Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2014 в 07:52, курсовая работа

Краткое описание

Курстык жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Delphi – де программа дайындау, програма мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

Мәлімет базасы делфи.docx

— 295.44 Кб (Скачать файл)

Ең алғашында Код терезесінде толыққанды Windows  терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.

      Тіпті қарапайым программа құру  үшін программа кодын құрып  өзгертуге, жөндеуге тура келеді, төменде код терезесімен жұмыс  істеудің негізгі тәсілдері келтірілді. Жаңа жобаны ашқаннан кейін  төмендегі жолдар көрінеді:

Unit Unit1;

Interface

Uses Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphis,

Controls, Forms, Dialogs;

Type

Tform1= class (Tform)

Private {Private Declaration}

Public {Public Declaration}

End;

Var

Form1:Tform1;

Implementation

{SR*.DFM}

End.

 Delphi бұл жолдарды жаңа форма үшін код терезесіне автоматты түрде қояды. Код терезесі програманың жұмысы басталғаннан кейін жағын қарастырады. Delphi ортасы

Unit Unit1;

Және

Implementation

жолдарының арасасына қажетті жолдарды қояды.

Әзір бұл мәтін бөлігіне өзгеріс енгізбейміз.Кейінірек программаның мәтін терезесіне

{SR*.DFM}

 және 

End.

Жолдарының арасынан қажетті мәтінді енгіземіз. Терезеге жаңа жол енгізу үшін қажетті орынға курсорды келтіріп, клавиатурадан мәтін енгіземіз. Программадағы кеткен қатені жөндеу BS және Delete клавиштарының көмегімен жүзеге асырылады. Егер толық жолды өшіру қажет болса, онда CTRL+Y клавиштар комбинациясы басылады.Мәтіндегі соңғы өзгерісті алып тастау үшін (отмена) CTRL+Z немесе менюден Edit/ Undо командалары пайдаланылады. Код терезесімен бірге әдетте,Code Explorer броузер терезесі де екпінді болады, ол терезеде кодтың көп жолдары болған жағдайда керекті элементті іздеуді жеңілдету үшін пайдаланылады.

       Броузер терезесіндегі элементті тышқанмен екі рет белгілеу сәйкес обьектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе оны алғашқы сақтау кезінде орындайды.Аса күрделі емес оқу программаларын құруда броузер терезесін жауып қоюға болады. Броузер терезесін шығару үшін View Explorer терезесін таңдаймыз.

        6-нұсқада код  терезесін Code және Diagram деген беттері бар. Алғашында бұл бет бос болады, оны толтыру үшін Инспектор терезесінен компоненттік байланыстармен тышқанмен тасымалдап әкелу қажет. Диаграммалар өрісіне компоненттерді тасымалдауда SHIFT клавишін басып ұстап тұрып, қажетті орынға қойғаннан кейін, тышқанның сол жақ клавишін басу жеткілікті. Диаграммалар бетін басып шығаруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.DELPHI тілінің көмегімен мәліметтер базасын құрастыру

 

                                      2.1 Мәліметтер базасы

 

Пайдаланушының көзқарасы тұрғысынан, мәліметтер базасы, бұл- жұмысты ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарлама. Мұндай бағдарламаны экранға жіберу кезінде ережеге сай кесте көрінеді, пайдаланушы парақтау арқылы өзін қызықтыратын мәліметтерді таба алады. Егер жүйені  қолдана алатын болса, ол мәліметтер базасына өзгерістер енгізе алады: жаңа ақпарат немесе керек емесін жоя алады.

Бағдарламаның көзқарасы тұрғысынан, мәліметтер базасы бұл -  ақпарат сақтайтын файлдар жиынтығы. Қолданушы үшін мәліметтер базасын өңдей отырып, бағдарламашы мәліметтер файлымен жұмысты қамтамасыз ететін бағдарлама құрады. Қазіргі кезде локальдың  (dBASE, FoxPro, Access, Paradox) және жойылған  (Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server) мәліметтер базасын құратын және пайдаланатын бағдарлама жүйесінің саны жеткілікті.Delphi құрамына файлдар мәліметтерінің жұмыс бағдарламалар құратын әртүрлі dBASE дан Infomix және Oracle -ға дейін компоненттер кіреді.Delphi сондай- ақ  бағдарламашыға Borland Database Desktop утилитін қолдана отырып әртүрлі форматтарда мәліметтер базасының файлдарын құруға мүмкіндік береді.

 

                              

 

2.1.1 Мәліметтер базасын жіктеу

 

        Бағдарламаның орналасуына байланысты мәліметтерді пайдаланатын және мәліметтердің өзі, сондай- ақ  бірнеше қолданушылар арасында мәліметтерді бөлу қабілетіне қарай мәліметтер базасының жергілікті және жойылғыш түрлері ерекшеленеді.

Жергілікті мәліметтер базасы. Жергілікті мәліметтер базасы (мәліметтер файлы) бір (жергілікті) құрылғыда орналасқан, оны компьютер дискі немесе жүйелік (сетевой) диск ретінде шығаруға болады (жүйеде жұмыс істейтін басқа компьютердің дискісі).

Мәліметтердің бөлінуін қамтамасыз ету үшін (мәліметтерге қол жеткізу) бір немесе бірнеше  компьютерде жұмыс істейтін бағдарламалар қолданушылар- дың  арасында локальдық мәліметтер базасында жабық файлдардың атауын алатын әдіс қолданылады. Бұл әдістің мәні мәліметтер бір қолданушымен пайдаланып жатқанда, екінші қолданушы бұл мәліметтермен жұмыс істей алмайды, демек ол үшін, мәліметтер жабық болады. 

Paradox, dBase, FoxPro және Access – бұл жергілікті мәліметтер  базасы.

Жойылған (өшірілген) мәліметтер базасы. Жойылған мәліметтер базасының мәліметтері (файлдары) компьютерде орналасқан (жойылған копьютердің каталогтары жүйелік дискілер сияқты қаралмайтындығына көңіл аудару қажет).

Жойылған мәліметтер базасының жұмыс бағдарламасы екі бөліктен тұрады: клиенттік және серверлік.

Қолданушының компьютерінде жұмыс істейтін бағдарламаның клиенттік бөлімі, серверлік бағдарламамен жойылған компьютерге жіберілген сауалдар арқылы қарым – қатынасты қамтамасыз етеді, мәліметтерге жол ұсынады.

Компьютерде жұмыс істейтін жойылған бағдарламаның серверлік бөлімі сауалдарды қабылдайды, оларды орындайды және мәліметтерді клиенттік бағдарламаға қайта жібереді. Сауалдар SQL (Structured Query Language) — тілінде ұсынылған командадан — құрылымдық сауалдар тілінен тұрады.

Жойылған серверде жұмыс істейтін бағдарлама, ақпарат көзіне бірнеше пайдаланушымен бір мезетте жол табуды қамтамасыз ету түрімен тәжірбиеленеді. Сол арқылы мәліметтерге жол табуды қамтамасыз ету үшін жабылған механизмнің файлдарының орнына транзакция механизмін пайдаланамыз.

Транзакция — бұл жіберуге дейінгі мәліметтерді міндетті түрде орындалуын қадағалайтын іс- әрекеттің нәтижесі. Кез келген әрекеттің орындалуы кезінде кемшілік табылған кезде транзакцияны құрайтын барлық әрекет нәтижесі тағы да қайталанады. Осылайша транзакция механизмі аппараттың  бас- аяғынан қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ол мәліметтерге көп пайдаланушы жолын табуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді.

        Жойылған мәліметтер базасы мен жұмыс бағдарламасын өңдеу жұмысы күрделі әрі тапсырмалары көп. Оның шешімі өңдеушінің терең білімді және бағдарламаны қамтамасыз етудің үлкен тәжірбиесіне ие болуы керек.

 

                       2.2. Мәліметтер базасының құрылымы

 

         Мәліметтер базасы – бұл ережеге сай кейбір деректер түрлерінің  тәртібі  бойынша ақпараттардың нақты берілген жиынтығы.

Мәліметтер базасы «қағаз» немесе компьютерлік түрде ұсынылуы мүмкін.

Мәліметтер базасының «қағаз» түріндегі үлгісі болып кітаптар туралы ақпараттар сақтайтын қағаз карточкалар жинағы — кітапхана каталогы болып табылады. Бұл базадағы ақпарат бір жақты (тек кітаптар туралы мәліметтерді мазмұндайды) және тәртібімен қойылған (автордың фамилияларын әріптік кезекіне  сәйкес  карточкалар қойылған). «Қағаздың» мәліметтер базасы басқаша айтқанда телефон анықтамасы және пойыз қозғалысының кестесі болып табылады. Компьютерлік мәліметтер базасы файл ретінде ұсынылады (немесе файлға байланысты жиынтық) ақпаратты сақтайды.

         Мәліметтер базасы жазудан тұрады. Әр жазу бір дананың ақпаратын сақтайды. Мысалы, «Санкт — Петербургтің сәулеттік ескерткіштері» мәліметтер базасының әр жазуы тарихи ескерткіш жөнінде бір ғана данада ақпаратты сақтайды. Жазулар  өріс (поля) қалдырудан тұрады. Әр өріс дананың бір мінездемесі туралы ақпаратты сақтайды. Мысалы,                    «Санкт — Петербургтің сәулеттік ескерткіштері» келесі бөліктерден тұрады: «Ескерткіш », «Сәулеткер», және «Тарихи анықтама», бұл өріс атаулары. Бұл  өрістердің мазмұны нақты ескерткішке мінездеме береді. Әр жазу бірдей  өрістен  тұратынына көңіл аудару қажет. Кейбір бөліктер толтырылмаған болуы мүмкін, соған қарамастан олар бәрі бір жазуда бар.

Қағаздағы мәліметтер базасын кесте түрінде көру ыңғайлы (1 сурет). Кестенің  әр жолы жазуға  сәйкес келеді, ал кесте ұясы – өріске. Бұл жерде бағана атауы – бұл өрістің  аты, ал кесте бағанасының нөмірі – жазу нөмірі.

Компьютер  мәліметтер базасының ақпаратын әдетте кесте ретінде экранға шығарады.

      Сондықтан әдебиетте «мәліметтер файлы» деген сөз тіркесінің орнына «мәліметтер кестесі» немесе жәй «кесте» деген сөз тіркестері жиі қолданылады.

1 кесте. Мәліметтер базасының кестелік түрі

 

 

Ескерткіш

Сәулетші

Тарихи анықтама

1

Адмиралтейств

А. Д. Захаров

Адмиралтейств ғимараты 1806—1823 жылдардағы қайта құрылудан кейін қазіргідей болып тұр.Жоба авторы — ұлы орыс шешені А. Д. Захаров.

Қадаудың биіктігі: 72 метр

2

Александр колоннасы

Огюст Монферран

Наполеон әскерлерін жеңу Ресейлік жеңіс ескерткіші 1812 жылғы Отан соғысында 1834 жылдың  30 тамызында ашылған.

Биіктігі  47,5 метр; мрамор бағананың салмағы  600 тонна.

3

Қысқы сарай

Ф.Б. Растрелли

Қысқы сарай өзінің келбетін көп рет ауыстырды. Соңғы рет ол Растрелли жобасы бойынша қайта құрылды.Сарайдың құрылысы жеті жылдан астам уақытқа созылды (1754 — 1762 жылдар).

4

Ростральдық тізбе

Тома де Томон

32-метрлік  тізбе Атқыш Васильев аралының сәулеттік аралына кірген 1810 жылы құралған  Олар ерте Римде болған дәстүр — ұсталған үшін кемелерінің тізбесін әшкерлеуді еске түсіріледі.

5

Исаакиевтік қамал

Огюст Монферран

Исаакиев қамалы, есеп бойынша төртінші, 1818 жылы аталды. Қамал  40 жыл бойы салынған.1858 жылы аяқталды.

Жоба авторы — Огюст Монферран.

       



 

                    

 

2.2.1. Delphi – дегі мәліметтер базасының моделі. Мәліметтер базасының псевдонимі

 

        Әрбір  кесте дене тұрғысында жеке файлда сақталған. Соған қарамастан мәліметтер базасы және кестені бір жазудың  өрісі  бірнеше кестеге бөлінген деп қарастыруға болмайды, олар әр файлда орналасқан.

Қарапайым жағдайда бағдарлама үшін ақпарат көзі барлық кесте болып табылуы мүмкін. Соған қарамастан, ережеге сай пайдаланушыны мәліметтер базасында орналасқан барлық ақпарат емес, оның тек бір бөлігі қызықтырады. Ол өзінің жазу және сауалдарды  қанағаттандыратын  бірнешеуін ғана таңдап көреді. Сондықтан мәліметтер базасының моделінде, мәлімет базасын ұсынатын, сауал түсінігі енгізілген, демек  жазу мәліметтер базасының тобының таңдаулысы болып табылады.

         Мәліметтер базасымен жұмыс бағдарламасын өңдей отырып, бағдарламашы мәліметтер базасын қолдану кезінде оның файлы қандай диск немесе катологта орналасқанын біле алмайды.Мысалы, қолданушы мәліметтер базасын дисктердің катологының біріне орналастыруы мүмкін.

С:, D: немесе жүйелі дискке. Сондықтан бағдарламаға мәліметтер базасының файлдарының орналасқан жері туралы ақпаратты беру жағдайы пайда болады.

Delphi –  де мәліметтер базасының файлдары  орналасқан жер туралы ақпаратты  бағдарламаға жіберу мәліметтер  базасының псевдонимін қолдану  арқылы шешіледі. Псевдоним (Alias) —  бұл мәліметер базасының каталогының  толық атауына шынайы сәйкес  қойылатын қысқаша атауы. Мысалы, C каталогының пседонимі: \data\spetersburg Peterburg  аты болуы мүмкін. Мәліметтер  базасымен жұмыс бағдарламасы  мәліметтерге жол табу үшін  шын  атын емес, псевдонимін  қолданады.

Бағдарлама ақпаратына жол табу үшін мәліметер базасымен жұмысты қамтамасыз ете отырып  Borland Database Engine (BDE), псевдонимдер  жүйесінде тіркелген, ақпарат мазмұндарын сақтайтын файлдарды қолданған.

Мәліметтер базасының  псевдонимі  BDE Administrator утилиттердің көмегімен құрылған(тіркелегн). Бұл каталогтарды өзгертуге псевдониммен  байланысты утилит көмектеседі.

 

                      

 

2.2.2. Мәліметтер базасын құру

 

          Мәліметтер базасы – бұл ақпарат орналасатын файлдар (кестелер) жиынтығы.Ережеге сай бірнеше кестеден тұратын мәліметтер базасы, бір каталогқа сияды.Жаңа мәліметтер базасы үшін каталог кәдімгі жолмен құрылады, мысалы, жолсеріктің (праводниктің) көмегімен. Delphi-дің құрамына кіретін Borland Database Desktop утилитін қолдану арқылы кестені құруға болады немесе SQL-сауалдарын ұйымдастырып мәліметтер базасының серверіне қосуға болады. Файлдарға жол табу үшін  BDE кітапханасының мәліметтер базасы каталогытың атын пайдаланбайтын болғандықтан, оның псевдонимін  қолданамыз, онда кестенің жаңа мәіметтер базасын құруға алдын- ала  кірісу керек, осы мәліметтер базасы үшін псевдонимін  құру қажет.Осылайша, мәліметтер базасын құру процесі келесі қадамдардың нәтижесі арқылы  көрінуі мүмкін.

Информация о работе Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама