Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 11:29, дипломная работа

Краткое описание

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды.

Содержание

КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері............................................23-25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы.........................................................26-35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.................................................................................................................36-48
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................49-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................51-52

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы.doc

— 375.00 Кб (Скачать файл)

1990 жылдың басынан  бастап елдің бірігу проблемасын  жан-жақты сипаттап жазған көптеген зерттеулер, монографиялар, ғылыми мақалалар пайда болды. Сол жарық көрген еңбектердің ішінде көбісінің назар аударғаны 1989-1990 жылдардың күзі мен көктемінде болған оқиғалар еді. Кез келген тарихи оқиғаны немесе қүбылысты зерттеу олардың болу себептерімен алғышарттарын оқып үйренуден басталады. Бұл жағдай тарихи процесстің даму заңдылығын түсінуге мүмкін береді.

ГДР-де наразылықтың алғашқы көріністері 1989 жылы күзден бүрын-ақ басталған болатын. ГДР азаматтары елді басқарудың қатып қалған жүйесін өзгертуді талап етті. Алайда Шығыс Европа елдерінің ешқайссысы да, тіпті КСРО-да саяси реформа жасауға ұмтылмады. КСРО-да басталған қайта құру, демократизация, ашық пікір айту туралы айпақ түгіл, ойлауғада болмады. Саяси және партия құрылымындарында ешқандай өзгерістің үшқыны байқалмады. КСРО-да өкімет басына Михаил Сергеевич Горбачевтің келумен 1985 жылдан басталған өзгерістер туралы ешкім әңгіме қозғауына болмады. КСРО-дан келіп жатқан кез-келген баспасөз материалдарын үкімет қатаң цензурадан өткізді немесе кейде жариялауға тиым салды. Алайда мүны бүкіл елден жасырып қалу мүмкін емес еді. 1989 жылы ГДР-дің кейбір .алдыңғы қатарлы азаматтары өз материалдарын газет бетіне еш нәрседен үрікпестен жариялай алды.

1989 жылы күзде  аласапыран оқиғаларға әкеліп  соққан ГДР үкіметінің коммунальдық сайлаулардың қорытындысын бүрмалап көрсетілуі болып табылды. Коммуналдық сайлаулар 1989 жылы мамыр айында болып өткен. Осы сайлау кезіңде елдің үкіметі өз позициясын бергісі келмеді. Олар найзағай алдыңдағы бұлтты елде өмір сүрген тәртіпті өзгертуге қауіп төндіретін оқиғалар деп қарамады. Соның дәлелі ретінде 5-ші маусым 1989 жылы «Нойес Дойчланд» газетінің бетіне жарияланған мақаланы айтуға болады. Ол мақалада Пекинде қарсылық көрсеткен студенттер демонстрациясын қанмен басуды Пекин үкіметінің қастандық жасаушылардың экстремисттік тобының контрреволюциялық көтерілісін басу деп ақтап көрсетеді. Бұл КСРО-ның ықпалымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік бағытта құрылған. ГДР-ді аман-сақтап қалу әрекеттерінің бір көрінісі еді [19].

Қытай коммунистік партиясы өзінің қырық жылдығын тойлаған кезде ГДР үкіметі оған қүттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Сондықтанда ГДР өз халқын ондай бас көтерулерден сақтандырды. 1989 жылы жазда-күзде болған оқиғалардың дамуна қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үлкен үлес қосты. Әсіресе Шығыс Германдық интелллигенцияның қосқан үлесін атап айтуға болады. 1989 жылы 1-ші шілдеде қауымдастықтың өкілдері «отказ от практики и отмежевания» деген инициятива көтеріп, көпшілікті соған жүмылдырды. Олар едәуір талаптар қойған үкіметке ашық хаттар жазды. Олар коммуналдық сайлаудың нәтижесін бүрмалағандыққа наразы болды. Интеллигенттердің бір тобы сайлау реформасын жүргізуді талап етті. Ол сайлау реформасы ел азаматтарына мемлекет билігіне халық өкілдерін үсына алатын мүмкіндік беретін қүпия сайлау формасын енгізуді қалады. Сонымен қатар интеллигенттер бірлестіктер мен қозғалыстардың бостандығын қамтамасыз ететін және мүддесін көрсететін тәуелсіз оптарды құруды талап етті. ГДР азаматтарының қүқын теория жүзінде қамтамасыз ететін конституция болып есептелінді. 1989 жылы «жаңа форум» елде өзгеріс жасаудың үлгісі ретінде көрінді. «Жаңа форум» қоғам қайраткерлерінің мемлекет пен үкіметтің ресми бағытына қарсы оппозициялық көңіл-күйдегі үлкен тобын құрайды. «Жаңа форум» 1989 жылы 9 қыркүйекте шіркеу үйымдарының әр тұрлі тобының 30 өкілінен құрылған. 12 қыркүйек 1989 жылы қоғамдық қайраткерлердің 12 реформа құруға үмтылушылардың барлығын жаңа одақ құруға шақырды. Қоғамдық қайраткерлер ГДР-де демократиялық қайта құрудың негізгі концепцияларын қалайтындардың барлығын шақырды.

Осындай жағдайда «Бүгінгі демократия» деген азаматтық қозғалыс пайда болды. Ол қозғалыстың пайда болуына оппозициялық қозғалыстың екі тобының бірігуі, адам қүқын сақтаумен бейбітшілік үшін күресушілердің белсенді топтары кірген. Бұл топқа Шығыс Берлиннің интеллигенттерінің біразы да қатысты.

Жоғарғы партиялық және мемлекеттік құрылымның өкілдері елде саяси оппозицияның пайда болу тенденциясына қарсы шықты. Олар бұл қоғамдық қозғалыстар мен топтарды біркелкі емес және бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан олар қастандық жасаушылар болып есептелінеді. Қауіпсіздік министрлігінде елдегі саяси жағдайды, қоғамдық қатынастарды өзгертуді қажет ететін әрекет жасаушылардың бар екендігі мәлім болды. Қауіпсіздік министрлігінде оппозициялық өкілдер мен топтар және қозғалыстардың мүшелерінің саны екі жарым мыңға жетті.

Жоғарыда көрсетілген азаматтық бірлестіктің мақсаты мен талаптары қоғамдық деңгейде көрсетілген талап деп сипатталды. Олар демократиялық социализм диктатурасы кезінде азаматтық қоғамның пайда болуының алғы шарттары жасалады деп түсінді. ГДР-де өзгерістер жасауға үмтылғандардың ереуілдері кең өріс алды. ГДР үкіметінде жаздың соңында басқарушы топтың дағдарысы анық байқалды. Елдің халқы ГДР-де адам қүқы шектеулі деген наразылықтар жасады. Оның бір көрінісі ГДР азаматтарына ФРГ-ға баруға тиім салынды. 1989 жылы Венгрия, Австриямен өз ара мемлекеттік шекарасын ашты. Адамдар Венгриядан Австрияға ағылды. Сонымен қатар 150 ГДР азаматының визасыз Венгрияға барғаны ань қталды. ГДР-ден Варшава арқылы ГДР азаматтарының саяси баспана беруді сүрағандардың саны көбейді. Алайда ФРГ елшілігі ГДР азаматтарының кез келгеніне қарсылық білдірді. Соған қарамастан 1989 жылы ФРГ-ға кеткендердің саны екі мың адамға жеткен. Бірнеше ай өткен соң Лотар де Мезьер үкіметте ГДР-дің күйреуінің негізіне социалистік қоғамның елді басқарудың негізі демократиялық принципті ауыстырған диктаторлық централизм болып табылады деп көрсетті. Сонымен қатар ол біздер еркін адамдар болу үшін бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Адамдар арасындағы қатынаста адам өмірі үшін жауапты болуымыз керек [20] деген ой білдіреді.

1989 жылы 5-6 қазанда  ГДР-дің өмір сүруіне 40 жыл толу  мерей тойы тойланды. Онда елдің басшысы Эрих Хонпекер елдің жағдайын өте жоғары сатыда суреттеді. «Біздің қол жеткен жетістіктеріміздің бәрін халық жасады, бәрі халық үшін» [21]. Ол сондай-ақ өзінің сөзінде Батыс Германияның ықпалына қарамастан социалистік Германияның болашағы зор, сондықтан әр қашанда алға, алға деген сөзбен аяқтады. ГДР-дің 40 жылдығы тойланып жатқан күндерде Берлин көшелері вулканның нағыз атқылауындай еді. Қалада мыңдаған адамдар қатысқан демонстрациялар өтті. Халық басқарушылардың бағытына, басқарушы топқа қарсы шықты. Полиция қатаң жазалау қолданса да халықтар ағылған үстіне ағыла берді. Шығыс немістер үшін М.Горбачев жариялық пен жүзеге асырушы қүдай ретінде құрметтелетін болды. КСРО-да болып жатқан процестер мен қүбылыстар туралы ГДР-де ойлауға да тиім салынды. Елдегі жағдай елдің саяси өмірін жаңартуды қажет етті. Халық «Горби, Горби!» деп айқайлаумен болды. Тек 11 қазан күні СЕПГ саяси бюросы алғашқы тірлік белгісін көрсетті.Ол алғаш рет елдегі жағдайға алаңдайтынын білдірген мәлімдеме жасады [22]. Ол қабылдаған қүжатгы елдегі жағдайды терең түсінгендік деп айтуға бслмайды. СЕПГ үсынған қүжатты орталық қауіпсіздіктің Орталық Комитетінід басшылары жасаған. Оған Эрих Хонникер, Эгон Кренц қатыспаған. Қүжаттың авторы мынадай мәлімет береді: «Көп күндер бойы әр тұрлі түжырымдар талқыланды. Көпшілігі саяси бағытты өзгертуді талап етті». 17 қазан 1989 жылы Саяси Бюро мәжілісінде Эрих Хонникер СЕПГ бас хатшылық қызметінен кетірілді. Оның орнына саяси бюро мүшесі қауіпсіздік мәселесі бойынша орталық комитеттің хатшысы Эгон Кренц сайланды. Эгон Кренцті сайлаған топ азшылық болатын. Олар саяси бюроны өзгертуді талап етеді.

Ол Эгон Кренц Эрих Хонникердің ізбасары жақтаушысы болып есептелінді. Одан ешқандай батыл шешімдер жүзеге аспайтыны белгілі. Кейбір тарихшылар бірнеше апта өткен соң Эгон К >енц қабылдаған шешімдерді Эрих Хонникердің жақтастары қуана қарсы алды. Э.Кренц сонымен бірге тағайындалғаннан кейін шіркеу өкілдерімен кздесіп дискуссияға қатысты. 1988 жылдан бері тиым салынған «Спутник» журналына қайтып шығатын болды. Шекараны жасырын тұрде өтпек болғандарына амниссия жариялады. Амниссия саяси түтқындар жатпады. Э.Хонникерден кейін болған жаңа басшылық қолдан келгеннің бәрін істеді. 4 қараша 1989 жылы Берлинде Эгон Кренц теледидар арқылы кейбір өзгертулер мен жаңадан енгізілетін өзгертулерге тоқталып сөйледі. Сонымен бірге бұл қүжатта қылмыстық кодекстің 213 бабы алынып тасталынды. Онда елге кіруге кетуге жіне кіруге заңдар айтылған. Эгон Кренцтің сөйлеген сөздерінде мынадай уәделер беріледі:

  1. жалпы көпшілік хабарлары туралы заңды қайта жасау;
  2. екінші қоршаған орта жағдайы туралы мәлімдемені жариялау;
  3. саяси жүйені реформалау;

4. экономикалық реформаларды кеңінен жүргізу;

  1. Конституциялық орган сияқты органды қайта құру;
  2. басқару жүйесін реформалау;/23/.

Осындай түбірлі өзгерістерді жариялағанмен билік басындағылар оны жүзеге асыруға асықпады. СЕПГ Саяси Бюросының 3-желтоқсанға дейін мәжілісі жабық тұрде өтті.

Оның нәтижесі Эгон Кренцтің отставкағг кетуі болды. Басқарушы апарат өз позициясын үстап қалуға тырысып, шегінбеді.

7-ші желтоқсаннан 8 желтоқсанға қараған түні СЕПГ-ның  кезектен тыс съезді жүмысын бастады. Ол тарихқа Социалистік бірыңғай Германияның соңғы съезді ретінде кірді. Бұл партия енді Демократиялық социализм партиясы деп қайта құрылды. Бүдан бір ай бүрын 9-қарашада Берлин қабырғасы қүлатылды [24]. Бұл оқиға екі Германияның бірігуінің бастауы болды.

Желтоқсан айында өкіметті басқаруда қауіпті вакуум туды. Елдің ішіндегі әртұрлі реакциялық күштер осы дағдарысты бүрынғы тәртіпті қайта қалпына келтіру үшін мүмкіндік туып қаш ш жағдай еді. СЕПГ сияқты елді басқарған алыптың күйреуі үкіметтің саяси ықпалын жоғалту қаупін тудырды. Өз тарапынан оппозиция билік тізгінін алуға әлі уақыт туған жоқ деп есептеді. Дәл осы кезде елде дөңгелек стол өткізуге дайындық басталды. Оған дайындық желтоқсаннан бүрын қазан айында жасалған болатын. Алғашқы жеті саяси топ пен бірлестіктердің өкілдерінен қосылған топ қазанның басында қалыптасты. Олардың мақсаты саяси басқарушы топ өкілдерімен диалогты дайындау болып табылады. Дөңгелек стол үйымына: адамның қүқы және бейбітшілік үшін әрекет ететін инициативалық тобы, Жаңа форум, Бүгінгі демократия, Демократиялық таңдау, социал-демократиялық партия, жасылдар партиясы және солшыл күштердің бірлестігі [25] Дөңгелек столға бүрыңғы ел басшыларының өкілдерін шақыруды да есептеді. Алайда реформаға дайындалып жатқан элиталарды және жаңа элиталарды шақырып бір стол басына отырғызу өкіметте пайда болған вакуумды толтыру болып есептелінетін. Оның үстіне бұл жағдай елдің ішінде түсінбеушілік тудырып үлкен демонстрацияға айналып кету қаупін де мүмкін еткен болар еді. Дөңгелек столды жүргізу тәжірибесі ГДР-де талқылаушыларды толық қамтығанда ғана жүзеге асқан болар еді. Алайда дөңгелек столға өкіметтің көз қарасы бей-жай болды, бір сөзбен айтқанда өкімет мүнын жүргізілгенін қаламады. Өкімет оған қатысушылармен байланыс жасағысы келмеді, тіпті оларды елемеді. Олармен байланыс жасау үшін көп ойланып толғанды. Оның үстіне елде саяси жағдай шиеленісті. Бүкіл елдің халқы елдің басқару эшелондарында орын алған коррупция мәліметтері қоғамның барлық мүшелеріне әйгілі болды. Қоғам елдегі мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметінде де парақорлықтың, сыбайластықтың орын алғандығынан хабардар болды. Елдегі наразылық толқыны күнен-күнге өсе түсті, оны байқамау, елемеу және оған қүлақ аспау мүмкін емес еді. Осындай өкіметтің түғырыққа тығылған шағында дөңгелек столға қатыспауы мүмкін емес еді.

Германияның бірігуін орнықтыру жөніндегі Келісім

Германияның бірігуін орнықтыру жөніндегі келісімге 1990 жылы 31 тамызда Берлинде «Унтер ден Линден» сарайында қол қойылды. Договор көлемі жағынан үлкен өте түпкілікті жасалғян қүжат. Онда бірыңғай Германия мемлекетінің құрылғандығының барлық қүқықтық аспектілері реттелген. Сонымен қатар осы қүжатта жекелеген баптар мен ережелерде және көптеген қосымшаларда оның бірігуі жөнінде талдаулар, түсіндірулер беріледі. Келісімнің басында бірігудің мотиптері көрсетіледі, келісімнің мәні 1-бапта анықталады. Германия Демократиялық Республикасының Федеративке кіргендігі негізгі заңның 23-бабы [26].

3 қазан 1990 жылы  Брандербург, Мекленбург, Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Анхальт және Тюрингия Германия Федеративтік Республикасының жері болып есептелінді. Осы бапта Берлиннің 23 ауданы Берлин «жері» дегенді құрады деп көрсетіледі. Бұл жер Германияның басты қаласы, астанасы болып табылады [27].

Өкімет пен парламенттің орналасу жөніндегі мәселе ерекше тәртіппен шешіледі. ГДР ФРГ-ға қосылған кезде шешуін табуы қиын болған мәселелердің бірі ГДР өмір сүрген 40 жыл ішінде қалыптасқан әлеуметтік институттарды жеке меншікке байланысты мәселелерді дүрыс та, әділетті де шешу болды. Әсіресе ГДР-дегі азаматтарға тыйым салынған мамандықтардың басын ашып алу қажет еді.

ГДР-дің ФРГ-ға бірігуі үзақ созылатын процесс еді. Бірақ ол үлкен пікір-таласқа қарамай 3 қазан 1990 жылы шешілді. 23 тамыз 1990 жылы елдің 3 қазан 1990 жылы бірігетіні жөнінде жарияланды. Алдын-ала келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер «2+4» формуласы бойынша ж\ юге асты. Бір жағында ФРГ және ГДР, екінші жағында-АҚШ, КСРО, Франция және Ұлыбритания. Олардың қатысумен біріккен елдің қауіпсіздік сыртқы саяса аспектлері талқыланды./28/. Қоғамның /экономикадан басқа/ қызметінің барлық салаларын қарастырса да, договор конститутция ережелерін, әкімшілік құқықтарды, қылмыстық қүқықтарды реттеген кезде оның кейбір мәселелерін естен шығарған. Мысалы қауым назардан тыс қалған, соңын салдарынан 1991 жылдың басына қарай жаңа жерлердегі қауымдардың көпшілігі банкроттық жағдайға ұшырады.

Бірігуді орнату туралы договор әкімшілік басқару органдарын тез қайта жабдықтау және қайтадан өндіріске кіргізу ] іәселелерін көтермейді. Бұл жерде мәселе финанстың жетіспеушілігінен омес, мамандаған персаналдың жетіспеушілігінен туып жатқан мәселе еді. Осы кезге дейін әкімшілік аппарат бұрыңғы кадрлардан тұратын. Оларға бақылауды батыстың «тәлімгерлері» жүзеге асырды. Жаңа кадрларды дайындау , сөссіз көп уақыт алатын.

1990 жылы 18 наурызда ГДР-де 1 «ерте сайлау» өткізілді. ГДР  тарихында 18-інші наурызда өткен сайлау ГДР тарихында бірінші және соңғы болған ерікті сайлау болып есептелінеді. Оған 24 партия және бірлестік қатысты. Жеткілікті дауыс жинаған партиялардың Халық палатасына енуіне проценттік барьердің жоқ болуы. Сайлау өтпестен бұрын мынандай болжамдар жасалды. Көптеген зерттеу институттары мен соітиологиялық қызметтің болжамы бойынша СЕПГ-ның орнына құрылған ПДЗ 31% дауыс жинайды. «Штерн» журналы солшылдар жеңеді деген болжам айтылды. ГЕЗА-институтының болжамы бойынша дауыстар СДПГ, ПДС партиялар арасында шашырап кетеді. Осы сайлау кезіңде ХДС және ХСС онша көп дауыс жинамайды. Алайда сайлаудың қорытындысы күтпеген жағдайға үшыратты. Сайлаудың қорытындысы бойынша ХДС қолдайтын Германия үшін Альянс партиясы дауыстың 48%-ін, СДПГ-21,84%, ПДС-16,33%, ерікті демократтар одағы-5,3%-ін дауыс жинаған. Ал қалған партиялар мен қозғалыстар-5%-тен төмен дауыс жинағандар [29].

«Германия үшін альянс» партиясы парламентте жартысынан аз ғана орын алғандықтан, ол либералдармен ғана :мес социал-демократтармен де коалицияға баруына тура келді. Оның басты себебінің бірі конституцияны өзгерту үшін қажетті маман көпшілік қажет еді. Сайлаудың қорытындысы ГДР жеріндегі саясаткерлерді қатты таң қалдырды.

Экономикалық, валюталық және әлеуметтік одақтар туралы келісімдер

13 ақпан 1990 жылы  ГДР-дің премьер-министрі Ганс  Модров және ФРГ канцлері Гельмут Коль кездесті. Ол кездесу Бонн қаласында өтті. Екі ел басшыларының келіссөздер барысында экономикалық және валюталық одақтарды дайындау жөнінде біріккен коммиссия құру туралы келісті. ГДР мемлекеті өзіне 15 млрд марка тұрінде кредит беруді талап етті. Бірақ ФРГ бүған қарсы болды. Келіссөздердің барысына ГДР жағынан келген делегаттар наразы болды. Делегаттардың бірі Батыс Германиядан келген әріптестердің келіссөздері жүргізудегі қылықтары, сөйлеу манералары үнамады. Делегаттардың бірі Германияның біріккендігі үшін Бонннан келгендер бағасын өсірді деп көрсетеді. Батыс Германия валюталық одақты еңгізуді ГДР-дің халық палатасына дейін өткізіп жіберуді үсынды. Алайда ГДР мүны қабылдамады.

Шығыс Берлинде 19 -ші ақпанда сөйлеген сөзінде Ганс Модров былай деп түсіндірді: одақтың функциясының негізіне әлеуметтік кепілдік берулері қажет, оның құрылу мен нығаюы сайлаудан кейін.ғана мүмкін. 18 мамырда Боннда ФРГ мен экономикалық, әлеуметтік және валюталық одақтың құру туралы мемлекеттік келісімге қол қойылды. ФРГ канцлері Гельмут Коль келісімге қол қою жайында былай деді: «одақтың құрылуы бірігу жолында жасалған бірінші батыл қадам» [30].

Экономикалық, Әлеуметтік, Валюталық одақ 1990 жылы 1-ші шілдеде күшіне енді.

БеиІ8Ііе ВшкіезЪапк елдегі жалғыз ұлттық банкіге айналды. Валюталарды айырбастау мынандай қатынаста жүргізілді: жалақы, стипендия, пенсия, 1:1, ал қалған төлемдер 2:1 қатынасымен ауыстырылды. Экономикалық одақтың құрылуы мынандай себептерден туған еді: ГДР-де әлеуметтік рыноктық экономиканы дамытуға қажетті алғышарттар жасалану қажет. Оны жеке меншік қалыптастырады. Товардың, капитаі дың және жүмысшы күшінің еркін араласуы, жеке кәсіпшіліктің бостандығы. ГДР-де осылардың еркін дамуына жағдай туғызылуы қажет. ГДР-дің алдына әрекет етіп жатқан рыноктық экономикада салық алу, финанс бюджеті сестимасын құру міндеті қойылды. Европалық Одақ мүшелерінің-елдерінің ауылшаруашылық секторына аграрлық секторды ыңғайластыру негізгі міндеттерінің біріне жатты. Одақтың әлеуметтік аталуының басты себебі ГДР ФРГ-да қалыптасқан қамсыздандыру, пенсия, ауру бойынша көмектесу және жүмыссыздық, төтенше жағдайларда үлгісін алды. ГДР ФРГ-ның үлгісімен жүмысшыларға жүмысшылардың өзін-өзі басқару қүқын беруге міндетті. Сондай-ақ ГДР ФРГ сияқты ереуілдерге қатысуға рүқсат береді. Әлеуметтік қамсь здандыру жүйесін қаржыландыру үшін федералдық бюджеттен қаржы бөледі тағыда қосымша Біріккен Германияның арнайы қорынан 115 млрд ДМ көлемінде қаржы бөлдіртеді.

Информация о работе Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы