Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:56, дипломная работа
Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.
Кіріспе.
І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.
1.1. Қазақстан өзендері.
1.2 Көлдер мен бөгендер
ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.
2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .
2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.
2.3. Жер асты суының типтері.
ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.
3.1. Су ресурстарының сарқылуы.
3.2. Суды ластаудан қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Мемлекеттер арасында шекара бойындағы су ресурстарының қалыптасқан халықаралық заң нормалары бар. 2001 жылдың қыркүйегінен бері КХР және ҚР Үкіметтері арасында осындай шекара аймағындағы өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жұмыс істеп келеді. Егер Қытайдың 1988 жылы қабылдаған Су кодексінің талаптарына қарасақ, шекара аймағындағы өзендердің су ресурстарын пайдалану туралы мүмкін болатын халықаралық келісім ережелері бойынша суды пайдалану мәселелерін елдің аумақтық басқару органдары түбегейлі түрде өз пайдасына шешетіндігі айтылған. Бәлкім, Еуроодақ жобасының жетекшісі келісімді қайта қарау мәселесі жайында айтқанда, осы түйткілді тағы бір еске салуды жөн көрген шығар.
Осы тұрғылас әлемдік тәжірибеде су айдындарын пайдалану мен бөлісу жөнінен талай-талай тәжірибе бар. Мәселен, Канададағы Шодьер, АҚШ-тағы Теннесси, Ресейдегі Дон мен Днепр өзендерін тиімді пайдалану тәжірибесін өзінде қолдану Қазақстанға да қажет. Сондықтан, біз ең алдымен осы Іле-Балқаш бассейнінің мемлекетаралық мәртебесін реттеп алғанымыз қажет болар. Және тез арада. Егер Балқаш көлінің су қорын сақтау мен тиімді пайдалану жөнінен Қазақстанның өзіндік жеке ұлттық бағдарламасы болса, көршілерімізбен су көздерін бөлісудің халықаралық заң талаптарына сәйкес үрдісі қалыптасар еді. Сол Еуроодақтың тұжырымдауынша, «...Қазіргі кезде Қазақстанда су ресурстарын басқарудың жүйесі жоқ және ол мүдде қақтығысынан аса алмай отыр». Заң аясында шешілетін халықаралық келісімдер жасауға өз болашағымыз бен мүддеміз үшін асығудың айыбы жоқ шығар. Өйткені, уақыт та сол су сияқты тоқтаусыз жылжып бара жатқан жоқ па?
Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км – ден асады.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа. Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай - ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен және т.б. жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Балқаш - Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Өзен жүйесінің ерекшелігі. Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі - жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.
Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі – оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын - шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км2-ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0,5 км-ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км-де 4-6 км-ге, таудың орта бөлігінде 10-12 км-ге, биік тауларда 16-18 км-ге дейін жетеді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр есебімен өлшенеді.
Қазақстанның ең мол сулы өзені – Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 960 м3/с, Сырдарияда – 730 м3/с. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды. Мысалы, Ертістің жылдық ағыны – 28 млрд м3. Су ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынының мөлшері – 59 км3.
Қазақстанның жазық
Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км2 - ге келетін мөлшері 20000 м3. Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Түрікменстаннан ғана алады. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгертіп отырады. Қыс айларында жазықтағы өзендер жылдық ағынның 1%-ын береді. Адам баласы бөген салып, өзен ағындарын реттеп отырады. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыста да, жазда да біркелкі пайдаланылады. Бөгендер қолдан жер суландыруға, электр энергиясын өндіруге, т.б. жағдайларға қолайлы. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең ірілері – Бұқтырма мен Қапшағай бөгендері. Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді.
Республиканың жазық
бөлігінің өзендерінің
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері – Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір-мамыр айларында жылдық ағынның 50% ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген қардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суының деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен қоректенеді. Негізінен қар суымен қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді. Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98% көктемгі қысқа уақытта ағып өтеді.
Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.
Қазақстанның биік таулы
бөлігінің өзендері қар суымен
және мұздықтармен
Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы, ал аласа тауларда оның үлесі 20-30% дейін жоғарылайды.
Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды қарашаның аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде - 190 см, оңтүстік өзендерінде 110 см болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы қатып жатады. Сәуірдің басында оңтүстіктің, екінші жартысында солтүстік өзендерінің мұзы ери бастайды.
Биік тау өзендерінің мұз
режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде
ағыстың күшті болуына
Қазақстанның өзендерді жылма-жыл шайылған тау жыныстарын ағызып әкетіп отырады. Өзендер табанын тереңдетіп, бүйірлерін құлатып, ірілі-ұсақты тастарды домалатып ағады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендердің ағысы баяу болады.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы. Ертіс-Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағында Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба жоталары т.б. тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі суы мол әрі ең ірісі – Бұқтырма өзені. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма сағасынан төменіректе Бұқтырма СЭС-і салынған. Ертіс шатқалында орасан зор бөгет салудың нәтижесінде, ағыс бойымен жоғары қарай ұзындығы 600 км-ге созылған су бөгені бар. Бұқтырма бөгенін көлеміне қарай Үлкен Ертіс теңізі деп атауға болады. Бұқтырма бөгенінен төменде, тау аралығындағы тар шатқалда Ертіс өзенінде екінші бөген-Кіші Ертіс жасалған. Ертістің бұл жердегі суын көтеріп тұрған Өскемен СЭС-інің бөгеті. Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі бөгені орналасқан. Оны Шүлбі СЭС-інің бөгеті бөгеп тұр. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында – Кенді Алтай, сол жағындағы – Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік әрі тік құламалы, кей жерлері жартасты. Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Бұл жерде өзен арнасы ирелеңдеп келеді де, кей жерде тарамдалып кетеді. Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды, олардың ішіндегі ең ірілері-оң жақтан қосылатын Үлбі мен Үбі өзендері және сол жатқан қосылатын шар мен Қызылсу өзендері.
Ертіс аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Салаларының біразы Алтайдың биік тауларынан басталады да, мәңгілік қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады. Басқа салалары жер асты суы, жауын-шашынмен қоректенеді. Ертіс өзенінің деңгейі бүкіл жыл бойы едәуір жоғары болып тұрады. Оның суы сәуір-мамыр айларында және маусымда молаяды. Өскемен мен Семей арасындағы Шүлбі кенті аймағында өзеннің орташа айлық шығыны мамыр айында 2541 м3/сек-қа, ал көп жылдық орташа шығыны кезінде Семей тұсында 960 м3/сек-қа жеткен. Осы ауданда жылдық орта ағын 28 млрд м3 -ден жоғары. Қарашадан сәуірдің ортасына дейін Ертіс қатып жатады. Мұздың қалыңдығы 125 см-ге жетеді. Сең жүру күшті болады да, өзенді кейде сең бөгеп тастайды, соның салдарынан деңгейі көтеріліп, суы тасиды.
Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар және жүк таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін барады. Ертістің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады. Ірі екі СЭС кенді Алтайдың өндіріс орындарына электр қуатын береді. Қазір тағы бір қуатты үшінші- Шүлбі СЭС-інің құрылысы салынып жатыр.
Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан балық, алабұға, қара балық ауланады. Жаңадан көксерке және байкал түркесі өсіріле бастайды.
Ертіс өзені республиканың халық шаруашылығы үшін маңызы ерекше, бірақ мүмкіндігі әлі де жеткілікті пайдаланылмай келеді. Ертіс суының көбі текке Обь өзеніне ағып кетіп жатыр. Сондықтан халық игілігіне жарату мақсатымен суының бір бөлігі Ертіс – Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға әкелінеді. Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ онда су тапшы. Жазда кеуіп қалатын біраз ұсақ өзендер халықтың және шаруашылықтың өсіп келе жатқан талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7 м-ге дейін жететін Ертіс – Қарағанды каналы 1974 жылы іске қосылды. Канал арқылы Ертістен 75 м3/сек су келеді. Каналдың екінші кезеңі Жезқазғанға дейін тартылады. Павлодар, Қарағанды облыстарын сумен қамтамасыз етуде ролі зор. Ертістің сол жақ салалары Есіл мен Тобыл өзендері Қазақстанның солтүстік аймақтарын басып өтіп, Ертіске республика шегінен шыққаннан кейін барып құяды.
Каспий теңізінің алабы. Жайық өзені – Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп каспий теңізіне құяды. Жайықтың ұзындығы 1082 км, республика жеріндегі ұзындығы 2428 км.
Каспий маңы ойпатымен
аққанда Жайық өзені кең
Жайық өзенінен республика
жерінде ондаған суару-
Каспий теңізі алабына Жем өзені де жатады. Бірақ суы мол кезінде болмаса, ол да теңізге жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
Арал теңізінің алабы. Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі ағысында республика жерімен өтеді. Өзен алабында өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Таудағы қар мен мұздықтардың көктем мен жаз мезгілінде еруінен деңгейі бірнеше рет көтеріледі. Орташа жылдық шығыны Қызылорда қаласы тұсында 673 м3 сек, оның жаз бен көктемдегі үлесі 47%. Өзен желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Су лайлылығы 1200 г\м3, Сырдария-республиканың ең лай өзені. Өйткені өзен жолындағы борпылдақ лессті сазды жыныстарды шайып өтіп, ені 10-15 км жайылмалар жасайды. Бұл уақытта өзен арнасынан асып, қатты тасиды. Су жан-жағын басып, арнасын өзгертеді.
Информация о работе Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері