Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:24, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қaзipri кезде қоғамның дамуын, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық кауіпсіздгін қамтамасыз етуде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы ерекше. Сондықтан Қазақстан Республикасының білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер тиімді нәтижелер бepyi үшін олардың ғылыми-теориялық негізіне, тарихи оң тәжірибеге сүйену қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.

Содержание

Кіріспе
4
1 Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі
5
1.1 Хан ордасындағы алғашқы мектеп және оның қызметі
5
1.2 Жәңгір хан және отаршыл патша үкіметінің ағартушылық саясаты
9
1.3 Жәңгір ханның қазақ жастарының Ресейде білім-ғылым алуға тартуы
12
2 Жәңгір хан және оның білім-ғылым саласына қосқан үлесі
13
2.1 Жәңгір хан және Қазан университеті
13
2.2 «Тарихи-Рашиди» және Жәңгір мен Шоқан
16
Қорытынды
22
Әдебиеттер тізімі
24

Вложенные файлы: 1 файл

Бөкей хандығы.doc

— 234.50 Кб (Скачать файл)

Мұрағат  деректері  бойынша  христиан дінінің  миссионерлері (дін таратушылар) қазақ балаларын  шоқындыру саясатын жүргізген.Қазақ  балаларын  шоқындырудан құтқару  үшін Жәңгір хан бастапқы  оқу-тәрбиені ислам мәдениеті   негізінде  беру үшін мұсылман мектептері мен медреселерін ашты.  Мұндағы Жәңгірдің  ойы қазақ  балаларының  бойында  ұлттық және  ислам мәдениеті арқылы ұлттық рухты  дамытуды қолға алу  болды. Жалпы қазақ халқының  бойына көптеген ғасырлар бұрын ислам мәдениеті қалыптасқанын айта кеткен жөн. Жәңгір хан тұсында ислам діні  мемлекеттік дін мәртебесін алғаны тарихи деректерден белгілі.

Қазақтарға арналған мұндай мектептерде оқушыларға өте  шектелген білім берілді. Әсірісе, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім мүлдем жоқтың қасы болды. Сонымен қатар, оқушылар жүйелі түрде білім ала алмады, қол өнер білімі саласынан да сабақтар жүргізілмеді. Бұған патшалы Ресейдің екі жақты жүргізіп отырған саясаты кедергісін тигізді. Біріншіден, патшалық қазақ халқын қалың бұқара ретінде алып таптық жіктелуге салды, яғни, бұл қазақ халқын жалпы «халық» деген ұғыммен алып қарастырғанда. Бұл дегеніміз қарапайым халық әр түрлі ғылым саласынан білім алуға құқы аз, патшалық үнемі халықты надандықта ұстауға және қалың бұқара арасында білімнің дамуына әрқашанда қарсы болуға тырысты. Екіншіден, патшалық қазақ халқын орыс ұлтынан төмендетіп, ұлтшылдық саясатын жүргізді. Бұл саясаттың басты себебі, қазақ және Ресей империясының құрамындағы тағыда басқа да бұратана халықтардың ертеңгң күнде білімді болып оларға қарсы шығуы. Ал, олар қараңғылықта болса, онда оларды ауыздықтау жеңілге соғады.

Мектепке тек қазақ феодалдарының  балалары ғана қабылданғаны мәлім, оның өзіндеде егер патша үкіметіне қызмет етіп, зор ықыласқа бөленгендердің балалары ғана. Мұндағы патшалықтың басты көздеген басты мақсаты – отаршылдық аппаратқа жазба жүргізушілер мен аудармашыларды (яғни, қазақша-орысша және орысша-қазақша) дайындау. Бұл мамандар сол уақыттары отаршыл үкіметке ауадай қажет болған еді. Сондықтан, Ресей басшылығының мұндай іс-әрекет жасауын заңды деп ұғуға болады.

 

1.3 Жәңгір ханның қазақ жастарының Ресейде білім-ғылым алуға тартуы

 

Қазақ жастарын білім-ғылымға  тартуда Жәңгір ханның қосқан үлесі  зор болды. Бұған көптеген құжаттар мен зерттеулер дәлел бола алады. ХІХ ғасырдың белгілі орыс ұлтының ориенталист ғалымы, қазақ даласындағы мектеп ісін ұйымдастыруда үлкен үлес қосқан азаматы және 1882 жылдан 1894 жылға дейін Бөкей ордасының халық училищелерінің инспекторы болған А.Е. Алекторов Жәңгір ханның ағарту саласындағы іс-әрекетіне көп көңіл бөліп, соған қатысты мұрағаттық құжаттарды қарастырған. Солардың ішінен қазақ жастарының Ресейде білім-ғылым алуға тартуы бойынша ол «мен Жәңгір ханның қағаздарын ақтара отырып көптеген қағаздарды таптым», - деп жазады. «Олардың арасынан мен № 1997-ші болатын Жол қатынастары бөлімінің бас басқарушысының ресми хаттарын таптым, олар келесі»: «Я уведомил Ваше Высокостепенство о последовавшем по всеподданейшему прошению Вашему Высочайшим соизволении - как на помещение в учебные заведения двух сыновей Ваших и на награждение некоторых ордынцев чинами и знаками отличия, так и на принятие молодых в институт лесной, корпуса сообщения и училище гражданских инженеров» [3].

Бұл хаттан-ақ, Жәңгір ханның еуропалық білімді тек, өз балаларына ғана емес, сонымен қатар, қазақтың басқа да балаларына бергісі келгендігін көреміз. Ал, Алекторов болса, ханның мұрағаттарына еркін кіре алғандығын байқаймыз.

Бұдан кейін Алекторов: «Из написанной собственной рукой Джангира бумаги, которую мне удалось найти в делах, видно, что хан подавал прошение на имя Государя Императора о дозволении принимать детей киргизов в лесной институт и другие учебные заведения не только лично от себя, но и от всей своей орды»,- деп көрсеткен. Бұл ақпаратты кейін ол «Материалы для изучения страны, истории и быта киргизов». Выпуск II, Оренбург, 1892, с.6. атты еңбегінде көрсеткен [3 б.]

Жәңгір ханның бұл сұранымына мемлекеттік мүліктердің министрі 1839 жылғы 31 тамыздағы № 1797-ші жолдаған жауап хатында Император мырза жас қазақ балаларын өздері сұранған жоғары оқу орындарына қабылдауға рұқсат бергендігін жазған. Алайда, олардың алдын-ала губерниялық гимназияларды немесе Қазан университетінде дайындық курстарынан өтуі тиістігі көрсетілген. Себебі, басқа қалалар Бөкей ордасынан алыс қашықтықта орналасқан.

Дәл осы жылы хан тағы да қосымша Астрахань  губернаторына арнайы хат жазып, мұнда ол мемлекеттік ассигнацияның есебінен осы губерниядағы гимназияға 6 қазақ ұл баласын алуға өтініш хат жолдаған.

Бірақ, Жәңгір ханның осы салада жалпы қанша қазақ жастарын Ресейге білім алуға жібергендігі туралы ақпаратты Алекторов көрсетпеген. Сонымен қатар, мұндай ақпарат әлі де жоқтың қасы болып отыр.

 

2 Жәңгір хан және  оның білім-ғылым саласына қосқан үлесі

 

2.1 Жәңгір хан және Қазан университеті

 

1826 жылдың күзіне таман  Бөкей ордасының ханы Жәңгір  Мәскеуге барып, І Николай императордың  тәж кию салтанатына қатысқан. Ағасы Шөкі Нұралиевті, немере ағасы Қайыпқали Есімовті, арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұлтан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті. Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы – Фатима ханшаны бірге ала барған. Ресейдің қол астында отырып, сырт мемлекет деңгейіндегі депутациямен келген Жәңгірді үкімет хаттамалық дерлік рәсіммен қабылдап, Еуропа билеушілеріне лайықталған сый-құрметтің бір ұшығын көрсетуге мәжбүр болды.

Мәскеудің ресмилігі мен салтанатын түгесіп, еліне қайтқан Жәңгір қазанның 13 күні Қазан қаласына жетті. Император  ағзамның қазақ ханын шетелдік мәртебелі меймандар дәрежесінде қабылдағанынан хабардар Қазан қауымы Жәңгірді өз үстерінен елеусіз өткізіп жібере алмады. Хан алыс жолдан аяқ суытпай жатып қаланың азаматтық губернаторы барон Розен әдейілеп сәлем бере келді. Сәтті сапарымен құттықтап, енді ежелгі Қазанға қош келдіңіз деп қол қусырған. Жәңгірдің жол бойы ойлаған өз мақсаты болатын. Сөйтіп, келесі күні Қазан университетінің табалдырығын аттаған.

Қазан университетінің  ректоры Карл Фукспен таныстығы  осылай басталған. Алғашқы күні-ақ, ректор Карл Фукс қазақ ханына өзі басқаратын білім ордасының аудиторияларын аралатып, алдымен физика кабинетінен бастадыған. Қырдан келген әміршіні физика құралдары тым қызықтыра қоймас деп ойлаған. Ал хан кейбірінің не үшін қолданылатынын білмесе де, өзін қараңғы етіп көрсетпеуге тырысып бақты. Сұрағын сақтықпен қойып, алды-артын ойлай сөйлеп, оқымыстылардың іштей мазағына айналмауды ойлаған.

Есесіне, минц-кабинетте  Жәңгірдің жүзі біршама жадырап, бедеріне қарап әр заманда соғылған араб пен шығыстың мәнет ақшаларын, құнын, нақышталған жерін айтып тұрды. Көне күмістердің сырына біршама қанық екенін аңғартты.

Кітапханаға кіргенде Жәңгір өзін еркін сезінді. Араб, парсы, татар  тіліндегі манускриптерді қолына кезек  ұстап қарады. Алтын әріпті көне құрандарды сипап көрді. Университет баспасынан шыққан кітаптар мұқабасын мүдірмей оқыды.

Фукс осы сәтті пайдаланып Жәңгірге Хиуа ханы Әбілғазы жазған түрік  шежіресін тарту етті. Жазылғанына  бір жарым ғасыр өтсе де бұл  еңбек Ресейде тұңғыш рет осында, Қазан университетінде басылыпты. Ректор ұсынған сыйды қолына алған Жәңгір “Шежіре-и түрк” деген атын жанындағыларға естірте оқыған.

Жәңгір университет  ғалымдарының қолынан бұл шежірені ала тұрып, кейіннен алғанының салмағын еселей қайтарарын, осы кітапхананы шығыс әдебиетінің құнды қазыналарымен толықтырар қамқор жанның бірі өзі боларын ойлаған жоқ.

Университеттегілер ханның алдына енді тарихи суреттер жайды. Қазақтардың  сыртқы жаулармен шайқасы деп  түсіндіріп жатыр. Кейіннен Фукс «Казанский вестникте» жазғанындай: «Мен ханға көп оқиғалары қазақ даласына қатысты татарлардың қытайлармен соғысын бейнелейтін бедерлі суреттер көрсеттім. Ол әскери шатырларға, туырлықты үйлерге, түйе өркешіне орнатылған зеңбіректерге зер салды. Өз халқының қаһарман жүздерін байқап тұрды.

Қазан университетімен  қоштасарда Жәңгір өзінің екі ұлы – Ескендір мен Зұлқарнай тезірек ер жетіп, осы университеттен білім алса деген арманын айтқан. «Біздің қазаққа да бір нәрсеге ден қойып, оқып, қараңғылық халден шығатын кез жетті. Бұл істің бастамасын мен мектеп ашу арқылы жүзеге асырғым келеді, – деп толқып сөйлеген».

Осылайша, университет ғалымдары Жәңгірді өздері күтпеген қырынан таныды. Қазақ ханы мен Қазан университетінің ұстаздары арасындағы бұл таныстық ұзақ уақыт сыйластыққа ұласты. Фукстен кейін 1827 жылдың 3 мамырында университетке отыз төрт жасар Лобачевский ректор болып тағайындалды.

Етене араласып кетпегенімен, бір көрген – біліс, Лобачевсийдің 1844 жылы Жәңгірді университеттің құрметті мүшесі етуі көп нәрсе аңғартады. Математиканың майын ішкен ғалым кезінде өзі де өлең жазған әдебиетші, ректорлыққа дейін университетте кітапханашы болған көне мұралар құнтшысы еді. Ректор болып сайланғаннан кейін де ол бас кітапханашылық міндетінен қол үзбеген. Жүйелік, алфавиттік, жылжымалы каталогтар енгізіп, ғылыми кітапхана құруға тер төкті. Көне кітаптар мен қолжазбалар сатып алу арқылы шығыс қорларын толықтырды. Осындайда Хиуа, Бұқар, Самарқанға қолы жететін Жәңгірдің көмегі Қазан университетіне аса қажет еді.

Ресей ғылымының қара шаңырағы Қазан университеті қала үстінен өткеннің кез келгені кіріп-шыға беретін аяқасты орын емес. Оның ғылыми кеңесі тек лайықты тұлғаларға ғана есік ашатын. Жәңгірден кейін, 1829 жылдың мамырында мұнда неміс ғалымы, атағы жер жарған Гумбольдт болды. Алтай мен Каспийге саяхат жасап бара жатқан жаратылыстанушыға Мусин-Пушкин университеттің құрметті мүшесі дипломын тапсырды.

Фукстің үйінде Гумбольдттің болғанын Жәңгір де естіді. Өзі алдыратын  орыс басылымдарынан оның кім екеніне  қанықты. «Қазіргі ғылымда энциклопедиялық ақыл-ойлы тұлғалар аз емес, дегенмен олардың арасында барон Гумбольдттің орны бөлек тұрары талассыз. Бұл адамның білетінін санап шығудың өзі оңайға соқпайды. Гумбольдт біздің ғаламшарды алақанындағыдай біледі» деп жұрт жарыса жазғандай Гумбольдт қандай кемеңгер!

Жер-жаһанды жалықпай шарлаған, шығысы мен батысын, экваторы мен қос нүктесін, төрт құбыласын  түгел зерттеген, шыңыраулы үңгірлерді, асқар шыңдарды, атқылаған жанартауларды, буырқанған теңіздерді ғылыми назарынан  тыс қалдырмаған болмысы бөлек  жиһангерді көргісі келді. Өзіне табиғаттың барша патшалығының жаратылысы – тау-тасы, дария-ұшаны, өсімдігі, жан-жануары, адамзатының бүкіл нәсілі түр-келбетімен, тарихымен, мінез-құлқымен, дәстүр-салтымен, саяси және қоғамдық қауымымен әйгілі, көк аспанның құбылысы қара жер бетіндегідей мәлім тұлғамен кездесер ме еді?!

Ақыры Жәңгірдің арманы орындалды. Төрт айдан кейін Еділ бойындағы Хошеут ұлысында Гумбольдтпен жүздесудің сәті түсті. Сол кездесуі жұғысты болды ма, жылдар өткенде  Гумбольдт алған дипломмен Жәңгір де марапаттады. Атақты әперу үшін Петербургке қолқа салған сол Мусин-Пушкин. Қол қойғандар да бір адамдар – Лобачевский мен проректор Эрдман. Яғни, бір қарағанда Гумбольдт пен Жәңгірге құрмет бірдей. Гумбольдттің жөні бір бөлек, «ғылымдағы нұры әлемге сәуле шашқан» атақты адамның университет есігін ашқанының өзі ғанибет оқиға. Оқу орнының атын аспандатар мәртебе. Ал әлі төл әліппесін жазбаған, университет түгіл зайырлы мектебі жоқ ұлттың әміршісі сол деңгейде ұлықталып жатса – онда бұл тұлғаның білім-ғылымға сіңірген жеке еңбегін ескергендік.

Профессор Фукс те Жәңгірмен  арадағы байланысын үзген емес. Стат кеңесшісі ханның Қазанда болған күндері туралы арнайы мақала жазып, “Казанский вестниктің” 1826 жылғы он сегізінші нөмірінде бастырды. Ханның өнер-білімге қызығу­шылығы, ордада мектеп ашпақ арманы, жеке басының зеректігі туралы қызықты баяндады. Жәңгірдің құрметіне қаланың ығай мен сығайы ұйымдастырған қабылдаулар мен берген қонақасылар туралы жазбалар оқырманға өзі қатысқандай әсер қалдырды.

 Фукске ризашылығын білдіріп Жәңгір де жауап қатты: “Біз туралы аса ықыласты жазғаныңызға бек ризамыз, әдемі сөздерімен шешендік өнерге жатқызуға боларлық баян екен” деп көтермелеп қойды. Хатпен қоса, сыйлыққа деп құндызбен көмкеріліп, күрең мақпалмен тысталған қазақ бөркі мен ақ киізден сырылған сұлтан қалпақ жіберді: “Сізге Бурнаев арқылы біздің елдің сәнімен тігілген бір бөрік пен қалпақ жіберіп отырмын. Осынау кішігірім сыйлық мен туралы есіңізге салып жүрсін дедім” деп. Жәңгірдің бұл кәделері де елеусіз қалмай, кейіннен “Заволжский муравей” журналында “Қазақ ханының әдептілігі” атты этнографиялық этюдке арқау болды.

Жәңгірдің профессор  Федор Иванович Эрдманмен ынтымағы жарасты. Университетте алғаш кездескеннен бастап өмірінің соңына дейін екеуі  сыйлас, бір-біріне қайырымдас жандар болып өтті. Бірде біршама уақыт ордадан тыс жерде жүріп, Кавказ жағынан оралған ханды Эрдманнан хат күтіп жатты. Одан профессордың бұдан бұрын да хат жазғанын, Құран кітабын жібергенін білді. Түрлі себептермен олар Жәңгірдің қолына тимепті. Бірақ ханның аңсары басқада:

«Хатыңызда сіз Қазанда  қайтадан ашылған баспахана туралы айтқан екенсіз. Бұл жөнінен маған  баспахананың иесі де жазған еді. Аталған  шараның толық табысты болуына  шын жүректен тілектеспін және де шығыс тілдерінің белгілі майталмандары Қазан университеті профессорларының басшылығы арқасында оған қол жетеді деген үміттемін. Қазірдің өзінде құптарлық нәрселер бар. Қазан көпестері менің жәрмеңкеме осы баспаханада басылған кітаптарды әкелген еді. Басылымы өте сауатты, бірақ мен көпшіліктің пікірлерінен ой түйе отырып, қарапайым халық осынау пайдалы кітаптарды қиындықсыз оқи алуы үшін жазудағы жаңа үлгінің сақталуын қалаймын. Сізбен тұрақты хат жазысып тұрғанды қош көретініме және Қазан ғалымдарының Шығысқа қатысты барша еңбектеріне шын ынтамен көмектесетініме сендіремін», деп жауап жазды.

Осылайша, Эрдмандай университет  ғалымдарымен араласа, хабарласа жүріп, Жәңгір шығыстану мәселелеріне, жазу үлгілеріне қатысты пікір айтатындай дәрежеге жетті.

Атап айтқанда, 1839 жылы Санкт-Петербургке барған сапарында Жәңгір кейіннен қазақ халқының тұңғыш тарихшысы деп мойындалатын Мұхамед Хайдар Дулатидің парсы тілінде жазылған моғол хандарының жылнамасы – “Тарихи-Рашиди” қолжазбасын Қазанға өз қолымен жеткізген болатын.

 

2.2 «Тарихи-Рашиди» және Жәңгір мен Шоқан

 

Сөйтіп, Қазан университетіне берілуі арқылы бірқатары баспа  бетін тұңғыш көрген шығармалардың  ғылыми айналымға түсуіне қазақтың Жәңгір ханы септігін тигізді. Шындығы  сол, шығыс жылнамашылары өз еңбектерінде пайдаланып келгенімен, Еуропа мен Ресейге әлі белгісіз, қазақ мемлекеттігі бастауларының бірден-бір дереккөзі «Тарихи-Рашидиді» 19-ғасырда Жәңгірден бұрын қазақта ешкім оқыған да, оның құнды тарихнама екенін білген де емес! Тек 1860 жылы Шоқан Уәлиханов Қашғарға саяхатынан кейін осы шығарманы зерттеп, өз сапарының сызбасын ондағы оқиғалар ізімен нақтылады.

Информация о работе Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі