Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 10:24, курс лекций

Краткое описание

Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне себепкер болған өркениеттің (цивилизация) дамуы ақпаратты өңдеудегі түбейгейлі өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістерді ақпараттық революциялар деп қарастыруға да болады. Адамзат тарихында осындай төрт революция болды деп ұйғарылады.
Бірінші революция жазудың ашылуымен байланысты. Ол білім саласында сапалы да санды да дамуға әкелді және білімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік тудырды.
Екінші революция (XVI ғасыр ортасы) жазуды баспалық түрде шығарудың ашылуы мәдениет және қызметті ұйымдастыру мәселелерін күрт өзгертуге себепкер болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Тақырып 01 Кіріспе.doc

— 264.00 Кб (Скачать файл)

Ақпарат үшін берілген кейбір анықтамалар:

  • Ақпарат ол энтропияны жоққа шығару (Бриллюэн);
  • Ақпарат ол құрылымның  күрделілігінің өлшемі (Моль);
  • Ақпарат ол әртүрліліктің  көрінісі (Урсул);
  • Ақпарат ол шағылысу үрдісінің мазмұны (Тузов);
  • Ақпарат ол таңдау ықтималдылығы (Яглом);
  • Ақпарат ол біздің біліміміздегі анықталмағандықты аластату (Шеннон);
  • Ақпарат ол біздің және біздің сезімдеріміздің оған лайықтануы нәтижесінде сыртқы ортадан алынған мазмұндамаларды белгілеу (Н. Винер);
  • Ақпарат ол қоршаған орта туралы нақты, толық және анық мәліметтер (Балапанов);
  • Ақпарат ол  мәлімет,  қоршаған  ортадағы объектер мен құбылыстар, олардың сипаттамалары, қасиеттері және жағдайлары туралы, сонымен бірге олар жөнінде біздің біліміміздегі анықталмағандық дәрежесін кемітуші (Макарова)

Сонымен ақпарат деп бізді қоршаған  орта және онда болып тұратын  құбылыстар жөніндегі және біздің біліміміздегі  анықталмағандықты аластатушы мәліметті  айтамыз.

 Ақпарат сөз, мәтін, сурет,  сызба, фотография, жарық немесе  дыбыс сигналдары, радиотолқын, электрлік және нерв импульстері, магниттік жазба, ым, иістік және дәмдік сезімдер, хромосома және басқа түрлерде болады.

Таңертең ұйқыдан тұрсымен әрқайсымыз ақпараттар әлеміне енеміз: бір бірімізбен сөлессек, кітап, журнал не газет оқысақ, телевизор не кино көрсек, радио тыңдасақ, тіпті терезеден айналаға көз салсақ та өзімізді қоршаған орта жөнінде мәлімет аламыз.

Қолданушы ақпаратты пайдалана  алмайды, егер  оған ақпарат 

  • түсініксіз тілде берілетін болса, мысалы, қазақ тілін ғана білетін адамға жапон тілінде берілсе;
  • білім деңгейінен жоғары деңгейде берілсе, мысалы, мектеп оқушысына жоғары оқу орыны студенттері деңгейінде; 
  • қажетсіз білім саласында  берілсе және тағы басқа.

Осы және басқадай себептерге байланысты ақпарат белгілі қасиеттерге сай болуы керек. Ақпараттың қасиеттеріне нақтылық,  толықтылық, құндылық, өзектілік, түсініктілік, қол жетерлік және қысқалық жатады.

Ақпараттың қасиеттеріне нақтылық,  толықтылық, құндылық, өзектілік, түсініктілік, қол жетерлік және қысқалық жатады.

Ақпараттың өзектілігі ол қарастырып отырған кезегі маңыздылығы.

Ақпарат нақты делінеді, егер ол уақиғаның кәзіргі жағдайын дәлме-дәл көрсететін болса. Ақпараттың нақты болмауы оны дұрыс түсінбеуге, немесе қате шешім қабылдауға әкеледі. Нақты ақпарат, болашақта, уақыт өткен сайын ескіріп нақты болмай қалуы мүмкін.

Ақпарат толық деп есептеледі, егер ол түсінуге және шешім қабылдауға жеткілікті болса. Ақпараттың жеткіліксіз болуы, немесе артық болуы, шемшім қабылдауды не уақытша тоқтатуы, не қате шешім қабылдауға мәжбүр етуі мүмкін. Ақпаратты қысқа түрде – сығылған, маңызсыз сипаттамаларынсыз, немесе аумақты түрде беруге болады. Ақпарат қысқа түрде анықтамаларда, энциклопедияларда, оқулықтарда, әртүрлі инструкцияларда көрсетілуі керек.

Ақпарат қолданушының қабылдау деңгейіне байланысты қол жетерлік түрде берілуі керек. Сондықтан бірдей сұрақ мектеп оқулықтарында бір түрде, ал ғылыми баспаларда басқа түрде қарастырылады.

Ақпараттың дәлдік қасиеті деп Келіп жеткен ақпараттың объектінің нақты жағдайына жақын дәрежеде болуы керектігін айтады.

Ақпараттың бастапқы деректердің өзгерісін қажетті дәлдікті бұзбай сезінуге қабілетті болуын білдіретін қасиетін тұрақтылық дейді.

Ақпараттың құндылығы оның есепті шешу үшін маңыздылығына байланысты және оның болашақта адамзат қызметінде қолданылу мүмкіндігіне байланысты.

Дер кезілік – ақпараттық қажетті уақытында келіп жетуі. Қажетті уақытында алынған ақпарат күтілген пайдалы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Уақытынан бұрын алынған ақпарат түсініксіз болады да,  қажетті уақытынан кешігіп алынған ақпарат пайдасыз құнсыз болады.

Ақпарат түсінікті делінеді, егер ол осы ақпаратты қолданушылар түсінетін тілде көрсетілген болса.  Егер құнды және өзекті ақпарат түсініксіз түрде берілсе, онда ол қажетсіз болып қалады.

Мәлімет құнды болады және ақпарат жеткізеді деп есептеледі, егер одан кездейсоқ сипаттағы, яғни қапылыстан болатын күтілмеген, уақиғаның орындалуы жөнінде білетін болса.

 

Ақпараттық объектілер мен үрдістер.

Ақпараттық қасиеттері бойынша  қарастырылатын заттар, үрдістер, материалды және материалды емес құбылыстар ақпараттық объектілер делінеді.

Ақпаратпен жүргізуге болатын  белгілі үрдістерді ақпараттық үрдістер деп атайды.

Ақпаратты өңдеу ол белгілі алгоритмді орындау нәтижесінде бір ақпаратық  объектіден екінші ақпараттық объектіні алу.

Ақпараттық қорлар ол адамзаттың ойлары және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар  жиынтығы, яғни әр түрлі  мамандандырылған білікті мамандар топтарының интеллектуалды қызметтерінің өнімі .

Ақпараттық технология адамзаттың ақпаратты өңдеуде қолданатын әдістері мен құралдарының жиынтығы. Мұндағы құралдар жиынтығына компьютерлер, есептеу техникасы мен байланыс техникасы, тұрмыстық электроника, теледидар және радио жатады.

Ақпараттық жүйе ақпараттық технологияны пайдаланып ақпараттарды сақтауға және, қолданушылардың сұранысы бойынша, беруге арналған жүйе.

Ақпаратпен қатар информатикада  деректер деген ұғым қолданылады. Деректер қандайда болмасын әдіспен тіркеліп сақталатын сигнал. Егер осы  деректерді белгілі бір жағдайда анықталмағандықты  азайту үшін қолдануға болатын болса ол ақпаратқа айналады.

Ақпаратты алу және түрлендіру үрдістері  (ақпаратты өңдеу, жинақтау, сақтау, тасымалдау, тарату және қолдану) ақпараттық үрдістер деп аталады. Ақпараттық үрдістерге жатады:

  • жинақтау – дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету  мақсатына  жеткілікті мөлшерде жинақтау;
  • формализациялау - әртүрлі көздерден келіп түскендерін бір-бірімен салыстыруға келетіндей бір түрге келтіру;
  • сүзгілеу – шешім қабылдауға қажетсіз “артықтарын” алып тастау, нәтижесінде деректердің нақтылығы мен дәлддігі артады;
  • сұрыптау – қолдануға ыңғайлы болуы үшін белгілі сипаттамаларға сай тәртіпке келтіру, ақпараттың қолжетерлігі артады;
  • мұрағаттау – сақтаудың ыңғайлы және жеңіл қол жетерлік  түрін ұйымдастыру, ақпараттың үрдістің жалпы сенімділігі артады және сақтаудың эконмикалық шығындары кемиді;
  • қорғау – жоғалту, қайта өндіру және модификациялау мүмкіндіктерін жоққа шығару ға бағытталған әрекеттер жиынтығы;
  • тасымалдау, тарату – ақпараттық үрдіске қатысушылар арасында ақпаратты беру, қабылдау және жеткізуді ұйымдастыру, мұда ақпарат беруші көз сервер деп, қабылдаушы клиент деп аталады;
  • түрлендіру –бір түрден екіншіге немесе бір құрылымнан екіншіге айналдыру;
  • қолдану – алыған ақпарат нәтижесінде шешім қабылдау,  өндірістік және өндірістік емес орталарды әлесметтік-экономикалық үрдістерді және адамдар ұжымдарын басқару

Бүгінгі күні ақпарат стратегиялық азық болып табылады. Оны өңдеу  құралы болып адамзаты ойлап тапқан әртүрлі қондырғылар мен жүйелер, соның ішінде қазіргі заманда  бірінші қатарда ең маңызды компьютерлік техника болып табылады.

Денсаулық сақтау мен медицина жұмысының  ақпараттық жабдықталуының техникалық аспектісі, ең алдымен медицинаның  барлық саласын қазіргі кездегі  компьютерлік техникамен оған қоса компьютерлік байланыс амалдары және оған сәйкес программалық жабдықтау мен қамтамассыз етуді қарастырады. Программалық жабдықтау амалдар жүйесі (АЖ), медициналық мәліметтерді өңдеу жүйесі, арнаулы қолданбалы программалық пакеттер (ҚПП), мәліметтер қоймасымен басқару жүйесі (МҚБЖ), ақпаратты кодтау мен сақтаудың программалық амалдарынан құралады.

 

Ақпаратты ЭЕМ-сына енгізу.

Бір ақпараттың өзін бірнеше түрде  және әртүрлі әдістермен көрсетуге  болады. Кәзіргі есептеу техникасында ақпарат көбінесе екі түрлі сигналдардың тізбегі түрінде көрсетіледі: магниттелмеген не магниттелген, төмен не жоғары кернеу, электр тізбегі ажыратылған не қосылған.

Бұл жағдайлардың бірін 0 цифрымен, екіншісін 1 цифрымен белгілеуге келісілген.

Ақпарат ЭЕМ-сына енгізу үшін кодталады. Код деп мәліметті алдын ала келісілген символдардың немесе белгілердің жиынтығы түрінде көрсету.

 Ақпаратты бір мен нөл  цифрларының жиынтығы түрінде  көрсету екілік кодтау деп  аталады. Екілік кодтауда мәтіннің  әрбір символы (әріп, цифр, тыныс  белгілері) нөл мен бірдің бекітілген тізбегінен тұратын жиынтықтармен белгіленеді. Кәзіргі арнайы компьютерлерде нөл мен бірдің 8 орынды жиынтықтарынан тұратын кодты қолданып, 256 символды (қазақ не орыс және латын алфавиттерінің бас және кіші әріптерін, цифрлады, тыныс, арифметикалық және арнайы белгілерді) белгілеуге болады.

 

Ақпараттың өлшем бірлігі.

Ақпараттың өлшем бірлігіне 1 бит  алынады. Аяқталуының тек қана екі бірдей мүмкіндігі бар, құбылыс жөніндегі мәліметтегі ақпарат шамасы 1 битке тең деп есептеледі.

Екілік кодттау жүйесінде әрбір 0-мен  1-ге 1 бит ақпарат шамасы сәйкес келеді, ендеше әрбір символдағы ақпарат шамасы  8 бит. 1 бит  өте кіші бірлік болғандықтан, 8 бит ақпарат шамасы 1 байт деп алынады. Сондықтан:

0 0 0 0 0 0 0 0 - 8 бит - 1 байт;

0 1 0 0 0 0 0 0 - 8 бит - 1 байт – латын алфавитінің  А әрпі;

0 1 0 1 1 1 1 1 - 8 бит - 1 байт – латын алфавитінің а әрпі;

0 1 1 1 1 1 1 1 - 8 бит - 1 байт – орыс  алфавитінің  А әрпі;

1 0 0 1 1 1 1 0 - 8 бит - 1 байт – орыс  алфавитінің а әрпі.

Сақталатын ақпарат көлемін  өлшеу үшін үлкенірек жады көлем бірліктері қолданылады.

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт    = 210 байт = 213 бит;

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт = 223 бит;

1 Гигабайт (Гбайт)  = 1024 Мбайт = 230 байт = 233 бит;

1 Терабайт (Тбайт)   = 1024 Гбайт = 240 байт = 243 бит;

1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт = 253 бит.

210 = 1024

Мәліметтегі ақпарат шамасы ақпараттық көлем деп аталады. Мысалы МИРУ-МИР деген сөз тіркестегі ақпараттық көлем  8 байт; ал “МИРУ-МИР” деген сөз тіркесінің ақпараттық көлемі 10 байт, “МИРУ – МИР” сөз тізбегіндегі ақпараттық көлем 12 байт.

Есептеу техникасы үшін маңызды көрсеткіштерге, бір өлшем  уақытта өңделетін не таратылатын  ақпарат шамасына тең, ақпаратты  өңдеу және тарату жылдамдықтары  жатады. Ақпаратты өңдеу және тарату жылдамдықтары бит/с-пен өлшенеді.

 

Ақпаратты компьютерде  сақтау.

Компьютермен өңделетін барлық ақпарат  оның жадында екілік түрде  сақталады.

Жұмыс барысында пайда болатын  және компьютерге енгізілетін ақпарат  оның жадысында сақталады. Компьютер  жадысын қағаз бетіндегі ұзын жолдар бейнесінде елестетуге болады.  Әрбір осындай жол жады ұяшығы деп аталады. Ұяшық - бұл ішінде процессордың бұйрығымен өңделетін ақпарат орналасқан компьютер жадысының бөлігі. Ұяшық ішіндегі құрылым  машиналық сөз (машинное  слово) деп аталады.

Ұяшық жады бір мәнді сандардан  тұрады. Әрбір элемент әртүрлі қалыптағы жағдайда болады және санның бір разрядын бейнелеуге қабілетті. Міне сондықтан ұяшықтың әрбір элементі разряд деп аталады.

 Разрядты нөмірлеу оңнан солға қарай жүргізіледі. Ең шеткі оң разрядтың реттік саны       0–ге   тең. Бұл ұяшық жадының ең кіші разряды. n-разрядты ұяшық жадысы ішінде үлкен разрядтың реттік саны n-1 болады. 

Кез келген разрядта 0 немесе 1 сақталады.

Машина сөзі (машинное слово) ЭЕМ үшін – бұл разрядтың бекітілген тұрақты саны. Бұл сан ЭЕМ-сын сипаттайтын шамалардың бірі және ол машинаның разрядтығы деп аталады.

Мысалы, қазіргі заманғы компьютерлер 64 разрядты, яғни, машина сөзі (ұяшық жады) 64 разрядтан немесе биттен тұрады деген сөз. Сонымен бит — ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі ғана емес, ЭЕМ ұяшық жадысы разрядының бірлігі болып табылады.

Ең кіші ұяшық жадысының стандартты өлшемі сегіз битке тең, яғни, сегіз екілік разрядқа тең. 8 биттен тұратын қосылыс деректер сипатының негізгі бірлігі байт болып саналады. Байт (от ағылшын сөзі byte – слог) – 8 биттен тұратын және ЭЕМ-сында біртұтас өңделетін машина сөзінің бөлігі.

 

Санау жүйелері

Ақпаратты қандай да бір алфавит арқылы көрсету кодтау деп аталады. Бір ғана ақпарат әртүрлі әдіспен көрсетілуі мүмкін.

Код дегеніміз бір белгілер тобын  екінші белгілер түріне  түрлендіру ережесі.

Мысалы,  967 саны мына түрде жазылуы  мүмкін : тоғыз жүз алпыс жеті  96710, 17088, ЗС716 , 11110001112 , яғни, орыс тілі алфавиті түрінде кодтау,  ондық,  сегіздік, оналтылық, екілік санау жүйесінде.

Практикада ақпараттың көрсетілу  түріне : сақтау, жеткізу, өңдеу тағы басқа процесстер байланысты болады.

Ақпаратты Кодтау процесі (оны шифрлеу деп те атайды) ақпаратты Декодтау процесімен (мағынасын ашу / расшифровка) тығыз байланысты.

Сандарды арнайы цифрлар деп  аталатын символдар арқылы бейнелеу қабылданған.

Сандардың аталымын және жазу әдісін санау жүйесі деп атайды.

Информация о работе Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы