Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ АЛТЫНБЕК.doc

— 686.00 Кб (Скачать файл)

Үшеуі үш мұнарадай  болған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ұлы  ағартушылардың қазақ публицистикасының  негізін қалаушылар сапында болғандығын баса айтқанымызбен ұлттық көсемсөз қалыптасуының бастауында осы алтын желінің ортасында аталуға тиіс тұлғаның бірі - әмбебап ғалым, публицист Мұхаммедсалық Бабажанов есімін есте ұстау керек. Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 1851 ж. үздік бітірген қазақ офицері патша үкіметінің отарлау саясатына ашық қарсы шығып, Санкт-Петербург, Орынбор, Астрахань қалаларында шыққан газет-журналдарға халық мұңы мен мұқтажын жеткізген. билік орындарының қарапайым жұртшылыққа көрсетіп отырған зорлық-зомбылығын аяусыз сынап әшкерелеген публицистикалық сипаттағы мақалалар жариялайды. «Қазақтың көпшілікке шағымы», «Қазақтың өз хал-ахуалы және оның туыстарының тағдыры туралы», «Қырғыздың қырғыз туралы жазбалары» және т.б. публицистикалық еңбектерінде отарлық жүйені сын қыспағына алып, патша шенеуніктерінің оспадар қылықтарын бүкпесіз айтады, мектеп ашу мәселесіне баса назар аударып, қазақ балаларын оқыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу туралы ойларын жеткізеді.

Қазақ публицистикасының  туу, қалыптасу тарихын жете зерттеген  әдебиеттанушы ғалым М.Н.Фетисов өзінің «Зарождение казахской публицистики» атты іргелі монографиялық еңбегінде Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы туралы жеке-жеке әңгімелей келіп: «Чокан Валиханов, Ибрай Алтынсарин и Абай Кунанбаев заложили прочные основы казахской демократической публицистики. Сделанное не прошло бесследно, а пробудило сравнительно широкий общественный интерес к публицистике, как к средству выражения и защиты народных интересов, освещения казахской жизни. Круг казахских публицистов, разных по дарованиям и масштабам социально-политической действительности, медленно, но неуклонно расширялся в последние предреволюционные десятилетия» деп[7,313] ХІХ ғасырдағы қазақ публицистикасының даму тарихына әділ қорытынды жасап, ХХ ғасыр басындағы ұлттық көсемсөз өнерінің мақсат-міндеттерін былай ашып көрсетеді: «Казахские просветители не только оставили ценное литературное наследие, поучительные образцы вдохновенных выступлений, но и создали боевые традиции молодой публицистики казахского народа»[7,313].  Шынында да талым атап өткендей XIX ғасырда қалыптасып, XX ғасырдың басында үрдісті даму сатысына шыққан «Жас қазақ публицистикасы» ұлт зиялыларының «қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып... халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылтаң» қам-қарекеттеріне қызмет етіп, олардың өз халқын отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресінің саяси-мәдени құралына айналды. Бұл күресте «Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады»[9,724-725].  Ұлт-азаттық идеясы жолындаты мақсат-мұраттарын жүзеге асыру үшін олар қолдарына қалам алып, саясат, оқу-білім, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қамтыған көкейкесті публицистикалық мақалалар жазды. Алаш зиялыларының, жазушы-ақындары мен журналистерінің бұл игі мұратына алғашқы қазақ газеттері жемісті қызмет етті. XIX ғасырдың соңында пайда болған қазақ тіліндегі алташқы баспасөз қарлығаштары «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 1882), «Дала уәлаятының» газеті (1888 – 1902) патша үкіметі тарапынан шытып, отарлаушы басқару орындарының жарлықтары мен заңдық-құқықтық нормативтік актілерін, әкімшілік істерін қазақ даласына жеткізу мақсатымен шығарылса да, бұл басылымдарда қазақ халқының мұң-мұқтажын, арман-тілегін қозғаған алғашқы публицистикалық мақалалар жарияланды. Қоғамдық-саяси мәні зор, көркемдігі жағынан ықпалы мол болтан бұл көсемсөз мақалаларының авторлары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтантазин және т.б. ұлттық көркем публицистиканың одан әрі дамуына зор әсер етті.

Қазақ көркем публицистикасының  жаңа үрдісте, жаңа екпінде дамып, XX ғасырдың басындаты демократияшыл бағыттағы әдебиеттің негізгі бір арнасына айналып, ұлт зиялыларының азаттық жолындағы қуатты сөз құралы болып шыңдалуына осы кезеңде таза қазақ тілінде шыққан алғашқы қазақ газеттері мен журналдарының рөлі үлкен болды.

Қазақ көркем публицистикасының  қалыптасып дамуындағы XX ғасыр басындағы ұлттық баспасөз басылымдарының рөлін айтқанда қазақ тіліндегі шын мәніндегі тұңғыш газет – «Серке» газеті ойға оралады. Олай дейтін себебіміз: осыған дейін айтылып жүрген «Гүркістан уәлаятының газеті» «Дала уәлаятының газеті» ұлттық баспасөздің алғашқы басылымдары болып есептелгенімен бұл газеттер көбінесе аударма нұсқасында, қазақ және орыс тілдерінде шықты да, патша үкіметінің тікелей органдары ретіндегі үнқағаз болып есте қалды. Әрине, бұл газеттердің қазақ баспасөз тарихындағы орнын жоққа шығармаймыз, екі газет те алғашқы ұлттық баспасөз басылымдары болып қала береді.  Ал «Cepкe» газетіне келсек, ғұмыры ұзақ болмағанымен таза қазақ тілінде шыққан демократиялық бағыттағы алғашқы газет ретінде ұлттық баспасөз тарихындағы орны ерекше. «Үлкен совет энциклопедиясының» 1-ші басылымында бұл газет қазақ баспасөзінің тұңғышы ретінде атап өтілген болатын[10,590]. Өзінің халықтық рухымен, бостандық сүйгіш идеясымен жарқ етіп көрінген «Серке» газеті Санкт-Петербургте татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде 1907 жылы шыққан[11,9-10]. Ресейдің II Мемлекеттік думасының мүшесі Шәймерден Қосшұғыловтың басшылыгымен жарық көрген газеттің үш-төрт нөмірі басылған соң тоқтап қалған[12,47]. Ш.Қосшұғылов газеттің басты мақсаты және аты туралы: «Серке бір отар қойды боранда дұрыс жолға алып шығады, олай болса «Серке» газеті езілген қазақ халқына дұрыс жол көрсететін, оның ұлттық сана-сезімін оятатың жолбасшы болу керек» деп өз естелігінде жазыпты[11,9]. Осы газеттің 2 нөмірінде «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған М.Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясатының асқынған, шегіне жеткен түрі - мындаған мұжықтарды қазақ даласына күштеп қоныстандырып, қазақтарды шұрайлы жерінен айырудың халық құқығын қорлаумен пара-пар екендігін айтып, «Қазағым менің, елім менің» деп туған халқына наз айтады, «Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады» деп халық күйзелісін жан-тәнімен сезініп, "Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді» деген ашу-ызасын білдіреді, «Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті жеке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды» деп билік орындарының шектен шыққан өктемдігін ашық көрсетіп, отарлық жүйенің қазақ жеріне қомағайлықпен сұқтана қарағандығын: «Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мындаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерін еркін иемденуде. Тұтас ауыл болып келсе бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде» деген жолдар арқылы ащы шындықты жайып салады[11,31]. М.Дулатовтың бұл мақалаласы патшалық Ресейдің отарлық жүйесін тұтастай алып, қарапайым халыққа тигізер кеселді жақтарын жер-жебіріне жете әшкерелеген памфлет түрінде жазылған көркем-публицистикалық шығарма. Көсемсөзші өзінің прозалық памфлетінде патша өкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатына тән типтік кеселдердің әлеуметтік-саяси астарын ашып, самодержавиелік зорлық-зомбылықты, шенеуніктердің жергілікті жерлердегі озбыр әрекеттерін ащы мысқылмен аямай сын тезіне алу арқылы көркем-сатиралық жинақтау жасайды.

«Біздің мақсатымыз»  мақаласының жоғарғы билік орындарына ықпал еткені соншалық, памфлет мазмұнынан қылмыстық белгілер көрінеді», — деп қауіптенген Петербург баспасөз істері жөніндегі комитеті «Үлфәт» және «Серке» газеттерін тәркілеп, жауып тастайды. Тиісті бақылаушы орындар «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды» деп ресми жауап берген[12,48]. Осы мақалаға байланысты әдебиеттанушы-ғалым Ж.Ысмағұлов Міржақып Дулатовтың бес томдық шығармалар жинағы жайлы «Сәулесі жарық жолға ұмтылған» деген зерттеу мақаласында: «Ал осы газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санында М.Дулатов қаламынан туған «Біздің мақсатымыз» атты мақала бар екен. Газеттің шықпай жатып тұншықтырылуына басты бір себеп те сол болса керек» деп ақиқатын айта келіп: «Демек, айтылмыш мақаланы сол кездегі қазақ қауымында қалыптасып келе жатқан қоғамдық ой-пікірдің, қазақ даласында анық бой көрсеткен әлеуметтік қозғалыстың көрінісі деп жазуға болатын еді. Патшалық әкімшіліктің зәресі кетіп, үріккені де сондықтан болатын» деп салмақты ой қорытады[13].

Қазақ көркем публицистикасының қалыптасу жолында «Қазақстан» газетінің де өзіндік орны бар. Газет 1911 жылы 16 наурызда Орда қаласында шығуы басталып, 27 мамырда екінші нөмірінен кейінгі сандары шықпай жыл соңына дейін тоқтап қалады. Осы аралықта газет редакциясы Орал қаласына орын ауыстырып, 15 қарашадан бастап қайта шығады. Барлығы 18 нөмірі шыққаннан кейін 1913 жылы шілде айында жұмыс істеуі тоқтатылады[12,49]. Газетті шығарған редактор ақын Елеусін Бүйрин, оны қаржыландырғандар алаш зиялылары Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қарашев, Сейітқали Мендешев, Мәжит Шомбалов болды. Газеттің шығуына басқа да ондаған мұғалім, дәрігер қаржылай үлес қосқан.

Газеттің бар ауыртпалығын өзі көтеріп, түгел дерлік редакциялық мақалаларды өзі жазған Е.Бұйрин басылымның беташар нөмірінде: «...Бізді бір тілек, бір ниетке жиятұғын зат... - біздің басшымыз!.. - біздің достар алдындағы көркіміз! Дұшпандарға қарсы құралымыз!.. - білмегенді көрсететін ұстазымыз!.. Қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!» деп газет маңызына зер салып, «Заман өзгереді, заман шаруаны, адамды өзгертеді. Өзгермесе, жаңаға ыңғайланбаса, ол кейін қалады. Заманымыз өзгеріп отыр, біз де өзгерейік» деп ұран тастайды[14].

Ұлт мұңын жоқтап, бұқара халықтың арман-тілегін айтқан газет еліміздің қазіргі тарихи атауы «Қазақстан» атын иеленуінде үлкен сыр бар сияқты. Патша өкіметінің қазақ даласындағы билеуші ресми орындары біздің елді «Қырғыз өлкесі» деп тұқыртып, тіпті кеңестік жүйе түсында 1925 жылға дейін тарихи атын қайтара алмай келгені белгілі десек, империяның отарлық жүйесі күшейіп тұрған қатыгез заманның өзінде қараңғылық пен езгідегі халқын түнектен жарыққа алып шығып, бостандыққа, өнербілімге үндеген газеттің «Қазақстан» атымен халыққа таралуы ерлікпен пара-пар іс деуге болады.  «Қазақстан» газеті қазақ және орыс тілдерінде шығып тараған. Газеттің басы-қасында болған зиялы қауым өкілдері қазақ тіліндегі материалдарды орыс тіліне және керісінше, қазақ тіліне аударып басқан. Газеттің 18 нөмірінде жарық көрген мақалалардың дені көркем-публицистикалық тілмен жазылған және ол көсемсөз мақалалардың авторлары да кейін келе елге кеңінен танылған алаш қайраткерлері ғана емес, жалынды публицистер ретінде мәшһүр болды.  Газеттің алғашқы нөмірінің шығуын құттықтаған материалдардың өзі көркем-публицистикалық тілмен жазылғандығы ерекше назар аударады. «Это первый светоч, который вы вносите в темную массу своего народа; это первая ласточка весны. Сейте добро и жните, очищайте  путь к прогрессу» деп  «A.A.» бүркеншік атымен жазған белгісіз автор қуаныш сезімін білдірсе[14], екінші бір «Таловские» деген бүркеншік есімді оқырман: «Пусть же молодой «Казахстан» при помощи живого убедительного слова будит спящих во тьме наших букеевцев... Священный долг каждого киргиза, любящего свою родину, страдающего его страданиями, плачущего его слезами, поддержать это юное и великое дело - появление своего органа печати. Наконец, пусть «Казахстан» явится ярким фонарем, освещающим путь к духовному и экономическому перерождению нашего народа» деп жүрекжарды тілегін айтады[15]. «Газет не үшін керек» деген мақалада: «Жақсылық болса -жұрт болып мақтайды, жамандық болса - жұрт болып жаман-дайды. Сөйтіп, газет арқылы жақсылық бірден-бірге өсе береді, жамандық өше береді» дей келіп: «Ғазеттің асыл мақсаты кәсіп ету, ғылым үйрену турасында» деп негізгі идеялық мақсатын түсіндіреді[14]. Ағартушылық-демократиялық бағытты ұстанған газет бетінде оқу-ағарту, ғылым мен мәдениет, әйел тендігі мәселелеріне арналған көркем-публицистикалық мақалалар жиі жарияланып, қазақ халқын мешеу қалпындағы санасын оятуға, тұрмысы мен мәдениетін, шаруашылығын дамытып өркендетуге жөн сілтеген салиқалы ой-пікірлер айтылған. «Қазақстан» газетінде аз мерзім ішінде әр түрлі әлеуметтік мәні бар мәселелер қамтылған публицистикалық материалдар жарияланып, әсіресе жер-су, елдің шаруашылық жайына жете көңіл бөлінді. «Хал жайымыз» атты бас мақалада қазақ жерінің отарлаушы өкімет орындарының құзырында болып, жергілікті халықты шұрайлы ата қоныстарынан айрылуы себепті құм басқан өңірді пайдалануға тура келгендігін ашына жазады, «...бұлай отыра берсек, мұнан да жарлы боламыз» деген ой тұжырымдау арқылы[16] ашық күреске, ерінбей еңбек етуге үндейді. «Енді қалай тұрмақ керек» деген тағы бір бас мақаласында: «От арба, от кеме шықты, телеграм, телефон шықты. Заводта, фабрикада түрлі затты өзі істейтін машиналар шықты. Бұл шыққан өнерлер адам баласының кәсібін бүтіндей өзгертіп жібереді. Бұрынғы амалсыз бір жерде отырған, яки амалсыз өнебойы бір кәсіпті  ететін заманды артта қалдырды» деп[17] жаңа өмір талабына сай отырықшы өмір салтына көшудің,  өнімді мол беретін егіншілікпен айналысу қажеттілігін әңгіме қылып, техника түрлерін игеру мақсатында ғылым, білімді үйренуге шақырады. Тіпті осы ой тізбегі орыс  тілінде берілген «Как живут киргизы» атты бас мақалада көркем-публицистикалық үндеу сарынымен жалғасып: «Мы, киргизы всех областей и орд, увы с каждым годом беднеем и пополняем ряды тех полуголодных пролетариев, которые живут трудами своих рук... В наших руках есть одно средство, за что и надо крепко держаться. Средство это – наш труд, при умелом приложении которого мы можем извлечь из нашей истощенной гораздо больше выгоду, чем дала бы она сама без труда. Нам нужно перейти к интенсивной системе хозяйства, переменив образ жизни, связанной экстенсивной системой хозяйства» деген жолдар арқылы[18] қазақ халқын өмір сүру жағдайын өзгертіп, тұрмысты жаңаша құруға, сөйтіп кәсіптің өнімді де мәдениетті жаңа түріне көшу қажеттігін айтқан жөн сілтеуге ойысады.

XX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қоғам қайраткері, талантты көсемсөзші Бақытжан Қаратаев газеттің елді отырықтанып қоныстануға, қала болуға шақырған ойлы пікірін «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» атты публицистикалық арнау мақаласында «Балуан бірді, білімді мыңды жығады» деп бұл ретте ғылымды игеру мәселесімен сабақтастыра қостағанымен, қоныстану пікірін толық қолдамаған сыңай танытады[19]. Оған қарсы жауап ретінде үн қатқан көрнекті ақын, публицист Ғұмар Қарашев өз халқының көшпелі жағдайда қалуы яки отырықшылыққа көшуі туралы: «Қазақ елі көшпелі болып қала бере ме, болмаса отырықшылыққа айналғаны жөн бе?» деген риторикалық сауал қойып: «Мен бұған иманыммен жауап беремін: қазақтың қазіргі халін һәм келешегіндегі жайын тереңірек ойлап қарағанда: шүбә жоқ, ешбір тоқтаусыз жиылу, қала болу керек. Қазақ жиылмаса, қала салмаса, бытырауменен бәрінен айрылады, қазақ азады, тозады» деп[20] қала болудың прогрессивтік маңызына назар аударып, бұл жолда кері кетудің тығырыққа әкелетіндігін баса айтады. Бұл прогрессивтік ойын ол «Тіршілік таласы» атты көркем-публицистикалық мақаласында одан әрі тың пікірлермен, терең тұжырымдармен сабақтай түседі. Әлеуметтік тіршілік таласында, яғни өмірге бейімделу жағдайындағы халықтардың өнер-білім, ғылымды үйрену арқасында үстем болып, алға озып кеткендігін мысал етіп келтіреді, заманның өзгеруімен қат-қабат тіршіліктің де өзгеріске ұшырап, өмір сүру салты мүлдем басқаша дами бастағанына көз жүгіртіп, бұл тіршілік таласында қазақтың да өз үлесін алып, көштен қалыспауын тілейді, ол мақсат жолында бұрынғы жайбарақат тіршіліктен серпіле оянып, «дүниежүзінде қалғымыз келсе, адам баласын гәйри жан иесінен бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым, өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап ету тиіс» деп философиялық ой қорытады[21,212] «Құйрықсыз, желкемсіз тіршілік теңізінде бағытсыз жел айдап жүрген кемемізді жұрт кетіп жатқан ғылым, өнер жолына қарай жүргізуді кемешілерімізге де, мінушілерімізге де міндет деп білеміз. Қазіргі бағытта жүрумен тасқа соғылып, су түбіне кетуімізге де шек-шүбә жок» деген өнер-білім игеруге шақырған тобықтай сөз түйінін шешеді.

Өзі шыққан екі жыл аралығындағы аз уақыт ішінде елді өнербілімге, ғылымға шақырған, алдыңғы қатарлы халықтардан үлгі алуға ундеген демократиялық-ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетін патша цензурасы тұтқындап жауып тастайды. Бұл газетгің қазақ халқының мәдени өміріндегі орны туралы шетелдік ғалымдар А.Беннигсен мен Ш.Лемерсье-Келькежей 1964 жылы Парижде атақты Сорбон университеті басып шығарған «Баспасөз және 1920 жылға дейінгі Россия мұсылмандары арасындағы ұлттық қозғалыс» атты кітапта жарияланған. Қазақ баспасөзі туралы мақаласында жылы лебіз білдіре келіп: «Орыс цензурасы газетті қудалап, ақыры 4 нөмірінен кейін оны тұтқындайды... бірақ соның өзінде қазақтардың саяси ой-санасы мен мәдени дамуына үлкен әсер етті» деп жазады[22,76]. «Қазақстан» газетінің әр санында дерлік әйел тендігі мәселесін сол кездің басты тақырыбы етіп қозғаған көркем-публицистикалық мақалалар жарияланған. «Қазақ ер баласы мен әйел баласын бірдей көрмейді, оларды оқытпайды, малға сатады, ондай теріс әдетті жою керек» деп мәселені төтесінен қойып, қазақ қыздарын ел қатарлы оқытып, ескі дәстүрден құтылу қажеттігіне назар аударады.

Газет әдебиет мәселелеріне де көңіл бөліп, әдеби сынға байланысты нақты материалдар жарияламағанымен қазақ жастарын оқу-білімге, ғылымға үндеген мақалаларында ұлт әдебиеті, оның көрнекті өкілдері туралы ой-пікірлерді сөз арасында үлгі-онеге ретінде келтіріп, әдеби тұжырымдар жасаған. Мәселен, «Әдебиет таңы» деген көркем публицистикалық мақалада: «Россияның ішінде әр облыста таралып жатқан қазақ халқы бір жерге ақылы қосыла алмай жүрген заманды артымызға тастап, енді матбұғат арқылы сөйлесіп, пікірді майданға салып, иттифактың астына жиналып, бір тілекте болса ғана жүрт қатарына қосыла алады. Ел билеген азамат, ғылым жолындағы талапкерлер әрқайсысы өз пайдасын ғана ойламай, халық мүддесін жоғары санаса, біз де тез заманда кім екенімізді жұртқа танытармыз» деген[23] қазір де мәні жойылмаған ойлар айтылып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» деген өлеңінен үзінді келтіру арқылы "Қазақ жазба әдебиетінің таңы атты десек, алдымен осы ұлы ақынның есімін атауымыз керек» деп Абайды сол кездің өзінде-ақ ұлттық жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде бағалап, көшелі пікір білдіреді. Газет аз уақыт шыққанымен бүкіл қазақ даласын қамтып, ел болудың ұраншысы болған негізгі мұратын орындады, ең бастысы мемлекетіміздің қазірге елдік атауын бірінші рет ресми түрде қолданып, Ресей империясы әкімшілік орындарының үкіметтік деңгейдегі құжаттарында ресми түрде айтылуына қол жеткізді. Бұл туралы белгілі журналист Т.Боранғалиүлы «Қазақстан» газетінің редакторы Елеусін Бұйрин туралы «Ел атауына ақжол тілеген" атты мақаласында: «1911 жылы газет өзіне ту еткен «Қазақстан» сөзі бұрын-сонды ресми тілде, не жазба шежіреде, орыс тарихшыларының бірде-бір еңбегінде, ауыз әдебиетіміздің нұсқасында кездеспеген тың ұғым еді. Е.Бұйрин газет шығаруға рұхсат сұрап генерал-губернатор Дубасовқа жазған өтінішінде Қазақстан сөзі қазақ елі, қазақ өлкесі деген мағынаны білдіреді деп түсіндірген» дей келіп, Дубасовтың бұл атауды құптағандығы туралы куәлік берген тың дерек келтіреді. Мақалада берілген осы куәлік мәтіне назар аударайық: «Настоящее свидетельство выдано Военным губернатором Уральской области имеющему звание народного учителя из киргиз Внутренней орды Илеусину Бюйрину, согласно его заявления, на право издавать под его личным ответственным редакторством, газеты на киргизском языке под названием «Казахстан» что означает в переводе «Киргизский край»[24]. «Қазақстан» газеті туралы толығырақ мағлұмат беріп, тақырыптан ауытқып кетуіміздің негізгі себебі - «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы туралы материалдар, ғылыми деректер өте көп те, аталған газет туралы мәліметтер жұтаң. Оның үстіне зерттеудің басты өзегі - XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистика мен әдеби сын мәселелерін осы газет бірінші болып қозғағандықтан ұлт баспасөзі мен мәдениеті, әдебиеті тарихында өзіндік орны бар басылымға көбірек тоқталудың жөні бөлек деп білдік. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ елінің ұлт – азаттық жолындағы күресін, ұлт оянушылық идеясын жырлап, тарих  бедерінде, әдебиеттану ғылымында ұлтжанды алашордашылардың ерлік әрекеттері мен жырларын қалдырды. Халық өмірінің шындығын жырлаған ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы ағартушылық, демократиялық бағыттағы жырларды саяси идеямен сабақтастыра толықтырды. Ұлт намысын таптаған отаршылдықтың зорлық  – зомбылығын  әшкереледі, аяусыз айыптады. ХХ ғасыр басында орасан қоғамдық міндет жүктеген қазақ әдебиеті қараңғылыққа тұмшаланған қазақ елін өнер мен білімге үндеді  [1, 402 б.]. Ал, фельетон жанрына тән біршама белгілерді «оқшау сөз» айдарымен «Қазақ» газетінде жарияланған материалдардан байқаймыз. Бұл газетте де «оқшау сөз» көсемсөз туындысымен, очеркпен, сынмен теңестірілгенімен көпшілік жағдайда заманның келеңсіз жақтары мен оғаш оқиға-құбылыстарды сын садағына алып әжуалаған сипаттамалық белгілерді көруге болады.

Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім