Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ АЛТЫНБЕК.doc

— 686.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4       

1  АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ –  РЕДАКТОР

1.1  Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12

1.2  Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18

2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ

2.1  Ахмет Байтұрсынұлының  публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29                                                                                        

2.2   Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41

2.3  Ахмет Байтұрсынұлыны  публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54

2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57

3. ЖОБА.............................................................................................................57-64

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Диплом  жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық  мұрасын жүйелі  түрде зерттеп, ғылыми айналымға  енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және  ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен  әдеби  мұрасын зерделеудің маңызы зор.

Бұл  бітіру  жұмысына  тақырып етіп  алынған  «Ахмет Байтұрсынұлының  публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер  тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан   әлі  де  болса зерделенер, толық  тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Ұлтының  ары  мен намысы, азаттығы мен теңдігі жолында саналы да ғұмырын арнаған Алаш арысы  Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы мен азаматтық қайраткерлігін дәріптеп, ұлтымыздың шежірелі тарихы мен қордалы әдебиетіндегі алар орнын айқындап, келер ұрпаққа аманат ету біздің азаматтық борышымыз. Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздерін бүгінгі дәуір тынысы тұғысынан саралап, оны сол тұстағы саяси – әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланыстыра қарастырып, бітіру жұмысының ғылыми тақырыптық ауқымына негіздедік.

Бүгінде тәуелсіз ел болып отырған қазақ халқы  үшін тарихтың және әдебиеттің асыл тұлғаларының ғұмыры мен шығармашылығы турасында еңбектер жазып, жаңаша пайымдаулар жасап оқушылар мен студенттер қауымының зердесіне ұсыну бүгінгі талап тұрғысынан әділ тұжырым. Осы орайда ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы мен  ұлттық идеяны және сол аумалы-төкпелі кезеңнің тарихи ақиқатын көркем сөзбен өрнектеген әдебиетімізді дәріптеп қастерлеп зерделеудің келер ұрпаққа берері мол. Мұндай зерттеу жұмыстары бүгінгі заман талабынан туындаған зор қажеттілік екені даусыз. Ахмет Байтұрсынұлының ұлт-азаттық тақырыбына арналған саяси көсемсөздері мен  көркем шығармаларын бүгінгі дәуір тынысы тұрғысынан саралау қиын емес.

Осы орайда  Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздеріндегі шығармаларындағы ұлт-оятушылық идеясының   көрінісі мен ұлт-азатшылдық бағытын айқындамай оның азаматтық-қаламгерлік келбетін, шеберлік  дарынын толық  түсініп, шын мағынасындағы әділ бағасын бере алмаймыз.

Ұлт – азатшыл  бағыттағы оның шығармашылығының басты міндеті -ұлттық сананы ояту болды  Ахмет Байтұрсынұлының ағарту, өнер – білімді ел азаттығы жолындағы күресте қару етіп пайдаланып, өз туындыларында еркіндік, азаттық, бостандық идеяларын аса бір ұлтжандылықпен ту етіп көтергенін толыққанды пайымдау арқылы оның қайраткерлік қуатын ашуға талпыныс жасадық. Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздерін зерттеп танытуда ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті  іргелі табыстарға қол жеткізгенін және сол арқылы  үрдісі жаңа деңгейге  көтерген  батыл  ізденістерге барғанын танып, қарастыру арқылы  дәуірлер озса да өз құнын, толық бағасын жоймас мұра екенін  мойындаймыз.

Атап  айтсақ Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық   мұрасының алаш елінің азаттыққа ұмтылған рухын айқындайтындығын дәлелді де, деректі тұжырымдар арқылы  зерделеу құндылығы ашылып, әдебиет тарихында қалыптастырған ұлт – азаттық күрес идеясын ұрандаған  қайраткерлігі ретіндегі келбетін жарқырата, ажарландыра  түсері даусыз.

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасының алаш елінің азаттыққа ұмтылған рухын айқындайтындығын дәлелді де деректі тұжырымдар арқылы  зерделеуге тырыстық.  Әдебиет тарихында қалыптастырған, тыңнан түрен салған идеяларын ұрандаған ағартушылық – ақындық қайраткерлігі ретіндегі келбетін жарқырата, ажарландыра  түсері даусыз.

Диплом жұмысының мақсаты. Зерттеудің  басты мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының  публицистік, азаматтық болмысын айқындау, тарихи – әлеуметтік жағдайларды  ғылыми негізде ала отырып, оның шығармасына бүгінгі азат санамен тал дау жасау, жазушыныңжалпы қазақ әдебиеті тарихынан ұлт санасын ояту идеясын ұстанған ізденімпаз талант екенін түйсіндіру. Диплом жұмысында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық еңбектері мен өткен жолын саралау арқылы ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының рухани толысу кезеңдері мен   мәдени   тыныс  ерекшеліктерін жалаң баяндаумен шектелмей, нақты  деректермен толықтырып, ұлттық көркемдік ой мүддесінде топшылаулар жасап, әдеби ескерткіштерінің  мәнін анықтауға талпыныс жасалды.

Тәжірибелік зерттеу  құндылығы. Бітіру жұмысын жоғары оқу орындарының студенттері көмекші құралы ретінде қолдануына болады.

Сонымен қатар жұмыстың ғылыми негізге сүйенген нәтижелері мен тұжырымдық  қорытындыларын  арнаулы орта білім беретін мектептерде жоғарғы сыныпта Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысқанда пайдалануға болады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қоғам қайраткері көсемсөздерінің халықты оятудағы атқарған теңдесіз орнына баса мән беріп, терең талдау жасалды. Сол арқылы  шығармашылық мұрасындағы ұлт – азаттық идеясының тұтастай жүйелеуге тырыстық. Қысқасы қазақ әдебиетіндегі ұлт оянушылық идеяның мықтап салтанат құрған Ахмет Байтұрсынұлының өмір сүрген кезеңін мейлінше талдауға тырыстық. Жұмыстың ғылыми   негізге  сүйенген  нәтижелері мен тұжырымдық  қорытындыларын  арнаулы орта білім беретін мектептерде жоғарғы сыныпта Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысқанда пайдалануға болады.

Диплом  жұмысының пәні. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде Ахмет Байтұрсынұлының публицистикалық туындыларының көрінісіне бағытталады.

Дипломның құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер  тізімінен тұрады.

Дипломның мазмұны. Дипломның бірінші Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығы мен «қазақ» газетіндегі публицистикасы ғылыми – танымдық  еңбектері қарастырылды. Ахмет Байтұрсынұлының  шығармашылық сапарының алғашқы кезеңiнде жазылған шығармаларын әр қырынан алып, әңгiмелерiнiң сыр-сипатын, қоғамдық мәнiн, көркемдiк ерекшелiгi мен тарихи құндылығын талданды. Жазушының қазақ әдебиетiндегi алар орны, жазушылық, азаматтық биiктерге жетелеген кемеңгер тұлғалы өмiрi мен шығармашылық, қоғамдық қызметтерi сөз болып, жазушы өмiрiне, қызметiне, шығармашылығына қатысты пiкiрлер, деректер бүгiнгi күн тұрғысынан таразыланып жазылды.

Екінші тарауда Ахмет Байтұрсынұлының пубдицистикасы оның ғылыми маңызы мен білім, ғылым тақырыбы және  ұлт бірлігі, туралы айтылады. Ахмет Байтұрсынұлының публицистика саласындағы еңбегiнiң Алашорда тұсында және Кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдарында, 1913-1918 жыл аралығында «қазақ» басылымы беттерiнде Ахмет Байтұрсынұлының «оқу», «бiлiм», «мәдениет» және «жер» мәселесi турасындағы көсемсөздерi жарияланған мақалалары оның ішінде баса айтатын, бес мың десятина жер туралы айтылады.

 

 

  1. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР

 

 

1.1  Ахмет Байтұрсынұлының  алғашқы ізденістері  публицистикалық  еңбектері

 

 

Ұлттық рух  пен сана оянып, кешегiнiң бар запыранынан  ада болып, бақытты өмiрдiң тасын қалау идеясы салтанат құрған тұста халықтың бар арман –  мұраты мен мақсатын насихаттап, жаңалықтың көзi, жақсылықтың хабаршысы болған баспасөз де кең құлаш сермеп, ұлт зиялыларының пiкiр алмасу, жол нұсқау ошағына айналған. Саяси қызметтiң қатерлi жолына түсiп, жанқиярлық iстерге ұйтқы болған зиялылар да теңдiк пен ұлт мүддесiн ендi ұғынып, үлкен бәйгеге түсуге әзiр жастар да баспасөз бетiнде ашық пiкiр алысуға, ниеттес азаматтар табуға ұмтылған тұста Ахмет Байтұрсынұлының өнер майданына келуi кездейсоқ емес. Классикалық туындыларымен әлем әдебиетiнiң алтын қорын толықтырған Ахмет Байтұрсынұлының жазушылық қуатын, ой тереңдiгiн алғаш публицистикада танытты. Жас қаламгердiң алғашқы көсемсөзiнiң өзi үй арасындағы ұсақ – түйек әңгiменi өрбiту емес, толғағы жеткен мәндi мәселенi шешуге ұмтылыс. Қазақ даласына Ресей отарлау саясатының баса көктеп енуімен ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы ұлт оянушылық идеяның жаңбырдан соң бас көтерген жауқазындай қаулап өрістеуі тарихи әрі әдеби құбылыс болды. Патша үкіметінің отарлау саясаты мен зорлық – зомбылығы, аяусыз езгісі «елім»- деп еңіреген есіл ерлерді алаш туының астына біріктірді. Алаш деп арындаған арыстардың алашорданы құруы қазақ еліне ғасырмен бірге кірген індет отаршылдықпен күрес, егемендік пен азаттықты мұрат еткен ел санасын бұғаулаған надандықты өткір тіл, жалынды жырмен семсердей тіліп, өрісі кең өнер мен білімге, зор мәдениетке үндеуі ұлт оянушылық идеяның нық көрінісі еді. Ұлтжанды азаматтар ел ертеңі үшін атқарылар игі идеялардың қазақ елінің патша үкіметіне тәуелді болған күні  жүзеленбесін анық түсінді. Қазақ қоғамы патшаның тақтан түскен күні өз алдына тәуелсіз ұлттық автономия боларына кәміл сенді. Қазақ елін 1905 жылғы орыс қозғалысы жариялылық, әлеуметтік теңдік, жарқын болашаққа деген сенімділік жолындағы күреске рухтандырғаны да белгілі жай. [2,405] 

Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ елінің ұлт – азаттық  жолындағы күресін, ұлт оянушылық  идеясын жырлап, тарих  бедерінде, әдебиеттану ғылымында ұлтжанды алашордашылардың ерлік әрекеттері мен жырларын қалдырды. Халық өмірінің шындығын жырлаған ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы ағартушылық, демократиялық бағыттағы жырларды саяси идеямен сабақтастыра толықтырды. Ұлт намысын таптаған отаршылдықтың зорлық  – зомбылығын  әшкереледі, аяусыз айыптады. ХХ ғасыр басында орасан қоғамдық міндет жүктеген қазақ әдебиеті қараңғылыққа тұмшаланған қазақ елін өнер мен білімге үндеді  [1, 402 б.].

Ұлт болашағы мен  халық мүддесі жолындағы   қазақ  қоғамының тағдырын айқындар саяси  күресті Ахмет Байтұрсынов, Міржақып  Дулатов, Сұлтанмахмұт  Торайғыров, Сәбит  Дөнентаев  сынды ұлт жанды арыстардың бастауы қазақ әдебиетінің тағы бір қоғамдық парызын айқындай түседі. Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, “Қасқыр мен тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі” орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады.[1,30] Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын. Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам. Алданып жегеніме оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі қарам, — деген жолдардың нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы. Ал, “Жиған-терген” өлеңіндегі: Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып – деген сөздерді патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. Ақын ашынып сөйлейді, тартыстар, қайшылықтарды көрсетеді. Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет қазақ азған. Байға мал, оқығанға шен мақсат боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам азған. Күрес идеясы, келешек қамы үшін арпалысу, ел болу мақсаты бар тілектен жоғары қойылады: Мен бұқтым, жаттым, Сен бұқтың жаттың, Кім істемек қызмет? Ауызбен айтып, Істерде қайтып, Жоламасақ не міндет? Тек жүрсе тоқ жүрмекті Қиын деме білмекті. Қазір әлем поэзиясындағы ділмар сөз – афоризм боп кеткен түрік ақыны Назым Хикметтің: Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап Аспан қалай ашылмақ, — деген жолдарының Ахмет Байтұрсынов өлеңімен әуендестігі кісіні таң қалдырады. .[2,45]  “Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан “жақсылығы өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. “Анама хат”, “Жауға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. “Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”, “Данышпан Аликтің ажалы”, “Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” шығармалары да берілген. Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, — деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса: Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, — деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді. Екі жинақ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. Әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, құқықтану, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым-білімге, педагогикаға арналған “Тағы да народный сот хақында” (1911), “Қазақ һәм ІҮ Дума” (1912), “Земство” (1913), “Жер жалдау жайынан” (1913), “Көшпелі һәм отырықшы норма” (1913), “Уақ қарыз” (1913), “Бұ заманның соғысы” (1914), “Жәрдем комитеті” (1915), “Закон жобасының баяндамасы” (1914) (осы мақала үшін Ахмет Байтұрсынов штраф-айып төлеген), “Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение” (1914), “Губернатор өзгертілуі” (1914), “Соғысушы патшалар” (1914), “Қазақ жерін алу турасындағы низам” (1913), “Қазаққа ашық хат” (1916), “Бастауыш мектеп” (1914), “Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек” (1923), “Партия һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері” (1926) сияқты көптеген мақалалар публицист Ахмет Байтұрсыновтың көзқарасы эволюциясын, тарихи білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік қарымын көрсетіп, рухани даму кезеңдерімізден мол хабар береді. Ал ғалымның тілші, әдебиетші ретінде жазған еңбектері бірнеше том боларлық мол дүние, бұлардың ішінде 1913 жылы жазылған “Қазақтың бас ақыны” еңбегі – оқшау, дара тұр. .[1,115]  Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдік-эстетикалық сипаттар дұрыс көрсетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ оқырманының алдына тартылды. Өмірдің сан алуан көкейкесті мәселелерін арқау етіп жазған Ахмет Байтұрсынов мақалалары алдымен “Айқап” журналында, 1913-1918 жылдар арасында өзі редакторлық еткен “Қазақ” газетінде, кейін кеңес баспасөзінде жарияланған. Мақалалар саны көп, олар мерзімді басылым бетінде шашылып жатыр, бұларды жинап, сұрыптап, ой елегінен өткізіп, жүйелеп бастырып шығару арқылы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи зердеміздің қазір ойсырап, үңірейіп тұрған беттерін толтыратын боламыз. Қазіргі қолда бар материалдардың негізіне сүйенгенде қаламгер – оқу-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле, грамматика, жер иегері, кәсіп істеу, халықаралық қатынастар, тарих, құқықтану, заң, философия, қоғамдық күрестер, мәдениет, әдебиет, эстетика проблемаларын тереңнен қозғап, өз кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық, ұйытқы болған пікірлер айтып, тұжырымдар жасаған. 1917-19 жылдар арасында әр қиянды шиырлаған кездерін автордың өзі де мойындаған. Автордың “Қазақ өкпесі” мақаласында (“Айқап”, 1911, № 2) тарихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдан қарайтындығы көрінеді, қазақ хандығы неліктен құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары деген проблемалардың жауабы айтылады. “Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты”, дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды. .[2,40]  Бұл бағытта жазылған, бірі-бірімен сабақтас мақалалар өте көп. “Оқу жайы” (“Қазақ”, 1913, № 11) мақаласында өз кезіндегі мектептер ісін тиянақтай отырып, сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, әл әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды деген дерек келтіреді. “Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жолы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимун (педучилище) жоқ” деп күйзеледі. Мұның үстіне автор қазақша, орысша, екі тілде білім алу жүйесін ерекше қолдап, “жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын” деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттары алға міндет етіп қойып отырған терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды. Ал, революциядан бұрын жазған еңбектердің басым көпшілігінің негізгі идеясы ағартушылық, демократтық, прогрестік биік нысана, олар біздің азаматтық, рухани дамуымыздағы маңызды, мәнді кезеңдер шындығын ашады, бірқыдыру ойлар, пікірлер дәл қазіргі уақытқа қызмет ететінін көруге болады. Қазақ қоғамының еңсесін көтертпеген отарлау саясатының  езгісін әшкерелеп, туған халқының жан айқайын жеткізген тағы да осы арыстар еді  Ахмет «маса» боп  ызыңдап, халқын оятуға қапысыз қызмет қылса, бұл ұранды Міржақып «оян, қазақ» - деп жалғастыра халқына жігерлі  сөзін жолдады. Бұл жарқын идея ХХ ғасыр басындағы әдебиет қайраткерлеріне маңдай түзер темірқазық болды. Ел тәуелсіздігі, әлеуметтік теңдік, алаш елінің азаттығы тақырыбында қалам тербеген ұлтжанды ақындар Ахмет пен Міржақып көтерген алаш туының астында бас қосты. “Отаршылдыққа қарсы күрес, елдің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім үйрену, халық тұрмысының ауыртпашылықтарын ашына сөз ету бүкіл дәуір әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды”  [2, 27 ]. Осындай халық игілігі үшін тасталған ұран қазақ қоғамын жаңа бір өмірге бастап, ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы бүтіндей ұлт оянушылық идеядан нәр алды. Бұл идеяның көсемі болған Ахмет Байтұрсыновтың ақындық ғұмырнамасы қазақ сахарасына И.А. Крылов мысалдарын қазақы дүниетаным, қазақы салт-сана түрғысынан жеткізген “Қырық мысалынан” бастау алғаны баршамызға белгілі жай. Ақын бұл еңбегінде қоғамдық індет болған озбырлық, қараңғылық, надандық, адам бойындағы пасық та ұнамсыз мінез-кұлықтарды шығарма тақырыбына арқау етті. Сюжеттік желісі көркем, тілдік ерекшелігі айқын туындысы ұлт оянушылық  идеяға құрылды. Ахмет Байтұрсынов ел тағдыры мен азаттығын көксеген, алаш ұлдарының азаматтық сезімін оятуға қапысыз қызмет еткен “Маса” жинағында халық өмірінің шындығын шынайы суреттеген.

Қалтылдақ қайық  мініп, еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ,

Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру

Болғандай табан  тірер ешнәрсе жоқ,- [2,35] 

деген өлең жолдарынан отаршылдықтың езгісін, ашық теңізде  қалған дәрменсіз, қуатсыз халықтың қонарын сай біліп, ұшарын жел  білген қаңбақтай күйін жақсы  аңғаруға болады. Ақынды өзі өмір сүрген кезеңдегі тарихи оқиғалар алашорда жолындағы қозғалысқа алып келді. Ұлтжанды азаматты патша өкіметі жүргізген отарлау саясатының қыспағы мен қысымы, туған халқының тартқан азабы мен көтерген ауыртпашылығы немқұрайлы қалдырмай, ақын жырларында ұлт оянушылық идеяның батыл бас көтеруіне себеп болды. Ақын алдына қойылған азаматтық парыз, қайраткерлік міндет – ұлт ертеңін сақтау, ұлт намысын қорғау болды. Ақын жүрегіне жара боп түскен дертті жырларының лейтмотиві етіп алды. Ұлт болашағы мен ел мүддесі үшін күресуді мұрат еткен азамат ақынның жалынды жырларында адамдық пен парасаттылықтың шоқтығы биік болды. Ахмет өз халқының қараңғылығы мен надандылығына күйіне отырып, оның азат тағдыры мен жарқын болашағына, елдігі мен егемендігіне бар қайраткерлігі мен саналы ғұмырын арнайды. Ақын семсерлі жырларында ұлт оянушылық идеяны берік ұстанып, “Ұқтыра алмай сөз әуре, тек тұра алмай біз әуре ” деп ұйқысынан оянбай жатқан халқына қинала тіл қатып, ұлтының намысын жігерлендіруге барынша талпыныс жасайды.

Ахаңмен саяси - қоғамдық, ағартушылық бағытта және ұлт азаттық қозғалыс жолында жыры мен қайраткерлігін тағдырлас еткен ақындардың бірі – М. Дулатов. ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына ұлт оянушылық идея нәрін сепкен М. Дулатов туған халқын оқу-білімге насихаттап, патша үкіметінің зорлық-зомбылықтан тұратын отарлау саясатының езгісіне қарсы идеялар айтып, ұлт жігерін рухтандырды. “Міржақып кітаптары, Ахаң еңбектері тәрізді, ХХ ғасыр басындағы демократияық, ағартушылық әдебиетке азаттық, теңдік идеясын ала келді. Ақын халықтын ақылы мен сезіміне әсер ете отырып, оларды ел тағдыры, қоғам алдындағы міндет жайлы ойлануға бастайды, өз тұсындағы қазақ ортасының келеңсіз жағдайларына көз жіберіп, басқа халықтар үлгісімен жаңа өмір құруға үгіттейді” [1, 31].

Сол тұстағы шығарылып тұрған “Қазақ” газеті ұлт оянушылық идеяны көтерген алашордашылар үнін туған халқына жеткізуге мүмкіндік туғызды. ХХ  ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің революциялық-демократиялық бағытта үн қатуы алашордашыл ұлтжанды ақындардың отаршылдық пен езгіге қарсы ұран тастап, отаншылдық ой таратуымен тікелей байланысты болды.

Міне, ұлт оянушылық  идеяның көсемі болған Ахмет пен  Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен  ойы бар, ақылы бар жас таланттар  оянды. «Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек?» және «Ол мектептердің қажеті не?» деген сауалдарға қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынов 20-ғасырдың басында-ақ: «Правила бойынша, қазақ тілімен, қазақ әрпімен бастап оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ, халықтың өз тілімен, өз әрпімен оқығанын әркімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әрпімен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп, правила қазақ жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған жайлар. Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталуы. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс болуға керек, яғни қазақтың діні, тілі жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек», - деп жауап берген болатын. 
[5,б.168] Жоғарыда біздер «Қазақты» қоғамдық-саяси газет деп атадық. Осыған орай редакция алқасының үкімет саясатының жазылуына көп мән бергендігі байқалады. Ондағы мақсат - қазаққа үкімет жайын, оның не екені, мүдделері түсіндіріліп жиылыс-мәжілістерімен, басты мәселелрмен таныстыру еді. Мысалы, «Г.Дума» (1915 жыл, №145), «23 қаңтар» (1913 жыл, №98), «30 қаңтар» (1915 жыл, №100), Орынбор 22 ақпан» (1915 жыл), «Г.Дума ашылды» (1916 жыл,№169), «Г.Дума» (1916 жыл, №179), «Дума һәм хүкімат» (1916 жыл, №207) атты материалдарда мемлекеттік дума және кеңес жұмыстары жөнінде жан-жақты түсінік берілген  
Басылымда бұл мақалалардың көпшілігін Ә.Бөкейханов «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жазған. Мәселен, оның газеттің 1914 жылғы 49-нөмерінде бүркеншік атпен жарияланған бір мақаласынан: «Мұның ғалымды кісілері неше түрлі закон жобасын кітап қылып басып шығарады, сөз білгіш ғалымдарының қызметі кітап басу, шығын партияның байларынікі Г.Думаға партия атынан бұл партияның депутаттары қанша закон жобасын кіргізді. Осы закон жобасының бәрін жалғыз депутаттар емес, Г.Думада жоқ, сыртта жүрген партияның ғылымды білгіші қосылып жазады. Жұма сайын Г.Думада қарайтын жарыс қылып, қарап өтеді. Осы пара жарыста тағы білгіш, ғылымды партияның кісісі болады. Оны былай істеу керек"» - деп ақыл береді.[5,182] Өзге мақалаларда Дума кеңесінде қаралған басты мәселелрдің бірі-соғыс барысы, қару-жарақ жайы сөз болады. Мәселен, газет 6-тамызда болған Дума ақсақалдарының кеңесіндегі «Дума таралуға тиіс пе, жоқ па?» деген жайдың тексерілгенін айта келіп, әр түрлі партия өкілдерінің сөздерін қысқаша түрде беріп отырған. Төрағаның көпшілік Думаны таратпау керектігін, үндету жағында болғанын мағлұм ееді, әрі кеңес қаулысының мынадай:  1) табысқа қарай салық салу; 2) мемлекеттік банкінің правосын арттыру; 3) босқындарға жәрдем; 4) екінші разряд опалчиндерді соғысқа алу және т.б. жобаларды қабылдау туралы тоқтамға келгенін жазады. Кезінде басылым әскери цензураның қатаң бақылауында болған. Оны «Қазақтың» әр нөмерінде «дозволено военной цензурой»  деген бұрыштамадан көреміз. Мысалы, газетте 1914 жылғы тамыздың үші күнгі нөміріндегі бас мақала жарияланбай қалған. Осыған байланысты  «бас мақала редакцияның рұқсат етпеуінен басылмай қалды» деп жазған  
Сондай-ақ «Қазақтың» бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф Татищевтің Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары архивте сақталған. [1,405]  Онда «Қазақ» газетін тексеру-бақылау жұмысын Торғай облыстық басқармасының тілмашы, татар тіліндегі мерзімді баспасөздерді бақылаушы Тұңғанчинге тапсыру қажеттігі жайында Орынбор губернаторы, генерал-лейтенант Сухамлиновтың бұйрығы  да бар. 
Міне, патша өкіметінің осындай жазалаушылық шараларынан «Қазақ» көп қиянат көрген. Мәселен, газет өзінің 1914 жылғы 78 нөмірінде жарияланған «Алашқа» және 79 нөміріндегі «Ресейдегі ұйымшылдық» деген мақалаларында қоғамда болып жатқан шындықтың бетін ашып көрсеткені үшін, патша саясатына қарсы шықты деп А.Байтұрсыновты екі жылға соттау үкімі шығарылған. Сондай-ақ «Бұл қалай?» мақаласы үшін редакторға 50 сом айып салып немесе екі апта абақтыда отыру кесілген. Ал «Заң жобасының баяндамасы» деген мақаласы үшін Орынбор генерал-губернаторы А.Байтұрсыновқа 1500 сом айып немесе үш ай түрмеге кескен. Осындай салиқалы қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ. Оның 265 нөмерінің әрқайсысы қазақ тарихындағы ояну дәуірінің күнтізбегі іспеттес. Замана шежіресіндей болған басылым Омбы атқару комитетінің 1918 жылғы 4 наурыздағы Орынбор Советіне берілген: «..просим немедленно закрыть газету» деген нұсқауы бойынша көп ұзамай жабылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатына бағынбай толассыз шығып тұрған басылым Кеңес  өкіметі тұсында бір жола тоқтатылды. Қазақтың бетке ұстар азаматтары журнал көтерген мәселелерге өздерінің публицистикалық мақалаларымен үн қатып, зиялы қауым арасында пікір тудырды. [2,205] Көсемсөз шеберлерінің жиі жазған тақырыптарының бірі - жер мәселесі болса, М.Сералин бастаған қаламгерлер бірыңғай отырықшылыққа көшуді насихаттап, орыс мұжықтарынан жер өндеу әдісін, қала салуды үйренуге үндеді, ал А.Байтұрсыновпен пікірлес көсемсөзшілер бұл уәжге қарсылық білдіріп толықтай отырықшылыққа көшкен шақта қазақтардың өз жерінен мүлдем айрылып қалатындығын дәлелдеп бақты. Журнал бетінде жер мәселесіне байланысты екі ұдай мақалалардың пікірталасқа ұласуы алаш қайраткерлерінің туған жер мен туған ел, ұлт болу, халық бостандығы жолындағы үлкен ізденістерінің бір парағы болды. Осы пікірталасқа орай алаш қайраткерлерінің бірі, көрнекті публицист Міржақып Дулатов «Айқаптал» жарияланған «Жер мәселесі» атты көлемді көркем-публицистикалық мақаласында қарсылас екі пікірді жан-жақты толқылай келіп: «Рас, қазақ халқының жер-суға ие болып, жаз жайлау, күз күзеу, қыс қыстауда тарлық көрмей түлігі сай болып, тай құлындап, тоқты қоздап, қосты жылқы, желім түйе, отарлы қой, қайғы жоқ, еріккеннен бірінің малын бірі қуып кең далада құлан-киікше сайран етіп жүрген күні болған. Ол күндер енді көздеріне ғана елестейді. Мұның себебі не, халықтың өсіп, жердің өспеуі һәм тозуы, қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап жерсіз мұжықты хүкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып, ата мекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі, 15-20 жылдан бері бұл көшпелі мұжықтардың келіп бітуінің үшы көрінбей, бұлай болғанда енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал. Жер көп-аз болса да, бұл заман өнер-білім заманы болған шақта әр жерде жайылып жүргенде оқудан мақұрым қалармыз. Надан халық білімді халықтардың қасында өзінің діні, хақын сақтай алмай, дүниеден ақыры есебін бітіруі ықтимал» деп, «Қала болу керек деушілердің пікірі» деген бөлігінде жұртшылықты отырықшылыққа үгіттеп, жер жүзіндегі халықтардың қала болудың арқасында өркендеп отырғанына көз жеткізеді, «Бұларды көре тұра, біз, қазақтар да қала болып, малдың санын кемітіп, бағасын көтеріп, егін салып, сауда қылып, оқу оқып, өнер тауып, өзіміз де алдағы жұрттың істегенін істеп, солардың жолына түсейік, сол уақытта ғана қатардағы халықтардың бірі бола аламыз» деп прогрестік көзқарасын білдіреді де осы мақаласының «Көшіп жүру керек деушілердің пікірі» деген бөлігінде қазақтардың еріккеннен көшпей, жерінің ауасына қарап көшіп жүргендігін, қазақ отырған жердің егіншілікке жарамсыздығын, экологиялық, географиялық жағынан нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, қазақтардың көшпелі шаруашылықпен айналысуының өзіне де, мемлекетке де зор пайда әкелетіндігіне көз жеткізеді, «соның үшін түбін ойлағанда, қазіргі тұрмыстың неше ғасырлардан бері бекіп қалған негізін бұзбасқа керек» деп уәж айтып, отырықшылық пен көшпелілік мәселесінде бір тоқтамға келуге шақырады[30].

Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім