Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:37, курсовая работа
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі - лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі.
Кіріспе...................................................................................................
I. Лизингтің теориялық негіздері....................................................
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы.......................................
1.2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері......................
1.3. Лизингтік қатынастарды нормативтік құқықтық реттеу.......
II. «Алекс» ЖШС -ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау....................................................
2.1. Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау....
2.2. «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау........................
III ..Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары......................................................................
3.1Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар.....................................................................................
Қорытынды..................................................................................
Пайдаланған әдебиет көздері...................................................
Қосымшалар................................................................................
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Лизингтің теориялық негіздері»
Курстық жұмыс
орындаған:
тексерген:
Мазмұны
Кіріспе.......................
I. Лизингтің теориялық негіздері.....................
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен
маңызы........................
1.2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік
белгілері.....................
1.3. Лизингтік қатынастарды нормативтік құқықтық реттеу.......
II. «Алекс» ЖШС -ң
шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану
тиімділігін талдау........................
2.1. Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау....
2.2. «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау........................
III ..Кәсіпорынның қызметін
дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды
жетілдіру жолдары.......................
3.1Лизингті пайдалану бойынша
ұсыныстар.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиет көздері.......................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселелердің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда - лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі - лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі. Өндірісте жоғары ғылыми техникалық құрал жабдықтарды негізге ала отырып, шығаратын өнім сапасын , оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында, отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың өндірген өнімдері, халықаралық сапа талаптарына жоғары бәсекеге төтеп беруі қажет. Міне бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы - лизинг арқылы шешуге болады.
Еліміздегі лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Ол бір жағынан лизингтік компания өз қызметін жандандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс бастылық мәселелерін шешсе, екінші жағынан лизинг беруші компаниялардың қызметін пайдалану арқылы, еліміздің көптеген кәсіпорындары өз құрал жабдықтарын жаңартуға және сол арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік алды.
Лизингке әр түрлі салықтық жеңілдіктер жасалған. Лизинг беруші мен импортталған негізгі құрал мүліктері қаржы лизингі үшін, және оны лизинг алушыға жалға беру, қосымша құн салығынан босатылады. Лизинг алушы өзіне қажетті құрал жабдықтарды біршама арзан бағамен импорттауға мүмкіндік алды. Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей Қазақстан Республикасында Үкіметімен бекітілген. Сондай-ақ лизинг бойынша сыйақы да қосымша құн салығынан босатылады.
Лизингік қатынас дамыған және дамушы елдерде қолдану аясы кеңейуде. АҚШ және Европа елдеріндегі лизинг ең тиімді, жоғары икемді қаржы механизмі ретінде қарастырылады. Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда .
Лизинг қосымша қасиеттерінің артықшылығы бұрынғы Аристотель кезінде де мойындалған, яғни оның айтуы бойынша : «Байлық пайдаланудан құралады, оған меншік құқығынан емес » , басқаша айтқанда пайда табу үшін міндетті түрде меншігінде болуы қажет емес, тек пайдалну құқығы болуы қажет. Ал пайдалану құқығы - бұл лизингтің басты қасиетінің бірі .
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өнеркәсіптік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойды. Олар жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену, төлемдердің уақтылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарылануынан өткізу нарығының қысқаруы, шикізат материалдарды жабдықтаушыларды іздеудегі қиындықтар және қаржы ресурсатарының шектеулілігі. Мұндай жағдайда кәсіпорындардың өміршеңдігін сақтап қалу мақсатында мынадай қасиеттерге ие болуы керек: жоғары икемділік, ассортиментінің тез өзгеру қабілеттілігі. Қазақстан нарықтық экономикаға өте дағдарысты жағдайда өтті. Яғни , олар инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, бағаның өсуі және инфляцияның жоғары қарқыны, өндіріс көлемінің төлемдері, сондай- ақ сауда экономикалық байланыстың үзілуі.
Ең басты мәселелердің бірі, негізгі құралдардың физикалық, моральдік тұрғыдан тозуы, оның ішінде Қазақстанның басты салаларындағы негізгі құралдардың тозуы. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шет елден жаңа техникамен жарақтануға мүдделі болып отыр. Жоғары сапалы,
бәсеке қабілетті өнім шығаруға техникалық құрал жабдықтары ескірген. Кәсіпорндар да оны жаңартуға қаржы тапшылығын сезінуде.
Бұл мәселердің ең тиімді жолдарының бірі лизинг болып табылады. Экономикамыздың барлық салаларында физикалык- моральдік тозған негізгі құралдарды тез арада жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық Қаржы корпорациясының қабылдаған «Лизингті дамыту» бағдарламасының негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін шешуде лизинг маңызды роль ойнайды.
1.Лизингттің теориялық негіздері
1.1. Лизинг түсінігінің мәні мен маңызы
«Лизинг» түсінігі шет ел және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады . Лизинг мәнін дұрыс түсінбеудің арқасында және әр түрлі көз қарастар мен тұжырымдар лизингтік қатынас жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Лизингтің қаржы-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Жобамен қазіргі экономикалық, қаржылық әдебиеттерде 100-ден астам анықтамалары бар. Ол анықтамаларды талдай отырып, біз лизингті тар және кең мағынада түсіндіре аламыз, келесі белгілеріне сүйеніп: лизинг келісім шарттарының экономикалық-құқықтық мазмұны, келісім мерзімі, лизинг келісімінің обькетілер шеңбері, келісім шартқа қатысушылардың саны мен құрамы .
Лизингтік қызмет біздің елде инвестициялық қызметтің бір түрі болып саналады, яғни негізгі құралдарды сатып алып, оны лизингке беру. Басқаша айтқанда лизинг- бұл лизинг беруші тарапынан уақытша бос қаржысын лизинг алушы эканомикасына салу, яағни инвестициалау болып табылады . Келісім шарта көрсетілген негізгі құралдарды лизинг беруші сатушыдан сатып алып, оны лизинг алушыға құнын айлап өтеу негізінде пайдалану құқығы мен кәсіпкерлік мақсатына қолдануға беріледі. Лизинг беруші негізгі құралдарды сатып ала отырып , сол құралдардың болашақта лизинг алушымен пайдалануын қаржыландырады, ал сосын өз шығындарын лизингтік төлемдер арқылы толтырып отырады. Нәтижесінде лизинг берушінің инвестициялық қызметі негізінде лизинг алушының негізгі құралдар құрамы толығады .
Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік қызмет инвестициялық бағытталғандығымен сипатталады. Лизинг механизмінің мәнін түсінуде әр елде түрліше өзгешліктер бар. Көп жағдайда лизингті аренда түрінде түсінеді немесе құрал-жабдықтың ,көлік құралдарының, өндіріс обьектілерінің ұзақ мерзімді арендасы ретінде түсінеді. Бұлай лизингке анықтама беру оның мән мағынасын толық ашпайды. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан ерекшеленеді. Лизинг алушы - бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана емес, сонымен бірге меншік құқығымен байланысты міндеттер жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер, оларды сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына меншік құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы арендатор сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндеттерінен босатпайды. Сонымен бірге арендаға алғанда екі жақты келісім шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі немесе оданда көп жақты келісім шарт жасалады. (№1-2 сызба )
Экономикалық қарым-қатынаста лизингті көп жағдайда қаржылық операция түрінде қарастырып, қор салымының бір түрі деп түсінеді. Кез келген лизинг келісімінің негізгі өзегі -қаржылық, несиелік операциялар болып табылады.
1-сызба. Аренда келісім -шартының сызбасы
Аренда
беруші
2 -сызба. Лизинг келісімінің сызбасы
Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші аренда келісімі Лизинг алушы
«Лизинг» термині ағылшынның «to leasе» деген етістігінен шыққан , мағынасы «арендаға алу». Лизинг терминінің көптеген анықтамасы бар, бірақ ол анықтамалардың барлығы лизинг формаларын толық сипаттай алмайды. Лизинг қаржы - коммерциялық , құқықтық, техникалық аспектілерге ие.
Әртүрлі саладағы мамандар ( юристтер, коммерсанттар мен кәсіпкерлер, маркетолог, банкир, сыртқы экономикалық сала қызметкерлері ) лизингті инвестициялық - банктік немесе аренделық кейде іскерлік қызметке жатқызады .
Лизинг- іскелік қарымқатынастың бір түрі, өйткені лизинг шаруашылық тәжрибеге нақты енген өнім өткізудің, инвестициялаудың басты формасы. Мұндай тар және біржақты анықтамалар мен лизинг- бұл аренда , қаржыландыру, несиелеу, тауар өткізу лизингтің көп жақты табиғаты мынадай жаңа жұптардың құрылуына себепші болып отыр. Олар: лизинг -несие , несие -аренда, аренда -сату, лизинг -сатып алу , жалдау -сатып алу, сату -қарсы лизинг, сатып алу- лизнг.
Сондықтан кейбір жағдайда лизинг сауда - қаржылық немесе қаржылық - экономикалық операция ретінде жүреді. Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің «Еуропадағы бизнесті қалай жасау керек» деген кітабында мынадай сұрақ қойған: «Лизинг - аренда келісім шарты ма, әлде несие келісімі ме?» - жауап: «Жалпы лизинг ерекше келісім, жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды.»
Е. Кабатов, Е. Чермаков, В. Перов сияқты «Лизинг» түсінігін кеңінен талқылаушылардың көзқарасы бойынша, лизинг - бұл күрделі, кешенді келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе одан да көп келісімдер қамтылады ( сату -сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері) .
Е.Чермаковтың тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру - лизинг мәнінің өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату - сатып алу қатынастары атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг - қаржылық операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір уақытқа қайтару негізінде арендаға алатын болсақ, онда біз оны негізгі құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.
Өз қаржылық ресурстарын пайдалану мен банктік несиенің баламасы ретінде, лизинг - капиталға салымды қаржыландырудың өзіндік ерекше формасы болып табылады. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынға бірденнен көп қаржылық шығындалмай ақ қажетті мүлікті сатып алуға және негізгі құралдарды үздіксіз жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шет елдік тәжрибе мен теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз.
Жіктемелік белгілеріне жататындар:
Қазқстан заңдық актілеріне сәйкес лизингтің негізгі екі түрі көрсетілген: ішкі және халқаралық.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші және алушы, сатушы (жабдықтаушы) ҚР резиденттері болуы керек. Ішкі лизинг ҚР заңымен реттеледі. Халықаралық лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе алушы ҚР бейрезиденті болуы мүмкін.
Егер, лизинг беруші ҚР резиденті болса, онда лизинг заты ҚР резидентінің меншігі болып саналып, лизинг келісім шарт ҚР заңнамасымен реттеледі. Ал керісінше жағдайда халықаралық келісім шарт сыртқы экономикалық қызмет аясында реттеледі.
Қазіргі ауқытта дамыған елдердің шаруашылық тәжрибесінде лизингтің көптеген түрлері қолданылады. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Кеңінен тарағандары:
Аталған келісімдердің барлығы лизингтің негізгі екі формасының түрлері болып саналады, олар: оперативті және қаржылық. ҚР « Қаржылық лизинг» туралы заңына сәйкес лизингтің негізгі үш түрі көрсетілген, оперативті, қаржылық, қайтарымды (мәні бойынша қаржылық лизинг бір түрі болып табылады). Аталған лизинг түрлерінің кең тараған түрлерін қарастырып өтейік.
I.Оперативті лизинг - бұл ағымдағы аренда келісімі, әдетте мұндай келісім мерзімі, алынған мүліктің амортизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан келісім бойынша белгіленген арендалық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті лизингтің негізгі ерекшелігі - лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағы да басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік деп атайды.