Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 13:30, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады. Сондықтан кәсіпкерліктегі жаңашылдыққа жетудің тиімді тәсілі болып инновация болып табылады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1) Инновация туралы түсінік 3
2) Инновацияның рөлі мен функциялары 6
3) Кәсіпкерлік және оның қызметі 9
4) Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы 13
4.1) Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі 13
4.2) Инновациялық жобаларды бағалау 16
4.3) Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері 18
5)Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 33
Әдебиеттер тізімі 34

Вложенные файлы: 1 файл

Инновацияны инвестициялау.doc

— 237.00 Кб (Скачать файл)

Қызметкерлік  пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары «Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында» көрсетіледі.

Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.

Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір  бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.

Капитал пайда  көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың  қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін  қолданылатын инновация пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.

Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына  тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.

Жаңалық нарығының  механизмі және функциялары.

Жаңалық нарығын  инновациялық кәсіпкерлікпен, тауар-жаңалықтарының өндіру амалы мен мекеніне байланысты экономикалық формалардың және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық механизмге бағалар, ақша, несие және басқа да бағалы категориялар жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы мен ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты. Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының байланысына қызмет етеді және оны бақарудың факторы болып табылады. Сонымен бірге де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің қолданысы үшін пайдалынады.

Астыдағы кестеде  жаңалықтар нарығының тауарлары мен инновациялық тауарлар топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде берілген

Сұраныс пен  ұсыныстың обьектік құрылымында  белгілі бір келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Олар: кәсіпкерлердің (сатып  алушылардың) белгілі инвестицияларды  қажет ететін негізгі жаңалықтардан бас тартуы, белгілі жаңалықтар сапасының (техниканың деңгейін) қанағаттандырылмауы, көне технологияны және шикізат жеткізушіні ауыстыруды қаламауы.

Көптеген жағдайда жаңалыққа сұраныс адекваттық ұсыныстың  болмауынан қанағаттандырылуы мүмкін емес. Бұл техника мен технологияның ғылыми терең түрлеріне байланысты болады. Даму мәселесінің қиындығы мен біртұтастығы жаңалыққа сұраныстың пайда болуы мен оның қанағаттандырылмауының арасындағы маңызды уақыттық мөлшерді анықтайды.

Қалыптасып жатқан нарықтың бірнеше маңызды қасиеттері бар. Жаңалықтар нарығы қазіргі күнде экономикалық айналыста көп қолданылатын интеллектуалдық меншік обьектілеріне рұқсаты растамауынсыз дұрыс қызмет атқаруы мүмкін емес. Интеллектуалдық меншік обьекті ретінде жаңалық тауарлық-ақша формасында жүретін басқа бір тауар ретінде қарастырылуы мүмкін. Экономикалық айналысқа қатысушылар өзіндік интеллектуалдық қасиеттерімен айқындалуы керек: обьектің лигитимизациясы (өнімдерге құқығының бар болуы, экономикалық айналысқа кіруі), беру формасы, жаңалық нарығындпғы субьект ретінде болатын шаруашылықтағы обьективтік интеллектуалдық өнімнің бар болуы

 

 

 

 

 

3 Кәсіпкерлік және оның  қызметі

Кәсіпкерлік- адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерін оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй  (1767-1832жж.) былай деген: “Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” термині алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.

Экономикалық  әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі  кездеседі.

Бизнес пен  кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» ұғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалыты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес — бұл табыс табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуеклге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан  да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі  пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Қазақстан Республикасы президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын  жайлы» жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай және ұйымдық болуы мүмкін:

- жай, ол бірлескен  қызмет шартына негшзделген;

- толық, барлық  мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік  жүктелген;

- жаупкершілігі  шектелген, салынған салым құны  шеңберінің жауапкершілігі жүктелген;

- командиттық-аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);

- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнынаалынады;

- өндіріс және  тұтыну кооперативтері;

- консорциумдар;

- акционерлік  қоғамдар.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі шаруашылықтағы жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндіріс звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “кәсіпорын” мен “фирма” ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәспорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсәіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

- азаматтар  меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

- ұжым меншігіне  негізделген кәсіпорындар.

Ұжымдық кәсіпоырондар  кооперативтік немесе акционерлік  түрде болуы мүмкін. Кооперативтік  кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

- акционерлік  қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын,  акционер меншігінің негізінде  қызмет жасайды;

- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындаржалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;

- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарында енеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық  қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті  дамыту туралы». «Жеке кәсіпкерлік қорғау мен қолдау туралы» республика заңдарында кәсіпорын кез-келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.

Қазірігі кезде  нарық экономикасы дамыған елдерде  бірнеше миллиондаған әр-түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейліеше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7 млн.-ды құрайды. Қолдағы қаржы қорының  шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп соның салдарынан әр-түрлі серіктестіктер құрылады.

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген  табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің  меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында  бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік  қайраткерліктің пайда болуына  әкеп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз  – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің  белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге  бел буып, мүліктік жауапкершілікті  сақтай отырып, пайда табу жолын  көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланыстс. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастағанісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкер қабылданған  заңға қайшы келмейтін қызметтің  қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметтің субьектілері мыналар бола алады:

- Қазақстан  азаматтары;

- Шетел мемлекетінің  азаматтары;

- Адамдардың  бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).

Кәсіпкердің мәртебесі  заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік  тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заң дармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі:

- кәсәпкерлік  қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар  құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;

- барлық субьектілердің  нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жетеізудің теңдік құқығы;

- меншік түрлеріне  және ұйымдастыру-құқықтық формасына  қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;

- кәсіпкерлердің  мүліктерінен заңсыз айыруды  қорғау;

- кәсіпкерлік  саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;

- нарықтық монополия  жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір  тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

Кәсіпкерліктің  экономикалық  формадағы қызметіне  төлеп беру өзгешілігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік  ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады.

Өндірістік  кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат  беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға  бағытталған қызметтер жатады.

Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көпмөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық  кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын,оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары,тауар-

айырбастау  операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы-мұнда өнім өндіруге-байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде,не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет.Бұл мәселелерді іске асыру,ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік  — коммерциялық кәсіпкерліктің бір  түрі, солай болғандықтан оның сатып алу,сату объектісі айрықшалығы-тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, векселдер, кепілдіктер және т.б.). яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі.Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады , айырмасы тек тауар – қаржы активі болып саналады.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі