Лизингтің теориялық негңздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:37, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі - лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
I. Лизингтің теориялық негіздері....................................................
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы.......................................
1.2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері......................
1.3. Лизингтік қатынастарды нормативтік құқықтық реттеу.......
II. «Алекс» ЖШС -ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау....................................................
2.1. Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау....
2.2. «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау........................
III ..Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары......................................................................
3.1Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар.....................................................................................
Қорытынды..................................................................................
Пайдаланған әдебиет көздері...................................................
Қосымшалар................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Лизингтің теориялық негіздері 43 бет.doc

— 1.40 Мб (Скачать файл)

меншіктік  капиталдың

    орташа  құны

      

 

 

 

291787

       2003ж =           х 100 = 18

1607343,5

 

        

                                296563

       2004ж =               х  100 =16

                                1791200

 

6-кесте. «Алекс» ЖШС-ң  рентабельдiлiк кәрсеткiштерi

Көрсеткіштер

Ауытқу

2003жыл

2004жыл

1

Кәсіпорын  мүлкінің  рентабельділігі

-20,0

36,0

16,0

2

Меншікті  капиталдың  рентабельділігі

-2,0

18,0

16,0


1-ші  көрсеткіш - кәсіпорын  мүлкінің   рентабельділгі.   Ол кәсіпорын  рентабельділігі  деңгейін  көрсетеді.  Базалық  жылы  ол  36%-ды  құраса,  есепті   2004  жылы  16%-ға  дейін  төмендеп  отыр. 

         2-ші  көрсеткіш -меншікті капиталдың  рентабельділігі.  Ол  кәсіпорынның  рентабельділігін  бағалау  көрсеткіші.  Ол  2003 жылы  18%-ды  құрады,  ал  2004  жылы  2%-ға  төмендеп,  16%-ды  құрап  отыр.   Кәсіпорынның  төлем  қабілеттігігі  көрсеткіштері  кәсіпорынның  нақты  бір  уақытта  несие  берушілермен  өзінің  қаражат  көмегімен  қысқа  мерзімде  өтеу  мүмкіндігін  сипаттайды.  Қаржылық  тұрақтылық  көрсеткіштері  тартылған  капиталдың   дәрежесін  көрсетеді.            

 

3. Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары

 

3.1.   Лизингті пайдалану  бойынша ұсыныстар

 

 

Жасыратыны жоқ, әсіресе ауылдағы ағайынның шаруаны өрге бастыра алмай, «Былай тартсаң арба сынып, былай тартсаң - өгіз өліп» дегендей, дінкесі құрығанына да біраз уақыт болды. Нарық қыспағына  тіркелген шаруа қожалықтардың күні сонау кеңес заманынан мұраға қалған жамау -жасқаулы ескі тракторлар мен комбайындарға қарап қалды. Бірқатар шаруалардың тек айыр мен күрекке сүйеніп қалғандары да бар. Ал, жаңасын сатып алуға кедейшілік шаужайдан тартып, қия бастырмайды. Банктен несие алайын десе, кепілге қояр жөні түзу мүлкі жоқ.

Бұл тек ауыл шаруашылығы құрылымдарының басындағы ғана жағдай емес. Жалпы алғанда, республикадағы өндіріс орындарының орта есеппен алғанда 60-80 % негізгі қорлары азып тозып кетті.

Бұл арада, лизингтің ең басты артықшылығы: лизинг ұсынатын компания кәсіпкерге пайдалануға берген мүліктің меншік құқығын қанағат тұтады. Яғни, сіздің шаруашылық жүргізу үшін құрал жабдық сатып алуыңызға өндіріс жабдықтары қажет. Ал оны сатып алуға қаржыңыз жетіспейді. Сіз лизинг компаниясына барасыз да, лизинг беруші мен шартқа отырып, алатын жабдығыңыздың құнының 20-30% төлейсіз, алған жабдығыңыздың не техникаңыздың қалған құнын келісімді өсім пайызымы мен бірнеше жыл ішінде бірте-бірте төлеп құтыласыз. Міне, содан кейін лизинг беруші мен есептескеннен соң, жабдық өзіңіздің меншігіңізге айналады.

Қазақстанда лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Соның ішінде лизингтік мәселелердің негізгі үлесі мемлекеттің 100% қатысуы мен «Казагрофинанс» лизинг компаниясына тиеді. Ол ауылдағы әлеуметтік өзекті мәелелерді шешу үшін Қазақстаннның агро азық-түлік бағдарламасының шеңберінде Үкіметтің бастамасы мен құрылған болатын. Коммерциялық банктер лизингі мен өздерінің арнайы құрылған еншілес компаниялары арқылы айналысуды лайық көреді. Бүгінгі таңда республикамызда 20-ға тарта лизинг компаниялары жұмыс істейді, оның   8-і                  

жергілікті банктердің еншілес компнииялары, олардың еліміздегі жалпы лизинг көлеміндегі үлесі 51% , ал 26% -ы «Казагрофинанс» лизинг компаниясының үлесінде.

2003 жылы Қазақстандағы жалпы инвестицицялар көлеміндегі лизинг үлесі 1% төңірегінде болды. Бұл, әлі болса тым аз, дегенмен 2003 жылдың көрсеткіші мен салыстырғанда 4 есе ұлғайған өсім бар.

Лизингілер мемлекеттің  қолдауымен, негізінен ауыл шаруашылығы құрылымдарына трокторлар мен комбайынарды, басқа ауыл шаруашылығы  құрал жабдықтарын сатып алуға көптеп беріле бастады. Оның мерзімі де инвестицияның бұл түрін пайдаланушылар үшін, едәір жеңілдіктер берілді. Атап айтқанда, үш жылдан 7 жылға дейін алуға болады. Лизингіге берілген мүліктердің жалпы құрылымында жол құрылыс техникасы екінші орын алады. Оның себебі, республикамызда жолдарды жақсарту жөніндегі ірі бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағандағыжәне «Астана- жаңа қала» еркін экономикалық аймақ шегіндегі құрылыстың қарышты дамуы.

Соңғы жылдар кәсіпкерлік лизингтің пайдасы мен артықшылықтарын түсіне бастады. Оған 2002 жылы -291, ал 2003 жылы 722 лизингі жасалғаны дәлел. Өткен жылы лизингтік мәмілелердің  орта мөлшері 169 мың долларды құрады. 2004 жылдың тоғыз айында лизингке берілген мүліктердің 47 пайызын ауыл шаруашылық техникасы құрады. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 пайызын «Казагрофинанс» акционерлік қоғамы  беріп отыр. International Finance Corporation (IFC) мамандарының мәліметтері бойынша, 2003 жылы лизинг көлемі 85 миллион долларға жетті. Ал биыл бұл цифр дәлелделген мәліметтер бойынша 257 миллион долларға жетеді деп болжанып жатыр.

Бұдан бес жыл бұрын ауыл шаруашылығында лизинг агробизнестің  ажырамас бөлігіне айналатындығын ешкім тап басып айта алмас еді. «Казагрофинанстың» қолдауымен фермерлерге төрт пайызға дейінгі жылдық өсіммен үш жылдан жеті жылға дейін ауыл шаруашылығы техникалары берілді. «казагрофинанстың» лизиннгісінің бел көтере алатындай арзан болуы мемлекеттің қолдау көрсетуінің арқасында болып отыр. Бюджеттік көтермелеудің нәтижесінде республикамыздың 700-ден астам шаруа қожалықтары 5,3 мыңнан астам агротехникаларға ие болды. «Казагрофинанс» қол жеткенді баянды ете отырып, енді өнімді өңдеп ұқсататын кәсіпорындарға лизингтік қолдау көрсетпекші.

Лизингтің артықшылықтарын шығыс қазақстандық фермерлер бағалай білді. Үкіметтің ауылды өркендетуге бөлген  3,5 млрд. теңгеден астамын олар лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға  жұмсады. Осы жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылы (2000 жылы) олар небәрі 10 миллион теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартқан болса, биыл неғұрлым қымбат тұратын техникаларға тапсырыс берді. Төрт жылдың ішінде лизинг бойынша алынған техникалар бойынша  бірде бір шағым түске жоқ. «Казагрофинанстың »  Шығыс Қазақстандық филиалы да олардың өтініштерін ескере отырып, лизинг бойынша төлем мерзімін 8 жылға дейін ұзартты. Несиелік лизингтің пайыз өсімі 3-4 пайыз шамасында. Ал келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жабдықтарға  сұраныс ұлғаймақ . Филиал директорыны Тимур Сапарғалиевтың айтуынша  2005  жылы қожалықтардың тапсырыстар портфелі милиард теңгеден асып түсетін болады .

2005 жылы республика бюджетінінен лизинг бағдарламасы боынша мал шаруашылығы кәсіпорындарына технологиялық жабдықтарсатып алуға 500 миллион теңге қаржы бөлінбек. Бағдарламаны жүзеге асыратын оператор «Казагрофинанс» лизинг компаниясы ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің   мал шаруашылығы департаментінің директоры Совет Сәтіғұлдың айтуынша, мұндай шара Қазақстандағы орта және ірі тауарлы мал шаруашылығын  дамытуға ықпал ететін болады, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындардың технологиялық жарақтануын едәуір жақсартады. Лизингті дамыту  бағдарламасы бойынша жабдықтар сатып алуға әр түрлі бағыттағы мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары тапсырыс бере алады. С. Сәтіғұлдың хабарлауы бойынша, 2004 жылы еліміздің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары лизинг бағдарламасы бойынша 400 млн. тенгеге жуық қаржыға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

Соңғы жылдары осы бағдарламаны жүзеге асыру жолында бірқатар заңнамалық шаралар жүзеге асырылды. Айталық, «Қаржылық лизинг туралы» ҚР заңына түзетулер негізді, лизинг берушілер қосымша құн салығынан босатылды.

«БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамының 2002 жылдың қаңтарынан бері өз жұмысын бастаған. «ЦетрЛизинг» еншілес лизинг компаниясы да кез келген саладағы лизингтік жобаларды жүзеге асыркға бел шешіп кірісті.  Копания  кәсіпорының  қай  жерде  орналасқанына  қарамастан  Қазақстанның  кез  келген  аумағында  қызмет  көрсетеді. Оның  талаптары  бойынша  лизингтік  мәмілелердің  ең  төмен  мөлшері  35мың  доллордан  кем  болмауы  керек («БанкЦентрКредит»    АҚ  клиенттеріне  жеңілдік  жасалады).  Лизинг  мерзімі-37 айдан  7жылға  дейін,  лизинг  өсімі  жылына  17-ден  23%-ға  дейін,  лизингіне  алынатын  жабдық  құнының  30%-ы  алдын  ала  төленеді,  лизингке  қойылған  тауар  міндетті  түрде  тауар  алушының  есебінен  сақтандырылуы  тиіс.

«ЦентрЛизинг»  ЖШС  өзінің  тауаржеткісушілнрініңаяасын  барған  сайын  кеңейте  түсуде.  Оардың  ішінде  әртүрлі  жабдықтар  мен  техникаларды  өндіретін»  «VOLVO   Truck  Corporation»  «METEKC»  ЖАҚ,  «Ивановская  Марка  Центральная  Азия»,  «Спецтехника»  сауда  үйі,  Италияның  макарон  өнімдер  жабдықтарын  шығаратын  «PAVAN S.p.А» сияқты  әлеуметті  фималар  мен  компаниялар  бар.  Лизинг  бағдарламасына  көптеген  шетелдік  банктер  мен  қаржы  институттары  ынта  білдіріп  отыр.  ҚР  Үкіметі  «Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  кәсіпорындар  үшін  жабдықтарды    лизингтік  несиелеу»  бағдарламасы  бойынша  зайым  беретін  банктерді  белгіледі.  Олардың  ішінде  «Валют-Транзит» банкі  мен  «Казкоммерцбанк»  бар.  Бұл  банктер  конкурс шарттары  бойынша  ет  өңдеу,  майлы  дақылдарды,  тнрі  өнімдері  мен  шикізатты  өңдеуге  7жылға  0,5  пайыз  жылдық  өсіммен лизинг  несиелерін  беретін  болды.  2003-2005ж  агроазық-түлік  бағдарламасы  шеңберінде  «Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеу  кәсіпорындарыүшін  жабдықтар  лизинг  несиесі»  бағдарламасы  бойынша  бйылдың  өзінде 675 млн.теңге  қаржы  бөлініп  отыр.  Ал,  оны  кімдер  алып, қалай  пайдаланады,  бұл  бөлек  әңгіме.

Әрине, бір  ғана  мақалада  бизнестің  осынау  өміршең  әдісінің  барлық  қыр сырын  тігісін  жатқызып  түгендеп  шығу  мүмкін  емес.  Ең  бастысы, біз  оқырманға  лизинг  несиесінің  пайдалы  жағы  мен  артықшылығы  туралы  таратып  айтуға  тырыстық.  Ендігі  әңгіме,  осынау  әдіс  мүделері  ауылдағы  ағайынның  құлағына  шалынып, шаруа  адамның  бойын  шазып,  шаруасын  дөңгелетіп  әкетуінесептігін  тигізсе  нұр  үстіне  нұр.  Бұл  орайда,   әсіресе,  ауыл  шаруашылшғы  мамандары  мен  жергілікті  жерлердегі  басшылар  шаруа  қожалықтары  арасында  лизинг  несие  туралы  кеңінен  насиқаттауға  ат  салысқаны  абзал. Өйткені,  ауыл  шаруашылығын  өрге  шығармай  көсегеміз  көгермейді.  Елбасымыздың  бастамасымен  жариаланған  ауылға  арналған  үш  жылдың  міндеттері  де  осыған  меңзейді.  «Елде  болса, ерінге  тиеді» дегендей, мал  өсіріп, егін  егіп, шаруа  баққан  қырдағы  ел  қамқорлық  пен  көмекке аса  зәру  болып  отыр.

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, лизингтік  қызмет нарығы,   лизингтік қатынастар  жағдайын зерттеп, талдау жасау арқылы  біз лизингтің еліміздегі кәсіпкерлік қызмет саласын, жалпы ел экономиканы  дамытуда ерекше маңыздылығына көз жеткіздік. Әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, лизингтің жалпы қаржық қатынастардағы үлесінің басымдылығын көруімізге болады, ал ол лизингтің жоғары тиімді және икемді қатынас екендігіне айқын дәлел. Сондықтан, еліміздегі лизингтік  қатынастардың дамуына  қолайлы жағдай жасауымыз керек. 2000 жылы Қазақстан Республикасында     5 лизингтік компания жұмыс жасады. Олардың жасаған лихингтік операциялар көлемі де шамалы болды.

Бүгінгі таңда лизинг  нарығында 20 шақты компания бар, олардың 15-і лизингттік компания ғана емес, сонымен бірге коммерциялық банктер болып табылады. Олар лизингтік нарықта белсенді қызмет жасауда.

Халықаралық қаржы корпарациясының көрсеткіштері бойынша 2002 жылы негізгі құралдарға жасалған инвестиция көлеміндегі   лизингтің үлесі 0,3 пайыз болған. 2003 жылы бұл көрсеткіш 1 пайызға дейін өсіп 85 млн. АҚШ долларын құраған. Ал осы жылы Халықаралық қаржы корпарациясының мамандарының айтуы бойынша бұл көсеткіш 170 млн. АҚШ долларына дейін өседі деген болжам бар,  нетижесінде 257 млн. долларды құрайды.

 Бұл айтылған өсімдер тек мемлекеттің қолдауының нәтижесінде ғана емес, халықаралық қаржы институттарының қолдауы мен жасалады ( Дүние жүзілік банк IFC және АҚШ-тың  Халықаралық даму агентігінің USAID ).

Бұл инвестициялық құралмен көптеп кәсіпкелер пайдалануда , өйткені кәсіпкер өзіне қажетті құрал жабдықты, сыртқы  ұзақ мерзімді қаржылндыру    

есебінен алады.

Лизинг артықшылықтарын кәсіпкерлер көптеп түсіне бастады. Егер 2002 жылы  291 келісім жасалған болса, ал 2003 жылы жасалған келісімдер саны 722 -ге жеткен, 2004 жылы келісімдер саны 2,3 есеге дейін жеткен.  2003 жылы орташа лизингтік келісім 169 мың АҚШ долларын құраған. Лизингке берілген  мүліктің минималды құны 1,4 мың АҚШ доллары, ал макималды құны  5,873млн  доллор.

           Лизингтік  қызметті  пайдаланушы  кәсіпкерлер  осыған  дейін  пайыздық  сыйақылардың  жоғарылығы  және  лизинг  мерзімінің  тым  ұзақтығы  жайында  айтып  келеді.  Қазақстан  Республикасының  «Қаржылық лизинг»  туралы  заңына  2004 жылы, 10-наурызда  жасалған  толықтырулармен  өзгерістер, аталғам  мәселелер  шешімін  тапты.  Яғни  (пайыздың  және  мерзім  өзгерістерін  жазу).Жасалған  өзгерістер  лизинг  алушының  да,  лизинг  берушінің  де  қажетін  бір  шама  қанағаттандырады.  Қазақстан  Республикасының  «Қаржылық  лизингі»  туралы  заңы  ТМД  елдері  ішіндегі  лизинг  қызметінің  дамыуына  ең  тиімді  заңнамалық  актісі  болып  табылады.

Информация о работе Лизингтің теориялық негңздері