Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2014 в 07:52, курсовая работа
Курстык жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Delphi – де программа дайындау, програма мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
КІРІСПЕ
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені бізге белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандайда бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын.Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеяларын қолданбайтын саланы айту қиын.
Республикамыздың білім беру
саласында жаңа ақпараттық
Педагогикалық білім беру
Есептеуіш техниканың
Программалау іскерлігін
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6 – нұсқалары жарық көрді. 5,6- нұсқалардың бір- бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6- да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi – дің негізгі ерекшелігі
онда қосымша құруда
Курстык жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Delphi – де программа дайындау, програма мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
1. DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ
Delphi ортасы – программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта. Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады:
Delphi- ді алғаш шақырғаннан кейін Inprise – бен байланыс Delphi Direct терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарациясының WEB беттеріне кіруге мүмкіндік туады.
1
2
3
4
5
6
Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан. Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас терезенің элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.
1.2.Пиктографиялық батырмалары. Терезелерді түзету
Пиктографиялық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 7 топқа бөлінеді. Әрбір топ бір панельде орналасады;
Delphi ортасының 5 нұсқасынан бастап, үш жаңа интерфейстік элементтермен толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан.Осы инструменттердің көмегімен программист Delphi - дің қалған терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап , оны түзету файлында сақтап қоюға болады. Әдетте екі немесе үш терезенің негізгі конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі және отладка.Форма жасау кезінде экранда форманың өзі, обьектілер тармағы мен обьектілер инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.
Терезелердің сәйкес өлшемі
1.3. Delphi ортасының компоненттер палитрасы
Компоненттер палитрасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және оның қажетті компонентті жылдам іздеуін қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандайда да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттер көмегімен программаның сүтбесі (каркасы)жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б.
Батырмалар панелі тәрізді, компоненттер палитрасы да түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және Properties опциясын таңдағанда пайда болады.
Компоненттер палитрасы қосымшаға қатысатын компоненттерді таңдау мүмкіндігін береді. Компоненттер бұл Delphi – қосымшаны жинауға қажетті “құрылыс блоктары” Компоненттер пиктограмма түрінде тақтада орналасқан. Delphi – ді іске қосқанда Standard беті белсенді болып тұрады. Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою, пиктограмма қосу немесе кейбір пиктограммаларды басқа бетке жылжыту үшін Palette Properties диалогтық терезесі қолданылады. Ол диалогтық терезені ашу үшін Component/Configure Palette командасын немесе компоненттер политрасының кез – келген жерінде тышқанның оң жағындағы контексті менюдің Properties (қасиет) командасы қолданылады.
1.4.Формалар терезесі. Обьектілер тармағының терезесі
Windows жобасы болашақта программа жазатын терезе болып табылады. Басында бұл терезе бос болады.Дәлірек айтсақ, ол Windows – дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан тұрады.Әдетте терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады.
Әрбір жаңа жоба үшін автоматты түрде форма терезесі беріледі және ол Form1 деп аталады.Форма – ол жобаланған программаның, онда орналасқан бейнеленген және бейнеленбеген компоненттерімен бірге интерфейстік элементі (жоба терезесі, диалогтық терезе, ақпараттық терезе және т.б.). Delphi – ді алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді.
Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компонентер арасындағы байланысты көрнекі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонентті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және обьектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механизімінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол OnClick оқиғасын өңдеу үшін дайындалғанды код терезесіне орналастырады.
Обьект – бұл нақты өмірдегі объектке, оның қасиетіне сәйкес келетін кейбір құрылым. Delphi-дегі обьект – бұл динамикалық құрылым. Айнымалы обьект мәліметтерден емес, обьектінің мәліметтеріне сілтемеден тұрады. Сондықтан программист осы мәліметтер үшін жады (память) бөлуді ойластыруы тиіс. Delphi тілінде обьект алаңдарына енуге шектеу қою обьект қасиеттерінің көмегімен орналасады. Обьект қасиеті, осы қасиеттің мәнін сақтайтын алаңмен және қасиет алаңына енуді қамтамасыз ететін екі әдіспен сипатталады. Қасиеттің мәнін орналастыратын әдіс – қасиетті жазу әдісі (write), ал қасиеттің мәнін алатын әдіс қасиетті оқу әдісі (read) деп аталады.
Обьектілер тармағының алдын – ала бар кластарға алаңдар, қасиеттер және әдістер қосу арқылы жаңа кластарды анықтау мүмкіндігін береді. Жаңа кластарды алудың мұндай механизмін туынды деп атайды. Бұл кезде жаңа пайда болған класс (ұрпақ) алдыңғы негізгі кластың қасиеттері мен әдістеріне ие.
1.5. Обьектілер инспекторының терезесі.
Обьектілер инспекторы обьектілер қасиетін орналастыру мүмкіндігін береді және программа құру кезінде әдістерді тағайындайды. Обьектілер Инспекторы терезесі екі беттен тұрады: Properties және Events.
Properties беті компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады.
Кесте жолының оң жақ бағанын тышқанмен белгілеу ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін екпінді жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетіне үш нүкте (... ) немесе батырмаларының бірі пайда болады. Үш нүкте (... ) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұхбат терезесін экранға шығарады, батырмасын белгілеу қарапайым қасиеттің мүмкін болатын мәндерінің тізімін шығарады. Обьектілер инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан барлық компоненттердің апшылатын тізімі орналасады. Форманың өзі де компонент болғандықтан, оның аты да осы тізімде болады.
Тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын терезенің контекстік менюінде терезені түзетуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, StayOn Top командасын таңдағаннан кейін, Обьектілер Инспекторы терезесі онын екпінділігіне тәуелсіз басқа терезелердің үстінде «қалықтап» жүреді. Delphi ортасы оқиға өңдеушілердің көмегімен хабарларды қабылдап, өңдейді.Жиі қолданылатын оқиғалардың тізімі 1- кестеде көрсетілген.
Оқиға |
Оқиғаның сипаттамасы |
On Activate |
Форманы екпінді жасағанда пайда болады. |
On Create |
Форма құруда пайда болады.Бұл оқиға өңдеушіге форма құру кезінде өтетін әрекеттердің оқиғасын беруге болады, мысалы, бастапқы мәндерді тағайындау. |
On Click |
Тышқанның батырмасын компонент ке басқанда пайда болады. |
On Dbl Click |
Компонентке тышқанның батырмасын екі рет басқанда пайда болады. |
On Key Press |
Клавиатурадағы клавиштарды басқанда пайда болады.Key параметрінің типі Char және басылған клавиштың ASCII кодынан тұрады мысалы,клавиатурадағы Enter клавишінің коды #13, ал Esc клавишінің коды #27. Әдетте бұл оқиға қандай да бір клавишты басқанда берілетін жауап үшін пайдаланады. |
On Key Down |
Клавиатурадағы клавишты басқанда пайда болады. Бұл оқиғаның өңдеушісі басылған клавиш жөнінде және Shift, Alt, Ctrl клавиштары, сондай-ақ тышқанның басылған батырмалары жөнінде ақпарат алады. |
1.6. Программалар кодының терезесі
Код терезесі – программа мәтін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н.Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірілді.
Информация о работе Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама