Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:24, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қaзipri кезде қоғамның дамуын, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық кауіпсіздгін қамтамасыз етуде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы ерекше. Сондықтан Қазақстан Республикасының білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер тиімді нәтижелер бepyi үшін олардың ғылыми-теориялық негізіне, тарихи оң тәжірибеге сүйену қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.

Содержание

Кіріспе
4
1 Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі
5
1.1 Хан ордасындағы алғашқы мектеп және оның қызметі
5
1.2 Жәңгір хан және отаршыл патша үкіметінің ағартушылық саясаты
9
1.3 Жәңгір ханның қазақ жастарының Ресейде білім-ғылым алуға тартуы
12
2 Жәңгір хан және оның білім-ғылым саласына қосқан үлесі
13
2.1 Жәңгір хан және Қазан университеті
13
2.2 «Тарихи-Рашиди» және Жәңгір мен Шоқан
16
Қорытынды
22
Әдебиеттер тізімі
24

Вложенные файлы: 1 файл

Бөкей хандығы.doc

— 234.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен оқуға іріктеліп, 25 бала алынды. Олардың арасында Хансұлтанов Ахметкерей, Байтүменов Мұхамбетше, Бажақов, Шомбалов, Исмайылов, Мұхаметжан Байтұрсұнов деген балалардың болғаны архив деректері аркылы бізге жеткізіп отыр. Бұл оқушылардың 16-ы үйден келіп, жетеуі сол мектеп үйінің ішшінен ашылған жатақханаға орналасып, басынан оқыған. Оқу ақылы болған [ 41].

Осы аталған оқушылардың мектепте жасаған жазба жұмыстары сақталған  екен. Оларды қарастыра келе, қызықты  жұмыстарды кездестіріп қана қоймай, сонымен қатар, сол уақыттағы  оқытушылықтың сипаттамасын көруге болады. Хансұлтанов Ахметкерей былай жазған екен: «Неоценимая милость, оказанная Вашим Высокостепенством для всех нас открытием училища, доставила случай быть таким счастливым, что могу принести Вашему Высокостепенству верноподданическому благодарность за все благодеяние, какими пользуюсь я и мои товарищи. В короткое время многие из нас приняли пользу учения, ибо знание закона Божьего просвещает нам ум и исправляет нравственность», -деп жазып қалдырған. Ал, Мұхаметжан Байтұрсұнов болса, «Невоздержанный человек есть незапечатанное письмо, которое всяк читать может. «Порок», сказал Сократ, - есть невежество, а добродетель - познание», - Бажақовтың жазбасынан [7 ].

«Осы мектепке оқушыларды тізімдеу кезінде сыңаржақ пікір қайшылығы  болмай қалмаған», деп жазады «Жәңгір  хан», кітабының авторлары. Ханның шіріген бай, анау-мынауды менсіне бермейтін кертартпа билерінің бірі Шымнан: «Білімге жүгіну төре мен қожаның тұкымына жарасқанмен қара сирақ казаққа жараса ма? Оқу шіркін де оқығанның бәріне емес, зердесіне тандап қонатын шығар, көзін тырнап ашканнан қозының соңына түсіп, боғын қурайға шаншып өскен кем талап ертеңгі күні «би» астында ноқат, «ти» астында екі ноқаттан аса алмай мектептің қадірін қашырар. Одан да балам қағазға үңілсін, қалам шұқысын деп жүрген қара сирақтардың баласын алты қырдың астына айдап сал», деп ханға кеңес айтып, мектепке тек қана ығай мен сығайдың ұрпақтарын алдырмақшы болған. Хан оқу-білімге талапты жастың бәріне ортақ деп мұндай кертартпа пікірлерге құлақ аспай, мектептегі оку сапасын, тәртіп, тәрбие жайын өзі бақылап, жөн сілтеп отырған. Жәңгірдін мұндай әділдігі мен оқу-білім жолындағы күш-жігерін жұрт жоғары бағалады. «Өзінің ордасында ол мектеп ашып, онда Мұхаммед хадистерін үйрететін және орысша сауаттылықпен орыс тілін оқытатын 60 адамдық орын болды, - деп жазады Салық Бабажанов. - Бұл мектеп әлі күнге дейін Жәңгір мектебі аталып, Ордада өмір сүріп жатыр. Қазір мұнда 30 бала Орданың шаруашылык қаражатынан ақша төлеп тұрады. Жасыратыны жоқ, айта кететін жай, ішкі Орда халқы өздерінің мәдени өмірінің және де ақыл-ой қабілетінің дамуына Бөкей ханға, әсіресе Жәңгір ханға алғыс айтуға міндетті» [13 ].

Жәңгір мектебі аталып өмірге келген бұл оқу орнының ашылуы кезінде  Ішкі Ордадағы орасан зор қуанышты оқиға болды. Хан жаңалығымен  құттықтап, қайырлы болсын айту үшін тарту-таралғысын алып, хан Ордасына халық ағылды. Олар өз ұрпақтарының келешегін осы мектеппен байланыстырып, оған зор сенім артты.

Мектеп-училищеде негізінен екі сынып болды: 13 оқушылық орыс тіліндегі және 12 оқушылық татар немесе араб тіліндегі. Ал, жалпы оқыту орыс тілінде жүргізілген. Ең ересек оқушының жасы 22-де болса, ал ең кішкентайына 9 жас болған екен. Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  Жәңгір  ашқан   алғашқы   орыс-қазақ   мектебі   Орталық   мектеп   деп  аталған.

Сонымен бірге Құран хадистерін үйретуге бағытталған дін сабағы да болды. Оны осы өңірде Құранды жақсы білетін, діннің дәстүріне білімдар адам ретінде танылған, алғаш   рет   сабақты қазақ   тілінде   жүргізетін   мұғалім Әминов Мұхаммед Хакім (кейбір деректерде Әминов  Сәдудин) деген молда оқытты. Орысша, қазақша жетік, мұсылман дінінің, Мұхаммед пайғамбардың хадистерін жақсы білетін, Жәңгірдің мектебіне дін сабағын оқытуға бұл кісіні таңдау тегін емес еді. Оның өзі үйретуге сараңдық қылмаған, әркімге үйретіп, әркімнен үйрене білген салауатгы кісі болған деседі. Ол шәкірттердің ғылым үйренуіне көп еңбек етіп, сол арқылы әлем кеңістігіне шығуын жете білген. Оның сұрау-жауаптарына назар аударып көруге болады: - Қаңдай ниетпен ғылым үйренуге келдің? - Алланың ризалығы үшін, шариғат жолымен жүріп, ғибрат кылмақ, еңбек етпек үшін. Ғылым үйренудің жолдары қаңдай? - Ол төрт түрлі: парыз, мұстахаб, мұхаб және харам. Парыз - адам болудың қадірін білу, мұстахаб - адам болудың жолдарын білмегенге үйрету, мұхаб адамдық жолмен толық зейнетке жету, харам - мақтан үшін, ақымақтармен сөз таластыру үшін үйренген ғылым.

«Ғылымды бесіктен лақатқа дейін  үйрену керек, білу екі дәрежеде іске асады: ол - білмек, екіншіден, білгенді ізгілікке хасыл етпек» дейді  екен Мұхаммед Хакім молда.

Мектеп шәкіртері дін сабағынан басқа арифметика, жағрапия, тарих, орыс тілі тағы басқа пәндерден дәріс алған. Оқу орынын кұруда Жәңгір ханға үлкен көмек көрсеткен, мектептің меңгерушісі болып тағайындалып, ондағы оқу-тәрбие жұмысын жолға қоюға елеулі еңбек сіңірген, Петербургтегі дәрігерлік-оташылық академияның түлегі Константин Петрович Ольдекоп орыс тілінен өзі сабақ берген. Ол ордада дәрігерлік-оташылық қызметте тұрған болатын. Міне, осы мектептің меңгерушісі, әрі мұғалім орыс тілінен, оқудан, жазудан, арифметикадан және жағрапиядан сабақ берген.

Көптеген зерттеушілердің көрсетуінше  шыныменде мектеп Жәңгір ханның тұсында  орда және негізгі 95 пайыздық жүктемесі  ханның жеке қаржы есебінен қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. Ал, орда басшысының өлімінен кейін қаржылай қолдау көрсету күрт төмендеп кеткен. 1845 жылғы 22 желтоқсанда осы мектептің меңгерушісі, әрі мұғалімі Ольдекоптың Ішкі Қырғыз далалық сұлтан-билеушісі Әділхановқа жазған хатында: «Исполняя в точности приказания Вашего степенста, я хотел приступить к открытию занятий, но училище не топлено. Прошу кому следует отпустить дрова и топить», - деп қынжыла жазған. Алайда, орланың басқарушысы оқымаған, сауатсыз адам ретінде тіпті, мемлекеттік құжаттарға өз фамилиясын да жаза алмаған көрінеді, тек, мөр қоюды шебер меңгерген сыңайлы. Ол өзінің осылайша ордадағы білімге қатыссыз екендігін көрсеткен. Ал, хатты жазған мұғалім болса, бес жыл бойы жасаған қызмет орнын қалдыруға мәжбүр болған.

Дегенмен, мектеп қаржы-қаражатсыз қалмады. Бұл орайда мәселені шешуге және қолдау көрсетуге Орынбор шекаралық комиссиясы араласты. Сөйтіп, мектеп қысқа уақыттың ішінде қалпына келтірілді. Ал, оның шығындары зекетке, яғни, алым-салық есебінен алынатын болды. Мектептегі сабақтар 1846 жылдың 7 желтоқсанынан басталып, мұғалім Ольдекоп өз қызметіне қайта оралған. Ольдекоптың өтінішімен училищеге 1848 жылдан бастап қазақ тілін жетік меңгерген орыс ұлтының ер балаларын да ала бастаған. Ал, 1848 жылдан бастап Жоғарғы мәртебелінің шешімімен мектепті үкіметтің өзі қаржымен қамтамасыз етуге міндеттеніп, жыл сайын 1404 сом бөлінетін болған.

1843 жылы сәуірде мектеп ашылғаннан  кейін бірнеше ай өткен соң  Орынбор шекара комиссиясының:  «Оны қандай мақсатпен аштыңыз?»  деген сұраққа берген жауабында  Жәңгір хан оның қазақ жастарын  оқу орындарына түсуге әзірлеу  үшін, орыс, араб, парсы және татар тілдерінде оқып жаза білуін, әсіресе орысшадан казақшаға одан керісінше тәржімалай білуін, грамматиканы, математика негіздерін, жағрапияны, Мұхаммед хадистерін игеруін жолға қою үшін кұрылып жатқанын жазады. Бұл арада ол қазақ жастары үшін орыс тілін меңгерудің зор маңызын атап көрсеткен [ 39].

Бұл  алғашқы  ұлттық  мектептің  тікелей  ықпалымен  XIX  ғасырдың  алпысыншы  жылдары  Батыс Қазақстанның  басқа  да жерлерінде  білім  ордалары  ұйымдастырыла  бастады.  Олар  жаңа Қазан мен  Қамыш – Самарда, хан  ставкасынан (Ордадан) 12 шақырымда  Нарында, Тал мен Тоғында  ашылды. Ордаға  ұлттық мектептердің  ықпалымен  1860  жылы  Түркістан  өлкесіндегі №1 орта ( Қазалыда), Перовскіде №2   орта  алғашқы  ұлттық  мектептер  құрылды.  Бұл  мектептерде  455 қазақ  балалары  оқып  221  оқушысы  басқа да  халықтың  өқілдері  болды. Қырқыншы  жылдардың ортасында Ордада орыс-қазақ мектебінде 25 оқушы оқыды [19 ].

 

 

 

1.2 Жәңгір хан және отаршыл патша үкіметінің ағартушылық саясаты

 

Күні  кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын  оларды ескеруден  де  қалдық. Оған  себеп жетпіс жылдан  астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның  әсері  болатын. Шындығында  да олар ескеруге  лайықсыз  ба  еді? Осындай  тарихи  тұлғалардың  бірі Жәңгір хан Бөкейұлы  еді. Жәңгір  хан кім? Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр- шапағаты тиді  ме ?- деген сауалдарға  жауап  іздеген   болсақ оған  тарихи деректер былай  деп  жауап береді. Тарихи  деректер Жәңгір  ханның отарлаушылар саясатынан  халқын   қорғаушы, еліне  мәдениет  пен  білім, мұсылман  дінінің  нұрын себуші   хан ретінде көрсетеді.  Сонымен  Жәңгір  хан кім? 1845ж Бөкей  хан  өлгеннен  кейін  ханының тағын  өз  баласы  Жәңгірге  өсиет еіп  қалдырды, ал  ол кәмелетке  толғанға   дейін  уақытша  басқаруда  өз  туған інісі  Шығай  сұлтанға  тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда  патша  Жәңгірді ішкі  Орданың  ханы  деп  тану туралы  грамотаға  қол  қойды,  ол 1824  ж 26 маусымында Оралда  ертедегі  рәсім  сақтала  отырып  патшалық  өкімет  орындарының  бақылауымен  ол  хан  болып  жарияланып, 20  жылдан  астам  уақыт билік  етті.

Әр  нәрсенің  әділдігі  керек, патша  үкіметі  Жәңгірге, оның  балаларына  да  орысша  білім,  тәрбие  беріп  көп  үміт артты. Қазақ  даласын отарлауда  жан-жақты білімді, ақылды, мәдениетті Жәңгір  сияқты тұлғаны  қолға  ұстаудың  қаншалықты  пайдалы  екендігін  патша да генерал-губернаторлар жақсы  біледі. Сол  үшін де Жәңгір  атақ-абыройдан  кенде  қалған  жоқ. Хан  тағына  отығызу  салтанатында  48 дүркін  зеңбіректен  оқ  атып, Орал  даласы  дүр сілкінді. Салтанатқа  қатысқан зиялы  қазақтарды  сый-құрметтен құралақан  қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік  тарту етті.    Бірнеше ординдермен хан өңіріне жарқыратты.Қазақтың  тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді.

Бұлардың  барлығы  отарлау саяасатының мүддесі  үшін істелген айла екендігі  белгілі. Осындай айла жұмысқа тәсілдерді саналы түрде өткізе отырып, Ішкі  Орданы басқаруды отарлаушылар  өз мүддесіне сәйкес хан кесенесінің кеңесшісі етіп Ресей сыртқы  істер министірінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол  Ішкі  Орданың тыныс тіршілігін күн- сайын Орынбор Шекаралық комиссиясына  хабарлап отырды . Ақырында отарлау саяасатынын асқынғандағы соншалық, бұған дейінгі Ішкі  Орда ханының  басқан қадамын бақылап отырған Ресей сыртқы   істер  министрлігінің  Азия  департаменті,  Ресей  Мүлік  министрлігінен   бастап  Астрахан,  Орынбоор  генерал-губернаторларымен  Орынбор  Шекаралық  ккомиссиясы, Орал,Астрахан полкымен,  қалмақ кордондарынын   бақылауынын үстіне енді хан   кеңсесі іс басқарушысынан бастап,  қойма меңгерушісіне   дейін түгел орыстандырып,  әр  бір әрекетін  есепке  алып  отырды.

Ішкі  Орда  қазақтары  бірте-бірте   шұрайлы  аймақтардан  ығыстырылып  құмға  қуылды.  Жайылымға,  қыстауға қолайсыз  жерге  ығыстырылды.  Қолайлы  жерлер, өзендері  мен  көлдері, шабындығы  мол  аймақтар казактар  мен   қалмақтарға  берілді.  1873 жылы  21 маусымда  Орынбор  шекаралық  комиссияның  төрағасы Г. Ф. Генстің бұйрығы  бойынша үлкен  және  кіші  өзен  бойынан  қазақтардың  шөп  шабуына  тыйым  салынды.

Бұл  жағдайларға  наразылық  білдіріп  Жәңгір  Астрахан  генерал- губернаторы  А. С. Осиповке: « Киргизам  остались  обнаженные  степи, пески, солонцы,...- деп  хабарлап  воспретить  кордонным   казакам  Уральского  войска  открытою  силою  действовать  против  прибрежных киргизцев »-деп  казактардың  жөнсіздіктеріне  тыйым  салуды  талап  етті.

Жәңгір  халқының  ауыр  тағдырын   император  Николайдың   өзіне  де  жеткізді,  көмек  сұрады. Амал  не  отарлау   саясатының  көрігін  басып  өз  аузымен  тапсырма беріп отырған   әміршіден   тегеурінді   шешім     болмады.   

Тарихи  құжаттар   отарлаушылардың   сенімін  Жәңгірдің  ақтамағандығын анықтайды.  Жәңгір, халқын   сатпады, халқының   мұңын   мұңдап, жоғын жоқтады.                             

1823  жылы  Жәңгір  ішкі  Бөкей   ордасында   хан  сайланғаннан  бастап   қазақтың   ұлттық  мәдинетінде,  оның  ішінде   ұлттық   білім   жүйесіне  ерекше  мән берді.    Оның  басты себептерінің  бір:Жәңгірдің өзі орысша  білім   алған   және   осындай    білімнің   Қазақстанға,  оның   ішінде  Ішкі   Бөкей   Ордасында өте   қажет   екенін    түсінді.  Ол  Ресей империясының Еуропалық білім жүиесі арқылы көптеген салаларды жетістіктерге  жеткенін  жақсы  білді.

Жәңгір  хан   қазақ   халқының  сауаттылығын, ұлттық мәдениетін   дамытатын   әрі  толықтыратын   жаңа  білім  жүйесі  «Еуропалық  үлгідегі жаңа  мектептер  мен  орта  және  жоғарғы  оқу  орындары» деп түсінді. Оны Жәңгір  ханның осы білім жүйесінде   қазақ   балаларын    оқытуды   арман етіп,  білім саласын   дамытуға  бағытталған   саясатынан  көруімізге  болады. Жәңгір   хан алғашқы болып Қазақстанда   оның  ішінде «Ішкі Бөкей  Ордасында ұлттық  білім жүйесін » қалыптастырумен айналысқан.

 Жәңгір  ханның  ағартушылық  саясаты  Ресей   империясының  саяси  билігінің   ықпалы   арқылы    жасалған  жоқ. Дегенмен  жаңа  Еуропалық   білім жүйесі  Ресей арқылы  келгені, бұл  тарихи  шындық.           Осы  білім  жүйесін  дамытуды  Жәңгір  хан  Ресей  империясы   көмегімен  жүзеге  асырды. Бірақ, Ресей  империясы отарлау  саясатын  жүргізгенімен  жаңа  Еуропалық  білім  жүйесін   жалпы  Қазақстанға,  оның  ішінде Ішкі  Бөкей  Ордасында қалыптастыруға   арналған   арнайы  ағартушылық саясаты болған  жоқ.

Сондықтан  тек  Жәңгір  ханның  өтініштерімен  ғана  отарлаушы  Ресей  империясы  білім  саласына  өзінің көмегін  жасап  отырған.  Жәңгір  ханның   өтініштерінен  кейін  Ресей  қазақ  балаларының оқу-тәрбие алуына мән берген.  Жәңгір ханның ағартушылық іс-әрекетінің арқасында. Қазақстанда,оның ішінде  Ішкі  Бөкей  Ордасында тұңғыш  рет  ұлттық  білім  мен  тәрбиенің  негізі қалыптасып, одан әрі өркендеген.Ресейдін қазақстандағы  ағарту ісіне  мән  беруіне  елін дамыту үшін  оқу тәрбие  керек  екенін түсінген  Жәңгір хан  мен  балаларының  болашағы  үшін  оқу  мен  білімнін  қажет екендігін  сезген  қазақ  ата-аналары  түрткі  болды. Сондықтан  Ресейдің оқу орындарында оқуға  деген  тілектерін  жүзеге асыру  үшін  Жәңгір  хан   басшылығымен  жасалған  Бөкей  Ордасы  қазақтарының  өтініштерін   Ресей  империясы  еріксізден қанағаттандыруына  тура  келді.  Қазақ  балаларына  орысша және орыстық рухта тәрбие беру, христиандық дінге шоқындыру Ресейдің басты саясаты болған. Мұндай мәліметтерді  мұрағаттық  материалдар дәлелдейді.

Информация о работе Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі