара байланысын анықтаумен Шығыс Қазақстан облысының экологиялық аудандастырылуының жүргізілген анализінің нәтижесінде ШҚО территориясында қоршаған ортаның күйі  бойынша және қауіптілік дәрежесі бойынша 4 зона бөлінген (Қосымша 1, сурет 1).

Қауіпсіз – Қатон  – Қарағай ауданы, Марқакөл жіне Күршім аудандары территорияларының 60 пайызы, Шемонаиха, Глубокое аудандарының шеткі территориялары, Зайсан, Тарбағатай аудандарының оңтүстік бөлігі Зырян және Серебрянск қалаларының бір бөлігі.

Қалыпты қауіпті –  Ұлан ауданының үлкен бөлігі, Шемонаиха, Глубокое аудандарының орта бөлігі, Зырян  ауданының ертісмаңы территориясы, Күршім ауданының орта бөлігі, Зайсан ауданының солтүстік бөлігі жіне Тарбағатай ауданының үлкен бөлігі.

Қауіпті – Глубокое ауданының  орталық бөлігі, Шемонаиха ауданының  үлкен бөлігі.

Аса қауіпті зона - Өскемен, Риддер, Зырян қалаларының территориялары, Глубокое жіне Ұлан аудандарының ертісмаңы жағалауы территориясының бір бөлігі.

Сараптаушылар Шығыс  Қазақстан облысының территориясында  Кенді Алтай ТӨК – мен сәйкес келктін, яғни Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонаиха, Серебрянск өнеркәсіптік түйіндер орналасқан, облыстың солтүстік – шығыс бөлігін алып жатқан антропогендік биогеохимиялық провинцияны бөлді.

Антропогендік биогеохимиялық провинцияның өзіне тән ерекшелігі жақын қоршаған территорияларға  қатысты аномальді болып табылатын  биологиялық белсенді заттар жинағы және нәтижесі ретінде адамға және мекендеу ортасына құртушы әсер ететін биохимиялық процестердің аномальді жинағы болып табылады. Провинция шегінде өндірістің жоғары концентрациясының нәтижесінде ластану эпицентрлері қалыптасты – бір немесе бірнеше кәсіпорындардың табиғи кешеніне максималды техногенді әсер аудандар.

Қоршаған ортаға әсер ету типін аңықтағанда негізге  И.Я. Блехциннің қоршаған ортаға әсер ету  сипаты бойынша территорияларды  өндірістік кешендер топтамасының әдістемесі салынды. Осы әдістеме бойынша Шығыс  Қазақстан облысының территориясында қоршаған ортаға әсер ету типі бойынша ажыратылатын территориалды түзілістердің үш тобы бөлінді:

Бірінші типке - өндіру және ауыр өнеркәсіп әсері - өнеркәсіп салаларының барлығы дерлігінің кәсіпорындары үйлесетін жоғары концентрациясымен минералдық шикізатты алу  аудандары жатқызылды, бұл -  Өскемен, Зырян, Риддер, Глубокое және Шемонаиха аудандары.

Өскемен қаласында техногенді және антропогенді ластанудың көздері  болып түсті металлургия  кәсіпорындары, жылуэнергетика, тамақ және өңдеу  өнеркәсібінің кәсіпорындары, коммуналды кәсіпорындар, автомобиль және теміржол көлігі болып табылады. ААҚ «Қазмырыш», АҚ Үлбіметаллургиялық зауыты (УМЗ), АЭС Өскемен ЖЭО, АЭС сограЖЭО, Өскемен титан-магний комбмнаты (ТМК) стационарлы көздерінен отмосфераға тастанды көлемі 2000 ж 103,038 мың тонна жылына құрады. Атмосфераның күкірт екітотығымен, азот тотықтарымен, формальдегидпен, хлормен, қорғасын, мышьякпен жоғары ластануы бағаланды.

Риддер қаласында ластану  көздері металлургия және таукен өндіру өнеркәсібінің, жылуэнергетикалық, тамақ өнеркәсібінің, орман шаруашылығының кәсіпорындары: коммуналды кәсіпорындар, автомобиль және теміржол көлігі. Стационарлы көздерден тастандылар көлемі (Риддер ТОН ААҚ «Қазмырыш», Риддер ЖЭО, АҚ «Қаз-Тюмень» қорғасын зауыты) атмосфераға 13,132 мың тонна жылына құрады.

Атмосфера формальдегид, фенол, күкірт екітотығымен, азот екітотығымен ластанған. Автокөліктастандылары 3,511 мың тонна құрады. Бреска, Тихая, Үлбі өзендері су сапасының 6-шы, 7-ші кластары. Топырақтың ластануы бірыңғай фоннан 4 – 32 есе асады.Зырян ауданында ластану көздері таукенөндіру және металлургиялық өнеркәсіптерінің, энергетикалық, тамақ өнеркәсіптерінің, цемент өндіру кәсіпорындары, жылыту ошақтары, автомобиль және теміржол көлігі. Өскемен цемзауыты, Зырян ТОН кеніштері және байыту фабрикаларынан тастандылар көлемі 4,44 мың тонна жылына құрады.

Глубокое ауданында  ластану көздері металлургиялық, коммуналды, кәсіпорындар автомобиль және теміржол көлігі. Ертіс мысбалқыту зауыты, Белоусов, Березов және Ертіс  кеніштері тастанды көлемі 71,87 мың тонна жылына құрады.

Шемонаиха ауданында  ластану көздері – таукен өндіру және металлургиялық өенркәсіп кәіпорындары, жылу эенргетика, коммуналды кәсіпорындар, автомобиль және теміржол көлігі. АҚ, ВКМХК, АҚ . ИХМЗ, ЖШС, «Гортеплоэнерго», жеке «Энергия», АҚ «Химстрой» тастанды көлемі 6,467 мың тонна жылына.

Екінші типке – аралас ( ауыл шаруашылықты және индустриалды) әсер – Ұлан, Бесқарағай, Бородулиха аудандары және Семей қаласы.

Ұлан, Бородулиха аудандарында ластану көздері жылыту ошақтары, автомобиль көлігі, ауылшаруашылық кәсіби орындары, Ұлан ауданында атмосфераға тастандылар көлемі 1,7 мың тонна жылына құрады.

Семей қаласында техногенді және антропогенді ластану көздері  жылу энергетика, цемент өндіру, кірпіш өндіру, өңдеуші өнеркәсіп, коммуналды кәсіпорындары, автомобиль және теміржол көлігі. Семей ЖЭО, АҚ «Цемент»,АҚ «Силикат», АҚ «Кожмех», Горводоканал стационарлы көздерініен тастандылар көлемі 22,931 мың тонна жылына аьмосфералық шаңмен, көміртегі тотығымен, азот екітотығы мен жоғары ластануы байқалады. Автокөліктен тастандылар 19,657 мың тонна құрады. Ертіс өзенінің  суының сапасы 4-ші класс – ластанған. 2007 жылғы мәліметтер бойынша аталған қалалар мен аудандарда туудың төмен, өлімнің жоғары көрсеткіштерін байқауға болады. Мысалы, Ұлан, Бесқарағай аудандарында туғандар саны сәйкесінше 341; 266 адамды құраса өлгендер саны сәйкесінше 423; 299 адам. Перинаталь кезеңде пайда болатын күйлерден ды кезеңде пайда болатын күйлерден сәбилік өлімнің ең жоғары көрсеткіші 2007 жылғы мәлімет бойынша Семей қаласында аталады.

Информация о работе Халықтың демографиялық жағдайына әсер ету факторы ретінде Қазақстанның экономикалық дамуының талдауы