Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:56, дипломная работа

Краткое описание

Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.
І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.
1.1. Қазақстан өзендері.
1.2 Көлдер мен бөгендер
ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.
2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .
2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.
2.3. Жер асты суының типтері.
ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.
3.1. Су ресурстарының сарқылуы.
3.2. Суды ластаудан қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНЫасем.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

 

ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың       ерекшеліктері.

 

2.1. Қазақстанның  су ресурстарын тиімді пайдалану.

 

Қазiргi таңда  əлемнiң көптеген елдерiнде тұщы судың дефицитi байқалып отыр. Бұл жағдай су қорының құрлықтас бiркелкi таралмағандығынан, халық санының өсуiнен жəне өндiрiс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуынан қалыптасып отыр. Жүргiзiлген еесптеулер бойынша, жер шарында суды əртүрлi мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150км3, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км3 алынады. Былайша айтқанда, суды пайдаланудан қоры əлдеқайда көп жəне жеткiлiктi болу керек. Бiрақ табиғи сулардың химиялық құрамына қатты əсер ететiн фактор — адамның шаруашылық əрекетiнiң нəтижесiнде қалалар санының көптеп өсуi суды пайдаланудың ғана емес, сонымен бiрге ағызынды сулардың да өсуiне əкеп соғуда. Ауылшаруашылық жəне өндiрiс орындары ағызынды сулармен бiрге өзендерге суды ластаушы заттарды да ағызады. Нəтижесiнде табиғи суларда ерiген оттегiнiң мөлшерi азайып, органикалық заттардың ыдырау жағдайлары нашарлап, олардың концентрациясы көбейедi. Жер бетiлiк суларға жыл сайын 450 км3 ағызынды сулар ағызылады. Олардың тек қана жартысына жуығы алдын ала тазартылады. Ал табиғи сулар өздерiнiң өздiгiнен тазару қабiлетiн сақтауы үшiн ағызынды сулардың көлемi ондаған есе аз болуы керек. Адамзат қоғамында адамдардың жартысына жуығы судың жетiспеушiлiк проблемасын бастан кешiруде. Құрлықтың 60% шөл жəне жартылай шөл жерлер. Жер шарының осы құрғақшылық аудандарында адамдар ауыз судың өзiнiң тапшылығының қасiретiн тартуда. Осындай сусыз аймақтарға Мексика, Пəкiстан, Иран, Алжир, АҚШ ондаған штаттары жəне т.б. Бұлармен қатар ТМД елдерiнiң кейбiр Орта Азиялық мемлекеттерi. Тұщы судың жетiспеушiлiгi гумидтi деп аталатын ылғал климатты аймақтарда да байқалуда. АҚШ бiрқатар штаттарында, Канадада, Оңтүстiк Американың, Азияның, Африканың тропиктiк аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олардың ластану салдарынан “судың жетiспеушiлiгi” байқалуда. АҚШ халқының 1/7 бөлiгi су тапшылығын бастан кешiруде. Сол сияқты Батыс Европаның бiрқатар мемлекеттерi де осындай жағдайда. Сондықтан бүкiл адамзат қоғамына қауiп 73 төндiрген су жетiспеушiлiгi, барлық елдердiң ғалымдары мен инженерлерiн халықты сумен қамтамасыз етудiң түрлi жолдарын iздестiруге жұмылдыруда. Осы ретте жер астылық суларды зерттеу, пайдалану жолдары қарастырылуда, себебi олардың қоры барлық дерлiк материктерде мол. Айсбергтер суын пайдалану жолдары iздестiрiлуде. Соңғы жылдары ғалымдар ащы суларды тұщыту мəселелерiмен де айналысуда. Бұл үшiн көптеген елдерде суды жұмсартатын станциялар салынуда. Қазiр əлемде 800 ден аса осындай станциялар жұмыс iстейдi, олар күн сайын 1,7 млн м3 тұщы су алады, оның 90% ауыз су ретiнде пайдаланылады.

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады.

Су қоры – халық  байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі  тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен.Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.                               Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.     Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.

  Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.

   Хлор суды қауіпті  бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.

    Суды жекелей  тұтынуда хлордан құтылудың ең  тиімді әдісі – су тазартқыш  (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі  жоқ болса, онда суды бірнеше  сағат тұндырып қою керек, сонда  хлор ұшып кетеді.

   Ағызынды суды  тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.

 Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.

   Су жүйелерін  тазалайтын балықтар да бар  екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.

Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

 

 

2.2. Қазақстан  Республикасының мұздықтары. Көп  жылдық тоң.

 

Қазақстан өзендерінің  негізгі су көздерінің бірі мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мқздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстік шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы – 2033,3 км2. Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен ағындарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры.

Мұздықтардың пайда  болуы үшін, олардың орналасатын  жер бедерінің болуы және жауын– шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптпсатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде – хионосферада (грекше–қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы  қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі.

Қазақстан тауларында қар  сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың  континенттігіне байланысты бірсыпыра  биікте жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань тауларында 3800 м-ден, Алтай тауларында 2600 м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200-400 м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін.

Алтай тауларында қар  сызығының орташа биіктігі солтүстік  беткейде 2300-2800м, оңтүстікте 2500-3000 м, Сауырда 3300 м. Қар сызығы Жоңғар Алатауының солтүстігінде 3300-3500 м, оңтүстік беткейде 3300-3900 м, ал Тянь-Шань тау жүйесінің  солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде ол 3700-3900 м биікте, оңтүстікте 3900-4200 м биікте өтеді.

Мұздықтар тауларда әркелкі  орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жоңғар Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км2. Оның 996 км2 солтүстік беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км2 жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану аудану 89,6 км2-ге жететін 328 мұздықтар бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан.

Таулы бөлікте мұздықтар  типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар:

1. Тегістелген төбе  мұздықтары биік таулар басында  пайда болады, олар Жоңғар Алатауында  жиі кездеседі, басқа тауларда  сирек, бүкіл мұздықтар ауданының  1%-ына тең.

2. Тау беткейлерінің  мұздықтары тік беткейлердің  ойыс жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр.

3. Аңғарлық мұздықтар,  кәдімгі альпі типтес аңғарлық  мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.

Қазақстан мұздықтары әдетте шағын болып келеді, ұзындығы 1-2 км-ден 3-4 км-ге дейін, аудандары да сол шамалы. Мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталады.Қазақстандағы ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 12 км, ауданы 38 км2, мұздың қалыңдығы 300 м-ден шамамен. Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, ал тау беткейлерінің мұздықтары 10-30 м.

Үлкен мұздықтар республиканың  ірі өзендерінің басталатын жерлерінде орналасқан. Сондықтан мұздықтардың суы тау өзендерінің қоректену  көзі. Тау өзендерінің басталар жерінде  суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суынан құралады.

Қазақстанның биік тауларында климат қатал. Қыста мқз бетінің температурасы – 100С төмендейді. Жазда мұздың беткі қабаты еріген кезде температура 00 шамасында болады. Биік таулардың мұндай қатал климаты мұздықтармен жапсарлас жатқан жерлерге де әсерін тигізеді. Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м, Жоңғар Алатауында 2800 м және ТяньШань жоталарында 3000 м биіктікпен өтеді.

Республика мұздықтарының  қазіргі кезде көлемі кішіреюде. Мұздықтар жылына 12-20 м-ге, ауданы 1000 м2 мұз қоры 0,05-0,1%-ға кемуде. Мысалы, орташа алғанда Алтайдың мұздықтары 15-20 м, Жоңғар Алатауында 30-40 м, Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына 30 м-ге дейін шегініп отырады.

 

 

2.3. Жер асты  суының типтері.

 

     Табиғи  ресурстар таусылмайды дейтін  көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Жерден өндіріп алатын қорғасынның, қалайының, мырыштың, мыстың және күмістің қорлары таусылды десе де болады. Оның үстіне, күні кеше ғана таусылмайтындай көрінген, тегін пайдаланылып келген табиғат байлығы тапшылыққа айналды. Мұны әлемдегі тұщы судың азайып бара жатқанынан байқауға болады. Су планетамыздағы табиғи ресурстардың ішінде айрықша орын алады. Белгілі болғандай, жердің беткі қабатының 30%-нен азын құрлық алып жатыр, ал қалған бөлігі әлемдік мұхитқа тиесілі.

     Жер шарында су мол болғанымен, ол Жердің аудандары мен елдер бойынша біркелкі емес. Бұл арада мынана ескеру керек, планетамыздағы жалпы су ресурстарына қатысы бойынша Арктиканың, Гренландияның және Антрактиданың мұздақтарын қоса алғанда тұщы судың қоры өте аз – шамамен 3%. Тұщы сусыз өмір сүрудің мүмкін еместігі бәрімізге белгілі.

     Адамдарға  қанша су қажет? Егер тек  шөл басу үшін қажет болатын  суды ғана ескерсек, онда оған  аз ғана су кетеді екен. Шындығына  келсек, ғалымдардың есептеуінше,  планетадағы барлық өзендерде ағатын бір тәулік ішіндегі ағынды су бүкіл адамзатқа кем дегенде жарты ғасырға жетеді екен. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, әр түрлі елдерде, әсіресе, дамыған елдерде сутартқысы (водозабор) адамдардың санына қарағанда жылдам өсіп келеді. АҚШ-та ғасырдың басынан бері суды тұтыну 8 есеге артқан, ал халықтың саны мұның екі есесіне де жетпей отыр.

     Су тек шөл  басу үшін ғана қажет емес, ол өндіріс үшін де қажет.  Қазіргі технологияның су сыйымдылығы  өте жоғары: 1 тонна құрышты қорыту үшін 250 м су қажет, 1 тонна қағаз өндірісіне 900 м су, 1 тонна капронға – 5600 су кетеді екен. Егер Жердің 1 тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1,2 тоннадан да көп көрсеткішке тең болады екен. Бұл көрсеткіш одан ары өспесе, кемімейді.

Информация о работе Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері