Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:24, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қaзipri кезде қоғамның дамуын, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық кауіпсіздгін қамтамасыз етуде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы ерекше. Сондықтан Қазақстан Республикасының білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер тиімді нәтижелер бepyi үшін олардың ғылыми-теориялық негізіне, тарихи оң тәжірибеге сүйену қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.
Кіріспе
4
1 Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі
5
1.1 Хан ордасындағы алғашқы мектеп және оның қызметі
5
1.2 Жәңгір хан және отаршыл патша үкіметінің ағартушылық саясаты
9
1.3 Жәңгір ханның қазақ жастарының Ресейде білім-ғылым алуға тартуы
12
2 Жәңгір хан және оның білім-ғылым саласына қосқан үлесі
13
2.1 Жәңгір хан және Қазан университеті
13
2.2 «Тарихи-Рашиди» және Жәңгір мен Шоқан
16
Қорытынды
22
Әдебиеттер тізімі
24
Мазмұны
Кіріспе |
4 |
1 Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі |
5 |
1.1 Хан ордасындағы
алғашқы мектеп және оның |
5 |
1.2 Жәңгір хан және отаршыл патша үкіметінің ағартушылық саясаты |
9 |
1.3 Жәңгір ханның қазақ жастарының Ресейде білім-ғылым алуға тартуы |
12 |
2 Жәңгір хан және
оның білім-ғылым саласына |
13 |
2.1 Жәңгір хан және Қазан университеті |
13 |
2.2 «Тарихи-Рашиди» және Жәңгір мен Шоқан |
16 |
Қорытынды |
22 |
Әдебиеттер тізімі |
24 |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қaзipri кезде қоғамның дамуын, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық кауіпсіздгін қамтамасыз етуде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы ерекше. Сондықтан Қазақстан Республикасының білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер тиімді нәтижелер бepyi үшін олардың ғылыми-теориялық негізіне, тарихи оң тәжірибеге сүйену қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі қалыптасу үстінде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жалпы орта білім беруде үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады. Бұл - уакыт талабы, яғни Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі жүргізіліп отырған реформаларды соңына дейін жеткізу керек. Ол үшін тарихи тәжірибелерді саралап, одан шығатын қорытындыларды орынды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Жәңгір ханның тұңгыш білім жүйесі мен ағартушылық іс-әрекетінің нетижелерін Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруде ескеру қажеттілігі туады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XIX ғасырдағы тарихи процестер мен саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мәдени-ағарту салаларын А.Е. Алекторов [3], А. Харузин [52], Ж. Абылхожин, И. Ерофеева, Н. Масанов [1], Ж.О. Артықбаев [6], Е. Бекмаханов [8, 9], Н.Е. Бекмаханова [10], Д. Сулейменов [42], А.В. Васильев [13], Ж.К. Қасымбаев [30], А.И. Сембаев [41], Т.Т. Тәжибаев [44] және т.б. тарихшылар зерттеді. Тарихшылар ішінде Бөкей Ордасының мәдени-ағарту ici туралы мәселелерге байланысты Ж. Акбай [2] жүйелі, терең зерттеулер жүргізді.
Қазақстандағы ағарту ісінің және педагогикалық ойлардың даму тарихын, Қазақстандағы халыққа білім беру iciн, Қазакстан мектептеріндегі оқыту әдістері мен мазмұны туралы мәселелерге Қ.Б. Бержанов, Й.Я. Гармс [16], Сембаев, А.С. [41], Сыздыкова, Т. Тәжібаев [44], Г.В. Поворова, С.А. Ұзақбаева, В.Г. Храпченков [51] және т.б еңбектерінде қарастырып, талдау жасалынды.
И.Я. Гармс [16] зерттеуінде қазан революциясына дейінгі Ресей құрамындағы қазақтардың арасындағы халыққа білім беру мәселелерін зерттеген. Ол Қазақстандағы діни мектептер мен медреселер туралы және мұсылмандық діни мектептерге қатысты патша үкіметінің саясатын, орыс оқу мекемелеріне (кадет корпусы, классикалық гимназиялар, реальды училищелер және ауыл шаруашылық мектептеріне) қазақтардың әртүрлі әлеуметтік топтарының балаларының тартылуын, бастауыш орыс-қазақ мектептерінің оның ішінде Қазақстанда Жәңгір ханның басшылығымен және соның каражатына ашылған алғашқы орыс-қазақ мектетебінің құрылуы мен дамуын қарастырады.
М.Ө. Мұханбетжанованың ғылыми-педагогикалык зерттеуі [41] Х1Х-ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейін уақытты қамтиды. Ол аталған кезеңдегі Бөкей Ордасындағы бастауыш білім берудің дамуының тарихи-педагогикалық негіздерін бастауыш білім беру мекемелерінің түрлері мен олардың қызметінің мазмұнын талдайды.
С.3. Зимановтың «Россия и Букеевское ханство» [51] атты еңбегі өз тақырыбын жан-жақты қарастыруға тырысқанымен, мұнда Жәңгір ханның ағартушылық саясаты толықтай қарастырылмаған. Ғалым 1801—1845 жылдардағы көбінесе Ішкі ордадағы қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық салаларды, оның даму эволюциясы тентенденцияларын, сонымен қатар, ордаға Ресей демократиялық институттарының және алдыңғы қатарлы мәдени жетістіктерінің ықпалы жан-жақты талдаумен шектелген. Дегенмен, бұл еңбек қарастырылып отырған тақырыпты ашуға өз септігін тигізе алды. Әсіресе, отаршыл патша үкіметінің жалпы және Бөкей ордасындағы ағартушылық саясаты маңызды. Сондай-ақ, ғалымның басқа да еңбектері қолданысқа енгізілген [27, 28].
Келесі еңбектер қатарында Г.М. және В.Г. Храпченковтардың еңбектері қызығушылық танытады. Еңбек «История школы и педагогической мысли Казахстана» [51] деп аталып, революцияға дейінгі, кеңес заманындағы және егеменді, тәуелсіз Қазақстан мектептерінің және педагогикалық ойының теориялық-методологиялық мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, мәдениет, білім салалары белгілі қызметкерлерінің және осы салаларда белсенді қызмет жасап, еңбек сіңірген ел басшыларының қосқан үлесі, педагогикалық және ағартушылық іс-әрекеттері сипатталып, педагогикалық жаңашылдығы талданған.
Дегенмен, Қазақстанның ағартушылық саясат тарихында әлі де болса жан-жақты қарастырылмаған ақтаңдақ мәселелер аз емес. Соның ішінде Бөкей Ордасындағы XIX ғасырдың бірінші жартысындағы мұсылмандық білім беру мәселелері, оның ішінде Жәңгір ханның білім беру жүйесіндегі реформалары және еуропалық үлгідегі білім жүйесінің Қазақстан жерінде іргетасын қалауға бағытталған ағартушылық ic-әpeкеті әлі де толық зерттелмеген. Бұл тәжірибенің қазіргі кездегі білім жүйесін дамытудағы тарихи-педагогикалық маңызы да ғылыми-педагогикалық тұрғыдан жете талданған жоқ.
Қазақ мектебінің негізін, іргетасын кімдер қалағанын, ол әpi карай калай дамығанын зерттеу нәтижелері болашақта білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бастауларының бipi болатыны анық.
Бірақ Жәңгір ханның білім беру жүйесіндегі реформалары және еуропалық үлгідегі білім жүйесінің Қазақстан жерінде іргетасын калауға бағытталған ағартушылық іс-әрекетінің толық зерттелмеуі, бұл тәжірибенің қaзipri кездегі білім жүйесін дамытудағы тарихи-педагогикалық маңызының ғылыми-педагогикалық тұрғыдан жете талданбауы мен қазіpri кездегі білім жүйесін реформалау барысында Жәңгір ханның еуропалық мектеп үлгісін ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-құндылықтық ерекшеліктеріне бейімдеу тәжірибесін ескеру кажеттілігі арасында қарама-қайшылық туады. Осы қарама-қайшылыққа байланысты аталған тәжірибені бүгінгі өмip талабы тұрғысынан пайдалану мәселесі біздің зерттеу такырыбымызды «Жәңгір ханның ағартушылық ic-әpeкeті (тарихи-педагогикалық acпект)» деп алуымызға негіз болды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жәңгір ханның ағартушылық саясатын жүйелі талдау және оған теориялық негіздеме беру, оның тарихи-педагогикалық маңызын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
- Ордадағы алғашқы мектептің құрылуы және оның қызметіне тоқталу;
- Отаршыл патша үкіметінің ағартушылық саясатын қарастыру;
- Жәңгір ханның қазақ жастарын Ресейде білім-ғылым алуға тартудағы саясатын көрсету;
- Жәңгір хан және оның әлемдік білім-ғылым саласына қосқан үлесін жан-жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыстың нысаны. Бөкей Ордасындағы ХIХ ғасырдың бірінші жартысындагы ағарту ici.
Зерттеу әдісі. Тақырып бойынша тарихи-педагогикалык әдебиеттерді салыстырмалы және жүйелі талдау, жіктеу, жүйелеу және алынған дәйектерді интерпретациялау, қорыту. Тақырыпты зерделеуде біз тарихнамалык, салыстырмалық, біртұтастық қағидаларына сүйендік.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылган әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Бөкей ордасындағы білім беру мәселесі
1.1 Хан ордасындағы алғашқы мектеп және оның қызметі
«Ақылы жоқтың - арманы жоқ» дейтін қазақтың білімді, ғылымды аңсамаған, оған ұмтылмаған күні жоқ. Сондықтан да, оның нақты көріністері біздің қазіргі тіршілік салтымыздың шешуші, айқындаушы күші болып табылады. Өйткені, қол жеткен деңгейді онан әрі жетілдіру үшін халқымыздың мәдени дамуындағы өзекті мәселелерді шешу үшін қам жемесек ілгерілеу, алға басу болмайды. Мұны XIX ғасырдың орта шеніндегі ішкі орда билеушілері де жақсы түсінген. Сөйткен де олар оқу-тәрбие жұмысы белгілі бір жүйеге, бір ізге түсірілген, ғылымның әрбір саласынан мағлұмат беретін мектеп ашу мәселесін ойластырған.
Осындай оқу орнының ұйымдастырылуы үшін қажырлы қам-қарекет жасаған Жәңгір хан 1826 жылы Қазан каласына барып, ондағы университетте болды. Оқу орнының ұстаздар ұжымы, ғылыми кабинеттердегі бай мұралармен танысқанда университет ректоры Фукске өзінің жастарды дәл осындай университеттерге түсіп оқу үшін дайындайтын мектеп ашқысы келіп жүргенін айтты. Фукс риза болып «өзінің жас кезінде, хандығынын бас кезінде, тіпті Ордада бірде-бір үй тұрғызылмаған кезде оның білімнің пайдасы жөнінде осы бастан ойлануы қандай ғанибет!» - депті сонда.
Шынында да Жәңгір хандықты қолға алғанға дейін халыққа білім беру мәселесі ішкі ордада қозғаусыз жатқан іс еді. «1801» жылға дейін - деп жазады Салық Бабажанов, - осындағы қазақтарға «жазу» деген сөз деген таныс емес еді, «жазу» деген сөзді ертегілердей қиял-ғажайып сияқты, мысалдар айтсақ, ауадағы бу секілді елестейтін. Осы кезден бастап, яғни «Орал өзенінін оң жағына көшіп келгеннен кейін біздің адамдар «жазу» дегеннің өз ойыңды сөзбен жеткізіп беретін құдіреті керемет екенін түсіне бастады... Халық арасында үлкен әңгіме мен ынта, талап тудырды. Барлығы да, тіпті мәртебелі хан да жазудын қасиетеріне бас имей тұра алмады. Осының өзі-ақ қазақтарға жазудың - сауаттылықтың, құдіреттілігін мойындатты» [ 22].
Осы құдіретті игерудің бірден-бір жолы мектеп ашу, жастарды оқыту, білімге тарту еді. Мұны Бөкей хан да, Жәңгір хан да түсінді. Сондықтан да олар мектеп ісіне үзбей талап қылды. Жәңгір хан жоғары орындарға, патша әкімшілігіне әлденеше мәрте хат жазып, Ордада қазына есебінен мектеп ашуды сұрап өтініш жасады. Бірақ бұл мәселенің шешілуі ұзакққа созылып, тек 1841 жылы ғана оған ресми рұқсат алудың сәті түсті. Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов бұл ретте былай деп жазады: «…ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда» [ 26].
Сол жылғы сәуір айында сұлтан-правител Шоқа Нұрғалиевке жолдаған хатында осы істің орайлас келе жатқанын хабарлап, Жәңгір хан былай деп жазған: «Биылғы жылы мен Ордада мектеп ашуды ойлап отырмын. Өз балаларын орташа ақымен оқуға беруге тілек білдіргісі келгендердің бәріне маған өтініш жасай алады. Өзінің қарауындағы халықты, әсіресе сұлтандарды балаларын мектепке оқуға беруге үгіттейді деп есептеймін», дейді Жәңгір хан. Бұдан әрі ол мектеп ашудың қазақ халқы үшін қаншалықты пайдалы екенін мынадай өзекжарды сөздермен жалғастырған. «Сіз тумаластарыңыз бен достарыңызға, тиісті адамдардын бәріне қазір ғылымның соншалық зор пайда әкеліп отырғаны, біздің немерелеріміздің онсыз жақсы өмір сүре алмайтынын, алдағы уақытта сауатсыз және орыс тілін білмейтіндерді ру басы және басқа қызметке тағайындамайтынын, бізге қазақтардан дәрігер болу соншалық пайдалы және тиімді екенін, қандай да бір талабымыз бен ақшалай шығынымыздың егер ол жасөспірімдерді оқытуға жұмсалса жүз есе жемісті болатынын, басқа игілікті және қайырымды істен гөрі ғылымды дамытуда Алла тағаланың заңдары мен ақиқаты жөніндегі білімді игеріп, Ресейдің ұлы патшасы мен халыққа адал қызмет ету қажетігін түсіндіруге сіздің күш-жігеріңіз бен ақыл әсеріңізді жұмсайтыныңызға сенемін» [32 ].
Сөйтіп, алғашқы мектепте Жәңгір ханның білім жүйесінің іргетасы қаланды. Оқу жылы қазан айында басталып, мамыр айының аяғында аяқталатын. Жыл сайын 6 желтоқсанда оқушылардың ата-аналары шақырылып, олар ханның басшылығымен жүретін емтихандарда оқушылардың алған білімінің нәтижелерін бағалауға қатыстырылатын. Бұдан біз хан ставкасындағы (Ордасындағы) білім беру ісі тікелей Жәңгір ханның басшылығымен жүргізілгенін көреміз. Оған қоса мектепте өткізілетін әр түрлі шараларға міндетті түрде хан қатысатын еді. Мектептегі сабақтардың жүргізілуін, оқушылардың білімін бақылау істерін, емтихандарды, оқу бағдарламаларын, оқу жоспаларын хан қадағалап отырған [19].
Бұл тұста хан ордасында мектеп ашуға әзірлік қызу жүргізіліп жатқан болатын. Терезелерін оңтүстікке қаратып салдырған екі қабат мектеп үйі іске қосылып, жан-жақты жабдықталып, шәкірттерін қабылдауға әзір тұрды. Мұндай мектепті бұрын көріп білмеген ордалықтар мұнда оқудың орысша жүретінін есіткенде балаларымызды шоқындырады деп оған үрке қарады. Бірақ хан Жәңгір өзінің екі баласын бірдей осы мектепке беріп, шоқыну жағынан қауіптің жоқ екенін жұрттың көзін жеткізді.
Бұл білім мен тәрбие жүйесін қазіргі жаңа білім жүйесінің негізі мен іргетасы деп айтқан жөн. Өйткені, осы қазіргі жаңа білім жүйесіне сол кездегі білім жүйесі өте ұқсас екенін айта кету қажет. Мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда демократиялық, идеялардың да іске асырылғанын көруге болады. Бұл тәжірибені қазіргі кезде де пайдалануға болатын оң тәжірибе деп айтуға болады.Ефимцев Жәңгір хан мектебінде оқытылған келесі пәндерді атап көрсетеді: татар,араб, орыс тілі, арифметиканың алғашқы ережелері, жазу, сызу, тарих, географияның қысқаша жинағы, алғашқы дәрігерлік көмектің ережелері. Осы пәндерге қоса негізгі пән-мұсылмандық имандылық сабағы жүргізілген. Хан кейін ұлттық мектепті училище деп атап,білім саласы үшін арнайы ғибрат үй салған және мұғалімдерді байқау қазіргіше айтсақ конкурс арқылы таңдалатын әдістемелік орталыққа айналдырылған. Мектептерді бітірген оқушылар Орынбордағы Неплюев кадет корпусында одан әрі оқуын жалғастырған. Бұл білім ордасында мектептің арнайы бекітілген оқу жоспарлары оқыту бағдарламалары, жүйелі оқыту әдістемесі болған. Осылардың бәрі Жәңгір хан ашқан ұлттық мектеп қазіргі кездегі Қазақстан білім жүйесінің бастауы болғандығын көрсетеді.
Жәңгір хан ашқан «ұлттық мектеп» кейіннен дами келе «Жәңгір училищесі»деп аталып, әрі қарай өз жалғасын тапты. Еуропалық үлгідегі білім реформасын жасаудағы Жәңгір ханның ағартушылық саясаты осылай жүзеге асырылды.
Информация о работе Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі