Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2013 в 19:20, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты наубайхана жұмысын автоматтандыру болып табылады. Ол үшін наубайхана жұмысы зерттеліп, барлық мағлұматтар жиналған. Жоба үш тараудан тұрады: негізгі бөлім, практикалық және экономикалық – техникалық бөлім. Бірінші бөлімінде қарастырылатын мекеме жайлы ақпарат берілген, екінші бөлім жобаның құрылатын программалау тілі және жоблау барысы сипатталған, үшінші бөлімде экономикалық есептер, шығындар, сондай-ақ еңбекті қорғау жайлы ақпарат тұжырымдалған.
Дипломдық жұмысты жобалау үшін Delphi 7 программалау тілі мен бірнеше арнайы компоненттер кітапханалары пайдаланылды. Delphi 7 программалау тілі жобалаушы тіл ретінде таңдалыну себебі, бұл тілдің мүмкіншіліктері өте жоғары және өзінің жоғары версияларына қарағанда жүйеден, жадыдан алатын орын көлемі аз, ал мүмкіншіліктері бірдей.
Жоба файлы
Дельфиді іске қосқан
кезде автоматты түрде Project1
program Project1;
Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};
begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
Бұл файл мазмұнын экранға шығару үшін келесі командалар тізбегі орындалады: View®Units® Project1 (немесе CTRL+F12).
Форма файлдары
Жоба құрамындағы әрбір форма үшін автоматты түрде форманы сипаттау файлы (.dfm) және модуль файлы (.pas) жасалады.
Форманы сипаттау файлы форманы және оның компоненттерін сипаттаудан тұрады. Формаға компонент қойып, оның қасиеттерін өзгерткен кезде форманы сипаттау файлында автоматты түрде сәйкес өзгерістер енгізіледі.Бұл файлдың мазмұнын экранға шығару үшін форманың контекстік мәзірінен View as Text пунктін шерту қажет. Керісінше, формаға өту үшін контекстік мәзірден View as Form командасы таңдалады.
2.1 Компоненттер палитрасы
Компоненттер палитрасы негізгі терезеде негізгі мәзірдің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Компонент- қосымша формасы жасалатын құрастыру блогы болып табылады. Барлық компонент әрбіреуі жеке парақта орналасқан топтарға бөлінген, ал әрбір компонент шартбелгімен берілген.
Компонент палитрасы келесі парақтардан тұрады:
Data Сontrols- деректерді басқару элементін жасау т.с.с.
Дельфидің Standard парағында программа құруға ең қажетті Windows-ке арналған стандартты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер палитрасы орналасқан.
Сурет 2.1.1. Standard парағы
STANDARD парағының құрамына келесі компоненттер кіреді:
Frame –Жиектері бар форма тәрізді аумақ, басқа компоненттердің
контейнері ретінде
қолданылады.
MainMenu - негізгі меню жүйесі.
PopurMenu – жанама немесе контекстік меню.
Label - жазба. Ол компонентке шағын мәтін шығару мақсатында
қолданылады.
Edit – 1 жолды мәтіндік өріс
Memo – көпжолды мәтіндік өріс.
Button – қарапайым батырма.
CheckBox – тәуелсіз ауыстырып- қосқыш.
RadioButton – тәуелді ауыстырып- қосқыш.
ListBox – тізім.
ComboBox – тізімдік өріс.
ScrollBar – айналдыру жолағы
GroupBox – элементтер тобы.
RadioGroup – тәуелді ауыстырып- қосқыштар тобы.
Panel – Тақташа.
ActionList - әрекеттер тізімі.
Бір жолды мәтіндік ақпараттарды енгізу, шығару және редакциялау үшін Edit компоненті қолданылады. Оның негізгі қасиеті- Text.
Қолданушы программаның орындалу барысында өзгертуге болмайтын мәтіндік ақпаратты шығару үшін Label компоненті қолданылады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Caption. Сонымен қатар, мәтіндік ақпаратты ShowMessage процедурасы арқылы да экранға шығаруға болады.
Additional парағының құрамына сұхбаттасу терезелерін орнату үшін қолданылатын келесі компоненттер кіреді.
Сурет 2.1.2. Additional парағы
BitBtn – Бетінде суреті және жазуы бар нұсқаулық батырма.
SpeedButton – пиктограммалық батырма.
MaskEdit – арнайы мәтіндік редактор. Енгізілетін мәтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді.
StringGrid – жолдар кестесі. Бұл компонент мәтіндік ақпаратты
кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
DrawGrid – кез- келген түрдегі мәліметтерден тұратын еркін кесте
Image – сурет. Бұл компоненттің көмегімен суреттерді,
пиктограммалар мен метафайлдарды шығаруға болады.
Shape – фигура. Бұл компоненттің көмегімен әр түрлі
фигураларды (төртбұрыш, эллипс, шеңбер т.с.с.) формаға орналастыруға болады.
Bevel – жиек. Терезенің аумағын үш өлшемді қоршаумен
немесе белдеулермен жиектеу үшін арналған.
ScrollBox – орағыш жолақтар тақтасы. Егер тақташадағы орналыстырылған компоненттер ашылған терезеде толығымен көрсетілмесе, онда белдеулер автоматты түрде орнатылады.
CheckListBox – ұсынылған тізімнен бірнеше опцияларды таңдауға
мүмкіндік туғызады (әр опция CheckBox ауыстырғышымен
қамтылған).
Srlitter – шекара. Бұл компонент формадағы екі көрінетін
компоненттер аралығында орналасады және бағдарламаның
орындалу барысында компоненттерді арасындағы шекарасын
жылжытуға мүмкіндік туғызады.
StaticText – статикалық мәтін, Label -ден айырмашылығы –
өзіндік Windows терезесімен қамтылған. Сондықтан бұл терезедегі
мәтінді жиектеуге болады.
Application-Events – Егер бұл компонент формаға орналыстырылса,
онда Windows-тің бағдарламаға арналған хабарлары сол терезеге
шығарылады.
Chart – диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы тақташаларды құруды жеңілдетеді.
Standard парағында орналасқан Button батырмасы стандарт батырма болып табылады да, қосымша жасауда жиі қолданылады. Ал Additional парағында батырманың ерекше түрі –Bitbtn қолданылады. Бұл батырманың қарапайым батырмадан айырмашылығы- оның бетіне сурет орналастыруға болады. Батырма бетіндегі жазу Caption қасиеті арқылы қойылады.
Bitbtn батырмасының Kind қасиеті батырма түрін анықтайды. Бұл қасиеттің қалыпты жағдайдағы мәні- bkCustom. Одан басқа да мәндері: bkOK, bkCancel, bkHelp, bkYes, bkNo, bkClose, bkAbort, bkRetry, bkIgnore, bkAll. Бұл батырмаларда сәйкес жазу мен пиктограмма орнатылған.
Батырма бетіне сурет Glyph қасиеті арқылы қойылады. Объект бақылаушысы терезесіндегі Glyph қасиетінің жанындағы көп нүктелі жолды шерткен кезде шағын терезе ашылады. Одан Load батырмасын шертіп, қажетті bmp типті файлды таңдау керек. Delphi-де батырмалар үшін суреттердің мол жиынтығы бар. Олар әдетте \program files\common files\borland shared\ Images\Buttons бумасында орналасады.
Кез- келген батырманың негізгі оқиғасы- OnClick. Ол батырманы шеркен кезде пайда болады.
Сурет 2.1.3. Батырмалар
2.2 Форма және оның сипаттамасы
Форманы көрсету, жасырудың Show, Hide әдістері. Форманы жасаудың OnCreat оқиғасы. Форманы экранда көрсетпеудің Visible қасиеті. Форманы жабудың Close, форманы жоюдың Free әдістері. Форманы экрнда бейнелеудің WindowState қасиеті. Форма шартбелгісін өзгертудің Icon қаситеі.
Font қасиеті. Оның ішкі қасиеттері: Name (TFontName типті), Size (Integer типті), Size (Integer типті), Height (Integer типті), Color (TСolor типті), Style (TFontStyle типті).
Style қасиетінің мәндері.
Компоненттердің қасиеттері: Cursor, Hint, Top,Left, Width,Height.
Delphi-де кездейсоқ бүтін
сандармен жұмыс істеуге
Берілген [a,b] аралығындағы кездейсоқ бүтін санды шығару үшін функция былайша жазылады: Random (b-a)+a;
Форма модальды деп аталады, егер ол берілген қосымшаның кез- келген басқа формасына көшу үшін жабылу қажет болса. Дельфиде модальды сұқбат форманың мысалы болып AboutDelphi сұқбат терезесі саналады.
Модальды формада Show және ShowModal әдісі қолданылады.
Қосымша туралы ақпарат бейнелеудің AboutBox ақпараттық терезеcі қолданылады. AboutBox ақпараттық терезеcінің процедуралары.
Shape компонентін шартты түрде графиктік ақпаратты шығару құрылғысына жатқызуға болады. Ол әр түрлі геометриялық фигураларды салу үшін қолданылады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Shape. Ол төмендегі мәндерді қабылдайды:
StCircle- шеңбер
StEllipse- эллипс
StRectangle-тіктөртбұрыш
StRoundRectangle- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш
StSquare- квадрат
StRoundSquare - бұрыштары дөңгеленген квадрат
Мысалы: Shape1.Shape:=StEllipse; Shape2.Shape:=StRectangle;
Екінші қасиеті-Pen (қалам). Ол сызық және геометриялық фигура шекарасын сызу үшін қолданылатын қалам атрибутын анықтайды. Оның қасиеттері:
Color- сурет салынатын қалам түсі.
Width- сызылатын сызықтың пикселмен өлшенген қалыңдығы.
Style- сызықтың стилі. Ол төмендегідей мәндер қабылдайды.
psSolid- тұтас сызық
psDash- штрихталған сызық
psDot- пунктир сызық
psDashDot- штрих- пунктир сызық
psDashDotDot- штрих және екі пунктир сызық
psClear- сызық жоқ.
Shape компонентінің келесі қасиеті- Brush (қылқалам). Ол геометриялық фигураның ішін бояуды жүзеге асырады. Brush қасиетінің өз қасиеттері бар. Color - фигура ішін бояу түсін көрсетеді.
Style- бояу стилін анықтайды. Оның мәндері:
bsSolid- тұтас бояу
bsHorizontal- горизонталь сызықпен бояу
bsVertical- вертикаль сызықпен бояу
bsFDiagonal, bsBDiagonal- диагонал сызықпен бояу
bsCross- тік торлы бояу
bsDiagCross- көлденең торлы бояу
bsClear- боялмаған.
Image компоненті форма бетіне графиктік бейне қою үшін қолданылады. Оның қасиеттері:
AutoSize қасиетінің мәні ақиқат болса Image компонентінің өлшемі қойылған бейне өлшемімен сәйкестендіріледі.
Stretch қасиетінің мәні ақиқат болса компонент өлшемі емес, керісінше бейне өлшемі компонент өлшеміне сәйкестендіріледі.
Center-қасиетінің мәні ақиқат болса, онда бейне центрі Image компонентінің центріне сәйкестендіріледі. Аталған үш қасиеттің мәні бульдік болып табылады және олар true, false екі мәннің біреуін қабылдайды.
Picture қасиеті компонентке графиктік бейне қоюды жүзеге асырады. Бұл қасиеттің LoadFromFile және SaveToFile әдістері компонентке сурет жүктеуді және суретті сақтауды жүзеге асырады. Жалпы түрдегі жазылу форматтары:
procedure LoadFromFile(const FileName: string);
procedure SaveToFile(const FileName: string).
2.3 Мәліметтер базаларын ұйымдастыру модельдері
МБ-да анықталған қолданбалы ақпараттық жүйесінің мәліметтері сақталады. Мысалы “Сирена” жүйесі – авиабилетті брондау мен сату үшін, “Экспресс” жүйесі – теміржол билеті үшін және т.б.
Объектілік–бағытталған ұйымдастыруда бөлек жазбалар объектілер түрінде беріледі. Объектілік–бағытталған модельдер өзіне желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін иеленіп, мәліметтерді қиын құрылымды ірі МБ құруға қолданады.
Реляциялық модель өзінің атын ағылшын термині relation сөзінен иеленген. Реляцияық модельде МБ – бұл тікбұрышыты кесте – кортеждердің (жол) бірдей атрибуттармен (бағаны) қатынасы. Реляциялық МБ – бұл тәуелсіз немесе өзара байланысқан кестелер қатныса. Мәліметтердің реляциялық моделінің артықшылығы қарапайымдылық, икемділік, іске асыру тиімділігі балып табылады.
2.3.1 Мәліметтер базаларымен жұмыстағы аспаптық құралдар
МБ-мен жұмыс жасаудың Delphi құралдарын 2 түрге бөлуге болады: инструменталдық және компоненттер. Инструменталдық құралдарға арнайы бағдарламалар мен пакеттері жатады. Олар МБ немесе қосымшаларды қолданумен қамтамасыз етеді. Компоненттер МБ-мен жұмыс істейтін қосымшалар құруға арналған.
Delphi-де МБ-мен жұмыс үшін келесідей инструменталды құралдар бар:
Кейбір құралдарды локалды және алыстатылған МБ-мен жұмыс жасау үшін қолдануға болады.
2. 4 Delphi 7 ортасында мәліметтер базасын жобалау
Мәліметтер қоймасы – бұл айқасқан сілтемелердің, әртүрлі жазу үлгілерінің жиынтығы.
Мәліметтер қоймасының ішіндегі бір типтегі жазулар кестеде сақталады. Кестелердің әрқайсысынан жазулары арасында сілтемелер орналастырылады.
Файл – бұл айқасқан сілтемелері жоқ бір типтегі жазулар жиынтығы.
Мәліметтер қоймасынан жазулар тобын әмбебап тәсілмен шығару, оларды өңдеу, өзгерту және кетіру үшін, мәліметтер қоймасымен басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталатын арнайы бағдарлама қажет болады. Өңделетін мәліметтер қоймасына талап етілетіндей белгілеуге болады: бір кестенің ішіндегі және кестелер арасындағы айқасқан сілтемелердің барысы, дәл осылай осы мәліметтермен басқару жүйесіндегі бағдарламаға талап етілетіндей: сауалдардың орындалуы және құру, есептеу нәтижелерін жасау, мәліметтердің бүтіндігін және сенімді сақталуын қамтамасыз ету.
Информация о работе ЖШС «Алтын диірмен» наубайханасының сипаттамасы