ЖШС «Алтын диірмен» наубайханасының сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2013 в 19:20, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты наубайхана жұмысын автоматтандыру болып табылады. Ол үшін наубайхана жұмысы зерттеліп, барлық мағлұматтар жиналған. Жоба үш тараудан тұрады: негізгі бөлім, практикалық және экономикалық – техникалық бөлім. Бірінші бөлімінде қарастырылатын мекеме жайлы ақпарат берілген, екінші бөлім жобаның құрылатын программалау тілі және жоблау барысы сипатталған, үшінші бөлімде экономикалық есептер, шығындар, сондай-ақ еңбекті қорғау жайлы ақпарат тұжырымдалған.
Дипломдық жұмысты жобалау үшін Delphi 7 программалау тілі мен бірнеше арнайы компоненттер кітапханалары пайдаланылды. Delphi 7 программалау тілі жобалаушы тіл ретінде таңдалыну себебі, бұл тілдің мүмкіншіліктері өте жоғары және өзінің жоғары версияларына қарағанда жүйеден, жадыдан алатын орын көлемі аз, ал мүмкіншіліктері бірдей.

Вложенные файлы: 1 файл

наубайхана.doc

— 1.51 Мб (Скачать файл)

 

2.4. 1 Delphi жүйесінде жұмыстың МҚБЖ-мен орындауы

 

Мәліметтерге  қатынасқа арналған BDE технологиясы

Мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін бағдарлама жасаған  кезде, Delphi жүйесінде Borland Database Engine (BDE) механизмі қолданылады. Delphi 7 құрамына BDE7.01 версиясы кіреді. BDE механизмін қолданған  кезде өңдеуші оның бағдарламасы мәліметтер қоймасымен қалай жұмыс істейтіні жөнінде ойланады: жергілікті, файл-серверіне, әйтпесе клиент-сервер архитектурасына. Қосымша МҚБЖ-сін қолдануға ауысуда әртүрлі өңдеуші бағдарламашыға өзінің бағдарламасының негізгі кодын алмастыру керек болмайды. Тек BDE-ні күйге келтіруінде өзгертулер енгізсе жеткілікті.

Мәліметтер  қоймасының драйверлері

BDE механизмі клиенттік  бағдарлама мен мәліметтер қоймасы  (немесе МҚБЖ) арасындағы бағдарламалық  қабаттау (middleware) болып табылады. Сауал қосымшадан МҚБЖ-мен жұмысқа арналған мамандандырылған жүйелік бағдарламаны (драйверлер) қолданатын BDE механизмінің ішіне беріледі. Осындай драйверлер әр МҚБЖ үшін шығарылады және BDE механизмі оның Database – Explorer (Мәліметтер қоймасы - сілтеме) командасы арқылы ашылатын SQL Explorer (SQL cілтеме) утилитінен шақырылған арнайы редактордың көмегімен қолдануға бейімделеді. Драйверлер мәліметтер қоймасымен мынадай МҚБЖ стандартта жұмыс жасай алады: Paradox, dBase, FoxPro. Бұл МҚБЖ-лер бұрын файл-сервер болып құрылды, сондықтан драйвер өзімен бүкіл күрделі бағдарламаларды, орындаушы МҚБЖ функциялар жиынын нақты ұсынады. Және МҚБЖ (MS SQL Server, InterBase, Oracle) клиент-серверімен жұмысы үшін де бар. Сондай драйверлер тіпті оңай жасалған. Олар тек сауалдар мен командаларды BDE-ден МҚБЖ-не береді және олардың нәтижелерін кері алады. Мәліметтерді өңдеуші бүкіл жұмысты МҚБЖ орындайды.

Мәліметтер  қоймасын жасау

Қолданылатын мәліметтер қоймасы бірнеше кестелерден  тұрады. Рамкада олардың әрқайсысы  бірдей құрылымдардың жазулар терімінде сақталады.

Келесі қадам –  нақты МҚБЖ және мәліметтер қоймасы  архитектурасын таңдау. Жаңадан бастауға жергілікті МҚБЖ-ні қолдану жеткілікті. Мүмкін бұл BDE механизмін қолдайтын  МҚБЖ Paradox болар.

Мәліметтер қоймасы  үшін өзінің бумасын жасау керек. Alias «жалған ат»-ты қолдану ыңғайлы, (кесте жазылатын буманың атауы), ол белгіленген ұзын жолдарды қысқартады, содан соң басқа компьютерге бағдарламаны тасымалдауда жалған ат мағынасын нақтылы бумаға алдын ала байланбай-ақ тез анықтайды.

 

 

2.5 Мәліметтер базасында қолданатын қосымшаларды өңдеуге арналған Delphi тілінің жабдықтары

 

Ақпаратты жүйені құру кезіндегі  негізгі саты МБ мен қосымшаларды құру болып табылады. МБ-н құрудың  негізгі сатысы болып:

  • МБ бүркеншік атын құру;
  • МБ кестесін құру;
  • МБ қолданылуы үшін қосымша құру табылады.

Егер кесте мен бүркеншік  ат болса, онда 1 және 2 сатылар орындалмайды. Мысалы, МБ қолдану үшін, деманстарциялық  мақсатта Delphi-мен бірге, қосымша  құруға болады. Олар С:\Program Files\Common File\Borland Shared\Data каталогында орналасады.

МБ-сы логикалық –  бүркеншік аттармен идентификацияланады. Бүркеншік ат – бұл МБ-ң желі ішінде бір орынға екінші орынға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бүркеншік ат (alias) МБ орнын, МБ-ң файлдары орналасқан каталог  атын анықтайды. Бүркеншік атты қолдану МБ файлдарын басқа каталогқа және қосымшаны басқа копьютерге көшіруді жеңілдетеді. Егер қосымшада бүркеншік ат қолданылатын болса, онда МБ-н немесе қосымшаның орнын ауыстырғаннан кейін тек МБ-на жолды өзгерту қажет. Бүркеншік атты әдістердің біреуімен – Database Desktop көмегімен немесе BDE Administrator ішкі жүйесінің көмегімен анықтауға болады.

Database Desktop арқылы  псевдонимдерді құру және қарау

DD бағдарламасы кестені  құруға және редакторлеуге, SQL-сұрауын құруға және псевдониммен жұмыс істеу үшін арналған. Бұл бағдарламаны Delphi ортасында Tools\DD командасының dbd32.exe файлын жүктеу арқылы немесе басты мәзірдің Программы\Borland Delphi 7\DD қосымшасы арқылы шақыруға болады.

Бүркеншік аттар мен  жұмыс үшін бүркеншік ат менеджері қолданылады. Оны DD ортасында Tools\Alias Manager командасымен шақыруға болады. Оның көмегімен бүркеншік атты құрып және жоюға болады. Бүркеншік аты еңгізіледі немесе Database alias терезесінің тізімінен таңдалады. Сондай-ақ бүркеншік ат параметрлерін драйвер типін және МБ-на жолды (Path терезесінің өрісі) өзгертуге болады. Жолды қолмен еңгізуге болады немесе каталогты қарау терезесіне (Browse батырмасын басқаннан кейін) таңдауға болады.

Бүркеншік ат құру үшін төмендегі  батырмаларды басу қажет:

  1. New – Database alias терезесі бүркеншік ат енгізу үшін тазартылады;
  2. Browse – МБ жолын дискіде таңдау арқылы анықту үшін;
  3. Keep New – МБ-на жолды сақтау;
  4. Save As – idapi32.cfg – конфигурация файлын сақтау үшін;
  5. ОК – бүркеншік ат менеджерімен жұмысты аяқтау.

 

Сурет 2.5.1. Бүркеншік ат менджерінің терезесінің түрі

BDE Administrator арқылы бүркенші аттарды құру және қарау

BDE Administrator бағдарламасы  МБ-ң процессорларының администраторын  білдіреді. Администраторды шақыру  үшін bdeadmin.exe файлын жүктеуге болады немесе Программы\Borland Delphi 7\BDE Administator командасын орындауға болады.

BDE администраторы МБ  және оперативті жүйе параметрін, соның ішінде бүркеншік ат  параметрін (аты, типі, жол) драйверлерді (тип, тіл) және жүйелік келтірулерді (формат, дата, уақыт) келтіруге мүмкіндік береді. Әкімгер терезесінің түрі 5-суретте көрсетілген.

 

Сурет 2.5.2. Әкімгер терезесінің түрі

МБ бүркеншік атын құру үшін Database парағының сол жақ  бөлігін таңдау қажет. Содан кейін Object\New командасымен орындалу қажет. Драйвер типін таңдау үшін New Database Alias диалогтық терезесі пайда болады. Терезе түрі 6-суретте көрсетілген.

 

Сурет 2.5.3. Драйвер типін таңдау терезесінің түрі

Локалды кестелер үшін Standard типін таңдайды. ОК-ды басу керек. Бүркеншік ат параметрін келтіретін терезе пайда болады. Standard парағында бұркеншік аттарының тізімінде STANDARD1 түрінде жаңа бүркеншік аты пайда болады. Оны бізге қажетке өзгертуге болады, мысалы, STUD8. Definition парағында бүркеншік параметрінің тізімі пайда болады:

  • оның типі (STANDARD);
  • драйвер типі (кесте форматы = Paradox);
  • ENABLE BCD – есептеу дәлдігін жоғарлату үшін сандарды BCD форматына ауыстыру қажеттілігі;
  • PATH – МБ каталогының жолы.

Бүркеншік ат парметрлерін өзгертуге болады (мысалы, аты мен  жолын). PATH параметрін қолмен еңгізуге немесе Select Directory (каталог таңдау) терезесінің көмегімен таңдауға болады. Бұл терезені PATH параметрі өрісінде екі рет шертумен немесе жол соңындағы PATH мәні орналасқан көп нүктені шерту арқылы шақыруға болады. Көпнүкте РАТН параметрімен жолды таңдау кезінде шығады. ОК батырмасын басқаннан кейін жол автоматты түрде РАТН мәні ретінде енгізіледі.

 

Сурет 2.5.4. Бүркеншік ат параметрін орнату үшін әкімгер терезесінің түрі

Керек немесе бүркеншік  атты Delete көмегімен жоюға немесе Object\Delete командасы арқылы жоюға болады.

МБ-н басқа каталогқа  орын ауыстыру негізінде РАТН параметріндегі жаңа жол мәнін өзгертіп сақтау қажет.

 

 

2.6 Мәліметтер базаларын жасау технологиясы

 

Ақпараттық  жүйені жасау процесі

Delphi ортасында ақпараттық  жүйе құру үшін МБ құрып және оны қоладну үшін қосымша құру қажет. МБ құру үшін оның жүйесін құру қажет. Жай МБ үшін өріс құрамы мен оның кестелер бойынша орналасуы ақпараттық жүйені құрушымен жүргізіледі.

Мәліметтер  базаларының кестелерін жасау

Кесте мен оның жазбаларының құрлымын құру үшін Database Desktop бағдарламасын қолдануға болады. Ол кесте құруға, олардың құрылымын өзгертуге және оның жазбаларын редакторлеуге мүмкіндік береді. Кесте құрылымын басқару әрекетін бағдарламалық тұрғыда да жасауға болады.

Жаңа кесте құру процесі DD ортасында File\New\Table командасы арқылы жүреді. Create Table терезесі пайда болады. Оның түрі 8-суретте берілген.

Сурет 2.6.1. Create Table терезесінің түрі

Онда кесте форматын беруге болады. Үнсіздік байынша Paradox форматы  ұсынылады. ОК батырмасын басқанан кейін Create Paradox-Table тақырыбымен терезе пайда болады. Терезе түрі 9-суретте берілген.

Онда:

  • кесте жазбаларының сипаттамасын;
  • кілт (негізгі, басты, алғашқы индекс);
  • индекстер (екілік (вторичные));
  • жазба өрісінің мәндеріне шектеуді;
  • пароль;
  • тілдік драйвер;
  • мән таңдау үшін кестелер;
  • сұрау бүтіндігі шарттарын беруге болады.

 

Сурет 2.6.2. Кесте жазбасының құрылымын беру терезесінің түрі

Міндетті болып тек  бірінші әрекет – жазба өрістерін  сипаттау табылады. Егер бұрын құрылған құрылымымен жаңа кесте құру керек болса, оны бұрын кестеден көшіріп алуға болады. Ол үшін оның форматын таңдап, Create Paradox7 Table терезесі пайда болғаннан кейін, Borrow батырмасын басу қажет. Select Borrow Table терезесі пайда болады. Оның түрі 10 – суретте берілген.

 

 

Сурет 2.6.3. Кесте құрылымын иемдену терезесінің түрі

Бұл терезеде кестені (db кеңейтілімімен негізгісін) таңдау қажет. Открыть батырмасын басу қажет. Жаңа кестеге өрістер сипаттамасымен галочка койылған қасиет элементтері  көшіріледі.

Кесте жазбасының құрылымын құру

Кесте жазбасының құрылымы ‘Field Roster’ (өріс тізімі) тақырыбымен  кесте түрінде Create Paradox Table терезесінде (1.9-сурет) құрылады. Оның әрбір өрісінде кесте жазбасының бір өрісі туралы ақпараттар берілген. Кесте бағаналарының қолданысы:

  1. Жазба элементі нөмірі – автоматты түрде қойылады;
  2. Field Name – жазба элементі аты – идентификатор;
  3. Туре – жазба элементі типінің аты; элемент типін қол жеткізілетін типтер тізімінен таңдау; тізімді ‘пробел’ пернесін басу арқылы шақыруға болады; жазбаның негізгі типтер: alpha (жолдық), number (real), $ (money) (ақшалық), short (бүтін), long integer (ұзын бүтін)6 logical (логикалық), graphic(графикалық).
  4. Size – жолдық мәліметтер үшін – символдардың max көлемі;
  5. Кеу – негізгі кілт белгісі - жұлдызша түрінде; оны мысалға ‘пробел’ пернесімен қоюға болады.

Негізгі кілт жазбаның бірінші  ‘Field Roster’ кестесінің элентінде  болуы керек. Ол біркелкі болуы керек.

Құрылып жатырған кестенің келесі бетіне көшу ‘Ввод’ пернесі  басу арқлы жүреді.

Индекстерді беру

Кесте құрылымының параметрлері параметр мәнін Table Properties тақырыбымен  берілген тізімнен таңдау арқылы анықталады.

  • Validity Checks – өріс мәнін еңгудің дұрыстығын тексеру;
  • Table Lookup – өріс мәнін таңдау кестесі;
  • Secondary Indexes – екілік (вторичные) индекстер;
  • Referential Integrity – сұраудық бүтіндік;
  • Password Security – паролдер;
  • Table Language – кесте тілі (тілдік драйвер):

 

Сурет 2.6.4. Кесте қасиеттерінің ашылған тізімі терезесінің түрі

Кесте қасиеті тізімінен  қандай да бір параметрді таңдағаннан кейін, болашақ әрекеттер үшін басқару элементтері (мысалы, батырмалар) п. б.

Индекстер жазбалардың  өсу немесе кему реті бойынша, бағаналар  мәнін сұрыптауға қолданылады. Индексті (Secondary Indexes – қасиеті – екіншілік  индекстер)  беру кезінде оның өрісінің құрамын, параметрлерін анықтап, оған ат беру қажет. Қасиеттер тізімініен (11-сурет) осы параметрді таңдағаннан кейін Define (Анықтау) Modify (Модификациялау) және Erase (Жою) батырмалары п. б.

Жаңа индекс құру үшін Define батырмасын басу қажет. Define Secondary Index терезесі п. б. (12-сурет). Онда өріс құрамы мен индекс параметрі беріледі. Бір индекс құрамына бір немесе одан да көп кесте жазбасы кіруі мүмкін.

 

Сурет 2.6.5. Жаңа индекс құру терезесінің түрі

Fields терезесінің тізімінде кестенің жазбасының барлық өрісі шығады. Indexed fields тізіміне стрелка көмегімен құрылып жатырған индекс құрамына кіруі тиіс жазба өрісінің аттары көшіріледі. Тізімдер арасындағы көлденең стрелкалары бар батырмалар индекс құрамына өрісті қосуға не алып тастауға мүмкіндік береді.

Жазбалармен жұмыс кезінде  индекстік өрістер индекстік  өрістер тізімінде орналасу тәртібі  боынша өңделеді. Бұл ретті өзгерту  қажеттілігі болса, вертикалды стрелка  батырмасын (Change order:) қолдануға болады.

Жаңа индексті анықтап, ОК батырмасын басқаннан кейін (Save Index As – индексті сақтау) терезесі п. б.

ОК батырмасын басқаннан  кейін құрылған индекс кестеге қосылады, оның аты құрылған индекстер тізімінде  шығады.

Құрылған индексті өзгертуге  болады. Ол үшін индекс тізімінен индексті белгілеп Modify батырмасын басу керек. Әрі қарай индексті өзгерту әрекеті құруға ұқсас.

Информация о работе ЖШС «Алтын диірмен» наубайханасының сипаттамасы