Үндістан — федеративті республика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 09:29, курсовая работа

Краткое описание

Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.
Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбаи), Дели, Ченнаи (Мадрас),Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.

Содержание

• 1 Тілдер
• 2 Әкімшілік бөлу
• 3 Табиғаты
o 3.1 Геология
o 3.2 Климат
o 3.3 Гидрология
o 3.4 Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
• 4 Тарихы
o 4.1 Колониалдық дәуiр
o 4.2 Британдық Үндістан
• 5 Тәуелсіз Үндістан
o 5.1 Қазақстанмен қатынастары
• 6 Экономикасы
• 7 Мәдениеті
o 7.1 Әдебиеті
o 7.2 Өнері
o 7.3 Музыка мен би
o 7.4 Театр мен кино
• 8 Дереккөздер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 1.71 Мб (Скачать файл)

Оңтүстік Америкадағы Амазон өзені-(Рио Амозонас) әлемдегі ең ұзын екі өзеннің бірі.Екіншісі -Африкадағы Ніл өзені.Амазон өзенінің су қоры деңгейі Миссисипи, Ніл және Янцзы өзендерінің су қорын қосқаннан да асып түседі.Амазон суымен суландырылатын жер аумағы да басқа өзен жүйелерімен суландырылатын аймақтардан әлде қайда үлкен. Рио де да плата-негізінде өзен емес,Парана мен Уругвай өзендерінің қосылған жерінде пайда болған саға. [3] О. А. жеріндегі көлқазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.

Топырағы мен өсімдігі


Оңтүстік Америкадағы орман.

Құрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуы мен таралуы ең алдымен ылғалдану дәрежесіне тәуелді. Ұзақ уақыт құрлық жеке дара дамыған, органикалық дүниенің эндемизмі өте жоғары. Флоралық құрамы жағынан құрлықтың көпшілік бөлігі Неотропиктік, қиыр оңтүстік Голантарктикалық әлемге жатады. Неотропиктік әлем бес флоралық облысқа бөлінеді (Кариб, Гвиана, Амазона, Бразилия, Анд) және мезозойдан бері қалыптасқан көп түрлі өсімдіктердің эндемик формалардың көптігімен ерекшеленеді. Қазіргі флора бір кездегі Гондвана құрлығындағы ежелгі қоңыржай флора қалдығы мен неотропиктік флора өкілдерінің араласуынан қалыптасқан. Өсімдік түрлерінің 75%-ы эндемиктерге жатады. Олардың ішінен оңтүстік мәңгі жасыл шамшаты, бал пальмасы, чили араукарийі ерекше көзге түседі. Өсімдік жамылғысының таралуында белдемділік айқын байқалады. Құрлықтың көпшілік бөлігін құрамы мен аумағы жөнінен дүние жүзінде теңдесі жоқ ылғалды тропиктік орман алып жатыр. Орман өте тығыз, тек қана ағаштың 4000-ға жуық түрі бар, ағаштары бірнеше қабатты болып келеді, биіктігі 80 м, кейде 100 м-ге дейін жетеді. Оларға шарап пальмасы, алып сейба, жакаранда, пау-бразил, гуаякан, гевея, хинн ағашы, бразилия жаңғағы, какао, т.б. жатады. Бұл орман лианалар мен эпифиттерге өте бай, әсіресе, әдемі гүл ашатын хош иісті орхидеялардың 5 мыңнан астам түрі бар. Ылғалды тропиктік ормандар түр құрамы онша өзгеріске ұшырамастан 1000 – 1500 м биіктікке дейін көтеріледі. Бразилия таулы үстіртіндегі қызыл ферралитті топырақтағы саванна “кампос” деп аталады. Оның шөптесін бөлігі биік астық тұқымдастардан, бұршақ тұқымдастар мен күрделі гүлділерден, ағаштар қолшатыр тәрізді бөрікбасты мимозадан, кактустен, сүттігеннен құралады. Бразилияның солтүстік-шығысында балауыз беретін карнауба пальмасы өседі. Солт. бөлігінің Ориноко ойпатындағы пальмалы саваннаны “льянос” дейді. Қара шірікке бай, құнарлы саваннаның көп бөлігі кофе ағашы, мақта, банан, какао, маниок сияқты мәдени өсімдіктер өсірілетін плантацияларға айналған. Патагония жері қоңыржай климаттық белдеуге кіреді, оның батыс желдер жолында жатқан Патагония Андысында мәңгі жасыл субантарктикалық ылғалды орман таралған. Сонымен қатар лиана, мүк, қына, ағаш тәрізді папоротник, бамбук, магнолия кездеседі. Патагония үстіртіндегі құрғақ дала мен шөлейт белдемінде сұр-қоңыр тұзды топырақта биік шөптесін және ксерофитті бұталар мен аласа кактус басым өседі. Оңтүстік Америка көптеген бағалы ағаштар мен пайдалы өсімдіктердің отаны болып есептеледі. Оларға картоп, маниок, арахис, ананас, какао, томат, асқабақ сияқты мәдени өсімдіктер мен бромелия, настурция, канна, кактус сияқты бөлме және бақша өсімдіктері нақты дәлел болады.

Жануарлары


Парагвай анакондасы.

Жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен және эндемизм дәрежесінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Орталық Америкамен бірге Неотропиктік фауналық облысқа біріктіріледі. Сүт қоректілерден қалталы тышқандардың 70-тен астам түрі, құмырсқа жегіштің 3 түрі, сауыттылардың 20-дан астам түрі, жалқау аңның 5 түрі, приматтар және ірі жыртқыштардан: қабылан, шибөрі, оцелот, пампа мысығы, пума, көзілдірікті аю, жалды қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Тұяқтылардан тапирдің 3 түрі, пекари, амазона бұғысы кездеседі. Андтың биік бөліктерін терісі өте бағалы аң – шиншилла мен америкалық өркешсіз түйе – ламаның екі түрі (гуанако және викунья) мекендейді. Құстардың 2,5 мыңнан аса түрі бар, оның 90%-ынан астамы эндемиктер. Әсіресе, басқа ешбір жерде кездеспейтін нанду, ара, тинаму, кондор, колибри (500 түрі бар), тукан, гоацин, т.б. бар. Жәндіктер, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар да алуан түрлі. Галапагос аралдарының піл-тасбақалары (салм. 200 кг), анаконда (ұзындығы 11 м), саламандра, аяқсыз амфибиялар, игуана, боа, кайман соған дәлел. Мұнда кездесетін жәндіктердің 5600-ден астам түрінің 3400-ге жуығы эндемиктер. Тірі табиғат байлықтарын қорғау мен сақтау мақсатында Оңтүстік Америкада көптеген экологиялық және биологиялық резерваттар менұлттық саябақтар құрылды.

Зерттелу тарихы


Оңтүстік Американың саяси дамуы.

1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік  Америка жағалауындағы Ориноко  өзенінің атырауы, Пария шығанағы  мен түбегі маңына келіп тоқтаған. Америго Веспуччи қатысқан португал  экспедициясы 1501 – 1502 ж. құрлықтың солт. жағалауымен жүзіп, оның құрлық  екендігін дәлелдеген. 1507 ж. Лотарингия  географы М.Вальдземюллер Веспуччи  құрметіне оңтүстік құрлықты  Америка деп атаған, кейіннен 1541 ж. бұл атау батыстағы екі құрлыққа  да берілді. 1515 жылдың соңында  испандық Х.Д. Солис Оңтүстік Американың  шығыс жағалауын жүзіп өтіп, 1516 ж. Ла-Платаны, кейіннен Уругвай мен  Парана өзендерінің төменгі ағысын  ашты. 1520 ж. Ф.Магеллан басқарған испан экспедициясы Ла-Платадан Патагонияға дейін жүзіп, Патагония (Магеллан) бұғазы арқылы Тынық мұхитына өтті. Құрлықтың Тынық мұхит жағалауын 1522 – 1558 ж. испандықтар ашты. Оңтүстік Америка табиғатының ғылыми тұрғыдан зерттелуі 1735 – 1743 жылдар аралығында жүргізілген француз және испан Экваторлық экспедициясы көмегімен жүзеге асырылды. Ориноко өзені мен Солтүстік-Батыс және Экваторлық Анд тауларында кешенді зерттеу жүргізген неміс ғалымы А.Гумбольдт және француз Э.Бонплан болды. Көрнекті орыс геоботанигі Н.И. Вавилов экспедициясы (1932 – 33) құрлықтың көптеген дәрілік және мәдени өсімдіктерін, олардың таралу аймақтарын анықтады.

Саяси бөлінісі


Оңтүстік Американың саяси картасы 12 егеменді мемлекет пен Франция иелігіндегі Гвиана мемлекеті және Ұлыбритания мен Аргентина иелігіндегі даулы аумақтар болып есептелетін Фолкленд (Мальвин) аралдарынан тұрады. Мемлекеттердің барлығы дерлік құрылымы жағынан – республика, оның ішінде Аргентина, Бразилия мен Венесуэла – федерациялар республикалар. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 100 адамнан артық. Урбандалу дәрежесі өте жоғары, құрлықта 3 ірі агломерация: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Буэнос-Айрес түзілген. Оңтүстік Америка Орталық Америка және Вест-Үндістан елдерімен бірге тілдік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты Латын Америкасы елдері деп аталады. Индустрияландыру деңгейі жөнінен бұл елдер Азия менАфрика елдерінен әлдеқайда алда тұр.

Мемлекет және территориясы

Ауданы (км²)

Халқы 
1 маусым 2008

Халық тығыздығы 
(км²-қа)

Аргентина

2 766 890

40 677 348

14,3

Боливия

1 098 580

8 857 870

8,1

Бразилия

8 514 877

191 908 598

22,0

Венесуэла

912 050

26 414 815

27,8

Гайана

214 970

770 794

3,6

Колумбия

1 138 910

45 013 674

37,7

Парагвай

406 750

6 347 884

15,6

Перу

1 285 220

27 925 628

21,7

Суринам

163 270

438 144

2,7

Уругвай

176 220

3 477 778

19,4

Фолкленд аралдары

12 173

2 967

0,24

Француз Гвианасы

91 000

209 000

2,1

Чили

756 950

16 454 143

21,1

Эквадор

283 560

13 927 650

47,1

Оңтүстік Георгия және Южные Сандвичевы аралдары

3 093

20

0

Барлығы

17 824 513

382 426 293

21,5


 

Тілдік құрамы


Оңтүстік Америка мемлекеттерінің арасында ең көп қолданылатын бірнеше тіл бар. Қолданатын адам санына байланысты Оңтүстік Америкадағы тілдердің орналасу кестесі:

 

Тілі

Адам саны

испан тілі

233.600.108

португал тілі

191.480.630

ағылшын тілі

800.000

голланд тілі

510.000

француз тілі

230.000


Өзбекстан, Өзбекстан Республикасы өз. O‘zbekiston Respublikasi —Орталық Азияда орналасқан мемлекет.

  • Жер аумағы – 447,4 мың км2.

  • Халқы – 24,2 миллион (2004). Негізгі халқы – өзбектер (74,8%), онан басқа орыстар (6%), қазақтар (5,1%)тәжіктер (4,8%), татарлар (2,4%),қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады.

  • Мемлекеттік тілі – өзбек тілі.

  • Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады.

  • Астанасы – Ташкент қаласы (2,1 миллион адам).

1992 жылы 8 желтоқсанда  қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.

  • Ұлттық мерекесі – 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні.

  • Ақша бірлігі – сум.

Мазмұны

 

  [жасыру] 

  • 1 Тарихы

  • 2 Экономикасы

  • 3 Мәдениеті мен өнері

  • 4 Әдебиеті

  • 5 Табиғаты

  • 6 Өнеркәсіп

  • 7 Халқы

  • 8 Дереккөздер

Тарихы


Бұхарадағы Исмоил Сомони кесенесі

Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пенбақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер – Соғды,Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғасырларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттыңжазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады. Б.з.б. 330 – 328 жылдары өлкеге Македонскийшапқыншылық жасады. Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдерде Бактрия, Кушан, Қаңлы мемлекеттері өмір сүрді. 5 ғасырдың ортасында құрылып, түріктердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. 6 ғасырдың ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанаты құрамында болды. 7 ғасырда ел аумағы Батыс түрік қағанатынабағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып, Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орталықтарына айналды. Бірақ 7 ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппай ислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен Мауераннахраймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. 9 ғасырдың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағындаСамани мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зеравшан өңірі барынша дамыды. 10 – 12 ғасырларда ел аумағында Қарахан әулеті,Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті кезек-кезек билікке келді. 12 ғасырдың 2-жартысында Хорезм мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. 13 ғасырда өзбек жері Шыңғысхан империясы құрамына кіріп, ел аумағында Шағатай ұлысы құрылды. 14 ғасырдың 2-жартысында Әмір Темір Мауераннахр жерінде қуатты империя құрды. Оның астанасы – Самарқанд қаласы ірі сауда орталығына айналды. Үндістанмен, Қытаймен, Иранмен және Шығыс Еуропамен арадағы тікелей сауда байланысы елдің экономикалық және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді. Өзбек мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғылым мен өнерсаласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін қуатты империя екіге бөлінді. Мауераннахрды Әмір Темірдің немересіҰлықбек басқарды. Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде танылды. 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басында Орта Азияны Мұхаммед Шайбани ханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көшпелілердің жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде “Өзбек” этнонимі орныға бастады. Шайбани әулеті елдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. Бірақ Сыр бойындағықалалар үшін Қазақ хандығына, сондай-ақ қазіргі Иран, Ауғанстан аумағында құрылған мемл. бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің ыдырауына алып келді. 17 ғасырдың басында Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғасырдың басында Қоқан хандығы құрылды. Хандықтар арасындағы халықты күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәдени тұрмысыәрі қарай дамыды, ирригациялық құрылыстар жетілдірілді, а. ш. жақсарып, жаңа қалалар бой көтерді. 19 ғасырда Ұлыбритания менРесей Орта Азияға, оның ішінде Өзбекстанға да көз тігіп, қордалы шикізат пен пайдалы қазбалар көзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан Ресей Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен дипломатикалық байланыс орнатуға тырысты. Ресей басқыншыларыОрта Азия жеріне басып кіріп, 1876 жылы Түркістан генерал-губернаторлығын (орталығы – Ташкент қаласы) құрды. Қоқан хандығы жойылып, оның аумағы Түркістан генерал-губернаторлығына берілді. Бұхар және Хиуа хандықтарының аумақтары қысқартылып, өздері Ресей боданына айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақта тазалау заттары мен май айыру кәсіпорындары салынды. Орта Азия Ресейдің отарына, оның аграрлы шикізат базасына, өнеркәсіп бұйымдарын өткізу ауданына айналды. 20 ғ-дың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экон. және әскери стратег. мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия,Орынбор-Ташкент т. ж-н сала бастады. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің қоғамдық-саяси өміріне өзгерістер алып келді. “Шура-и-Ислам”, “Шура-и-Улема” ұйымдары, “Жас бұхаралықтар” қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 жылы 28 қарашада Қоқан қаласында құрылған Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясын көп ұзамай большевиктер күшпен таратты. Ташкентте, т.б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлты жұмысшыларын өз жақтарына шығарып алған большевиктер т. ж. бойларында Кеңес үкіметін орнатты және 1918 ж. РКФСР құрамында Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында жергілікті халықтыңқолдауына сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді. 1920 жылы Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армиябөлімдері басмашылар қозғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл Армия тарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924 – 25 жылдары Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды. 1937 жылы қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста болды. 2-дүниежүзілік соғысқа өзбек халқы да белсене араласты. 1991 жылы 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясыелдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.

Информация о работе Үндістан — федеративті республика