Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:56, дипломная работа

Краткое описание

Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.
І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.
1.1. Қазақстан өзендері.
1.2 Көлдер мен бөгендер
ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.
2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .
2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.
2.3. Жер асты суының типтері.
ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.
3.1. Су ресурстарының сарқылуы.
3.2. Суды ластаудан қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНЫасем.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

          2-кесте. Мұнай қабықшасына сипаттама

Қабықшаның шамамен

 алынған қалыңдығы, 

             мкм

         Қабықша түзуге 

жұмсалатын мұнайдың 

          көлемі, л/км2

Су бетіндегі қабықшаның   

     сыртқы  көрінісі

             0,02

               20

Дара дақтар пайда  болады

             0,038

               38

Беткі қабат күмістей

жарқырайды

             0,075

               75

Беткі қабат күмістей

жарқырайды

             0,15

               150

Көзге түсерлік бірінші  түсті дақ пайда болады

             0,30

               300

Жалтыраған түсті дақтар

түзіледі

             1,0

               1000

Судың беткі қабаты

лайланады

             2,0

               2000

Қара түсті

             5,0

               5000

-“-

             10

               10000

-“-


 

Біздің  республикамызда  балық  шаруашылығы  негізінде  өндіріс  дамыған  аймақтарда  орналасқан, олардан  шыққан  қалдықтардың  көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары, су  қоймаларына, атап  айтқанда, Каспий  теңізіне, Жайық, Ертіс өзендеріне, Бұқтырма  су  қоймасына, Балқаш  көліне  т.б.  су  объектілеріне тасталып  тұрады.

Жылына  гидросфераны  ластайтын  антропогендік  ластағыштардың  жалпы  массасы  15 млрд. Тоннаға  жетіп  отыр. Су  объектілерінің  ішінде  ең  көп  ластанатын  көзге  өзендерді  жатқызуға  болады, себебі  орта  есеппен  олардағы  ластағыштардың  концентрациясы  400 мг/л жетіп отыр.

Қышқылды  жауын-шашынның  немесе  ақаба  сулар  әсерінен  ластану  нәтижесінде  сулы  ортаның  рН  мағынасының  өзгеруі, әсіресе  төмендеуі  алюминий  және  ауыр  металдар  қосылыстарының   ерігіштігін  жоғарылатады, еріген  түрге  айналған  қосылыстар  өсімдіктер мен  организмдерді  уландырады. Содан  кейін  олар  адам  организміне  өтіп  әртүрлі  ауруға  шалдықтырады.

Табиғи  су  қоймаларына  түскен  биогенді  элементтердің  әсерінен  фитопланктондардың, әсіресе  көгілдір-жасыл, жасыл  және  қызыл  балдырлардың, сонымен  қатар  жоғары  сатылы  су  өсімдіктерінің  өсіп  дамуы  өрлейді. Бұл  органикалық  заттар  балдырлар  мен  басқа  да  судағы  өсімдіктердің  массасының  көбеюіне  әкеп  соғады. Аталған  организмдердің  бәрі  аэробты, олар  дем алуға судағы  еріген  оттекті қолданылатындарына  байланысты  оттек мөлшерінің  жетіспеушілігі  пайда болады. Судың тіршілікке  жарамсыз  ортаға  айналуына қарай, онда  жүретін анаэробты прцестер  басым болып шығады. Анаэробты процестер  судың  екінші  ретте  ластануына  әкеледі. Бұл  процесті  эвтрофтану  деп  атайды. Эвтрофтану  дегеніміз  антропогендік  іс-әрекеттер  немесе  табиғи  факторлар  арқылы  биогенді  элементтердің, оның  ішінде, әсіресе  азот  пен  фосфордың  су  көздерінде  жиналып, су  қоймаларының  биологиялық  өнімділігін  арттыруы.

Сулардың  радиоактивті  затармен  ластануы  үлкен  қауіптілік  туғызады. Мысалы, тіршілік  белгісінен  ада  болған  Маңғыстау  жеріндегі  Қошқар  ата  көлі  өлі  көл  деп  аталады, оның  түбінде  радиоактивтілігі  бар  104  млн.  Т  көлеміндегі  өндіріс  қалдықтары  шөгіп  жатыр. Осындай  көп  мөлшерде  қалдықтардың  пайда  болуына  себеп  болған  уран  кенін  өндейтін  химия  кешені  құрамындағы  күкірт  қышқылы  зауыты, химия-гидрометаллургия  зауыты  сияқты  кәсіпорындар. Олар  өздерінің  қалдық  сулары  мен  қоқыстарын  ешбір  залалсыздандырмастан, табиғи  ойпанға  ағызып  отырған. Күннен-күнге  көлдегі  су  деңгейі  төмендеп, жағалау  ашылып, осы  жағдайдың  салдарынан  құрғаған  улы  тозаңдар  желмен  көтеріліп, Ақтау  қаласы  мен  жақын  маңдағы  елді мекендердің, саяжайлардың  жер, әуе  бассейіндерін, теңіз  айдынын  ластап, адамдар  денсаулығына, өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесіне  қатер  төндіру  қауіпі  күшеюде. Аймақта  тыныс жолдары, тері  қабаты, аллергия  т.б.  аурулармен  ауыратын  адамдардың  саны  көбеюде.

 

 

 

                                               Қорытынды

Су  тіршілік  көзі  деп  бекер  айтылмаған. Себебі  алғашқы  тіршілік  судан  басталады. Жердегі  ең  көп  тараған заттың  бірі  су. Кейбір  ғалымдар – егерде  біздер  сулы  алқаптардың барлығын  жеке  өзіндік мұхит ғаламшары деп атасақ  артық болмас  еді дейді. Олай  дейтініміз  суға  деген құрметтің шексіз  екендігінде. Оның  ерекшелігі  құрамы  мен  қасиетінде. Суды  барлық  шаруашылықта  да  қолданады. Жердегі  тіршілік  үшін  де  судың  маңызы  зор. Сусыз  бірде-бір  тірі  организм  өмір  сүре  алмайды.

Су  проблемасы  қазіргі  шақта  біраз  елдердің  экономикалық  дамуына  тежеуші  факторлардың  біріне  айналып отыр. Жыл сайын планетамыздың жер асты  су  қоймалары 160 млрд. м таза  судан  айырылуда. Егер  жағдай  осы  бағытта  кете  беретін  болса, XXI ғасырдың  ішінде  негізгі  стратегиялық  ресурс  мұнай  емес, таза  су  болатынына  күмән жоқ.

Су  ресурстарын қолдану, оның  тазалық жағдайына бақылау жасау, сонымен бірге басқа да  оларға  қатысты мәселелерді шешу  тек ұлттық  мүдде тұрғысынан  ғана  емес, халықаралық бірлесіп  қарастыруды талап етеді. Халық шаруашылығына қажетті су көзі тек адамдар мен жануарлардың ішуі үшін емес, өнеркәсіпті дамытуда, жер суаруда, барлық техникалық процестерді жүзеге асыруда пайдаланылады. Сол сияқты судың энергетикалық қуаты, жылылық көзі, жанға шипа, табиғатты түлетіп жақсарту қасиеттерін ескерсек, шын мәнінде сусыз тіршіліктің мүмкін еместігі дәлелдеуді етпейтіе аксиома. Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Су қорына байланысты әрбір аймақтың климаты да өзгеріп тұрады. Мұны теңіздер мен көлдер деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруіне байқауға болады. Арал теңізінің тартылып бара жатқанына байланысты бұл мекеннің климаттық жағдайы да күрт өзгерді. Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі оның төңірегіндегі жерлердің климаттық жағдайының өзгеруіне әсер етеді. Халық шаруашылығында суды пайдаланудың негізгі екі тәсілі бар. Ол суды пайдалану және суды тұтыну. Бірінші жағдайда су суаттардан алынбайды да шаруашылық мұқтаждығын шешуге пайдаланылады. Суды пайдаланушыларға гидроэнергетика, су транспортты, ауыл және балық шаруашылықтары, т.б. жатады. Суды тұтыну – су суаттардан алынып, оның бір бөлігі технологиялық процестерге пайдаланылып, ал қалған бөлігі қайтарымсыз шығынға ұшырайды. Республикамызда өндірісті сумен жабдықтаудың екі жүйесі бар:

1) тура ағатын;

2) айналма ағатын.

Сумен жабдықталған тура ағатын жүйесі – суды су көздерінен алып, пайдалағаннан кейін және оны  тазалаудан өткізгеннен соң суды суаттарға жіберу, ал сумен айналма  жабдықтау – пайдаланылған суды тазалаудан өткізіп, өндірістік циклдерге  қайыра қолдану болып табылады.

Су ресурстары - өндіргіш күштерді жүйелі орналастыру мен  өндіріс құралы ретінде маңызды  факторлардың бірі болып саналады.

Су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану Қазақстан  үшін өте маңызды фактор. Өйткені  республика бойынша сумен қамтамасыз етілуі деңгейі бір шаршы метрге шаққанда орта есеппен 30 мың текше метрден келеді. Бұл көрсеткіш Украинадан – 4 есе, Ресейден – 3 есе, ал Грузиядан – 30 есе кем.

Республикамыздың сумен  қамтамасыз етілуі әр аудандарда әр түрлі. Мысалы, таулы аудандарда судың мөлшері бір шаршы метрге шаққанда жылына 24-тен 212 мың текше метр аралығында, ал жазықтықтарда 2,3-тен 4,7 мың текше метрден келеді. Республикадағы су ресурстарының негізгі көздері-көлдер. Олардан жылына орта есеппен 100 текше километрден астам су ағады, ал оның жартысына жуығы Қытайдан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден келеді.

Соңғы жылдары республикамызда  су ресурстарын пайдалану мен  оларды қорғауға аса зор мән беріле бастады: негізгі заңдылықтарды, құрылымдары, орналастырылуы, жер асты суларының химиялық құрылымы зерттеледі. Табиғи және пайдаланылған ресурстардың болжамдық карталары жасалды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларынан су ресурстарын пайдалану және оларды қорғауға  байланысты ғылыми негізделген ұсыныстар дайындалады.

Алайда республикамыздағы қолда бар су ресурстары әлі де болса өз дәрежесінде ұтымды пайдаланылмай келеді. Халық шаруашылығында жер үсті суларын пайдалану не бәрі 34-40% құраса, ал жер асты суларын пайдалану 5-10%-дан аспайды. Су мәселесі жөнінде өте қиын жағдай басқа республикалармен шекаралас Сырдария, Орал, Іле, Шу және Талас өзендерінде орын алып отыр. Тек Солтүстік Қазақстанда ғана соңғы 10-15 жыл ішінде көлдердің көлемі 10-12%-ға қысқарған.

Су ресурстарын пайдалану  ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз  байланысты. Су шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының бірлігі ғана суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал су шаруашылығы – бұл су қорын зерттеу, есепке алу, оларды кешенді түұрде пайдалануды жоспарлау болжамдау, жер беті мен жер асты суларын ластаудан сақтау, суды тұтынушыларға жеткізіп бері, т.б. мәселелермен айналысатын халық шаруашылығының бір саласы.

Су ресурстарын пайдаланудың экономикалық дәрежесіне көптеген факторлар  әсер етеді. Мұнда, ең алдымен, ирригациялық жүйелердің техникалық деңгейін, суыру техникасын, суару режимін, т.б. атауға болады. Республика бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар баяу  жүргізіп отыр. Осыған орай мелиорациялық жүйелерді жақсартатын кешенді шаралар дәйекті атқарылуы тиіс. Ол үшін ескі жүйелер қайта құрылып, жаңа жүйелер ішнара жақсартылуы және қосымша жабдықтармен жарақтандырылуы қажет.

Суару жүйелерінің пайдалы  әсер коэффициенті оның жұмысының негізгі  техникалық көрсеткіші болып табылады. Жүйенің пайдалы әсер коэффициентінің  шамасын кемітетін негізгі себептерге мыналар:

• суару каналдарынан судың топыраққа сіңіп кетуі;

• судың гидротехникалық  құрылыстар арқылы пайдалануға берілмеген каналдарға ағып кетуі;

• каналдардың су өткізу қабілетін кемітпеу үшін үйінділер  мен шөптерді дер кезінде тазартып отыру т.б.

• тұрақты каналдардан  жоспарда көрсетілмеген су мөлшерінің әкетілуі жатады.

Суаруға жұмсалатын суды ұтымды пайдалану-суармалы жерлердің  тиімділігін арттырудың үлкен резерві  болып табылады. Дегенмен су ресурстарының  әлі де үнемділікпен пайдаланылмай келе жатқандығы белгілі. Сондықтан жер суаруға пайдаланылатын судың тиімдігін арттыру үшін суару жұмыстарын барлық жерде де суды үнемділікпен пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Жерді суаруға жұмсалатын суды тиімді пайдалану үшін  жаңбырлатқыш машиналардың жәрдемімен суаруды, суарудың басқа да озық әдістерін қолданып, суару жұмыстарын механикаландыруды жеделдеткен жөн. Сол сияқты суару жүйелерінің техникалық дәрежесін арттыру, суару әдістері мен техникасын жетілдіру жұмыстары да су ресурстарын ұтымды пайдаланудың жолдарына жатады.

Жұмсалған су мен шаруашылық қызметінің нәтижесін салыстырғанда, су ресурстарының тиімді пайдаланылуын  қорытындылайтын көрсеткіш-бұл су сыйымдылығы.

Су  сыйымдылығы ұлттық табыс бөлігін алу үшін қанша су ресурстарын жұмсау керек екендігін көрсетеді. Осы көрсеткіштің динамикасы су ресурстарын тиімді пайдаланудың индикаторлық қызметін атқарады. Қазіргі кезде ішкі суларын ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға жетіп отыр. Әсіресе, павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарын сумен қамтамасыз ететін Ертіс өзенінің жағдайы ерекше қауіпті жағдайда. Онда 900 м3 астам су тұтынушылары бар. Өзенге жылма-жыл жалпы судың 60% ағын сулары келіп түседі. Ал осы суды ластаушылар – мыс, цинк қоспаларымен қатар азот нитраттары, т.б. Орал өзенін Ресейдің өндіріс кәсіпорындары ластауда. Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендеріне басқа республикалардан ластанып келген суға өзіміздегі лай, қоқыстар қосылады. Соңғы 40 жылдың  ішінде Арал теңізінің суы бес есе азайды, су деңгейі бір жарым есе төмен түсті. Мұның барлығы Арал өңіріне үлкен зиян келтіріп, экологиялық дағдарысқа ұшыратып отыр. Каспий теңізі суының жоғары көтерілуі және көптеген мұнай кәсіпшіліктерін су басып кетуі жағадағы сулардың ластануына әкеліп соқтырды.

Келтірілген су ресурстарының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиян әсер ететін құрамында химиялық улы заттары бар өндірістің қалдықтары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия зауыттары, мал шаруашылығы өнімдерін-жүн, тері өңдейтін зауыттар, т.б. жатады.

Су қорына аса қауіп-қатер  туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті  металдардың күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, мұнайдың суды ластаудағы зияны  шексіз. Себебі, оның құрамында әр түрлі  зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығына пайдаланудың зияны бұдан бетер. Мысалы,ауыл шаруашылығы дақылдарын ластанған сумен суару, біріншіден олардың шығымдылығына кері әсер етеді, екіншіден адам денсаулығына қауіпті. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топырақта биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың мұнай өнімділігімен ластануы, әсіресе, балық қорына, су асты жәндіктеріне үлкен зиян келтіреді.

Информация о работе Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері