Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ АЛТЫНБЕК.doc

— 686.00 Кб (Скачать файл)

Тарихты халық  жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын  реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.

Қазақ жері екі  ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің  қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі.

Қазақ қоғамының  осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. 1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді.1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды.  Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады:

- мұғалімдер  сиезін шақыру қажет;

- Орал қаласында  уақытша орта оқу орнын ашу  қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы  негізінде қазақ балаларына арнайы  оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар  қаражатына салынған бұрынғы  кәсіптік мектептің үйіне орналастыру  жөн деп табылсын;

- қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын;

Сиезде бұдан  басқа да мәселелер қаралды,  басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді [4]. Осы сиезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің мақсатымыз - ел билеуді халықтың өз қольша беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді [5]. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

1) Мемлекет билеу  түрі;

2) Қазақ облыстарында  автономия;

3) Жер мәселесі;

4) Оқу мәселесі  және т.б.

Мемлекетті  билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7].

Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер  мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.

1917 жылдың 21 қараша  күні «Қазақ» газетінде Алаш  партиясы бағдарламасының жобасы  және сиез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі  үлкен саяси мәселе еді. Сол  кездегі қазақ интеллигенциясы  ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту  ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының  есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы  оқу жайлы; бастауыш мектептер  ана тілінде оқылады;

- қазақ өз  тілінде орта мектеп, университет  ашуға;

- оқу жолы  өз алдына автономия түрінде  болуы;

- үкімет оқу  ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар  өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде  кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп  көрсетілген [8].

1917  жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..

Бұл сиезде автономияны  жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар  бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында  медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с.  Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі - XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.  Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған [10].  1918  жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады [11].  «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай [12] тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі - автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі - Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі - Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе [13], Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген [14]. Халық ағарту комиссариатының архив орындары материалдар, негізінен, 1920жылдың ортасынан басталады. Онда өте құнды құжаттар сақталған. Хронологиялық, тәртіп сақталмауы зерттеу жұмысында қиындықтар туғызады.

А.Байтурсынов  туралы алғашқы құжат 8-шілдедегі  Қырғыз (Қазақ) 
өлкесінің Халық ағарту комиссириаты алқасының мәжілісінде берілген. 
Онда ғұлама ғалымның әліппесін жарыққа шығару туралы мәселе 
қозғалады.

Ахаңның Халық ағарту қомиссары болып  сайланғаны туралы бұйрық сақталмаған. 1920 жылы 4-қазанда Қазақ АССР-і құрылғаны белгілі. 16-қазанда Халық ағарту комиссариаты алқасының мәжілісін А.Байтұрсынов төраға болып ашыпты. Соған қарағанда ол Халық ағарту комиссариатына комиссар болып осы уақытта келген секілді.

Халық ағарту комиссары болғаннан-ақ А. Байтұрсынов  жұмысты уездердегі жағдайды тексеруден бастаған. 1920 жылы 16-казанда ол төраға болып ашқан алқа мәжілісінде нұсқаушылар баяндама жасайды. Орал гу-берниясы халық ағарту бөлімінің нұсқаушысы Гадальшиннің баяндама-сында екі күрделі мәселе қозғалған. Біріншісі — Орал қаласында қазақ тұрғындары үшін халық ағартудың ерекше бөлімін құру, екіншісі — қазақ мектептері үшін бағдарлама жасау.

Гадальшиннің  айтуынша, губерния бөлімі тек орыс тұрғындарына қызмет еткен. Сондықтан  Орал губерниясы үшін ортақ халық  ағарту бөлімін ұйымдастыру, қазақ мектептері үшін бағдарлама жасауды қолға алу сияқты мәселелерді қарау туралы қаулы қабылданған.

Келесі  баяндамада Қостанай халық ағарту бөлімінің  нашар жағдайы сөз болған. Осыған байланысты Халық ағарту комиссариаты Халық комиссарлары Кеңесіне Қостанай уезінің Қырғыз (қазақ) АССР-іне жақында қосылғанын ескертіп, Кеңес қорынан Қостанай ағарту бөліміне көмек үшін 45 миллион аудару керектігі» өтінтен. А.Байтұрсынов басшылығымен жоғары оқу орындарында оқушыларға берілетін стипендияны көбейту мәселесі көтеріліп, бұрынғы 100 степендияға қосымша қазақтар үшін әзірше 20 стипендияны қосу шешімі қабылданған.

1920 жылы, 22 қазанда Комиссариаттың алқа  мәжілісінде мектеп, мектептен тыс  және мектепке дейінгі бөлім  нұсқаушыларының материалдық жағдайының жақсартылу, әсіресе оларды аяқ киіммен және мануфактурамен қамтамасыз ету және азық-түлік мәселесін жақсарту, оларға тұрғын үй бөлу мәселелері көтерілген.

Бұл мәселе алқа атынан Коренковқа тапсырылған. Қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсарту туралы, соның ішінде, қызметіне сай жалақы төлеу жөнінде бұйрық шығарылғаң. Комиссариат қызметкерлерінің материалдық жағдайын  жақсарту жөнінде Қырғыз (қазақ) республикасы Халық Комиссарлары Кеңесіне ерекше баяндамамен кіру туралы мәселе қойылған.

Сонымен бірге І9-қазаннан бастап төмендегідей іс-шаралар жүргізу 
жоспарланған: 

Осыдан  көріп отырғанымыздай, ағарту саласында  ұлттық кадрлар жетіспеген. Сөйте тұра ағартушы әрі әдебиетші Ж. Аймауытовты орны-нан алуы большевиктердің алаш қайраткерлеріне сенбегенін айғақтаса керек.

Жинақ шығару комиссариаттардың басшы  қызметкерлерінен тұратын жауапты комиссияға тапсырылады. Оның құрамына Халық ағарту комиссариатынан-Байтұрсынов, Статбюродан-Крутилина, Промбюродан-Покровский, Наркомпродтан-Саматов, Наркомземнан-Хорлов, Наркомюсттан -Әлібеков енеді. Сондай-ақ Халық ағарту комиссариатымен тығыз байланыста жұмыс жасауға Ә.Бөкейхановтың құқысы бар. Меңдешов және қырғыз (қазақ) әскери комитеті өкілдері қатыса алады, ал А.Байтұрсынов төралқаның алдында барлық жұмысқа жауапты деп көрсетіледі.

Республика  халқына арнаған үндеуде Халық ағарту комиссариаты жа-нындағы аз ұлттардың ағарту бөлімі жинақ шығаруға қаулы қабылдады, ол аз ұлттардын ағарту бөлімінің қызметіне арналған, жинақта, негізінен, патша өкіметінің ұлттық саясаты, уакытша өкімет, ұлттық республика және ақ гвардияшылар өкіметі кезеңі, пролетариат диктатурасы мен ұлттық мәселелер көрсетіледі делінген. Соған қарағанда бұл таза тарихи жинақ болуы керек. [30]

1920 жылдың 20-карашасында А.Байтұрсыновтың  төрағалық етуімен алқа мәжілісі  шақырылады. Оған қырпромбюродан  Маневич Азық-түлік Халкомынан-Иоффе, Жер халкомынан-Сириус, кәсіби-техникалық білім беру бөлімінің менгерушісі-Борман және Кенжин, Бөкейханов қатысады. Онда 7-баптағы «өлкеде» сөзін, «КССР-да» деп өзгерту, ал «Қырғыз (қазақ) Ағарту комиссариатының алқасы арқылы» сөзін «Қырғыз (қазақ) Ағарту комиссариаты арқылы» деп өзгерту туралы шешім қабылданады.

Ағарту комиссариатының 15-16-қарашадағы өткен мәжілісінде  Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (БОАК) 1920 жылы 10-қазанда «Известияда» жарияланған қаулысы және Халық комиссарлары Кенесінің 8-қарашадағы мәжілісінің хаттамасы тыңдалған.

А.Байтұрсынов  ағарту қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлген. Мәселен, ол 23-қыркүйекте тұрғын үй бөлімінің меңгерушісіне өзінің орынбасары Кенжин мен мектеп бөлімінің орынбасары Арынғазиевтарға екі бөлмелі екі үй беруін сұрап өтініш түсірген. Онда аталған қызметкерлердің кейбір жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болатындығы айтылған". Осы адамдарға, Қырәскерревкомының бұрынғы мүшесі Қаратаевқа және жалпы кенсе хатшысы Сейдалинге электр жарығын орнату үшін Ахан техникалық бөлімге өтініш жасаған.  Ол А. В. Затаевичтің жұмыстан тыс уақытта халық әншілері мен күйшілерін қабылдайтынын ескеріп, оның электр энергиясымен қамтамасыз етілуі керектігін айтып, куәлік берген.

Қызметкерлерінің қамын ойлап жүрген А. Байтұрсыновтың өз үйінде электр энергиясы болмаған. Әйтсе де Ағарту комиссариаты оның кабинеттін жұмыстарды үнемі кешкісін үйінде істейтінін айтып, электр жарығымен қамтамасыз етілуін сұрап, техникалық бөлімге өтініш жасағаны. Осыдан-ақ ол кісінің қаншалықты қарапайым өмір кешкенін және қызметкерлерінің жағдайын жасап, өз мүддесін екінші орынға қойғанын көруге болады. Бұл оның адамгершілік қасиетін аша түседі.

Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім