Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 11:29, дипломная работа

Краткое описание

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды.

Содержание

КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері............................................23-25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы.........................................................26-35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.................................................................................................................36-48
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................49-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................51-52

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы.doc

— 375.00 Кб (Скачать файл)

Екінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы бойынша Германия фашизмі жеңілді. Екінші дүние жүзілік соғыстың соңында 1945 жылы майда Германияны төрт одақтас держава оккупациялады. Германияны оккупацияланған АҚШ, Ұлыбритания, Франция және КСРО. Егер бірінші дүние жүзілік соғыстың барысында соғыс қимылдардан Германия шын мәнінде зардап шеккен жоқ, ал екінші дүние жүзілік ел дәл сипаттап айтқанда үгінді болып жатты. Шығыс Пруссиядан жәче Одер мен Нейсе жерінен 9 млн неміс жер аударылды. Бұл онсызда қиын т\рғын үй проблемасын одан сайын қиындатып жіберді. Одақтастар репара щя есебінен өнеркәсіп құрал-саймандарын әкете бастады. Өмір сүру гдеңгейі 1/3-ке қүлдырады. Ақша қүнсызданды. Азық-түлікке берілетін калориялық жағынан физиологиялық минимумнан төмен жатты. Оның үстінен Германия тәуелсіз мемлекет болып өмір сүруден қалды. Оның территориясының біраз бөлігі жеңген мемлекетке кетті. Соғыстан кейінгі кезеңде Германияға ауыр тиген жағдай «қырғи қабақ соғыстың» әсері еді. Ұлы державалардың қарама-қарсы тұруы Германия территориясы арқылы өтті. Оның үстіне «қырғи қабақ соғыс» оккупацияланған Германия ролін қайта қарауды қажет етті. Батыс мемлекеттер үшін Германияның жеңілген жаудан гөрі одақтас болмаса да таяныш. артатын сүйінішке айналғаны жақсы болған еді. Батыс державалар оның экономикасын барынша әлсірету мақсатынан бас тартты.

Оккупацияланған Германияда басты билікті Бақылау кеңесі атқарды. Оның құрамы төрт зона әскерінің бас қолбасшыларынан тұрды. Елдің территориясы және оның астанасы Берлин бөліске түсті. КСРО одақтастардың басқару органдарынан 1948 жылы шықты. Қалған үш батыстық оккупациялық зонада 1949 жылы Германия Фидеративтік Республикасы құрылды. Астанасы- Бонн оның қаласы болды. Көп үзамай кеңестік зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Астанасы-Шығыс Берлин.

Соғыстан кейін Германияны өзінің жақтасы ету үшін американдықтар Маршалл жоспарына оны тартты. Ол Германияның экономикалық жалпы жағдайын жақсартатын еді. Батыс держава іар КСРО-мен бірге Германияны жақсарту шараларын жүргізу мүмкін еместігін түсінді. Осындай түсінікпен батыс державалар өз зоналарында ақшареформасын жүргізді. Қүнсызданған рейхсмарканың орына неміс маркасы енгізілді. Батыс зонада тұратын әр бір тұрғын 60 ескі рейхсмарка орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Ақша 100-ге 6,5-тен ауысты. Инфляция тоқтатылды. Егерде бүрын товарлар жетпесе, енді ақша жетпеуге айналды. Экономикалық өмірді қалпына келтіру жағдайы жасалды. 1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті, ал 1949 жылы ол соғысқа дейінгі деңгейіне жетті [4]. КСРО ақша реформасына жауап ретінде батыс Берлинге блокада орнатты. Батыс державалар батыс зонад; Герман мемлекетін тез құруға тырысты. 1946 жылы қалпына келтірілген парламенттік кеңес федеративтік республиканың конституциясын жасады. Оккупациялық өкіметтер оны бекіткен соң ол күшіне 23 май 1949 жылы күшіне енді. Конституция азаматтық және саяси бостандықтарды бекітті, Батыс Германияны демократиялық федеративтік мемлекет деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамына 11 неміс жері кірді. ФРГ конституциясы екі жағдай енгізді. Ол бойынша ФРГ-ғы конституциядағы құрылым Шығыс Германияға да тарайтын болды. Негізгі заңның 23-статьясы конституцияның әрекеті Германияның басқа территорияларына тарайды, ол жерлер ФРГ-ға өз еркімен қосылатын болса деп көрсетілген. Негізгі заңның 146-статьясы жаңа конституция енгізілген соң бұрынғы ескі негізгі заңның әрекеті тоқтатылады деп көрсетілген. Шығыс /Герман жерлерінде ФРГ-ның жалпы заң,ары әрекет ететін болса, мына жағдайлар ескерілетін болды: 1. Біріккен Германияда ФРГ-ның орны сақталуы 2. Шығыс Германияның заңдарыны республика халқы алдында толық жойылуы есепке алынады. 3 октябрь 1990 жылы Германия біріккеннен кейін ФРГ-ның мемлекеттік құрылымы Германияның бүкіл территориясына жайылды. Оккупациялық державалар мерзімі бітпесе де Германияға байланысты бақылау функцияларынан бас тартты. Кеңес әскерінің бүрынғы ГДР-де болу мерзімі 1994 жылы аяқталатын еді. Шығыс және Батыс Германия 1 июль 1990 жылы біріңғай мемлекетке айналды. Айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынды. ГДР-да ФРГ-ның ұлттық валютасы-батыс германдық марка енгізілді [5]. 1949 жылы қабылданған ФРГ-ның н^гізгі заңы екі Герман мемлекеті біріккенге дейін өтпелі кезеңде негізгі заң болып есептелінді. Әлі күнге дейін елде осы заң әрекет етеді. Конституцияның алғашқы 19 статьясында азаматтардың негізгі қүқықтары туралы жазылған. Азаматтарға өз қүқықтарын жүзеге асыруға кең мүмкіндік берілген. Сонымен бірге негізгі заң демократиялық құрылымды бүзатын әрекеттерге тиым салады. Негізгі 4 принцип ретінде демократия, заңның үстемдігі, әлеуметтік принциптері әйгіленген. Германияның біріккені жөніндегі келісімге 1990 жылы 31 августа қол қойылған. 3 октябрь 1990 жылы Шығыс Германия ФРГ құрамына енген.

Мемлекеттік өкімет органдары. Мемлекеттік құрылымының формасы жағынан Германия-Парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі, одан гөрі билік өкілдері канцлерге (премер-министр) берілген. Елге заң шығару билігі екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы Бундесрат, ал төменгісі (күштірегі) палатасы-Бундестаг. Федералдық үкімет немесе министрлер кобинеті федералдық концлерден және министрлерден тұрады.Оның қызметіне халықтар арасындағы қатынастар, қорғаныс финанс және коммуникация саласындағы саясатты жүргізу жатады. Орталық банк кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Дегенмен 1-январь 1999 жылдан бастап ол Европалық орталық банкке бағынады. Үкіметке 1999 жылы 15 фидералдық министрлер болған.ФРГ-ның астанасы-Берлин.Солай бола тұрса да Бонн да кейбір мемлекеттік басқару жүйелері қалған.

Мемлекетті басқаратын фидеральды президент «бундес президент» болып есептеленеді.Ол бес жылға бір рет, оңнан кейінгі екі бесжылдыққа да сайлана алады. Оны фидеральдық жиналыс сайлайды. Жиналыстың құрамы жер парламенті /ландтагтардан/ өкілдерінен құралады. Олар саяси партиялар өкілдерінен тұрады. Президенттің өкілдерінің ішінде бундестагқа бикітуге жіберілген канцлер кандидатурасы маңызды болып табылады. Канцлер парламенттің төменгі палатасын тарата алады.Ондай жағдайда парламенттің төменгі палатасы сенім вотумына қажетті дауыс жинай алмаған жағдайда. Президенттің міндетіне қарулы күштердің офицерлер құрамын жоғарғысын тағайындай алады. Солай бола тұрса да қарулы күштерге қорғаныс министрі басшылық ете алады. Президенттің та ъі бір міндеті айып кесілген қылмыскерлерді кешіре алады [6].

Атқару өкіметінің басшысы фидеральдық канцлер /бундесканцлер/. Канцлер болып жалпыұлттық сайлау кезінде көп дауыс жинаған саяси партияның лидері бола алады. Канцлер министрлер камбинеті мүшелерінің кандидатуралар үсынады. Елдің президентті оны үсынған кандидатураларын бекітеді. Сонымен бірге президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Сонымен қатар көптеген парламенттік систимада өкіметке сенім білдірмесе отставка жасаланады. Бұл жағдайда заң шығару өкіметі канцлердің канцлер кандидатурасын үсынады. Оны парламентарийлердің көпшілігі қолдауы қажет. Негізгі заңдарға осындай шектеу сенім білдірудің басты кілті деп аталынады.Бұл саяси тұрақтылықты үстап тұруға мүмкіндік жасайды. Германияда бұл жағдай 1982 жылы жүзеге асқан. Сол жылы сенім білдіру арқылы канцлер қызметінен кеткен [7].

Бундестаг-Герман парламентінің басты палатасы бундестагтың көпшілігі қолдаған үкімет билік басында қала алады. Депутаттар екі турда төрт жылға сайлана алады. Көпшілік жағдайда министрлер кабинет мүшесі бундестаг депутаты бола алады.Германия біріккенге дейін бундестагта 520 депудат болған. 1990 жылы желтоқсанда өткен сайлау кезінде ФРГ-ның құрамына жаңа жерлер енді.Осыған байланысты депудаттық мандаттың саны 662-ге дейін өстті. Ал 1994 жылғы сайлауда оның саны 672-ге жетті. 1998 жылғы сайлауда депутаттық мандаттың саны 669-ға дейін азайды.

Кез-келген депутат бундесратқа немесе федеральдық үкіметке заң жобасын еңгізе алады. Заң жобасы өту үшін дауыс берушілердің басым көпшілігінің даусын жинау қажет. Күрделі заң жобасымен жүргізілетін негізгі жүмыс пленарлық мәжілістерде жүргізілме іді. Ол бундестагтың комитеттері мен комиссияларында талқыланады. Комитеттер мен комиссияларда орындар партиялар фракциясының санына қарай анықталады.

Егерде бундестаг арқылы өткен заң 16 герман жерлерінің мүддесіне байланысты болса, әсіресе финанс және әкімшілік мәселелерін қарастырғанда үлкен дискуссия, пікір-таластар туғызады. Ондай жағдайда заң жобаларының басым көпшілігі жоғарғы палата парленттер арқылы өтеді. Федеральдық жердің қай жағынан келсе де делегаттар жер үкіметінің инструкциясына сай бундесратта дауыс береді. Палата мәжілісі айына бір рет өткізіледі.

ФРГ бундесраттының құрамында /ГДР-мен біріккенге дбйін/ он батысгермандық жерден 45 делегат болатын. Сонымен бірге дауыс беруге қатыспайтын Батыс Берлиннен бақылаушылир болды. Ел біріктірілгеннен кейін 1990 жылдың желтоқсанында бундесратта орын саны 68-ге дейін өсті. 7 млн-нан астам халқы бар федеральдық жерлер бундесратқа әрқайсысы 6 делегаттан жіберді, 6 млн-нан 7 млн-ға дейін халқы бар федеральдық жерлер-5 делегаттан, 2-4 млн халқы бар жерлер-4 делегаттан, 2 млн-ға жетер-жетпес халқы бар жерлерден 2-3 делегаттан жіберілді [8].

Бундестаг пен бундесрат арасында заң жобасы бойынша келіспеушілік туған жағдайда екі палатаның біріккен комитеттерінде немесе біріккен комиссияларында шешіледі. Жерлердің сайлаулары жалпыұлттық сайлаулар уақытымен сәйкес келмейтің болғандықтан, бундестаг пен бундесрат саяси партияларының күш ара салмағы әртүілі болады. Мысалы, христиан-демократиялық партия екі палатада көпшілік болып көп жылдар бойы басым орынды иемденді. 1991 жылдан бастап бундесратта социал-демократтарға қарағанда азшылық болды.

Сайлау системасы: Германияның 18-ге толған әрбір азаматы сайлауға және мемлекеттік билік органдарына өз кандидатурасын үсынуға қүқылы. ФРГ-нің сайлау системасы пропорциональдық өкілдіктер формасында. Әрбір сайлаушы екі дауысқа ие: бір дауыс территориялық сайлау округына, бір дауыс партиялық тізім бойынша. Осылайша дауыс беруші өзінің дауысын екі партия арасында бөле алады. Депутаттардың бір жартысы территориялық сайлау округі бойынша қарапайым жолмен көп дауыс жинау арқылы сайлайды. Депутаттардың екінші жартысы жергілікті партия тізімі бойынша сайлаудың қорытындысына сәйкес саяси партиялармен қалыптасады. Бундестагтың жалпы құрамы ұлттық масштабта партиялар арасындағы күш ара салмағын білдіреді. Бундестагтың мүндай жолмен қалыптасу механизмі ірі партиялардың лидерлеріне олар территориялық сайлау оғругі бойынша жеңілген жағдайда депутаттық мандатты қамтамасыз етеді. Бундестагта бүкіл ел бойынша сайлаушыларды ең кем дегенде 5%-тің алмаған саяси партиялардың ешқайсысы да бундестаг сайлауына қатыса алмайды. Сайлаушылардың 5%-ті деген 3 депутатық мандатқа тең [9]. Алайда 1990 жылы сайлау кезіңде бүрын болмаған жағдай жасалынды. Шығыс жерлерден депутаттар үшін көп мүмкіндіктер берді. Олар Біріккен Германияның жалпы сайлаушылары 20%-ті болған оларға 5%-тік ереже қолданылмады. Осы жағдайды пайдаланып Шығыс Германияның екі партиясы парламентте орын ала алды. Келесі жылы бүрыңғы ереже қалпына келтірілді. Елдегі саяси партиялар мемлекет тарапынан финанстық көмек ала алды. Партиялар өзіне субсидия алу үшін сайлаушылардың кем дегенде 0,5%-тің дауыс бергенде жинау қажет. Сайлаушылардың сайлауға қатысуы мынандай жағдайда болды: 1983 жылы-89,1%.

1987 жылы ФРГ-да 77,8%. Біріккен Германияда 1990жылы 79%. 1994 жылы 82,3%.

Жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару. 11 бүрынғы жерлердін конститутциясы 1946 және 1957 жылдар арасында әр кезеңде жүзеге асты. 5 жаңа жердің конститутциясы қосылғаннан кейін 1990 жылдың шілдесінен бастап жүзеге асты. Батыс Берлиннің конститутциясының әрекеті Шығыс Берлинде 1991 жылдан бастап әрекет етуде. Ол Бавариядан басқа жерде әрекет етеді. Баварияда жалпы халық сайлайтын бір палаталық парламент /ландтагтар/. Баварияда мүнан басқа сенаг бар. Ол халықтың он тобының мүддесін көрсететін сайланатын орган. үкіметтің жергілікті жердегі басшылары Гамбургте-бірінші Бургомистр, Бременеде-бургомистр, Берлинде-басқарушы бургомистр, ал қалған 13 жерде премьер-министрлер басқарады. Олардың көпшілігі ландтагқа тәуелді [10].

Федеральдық жерлер мәдениет және білім беру саласындағы саясат мәселелерін қарастырады. Сонымен бірге олар қоршаған ортаны экологиялық ортаны сақтау және тәртіп сақтаумен де айналасады. Жылжымайтын мүлікке және өндіріске салынатын салықтар бүрынғы табыс салықтар сияқты жергілікті

өкіметтің әртұрлі операцияларына жүмсалады. Алайда қоғамдармен муниципалитеттердің көпшілігі федеральдық үкіметтен қосымша рубсидия алады.

Саяси партиялар.

Ел біріккенге дейін ФРГ-да үш ірі саяси партиялар өмір сүрді. Ол партиялар біріккен Германияда да сақталып қалды. Бұлар: Германияның социал-демократиялық партиясы /СДПГ/; Христиан-демократиялық одағы /ХДС/; Баварияда ғана әрекет ететін бундестагтағы блок. Христиан-әлеуметтік одақ /ХСС/; Ерікті-демократиялық партия /СвДП/. 1980 жылдары саяси сахнаға өзіңдік орны бар төртінші партия-жасылдар шықты. Германияның социалистік біріңғай партиясы және ол бақылайтын кішігірім төрт үсақ партиялар елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін анықтады. 1989 жылдың соңында СЕПГ билігі қүлаған соң реформаторлардың «жаңа форум» қозғалысын өздеріне қосып әртұрлі коммунистік емес таптар құруға тырысты. 1990 жылы желтоқсанда өтетін жалпыгермандық сайлау жүргізу кезеңіне қарай жаңа партиялардың бірдей-біреуі өмір сүре алмады. Партияға адалдығын сақтап қалған СЕПГ мүшелері бүрынғы коммунистік көңіл күйден ауытқып өздерін басқаша атады. Демократиялық социализм партиясына /ПДС/ бірікті. ФРГ-нің бүрыңғы партиялары өз қызметтерін шығыс жерлердегі финанс және үйымдастыру құрылымына таратты.

Германияның социал-демократиялық партиясы. Карл Маркс пен Фердинанд Лассаля жақтастары қозғалысын қосу нәтижесінде 1875 жылы негізі қаланған. СДПГ Веймар республикасы кезіңде Германйяда ірі партиялардың бірі болған. Бұл партияны і ацистер талқандаған. 1952 жылы өзінің лидері Курт Шумахер өлген соң СДПГ өзінің бүрынғы маркстік көзқарасынан аулақтады. 1959 жылы өзінің идеологиялық платформасы ретінде ғылыми теория Бад-Годесберг программасын қабылдады. Ол жалпы айтқанда экономиканың капиталистік тұрімен араласып жатқан конципсиясы; солай ете отырып партия пайданы кедей топ пайдасына қарай бөлуді талап етті және әлеуметтік салада мемлекетгік қолдау саясатын белсенді жүргізді. Батыс Германия НАТО-ға кірген соң СДПГ оның рөлінің альянста нығаюы үшін күресті. Солай ете отырып жаппай қарулануға шыңайы бақылау орнатуға шақырды. Партияның көптеген белсенділері қарусыздану үшін қозғалыстың алғы шебінде. СДПГ-нің басты таяныштары елдің өнеркәсіпті қалалары мен солтүстік порттары және жаңа жерлер. 1980-шы жылдары партияның ықпалы едәуір әлсіреді. Ол елдің экономикасындз алға жылжушылықтың салдары, елдің құрылымында өңдейтін өнеркәсіп рьлінің азаюынан туған жағдайлар. Батыс Европада СвДП-мен коалицияда 1969-1982 жылдар арасында Вилли Брандт және Гельмут Шмидт өкіметті басқарды. 1990 жылғы сайлау кезінде екі Герман мемлекетінің қосылуы асығыс болуына байланысты шығындар мен айырылғандығы туралы партия ұрандар көтеріп шықты. Оның лидерлері экономикалық және әлеуметтік одақ Келісімге қарсы шықты. ФРГ Бундестагына сайлауда СДПГ 38,2% дауыс жинады. Ал, 1983 жылы жинағаны 37% құраған болатын. Ал, 1987 жылы дауыстың 33,5 %-ті, 1990 жылы 36,4%, 1994 жылы 40,9% дауыс жинаған болатын. 1990 жылы »ескі жерлердің» кейбір ландтагтарында көп орынды жеңіп алды. Хтжстиан демократтарына жасалған олардың кейбір болжамдары анықталды: ^алық көбейді, немісмаркасының құны түсті. ХДС үсынған елді қайта құру программасына көңілі толмаған Шығыс Германдық сайлаушылар СДПГ-ға көп дауыс берді. Сөйтіп олар «жасылдар» партиясымен коалиция болып, басқарушы партияға айналды. СДПГ 1998 жылғы сайлауда Бундестагтағы 669 орынның 298-ін алды. Елдің басына концлер болып Герхард Шредер келді.

Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтік Одақ партиялары II-дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған партиялар еді. ХДС Баварияда өкімет органына кандидаттарын үсынбайды. Өйткені онда парламентті блоқга және ұлттық масштабта одақтасы ХСС әрекет етеді. Екі партияда бизнес өкілдерінің мүддесін қорғайды. Сонымен қатар олар агр рлық сектор мен ақ жағалылардың (басқарушылар, техникалық жүмысшылар және қызметкерлердің басқа категориялары негізінен жоғарғы және орта звено) бұл партиялар елдің оңтүстік аудандарында үлкен қолдауға ие. Екі патия блогы Германияның рыноктық экономикасына бағытталған. Сонымен қатар олар Европалық экономикалық және әскери құрылымда интеграцияның тереңдеуін қалайды. 1949-1969 жылдары ХДС басқарушы партия болып, елдің басында болды. Ол кезде елдің тізгінін көрнекті саяси қайраткерлер Конрад Оденаур және Людвиг Эрхард басқарған болатын. Ол 1982 жылы өкімет билігіне Св.ДП коалициясымен бірге Гельмуд Кольдің басқаруында қайта келді [11]. Концлер Гельмуд Коль Батыс пен Шығыс Германияны біріктіру жоспарының дем берушісі болып табылады. 1990 жылы ол өзінің сайлау алдындағы кампаниясын халыққа мынандай уәде берумен бастады. Ол халыққа ФРГ-ға жаңа жерлер кірген соң шығындарды жабатын жолдарды іздеп, салықтарды көтермеуге уәде берді. Мүндай орындалмайтын уәде беру оған табыс әкелген жоқ. Ол ФРГ-ның батыс аудандарында көп дауыс жоғалтты, бірақ ХДС шығыста барлық жерлерде жеңіске жетті. 1998 жылы сайлаушылар сайлауда Шредерге дауыс беруді дүрыс деп тапты. ХДС пен ХСС-ға дауыс бергендердің 1990жылы 41,5 % болса, 1998 жылы 35,1% болған. ХСС лидері 1988 жылы өлгенге дейін Франс Иозеф Штраус болды. ФРГ мен ГДР арасында сауданың өсуін ХСС партиясы қолдады. ХСС-ті 1990 жылдардан бастап, Бавария премьер-министрі Эдмунд Штойбер басқард .і. 1998 жылы ХДС пен ХСС блогы бундестагта 245 орын алды. Коль түсында ХСС басқарған Вайгель сайлауда жеңіліс тауып, партия лидерлігінен кетті. Оны Штойбер алмастырды. Ал, ХДС-ті басқарған Коль орнына Вольфганг Шойбле келеді.

Ерікті демократилық партия (Св.ДП). 1948 жылы Св.ДП әр тұрлі әлеуметтік-либералдық ағымдағы топтарды өз төңірегіне топтастырады. Ұзақ жылдар көлемінде ол ФРГ саяси өмірінде ықпалды роль атқарған партиялардың сапында үшінші орынды иеленді. Партия бағдарламасын халықтың орта табы-үсақ кәсіпкерлер қолдаған. Батысгермандық партиялардың арасында Св.ДП білім жүйесіне қайта құруларды жүзеге асыруды қолдаған бірден бір партия болды. 1949-1956, 1961-1966, 1982-1998 жылдары және 1969-1982 жылдарының арасында ол басқарушы партиялар ХДС/ХСС-мен коалицияға кіреді. Св.ДП-ның лидері европалық интеграция мен Германияның бірігуін жақтаушылардың бірі Ханс Дитрих Геншер. Ол 1990 жылдары шығысгерман жерлеріндегі ерікті демократтарға қолдау көрсеткен. Ол партия басшылығынан кеткеннен кейін оның орнын Вольфганг Герхардт. 1983 жылы ФРГ-дағы өткен сайлауда оларды халықтың 7%-ті, 1987жылы-9,1%-ті, ал жалпы геман сайлауында1990 жылы-11,0%-ті, 1994 жылы-6,2%-ті, 1998 жылы 6,2%-ті қолдаған.

Информация о работе Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы