Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 09:52, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы – ТМД аумағында мұнай өндіру бойынша екінші орын (Ресейден кейін), газ өндіру бойынша үшінші орын (Ресей мен Түркменстаннан кейін) алатын мұнай державасы.
Мұнайды өндірудің өсімін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оны алу процестерінің техникалық және технологиялық барысын жетілдіру қажет.
Мұндайда мұнай өндірісін дамыту үрдістерінің негізгілерінің бірі елімізде қоры қомақты болып табылатын аномальды қаситтері бар ауыр мұнайды өндіруді ұлғайту болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 216.60 Кб (Скачать файл)

 

4.6 Қоршаған ортаны қауіпсіздендіру және қорғау талаптары

 

Бағдарлама «Мұнай өнеркәсібіндегі  қауіпсіздік  тәртібі», «Жару жұмыстары  кезінде  қауіпсіздендіру бірыңғай тәртіптерінің» талаптарына сәйкес, қолданудағы порох генераторын  пайдалану бойынша ңұсқама мен  техникалық баяндалуына сәйкес орындау  керек.

Жұмысқа жіберілген тұлғалар порох  генераторларымен және жанар-қышқыл құрамымен  жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі бойынша оқудан және тексеруден өту, жұмыс орнында нұсқаулық алыну  керек.

Жанар-қышқыл құрам сыңарлары топтап шығарылған өнім болып табылады. Оларды қолдану бойынша басшылық және сапаны куәлайтын, көрсетілген құжатта  қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс.

Жанар-қышқыл құрам сыңарларын тасымалдау және сақтау кезінде жанғыш заттардың  түйісуінен қашу керек. Жанар-қышқыл құрамының  сыңарларының зауыт орамасында, бөлек, жабық қойма бөлмелерде сақтауға тиіс. Жанар-қышқыл сыңарларының атмосфералық шөгінділерінің түсуін болғызбау.

Жанар-қышқыл құрамының өртке қатынасының  қауіпсіздігі және атмосфералық жағдайларда  жарылыстың әсер етпеуі керек.

Технолгиялық барыс кезінде  отпен жұмыстарды және электрожабдықтардағы жұмыстарды жүргізуге жол бермеу керек.

 Ұрған кезеде жалын беремейтін  құралды пайдалану қажет. 

Қоршағағн ортаны қорғау шараларын  қамтамасыз ету мақсатында кірленген  жабдықты жуу үшін технологиялық  барыста қолданылатын ерітінділер  мен қоспалар, жанар-қышқыл құрамының  қалдықтары мұнай саласының сұраныстары  мен мөлшеріне сәйкес пайдаға  асыру керек.

 Жанар-қышқыл құрамында жаңғыш  және порох генераторларында  зарядтардың өнімдерінде денсаулыққа  улы, зиянды заттардың болмауына  байланысты.

Қысқа уақытта жанар-қышқыл құрамының  ерітінділері коммуникациялары, ысырмалары  80°С дейінгі аспайтын сұйықтықтың температуралық бумен қыздыруға рұқсат етілмейді. Ашық оты бұл мақсатта қолданбау керек, соққылауға тыйым салынады.

Қандай болмасын жанғыш заттардың  жұмыстар жүргізу  жерінде өрт  болған жағдайда РОХП-10 маркалы өртсөндіргіштерді, топырақты, көбікті қолдану керек, соққылауға тыйым салынады.

Мұнайгазайдау кәсіпорындарындағы жер  қойнауларын және қоршаған ортаны қорғау мәселесі осы кәсіпорындарындың  геологиялық қызметінде. 

Қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізу көздері болып қызмет істейтін мұнайгазайдау  өнеркәсібі.

Атмосфераның ластану қауіптілігі  айдау барысында мұнай қалдықтарын  тастаудан пайда болады.

Мұнаймен және мұнайөнімдерімен ластану  жер бетінің тау жынысы физико-химиялық қасиеттерін едәуір өзгертуге алып келеді.

ұнда олардың азот режимі нашарлайды, өсімдіктердің тамырлық қоректендіруі  бұзылады.

Су ыдыстарында мұнай және басқа  улы заттар түскенеде улану қортындыларынан  өсімдіктер және жануарлар әлемнің  жойылуына, сонымен қатар, мұнай  қабыршықтарының су бетінде пайда  болу ізімен оттегі ағынының келмей қалуына  алып келеді.

Жер қойнауларына және қоршаған ортаға зиян келуі мүмкін барлық факторлар  мен ақуалдарды көрсету тәжірибеде мүмкін емес. Геолог үшін табиғатты  қорғау қызметінің қазіргі нормативтік  құжаттарды сұранымды тек орындауға  тірелмеу керек. Жұмыс жасайтын ауданның геологиясын, мұнай және газ кеніштері  құрылымын, айдау және пайдалану  техникасы мен технологиясын, жыныстардың  физика-химиялық қасиеттерін, технологиялық  сұйықтар мен газдар табиғатпен адамның  өзара әсерлесудің барыстарының өзектісін түсіну үшін геологқа қызмет ету керек. Ол өз кезгінде оларды жою  үшін немесе алдын алу тиімді шараларды  сайлау және жер қойнауларына немесе қоршаған ортаға зиян келуі мүмкін болғанда, ақуалдарды өз уақытында  табуы керек. Олар берілген ақуал  мынау немесе көрсетілген тәуелсіз күйде болады.

 

4.7 Техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша ережелері

 

1. Магистралды  мұнай тасымалдау кәсіпорнының  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  қызметі Қазақстан Республикасының  “Қоршаған ортаны қорғау туралы”  заңымен және экологиялық қауіпсіздік  саласында әрекет нормативтік  құжаттармен реттеледі.      

2. Магистралды мұнай  тасымалдау кәсіпорындарында басшылықпен  табиғат қорғау қызметі үшін  жауапты адамдар тағайындалуға  және қажет болған жағдайда, тиісті  қызметтер құрылуға тиіс.

3. Қызметі қоршаған ортаны  қорғаумен байланысты магистралды  мұнай тасымалдау кәсіпорындарының  лауазымды адамдары мен мамандарының қажетті экологиялық жайындығы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерінен білімі болады.                            

4. Экологиялық заңнамаға  сәйкес ММҚ кәсіпорындарының  табиғи қорларды пайдалану кезіндегі  міндеттері:

- қойылатын белгіленген  экологиялық талаптарды, қолданыстағы  стандарттарды, пайдалану, қоршаған  ортаға зиян келтірмеу және  басқа табиғатты пайдаланушылар

- табиғи қорларды тікелей  мақсатында және оларды беру  шарттарына сәйкес пайдалану;

- шаруашылық және басқа  қызметке қоршаған ортаның техникалық  шартары мен сапалық нормативтерін  сақтау;

- берілген табиғи қорларды  үнемдіының бұзылуына жол бермеу;             

- берілген тәртіппен  қоршаған ортаны қорғау және  табиғи қорларды жетілдіру жөніндегі  шараларды жүргізу;

- табиғи қорларды пайдалануға,  қоршаған ортаның ластануына  және табиғи қорларды жетілдіруге  белгіленген төлемдерді дер кезінде  төлеп отыру;

- қоршаған ортаны қорғау  саласындағы мемлекеттік бақылауды  жүзеге асыратын органдардың  талап етуі бойынша қажетті  ақпратты беру;

Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да   талаптарды орындау.

5. ММҚ кәсіпорындары  мыналар үшін лицензия ресімдеуі  тиіс:

- заңнамаға сәйке,с табиғи қорларды пайдалану;

-  ластаушы заттарды  қоршаған ортаға шығару және  тастауды жүзеге асыру;

- өндіріс және тұтыну  қалдықтарын көму және сақтау. 

Табиғи қорларды пайдалану  және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  қызметті лицензиялау арнайы уәкілдік берілген органдар арқылы заңнамамен реттелетін тәртіпте жүзеге асырылады.

6. Мұнайды магистральді  тасымалдайтын құбыр арқылы тасымалдайтын  кәсіпорындар табиғатты пайдалануға  рұқсат ресімдеуі тиіс.

Табиғатты пайдалануға  берілген рұқсат келесілерді қамтиды: табиғи қорларды пайдалану құқығы және қоршаған ортаға әсер етуді бағалау; берілген қызмет түрі жүзеге асырылуға  тиіс жағдайлар;табиғи қорларды пайдаланудың төлем мерзімсдері, көлемі; рұқсатта көрсетілген талаптар мен шарттардың сақталмағандығы үшін жауапкершілік.

Рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар арқылы заңнамамен белгіленген тәртіпте беріледі.

7. ММҚ кәсіпорындарында  қоршаған ортаның өндірістік  мониторингісін жүргізу ұйымдастырылуға,  ол мыналарды қамтамасыз етуге  тиіс:

- жүзеге асырылатын шаруашылық  қызметтің қоршаған ортаға әсер  етуі туралы есеп беру және  есептеме;

- өндірістік мониторинг  үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарының  стандарттау мен метрология талаптарына  сәйкес келуі;

- өндірістік мониторинг  деректері мен қоршаған ортаға  әсер ету туралы есептемені  Қазақстан Республикасының қоршаған  ортаны қорғау саласында арнайы  уәкілдік берілген атқарушы органдарына  дер кезінде табыс ету.

8. ММҚ кәсіпорындары  жыл сайын қоршаған ортаны  қорғау туралы бағдарлама (шара) әзірлеуге тиіс. Экологиялық бағдарламаларды  әзірлеуге және оларды қаржыландыру  тәртібі Қазақстан Республикасы  заңнамалық және нормативтік  құжаттарына сәйкес анықталады.

9. Қызметтің экологиялық  қауіпті түрлерімен айналысатын  мұнайды магистральдік тасымалдау  кәсіпорындарына заңнамамен белгіленген  тәртіппен міндетті экологиялық  сақтандыруға жатқызылады.

10. МЕМСТ 17.00.04 талаптарына  сәйкес ММҚ объектілері үшін  экологиялық паспорттар әзірленуге  тиіс.

11. ММҚ кәсіпорындарында  ластаушы заттарды, өндіріс қалдықтарын  шығару және тастау көздеріне  мұқаммалдау жүргізуді, сондай-ақ  жол берілетін шектегі тасталындылар  мен қашыртқылар, қалдықтардың  түзілу нормативтерін әзірлеуді  экологиялық заңнамамен және  нормативтік құжаттамамен белгіленген  тәртіпте қамтамасыз етуге тиіс.

12. Экологияға әсерін  тигізетін мұнайды магистральді  құбыр арқылы тасымалдаушы кәсіпорындар  үшін бұл объектілердің қоршаған  ортаға ықтимал әсер етуін  бағалаусыз (ҚОӘБ) жобалар әзірлеуге  тыйым салынады.

Қоршаған ортаға әсер етуді  бағалау нәтижелері жоба алдындағы  және жобалық материалдың бөлінбес бөлшегі болып табылатын құжат  түрінде ресімделеді.

Қоршаған ортаға әсер етуге  баға беруді жүргізудің тәртібі нормативтік  құжаттама талптарымен анықталады.

13. ММҚ объектілерін салу  және қайта құру жобалары “Қоршаған  табиғи ортаны қорғау”тарауын  қамтуға тиіс.

14. Магистральді мұнай  құбырлары объектілерімен ғимараттарын  салу және қайта құру мемлекеттік  экологиялық сараптаманың жобалық  құжаттамаға оң қорытындысы бар  болған жағдайда және қоршаған  орта сапасының нормативтеріне  сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

15. Мұнай магистральді  құбыр арқылы тасымалдайтын объектілер  мен ғимараттарды пайдалануға  енгізу жобамен, қоршаған ортаны  қорғау саласында арнайы уәкілдік  берілген мемлекеттік органдардың  қатысуымен құрылатын қабылдау  комиссияларының кесімдерімен көзделген  барлық экологиялық талаптар  толық көлемде орындалған жағдайда  жүргізіледі.

16. Мұнайды магистральдік  тасымалдау кәсіпорындарында қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар  мен шаралардың орындалуын тексеруді  көздейтін қоршаған ортаны қорғау  саласындағы өндірістік бақылау,  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  заңнаманы,оның сапасының нормативтерін  және басқа экологиялық талаптарды  сақтау жүзеге асырылуға тиіс.

Өндірістік бақылау заңнамамен бекітілген тәртіппен әзірленген және бекітілген қағидалар негізінде  жүзеге асырылады.

17. ММҚ объектілерін пайдалану,  техникалық күтім жасау және  жөндеу бойынша барлық жұмыс  түрлерін жүргізу кезінде табиғатты  қорғау заңнамасының, қолданыстағы  стандарттардың, нормалар мен ережелердің  талаптарын орындау қамтамасыз  етілуге тиіс.

18. ММҚ кәсіпорындары  апаттардың алдын алу және  апаттардың ықтимал зардаптарының  қоршаған ортаға әсер етуін  төмендету жөнінде шаралар әзірлеуге  және орындауға тиіс.

19. ММҚ объектілеріне  қазіргі заманғы табиғатты қорғау  ғимараттары, қондырғылары, жабдықтары  енгізілуге және қолданыстағы  нормативтік құжаттардың талаптарына  сәйкес келетін техникалық күйде  ұсталып тұруға тиіс.

20. ММҚ кәсіпорындары  табиғи қорларды пайдалану төлемін,  қоршаған ортаның ластанғаны (тасталындылар,қашыртқылар,  қалдықтарды орналастыру) үшін, сондай-ақ  қоршаған ортаның белгіленген  лимиттерден артық ластанғаны  үшін төлемді заңнамамен белгіленген  тәртіппен дер кезінде енгізіп  отыруға міндетті.

21. ММҚ объектілерінде  жұмыс жүргізетін мердігерлер  өздері орындайтын жұмыс түрлеріне  тиісті лицензияға ие болуға  және қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі талаптарды сақтауға  тиіс.

22. Мұнайды магистральді  құбыр арқылы тасымалдайтын кәсіпорындардың  қоршаған ортаны қорғау туралы  заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі  лауазымды адамдарды Қазақстан  Республикасы заңнамасына сәйкес  жауапкершілікте болады.

 

4.8 Жабдықтарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі

 

Пайдалану барысында манометрдің  орнында және жөндеуден өткендігін және басқа бақылау-өлшеуіш аспаптардың  жүйелі бақылау ұйымдастырылады, сағалық  арматураның жөнлелгендігін жұмысшы  аудандарын және басқыштардың жағдайларын  бақылауда қамтамасыз етеді. Ашылған  жетіспеушіліктер өз уақытында жойылады. Штуцерді ауыстыру, сонымен қатар, басқа  жөндеу жұмыстары (мұнай және газдың шығуын жою) заттардың қысымының  төмендеуінен кейін өткізіледі.

Мұнайды өндірудің сораптық тәсілі ең кең таралған. Осы тәсілді  пайдаланған қотаруда қызмет істеу  негізіндегі жұмыс істейтіндердің жарақаттану қауіптілігі станок-тербегіштердің қозғалатын бөліктердің бөлуі, техникалық жағдайларын тексеру бойынша  әртүрлі операцияларды орындау  қажеттігі жұмыс тәртібінің өзгеруі  және жер үсті жабдығын жөндеумен  байланысты, осындай операциялар  санына мыналар жатады. Мысалы сынатүрдегі  белдіктерді ауытыру жұмыстары, арқан алқаны қондыру, станок-тербегіштердің тербелу тербегіштерінің саны, сонымен  қатар, редуктордың тербелу станок-тербегіштердің басқа бөліктерін ауыстыру.

Белгілі қауіптілік сағалық  арматураның қызмет істеу кезінде  сальниктік тығыздаушы тығын, сұйық  шығатын құбыр желісін қосу және айырып тастау және шыңдалған штокты ауыстыру, күш өлшегішпен өлшеу және басқа жұмыстарда пайда болуы мүмкін. Қызмет етуші тұлғалардың жарақаттануы станок-тербегіштердің электрожабдығына қызмет ету кезеңінде болуы мүмкін.

Өз конструкциясы бойынша  станок-тербегіштер белгілі талаптарды, оларды жұмыста беріктігін қамтамасыз ету мен операциялар орыны  қауіпсіздігін бағыттауды қанағаттандыру қажет. Станок-тербегіштердің берік  жұмысының жағдайына, жоғары және төмен  жүру кезінде қозғалтқышқа салмақты теңбе-тең тарту үшін теңбе-тең  жүйенің болуына байланысты. Бұл  тербеу құйрығындағы теңбе-теңдікті орнату немесе станок-тербегіштің бүктемесіндежетілді.

Информация о работе Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды