Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:43, реферат
1848—1849 жылдарда Францияда, бытыраңқы Германия мен Италии мемлекеттерінде және Австрия империясында революциялар болды. Бұл революциялардың туу себебі біреу ғана, ол — капитализмнің дамуы. Бұл революциялар, осы үш елдің әр түрлі ерекшеліктеріне қарай, біркелкі дамыған жоқ, сондықтан да бұл елдердегі буржуазиялық революциялардың өзіне тән ерекшеліктері болды.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу
себептері
1.1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы 4-7
1.2 Париждегі Июль көтерілісі 8-10
1.3 Германиядағы революция 11-14
1.4 Австрия империясындағы революция 15-18
2-тарау. 1848—1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен
қорытындылары
2.1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары 19-23
2.2 Жұмысшы табының тарих сахнасына шығуы 24
Қорытынды..................................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу
1.1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы 4-7
1.2 Париждегі Июль көтерілісі 8-10
1.3 Германиядағы революция 11-14
1.4 Австрия империясындағы революция 15-18
2-тарау. 1848—1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен
қорытындылары
2.1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары 19-23
2.2 Жұмысшы табының тарих сахнасына шығуы 24
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
1848—1849 жылдарда Францияда,
бытыраңқы Германия мен Италии
мемлекеттерінде және Австрия
империясында революциялар
Егер Германиядағы және Италиядағы
революцияның түпкі негізінде жаңа
нарықтарды игеру тұрса, Австрия
империясындағы революциялардың басты
себептері капитализмнің
Тақырыптың өзектілігі. Бір мезгілдің шамасында бірденнен бақандай төрт мемлекеттің аумағында болған революциялық дүмпулердің себебі неде? деген сұрақ көптеген тарихшыларды ойлантқаны анық. Осы революциялар нендей жағдайға әкелді?
Қазіргі таңда біздер әртүрлі революциялардың куәсі болып жатырмыз. Әрине ушыққан жағдай кез келген халықты бас көтеруге итермелеп, өздерінің талаптарын жоғарыдағыларға жеткізудің осы бір жолын таңдауға мәжбүр етеді. Біздер «барқыттық», «қызғалдақтар» (Чехословакия, Грузия, Украина, Қырғызстан және т.б.) революцияларының сонау Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциядан айырмашылықтары көп екенін түсінгенімен олардың себептерінде кейбір жағдайлардың ортақтығын да байқаймыз. Сол себепті де революциялық төңкерістердің қыр-сырын ашуға осы таңдап алған тақырыбымыз мол септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: тақырыпты толығымен қамтып, бұл мәселені танып білу. Сонымен қатар бұл тақырыпты тек қана революцияның басталуынан бастамай, осы революцияға себеп болған жағдайларды да түсіну әрі осы елдердегі революцияның ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар кіреді:
- революция қарсаңындағы үш елдегі ахуалға тоқталу;
- революцияның туу себептерін айқындау;
- революция дем берген идеяларды саралау;
- революцияның барысын зерделеу;
- революцияның қол жеткізген жетістіктерін пайымдау.
XIX ғасырдың 40-жылдары Франция
өнеркәсіптік дамуы күшті
А) жұмысшы табы мен буржуазияның арасындағы жауығудың күшеюі;
Б) Июль монархиясына екі таптың да қарсы болуы. Өндірістік буржуазия қаржылық аристократияның саяси монополиялық билігіне қарсыласа бастады. Жұмысшылар болса кедейшіліктен шаршап-шалдыққан болатын.
Астықтың шықпай қалуы және әлемдік сауда мен өнеркәсіп дағдарысы 1847 жылы біріге түсіп, істі ушықтырып ақырында революцияға әкелді.
XVIII ғасырдағы француз
революциясының басты міндеті
феодализмге қарсы күрес
Капитализм дамыған сайын ірі өнеркәсіптің өсуімен бірге өнеркәсіптік буржуазия байи түсті. Бірақ саяси өкімет билігі король басқарған ат төбеліндей банкирлер тобының, темір жол және шахта иелерінің қолында болды. Өнеркәсіп буржуазиясы, яғни фабриканттар мен мануфактура иелері сайлау правосын өз пайдасына өзгертуді талап етті және олар республиканы жақтады.
Жұмысшылар саяси правоға ие болғысы келді, бұлар да республиканы жақтады. Бірақ олар, буржуазияға қарағанда, республиканы басқаша түсінді. Жұмысшылар еңбекшілердің хал-жағдайын түпкілікті жақсартуды қамтамасыз ете алатын республиканы жақтайтынын мәлімдеді. Бұл буржуазияны үрейлендіріп қауіптендіре бастады, сөйтіп, революцияның бас кезінде-ақ буржуазия мен жұмысшылар арасындағы өте-мөте шиеленіскен қайшылық бар екені айқындалды. Бұл қайшылық барған сайын күшейе түсті.
1845—1847 жылдары егін шықпай
қалуына және бүкіл Европаға
жайылған, әсіресе Ирландия мен
Францияда өршіген картоп
1847 жылы дүниежүзінің
көптеген капиталистік елдерін,
Революцияның басталуы. Революция
оқиғалары мына бағытта өрістеген
еді. 1847 жылғы өнеркәсіп дағдарысы
жағдайындағы және отаршыл әскерлердің
Алжирдағы жеңісі жайындағы айқай-шуды
пайдаланып, өнеркәсіп буржуазиясы
үкіметке сайлау правосына реформа
жасаттыруға, сайлаушылар үшін мөлшері
жоғары сайлау цензін (жылына 200 франк
тікелей салық) азайттыруға бел
байлады. Жиналыстар өткізілді, мұнда
буржуазия қайраткерлері
1848 жылы 22 февраль
күні үлкен жиналыс
өткізілмекші болды. Жиналыс
Буржуазияның қайраткерлері үйлерінде отырып қала берді, ал жұмысшылар, қолөнершілер және студенттер жиналыс өткізілмекші болған үйге барды. Талқандаудан аман қалған астыртын әрекет жасайтын революцияшыл республикалық қоғамдар мен социалистік қоғамдар жұртты көтеріліс жасауға шақырды. Кейбір жерлерде баррикадалар құрыла бастады. «Жасасын реформа!»— деген дауыстар естілді. Халық бұқарасы көшеге шықты.
24 февральға қараған түні,
жұмысшылардың демонстрациясын
үкімет әскерлері атқылағаннан
кейін, көтеріліс жаппай сипат
алып, өрши түсті. Сол түні
Луи Филипп монархиясын құлату
және Уақытша үкіметтің құрылуы.
24 февраль күні таңертең Париждегі
казармалар, барлық қару-жарақ қоймалары
көтерілісшілердің қолында
Жұмысшылардың ерлігі арқасында Франциядағы буржуазиялық Июль монархиясы құлатылды. Алайда буржуазия жұмысшыларға қарағанда жақсы ұйымдасқан еді, ол ұлт гвардиясының батальондарына сүйенді, сондықтан үкіметті буржуазия құрды,
Бурбон сарайына келген буржуазияның қайраткерлері (Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін) Уақытша үкімет құрылғанын мәлімдеді. Бұқараның талап етуі бойынша, Уақытша үкімет құрамына 1834 жылғы Лион көтерілісіне қатысқан жұмысшы Альбер, сондай-ақ әрі журналист, әрі тарихшы Луи Блан енгізілді. Луи Блан езін өтірік социалиспін деп атады, іс жүзінде ол жеке меншікті жақтады, буржуазияны қолдады, жұмысшыларды сатып кетті. Өнеркәсіпшілердің мүдделерін қорғаған ақын әрі тарихшы Ламартин үкіметтегі басшы орынға ие болды. Ол сыртқы істер министрі болып алды.
25 февральда жұмысшылардың
орасан үлкен
Уақытша үкімет еркектер үшін жалпыға бірдей сайлау правосын енгізді және отарлардағы құлдықты жойды. Республика, монархиямен салыстырып қарағанда, бір қадам ілгері басқандық еді, өйткені парламенттік құрылыс кезінде әсіресе республика жағдайында, бұқара арасында түсінік жұмысын жүргізуге, олардың саяси ұйымының жұмыс істеуіне біраз мүмкіндіктер туады. Бірақ капиталистік езгі буржуазиялық республика кезінде де өте ауыр болып қала береді.
Уақытша үкімет үйінің алдындағы
алаңға қаруланған халық тағы да қайтадан
қаптап шықты. Қолында мылтығы бар
бір жұмысшы халықтың атынан уақытша
үкіметтен «еңбек етуге праволылықты»,
демек кімде-кім жұмыс істегісі
келсе, оның жұмыс алуға праволы
екенін тануды талап етті. Сол күндердегі
бір үндеу хатта былай
Жұмысшылардың қысым жасауымен
Уақытша үкімет марттың бас кезінде
жұмыс күнін бір сағатқа
Уақытша үкімет «еңбек ету
правосын» қабылдамақшы болып келісті,
бірақ мұны өзінің үстіне төніп тұрған
қауіптен құтылу үшін ғана істеді. Уақытша
үкімет «еңбек ету правосын» жүзеге
асыруды сылтау етіп, жұмысшыларға
қарсы шабуылға шықпақшы болды. «Еңбек
ету правосы» идеясын ақсату үшін
үкімет кемтарларға қарасу ісін баскаратын
қоғамдық жұмыстар министрлігіне ұлттық
мастерскойлар ұйымдастыруды
Сөйтіп, буржуазия жұмысшыларға қарсы шаруаларды айдап салды. Франциядағы халықтың басым көпшілігі болған шаруалар Құрылтай жиналысының сайлауы кезінде өздерінің дауыстарын буржуазияға берді. «Енді азамат соғысы болмай қоймайды»2,— деді Бланки.
Огюст Бланки (1805—1881) — ер жүрек, батыл революционер, француз буржуазиясы оның жарты өмірін түрмеде өткізді. Сот процестерінің бірінде 56 жастағы Бланкиден: «Түрмеде отырғаныңа 25 жыл, сонда да өзіңнің бұрынғы идеяңды сақтадың ба?» — деп сұрады одан. Бланки тайсалмастан былай деп жауап берді: «Түп-түгел сақтадым». — «Сол идеяларды ғана емес, сонымен бірге жеңіске жетуді де тіледіңіз бе?» — деп сұрады одан. «Иә, тіпті ақырғы демім біткенше», — деп жауап берді Бланки. Дегенмен ержүрек революционер Бланки жұмысшылардың экономикалық жағдайын жақсарту жолындағы күресінің маңызын жете бағаламады, коммунизмге революционерлердің азғантай тобының ұйымдастырған қастандық жасауымен жетуге болады деп есептеді. Өкіметті басып алып, барлық адамдардың білімге қолын жеткізсе, коммунизм өзінен-өзі-ақ орнайды деп ойлады ол.
Бланки Уақытша үкіметтің реакцияшыл саясатына қарсы күрес жүргізу мәселесін алға қойды. 1848 жылғы майда ол тұтқынға алынды, сөйтіп, революцияның соңғы күндеріне дейін оған қатыса алмады.
Июнь күндері Үкімет
Орыс революционері Александр
Герцен мыналарды көрді: «23-і күні
сағат 4 кезінде мен Сенаның жағасымен
Hotel lie Ville-ге қарай келе жаттым: дүкендер
жабылып жатыр, түстері суық Ұлт
гвардияшыларының колонналары әр жаққа
қарай ағылып кетіп жатыр... қара
бұлттар аспанды торлап алған, сіркіреп
жаңбыр жауды... Қара бұлттың ар жағынан
найзағай жарқ етті. Күн жиілете
қатты күркірей бастады, осының бәрімен
қабаттаса шіркеудің
Өзеннің арғы жағындағы үлкенді-кішілі көшелердің бәрінде баррикадалар құрылып жатыр. Мен түсі суық тас тасыған адамдарды, оларға көмектесіп жүрген балалар мен әйелдерді көріп тұрмын... Дабыл үні әлі де тынған жоқ»3.