Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:43, реферат

Краткое описание

1848—1849 жылдарда Францияда, бытыраңқы Германия мен Италии мемлекеттерінде және Австрия империясында революциялар болды. Бұл революциялардың туу себебі біреу ғана, ол — капитализмнің дамуы. Бұл революциялар, осы үш елдің әр түрлі ерекшеліктеріне қарай, біркелкі дамыған жоқ, сондықтан да бұл елдердегі буржуазиялық революциялардың өзіне тән ерекшеліктері болды.

Содержание

Кіріспе 3

Негізгі бөлім

1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу
себептері

1.1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы 4-7

1.2 Париждегі Июль көтерілісі 8-10

1.3 Германиядағы революция 11-14

1.4 Австрия империясындағы революция 15-18

2-тарау. 1848—1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен
қорытындылары
2.1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары 19-23

2.2 Жұмысшы табының тарих сахнасына шығуы 24

Қорытынды..................................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Вложенные файлы: 1 файл

Еуропадағы 1848-49 ж.ж. революция.docx

— 60.85 Кб (Скачать файл)

Лезде 600-ге жуық баррикада  құрылып қалды — баррикадалар әуелі астананың шет жақтарында құрылса, кейіннен астананың тең  жартысындай жерін алды.

Құрылтай жиналысы өкімет билігін әскери диктатор генерал  Кавеньяктің қолына тапсырды, ол өзінің қаталдығымен аты шыққан адам еді. Ол Алжирда француздардың жаулап алуына қарсы күрескен арабтардың тұтас  тайпаларын түгелдей қырып жіберген.

Париждегі қызыл тулар  желбіреген баррикадаларға тек ұлттық мастерскойлардың жұмысшылары ғана шығып қойған жоқ. Бұлармен қол ұстаса Париж пролетариатының басқа  отрядтары да — механикалық мастерскойлардың жұмысшылары, темір жол жұмысшылары  да — ұрысқа шықты. Сент-Антуанның  маңындағы ұрыста әсіресе ағаш шеберлері  ерекше ерлік көрсетті. Әйелдер мен  балалар оқ құюға көмектесті, жараланғандардың жарасын таңды, жауынгерлерге ас пен су әкеліп беріп тұрды. Көтерілістің барысында жұмысшылар асқан ерлік, тамаша бір ауыздылық көрсетті, жаудың езін таң қалдырып, әскери тәжірибелерінің  молдығын байқатты. Ұлттық мастерскойлардың жұмысшылары өздерінің осы мастерскойларда  әскери ұйымшылдыққа дағдыланғандықтарын  пайдаланды.

Тек жеке кварталдарда ғана құпия революциялық қоғамдарға қатысқан жұмысшылар күреске асқан ерлікпен, шеберлікпен басшылық етті. Көшелердің бірінде баррикаданы қорғаушыларға  үлкен балғамен қаруланған 60 жастағы  етікші басшылық етті. Дегенмен июнь жауынгерлерінің қарулы күресіне жалпы басшылықты жүзеге асырудың сәті түспей қалды.

25 июньге қарай, генерал  Кавеньяк жағы басым екендігі  көріне бастады. Күшті артиллерия  Париждің жұмысшы кварталдарын  мейірімсіздікпен атқылап қирата  бастады. Үкімет әскерлері көтерілісшілер  оқ атқылаған үйлерді бұзып  талқандады. Жұмысшыларға қарсы  тұрақты армияның полктері, Париждің  азғын тобырларынан жасақталған  24 мың «мобильдер», Ұлттық гвардияның  батальондары шабуыл жасады. Үкімет  көтерілісті талқандауға 200 мың  адамнан құрылған әскер жіберді,  ал жұмысшылардың әскері не  бары 45 мың адам болатын. Пролетариат одақсыз қалды. Шаруалар пролетариатты қолдамады. Ең аяғы, ұсақ буржуазияның да көпшілігі июнь күндерінде жұмысшылардың жауларына қосылып кетті. Көтерілісшілердің бірыңғай басшылық ететін орталығы болмады, революцияшыл партиясы болмады. Келісімпаз Луи Блан жұмысшыларды опасыздықпен сатып кетті, ол жұмысшыларға күресті тоқтатыңдар деумен болды.                                                                            

Июнь күндері... «қазіргі қоғам бөлініп отырған екі  таптың арасындағы бірінші ұлы ұрыс болды. Мұның өзі буржуазиялық құрылысты  сақтап  қалу немесе оны жою жолындағы  күрес болды».

1848 жылғы бұл күресте  буржуазия жеңіп шықты. Табан  тіресе ерлікпен қарсылық көрсете  отырып, жұмысшылар қала маңына  шегінуге мәжбүр болды.  26 июньде   көтерілісшілердің ең соңғы тірегі  Сент-Антуан маңы қарсыласуын  тоқтатты. Жұмысшы киімін киген,  оқ дәрінің түтінінен беттері  тотығып кеткен адамдарды ату  басталды. Ұрыста 500 жұмысшы өлді, ұрыстан  кейін бірнеше мың адам атылды. «26 июньнің кешінде біз әр жерден  дүркін-дүркін түйдектеле оқ атылғанын  естідік... Біз бір-бірімізге қарап  аңырып қалыппыз, бәрінің де сұры  қашқан... «Атып жатыр»,— дедік  біз бір дауыспен. Сонан соң  бірімізден-біріміз теріс айналдық... Мұндай ауыр минуттар үшін  он жылдар бойы өштесіп, әмір  бойы кектесіп өтеді. Ал кімде-кім  осындай минуттарды кешіретін  болса, нағыз қайғы-қасіреттің  өзі осында!»4— деп еске түсіреді А.И. Герцен. Тұтқынға алынғандар 25 мың болды, үш жарым мың адам жер аударылды.

Европадағы 1848 жылғы революцияны  өз көзімен көрген Герцен мынадай қорытындыға келді: «Франциядағы және Европаның басқа державаларындағы мемлекеттік форма өзінің ішкі ұғымында бостандықпен де, теңдікпен де, туысқандықпен де сыйыспайды...»

Жұмысшылар жеңілгеннен  кейін, буржуазия мен помещиктер тек Францияда ғана емес, сонымен  қатар Германия мен Италияда да және басқа елдерде де халық бұқарасына қарсы шабуылға көшті.

1848 жылғы буржуазиялық  революция жұмысшылардың белсенді  қатысуымен өтті, олардың республика  жариялатып, «еңбек ету правосын»  танытуға қолы жетті.

Франциядағы 1848 жылғы революцияға  буржуазия контрреволюциялық күш  ретінде қатынасты. Шаруалар буржуазияны  қолдады. Пролетариат қана ақыр аяғына дейін революцияшыл тап ретінде  асқан табандылық көрсетті.

Францияда буржуазия революцияшыл жұмысшыларды қатал қуғынға ұшыратты. I Наполеонның немересі Луи-Наполеон 1848 жылы Франция республикасының президенті болып сайланды. 1851 жылы ол әскердің көмегімен жұмысшылардың, ұсақ буржуазияның, ал кейбір жерлерде шаруалардың қарсыласуын басып, сонан соң келесі 1852 жылы өзін III Наполеон деген атпен Францияның императоры етіп жариялады (бонапартшылар I Наполеонның жастай өлген баласын II Наполеон деп атаған). Жұмысшылар мен шаруаларды басып-жаншуды күшейту үшін буржуазия империяны қолдады.

III Наполеон билеп тұрған  кезде (1852—1870, Екінші империя  кезінде) өнеркәсіп пен сауда  тез дамыды. Сондай-ақ онда толып  жатқан ұсақ кәсіпорындармен  бірге, әсіресе солтүстік пен  Эльзаста ірі тоқыма фабрикалары,  металлургиялық кәсіпорындар қауырт  өсті. Францияда бу машиналарының  саны 1852 жыл мен 1870 жылдардың арасындағы  уақытта 6 мыңнан 27 мыңға дейін  көбейді.

Францияда буржуазиялық қанаушы  мемлекеттік машинасы: армия, полиция, буржуазиялық сот едәуір күшейе түсті. Пролетариат пен буржуазия өз ара күрестің салдарынан әлсіреген кезде, өкімет билігін қолына алған III Наполеон жұмысшылар мен шаруалардың хал-жағдайын жақсартамын деп жалған уәделермен алдады, бірақ іс жүзінде буржуазияның айтқанын орындады, соның үстемдігін нығайтты.

Алайда, 1864 жылы жұмысшылар қозғалысының қысымымен III Наполеон стачкаларға  тыйым салған заңды жойды. Бұл  заң XVIII ғасырдағы француз революциясы  кезінен бері-ақ қолданылып келген.

III Наполеон өкіметті қолына  алуға үміттеніп жүрген кезінде,  «империя дегеніміз — бейбітшілік»—  деп жалған лақап таратқан  болатын. Дегенмен Франция әділетсіз,  басқыншылық соғыс жүргізбеген  бірде-бір жыл болған жоқ, мәселен  1854—1856 жылдары Россияға қарсы  соғысты. Африка мен Үндіқытайда  Франция отарлар басып алды. Үндіқытайға  француз әскерлері Сайгонды және  Кохинхинаның (Оңтүстік Вьетнамның) бір бөлігін басып алып, Камбоджаны  билеп-төстеді.

Ақыр аяғында... ұлт мастерскойларынан  барлық үйленбеген жұмысшыларды айдап  шығуға немесе оларды армияға алуға  бұйырған декрет шықты.

Не аштан өлу, не күреске  шығу — жұмысшылардың бұдан басқа  амалы қалмады. Сөйтіп, олар орасан зор көтеріліспен жауап берді  — бұл осы замандағы қоғамды  екіге бөлген екі таптың арасындағы тұңғыш ұлы шайқас еді. Бұл — буржуазиялық, құрылысты сақтап калатын немесе жойып жіберетін күрес болды...

Көсемсіз, қимыл   жасаудың  жалпы жоспарынсыз, қаражатсыз, көпшілігі  қару-жараққа мұқтаж жұмысшылардың  бес күн бойы тұтас армия мен  қарулы мобильдерді, Париждің ұлт гвардиясын және провинциядан келген ұлт гвардияшыларын бөгеп, тойтарыс берген теңдесі жоқ  керемет ерлігі, тапқырлығы жұрттың  бәріне белгілі болды. Буржуазия  өзінің өлерден зәресі ұшып қорыққаны  үшін күрескерлерді жан түршігерлік  қаталдықпен жазалағаны әлемге әйгілі...

1.3 Германиядағы  революция

Феодалдық сарқыншақтар Германияда капитализм дамуына кедергі болды. Германияда XIX ғасырдың орта кезіне қарай феодализмнің сарқыншақтары көп сақталып қалса да, орта ғасырлық Германия мен қайта бас көтеріп келе жатқан капитализм заманындағы Германияның айырмашылығы зор болды. Германия, «Қасиетті Рим империясы» тұсындағы 360 мемлекеттен емес, енді 38 мемлекеттен құралды. Пруссияда, Саксонияда және басқа мемлекеттерде фабрикалық өнеркәсіп дами бастады. Алайда Германияның бөлшектенуі онын. дамуына бөгет болды және мұның өзі капитализмнің дамуына ең басты кедергі болып саналады. Сол кездегі айтқан сияқты, Германияны денеге қан тарамайтындай етіп, қол-аяғын арқанмен қатты матап тастаған адаммен салыстыруға болушы еді. Германиядағы буржуазиялық революцияның басты міндеті — Германияны біріктіру болды. Германияда бытыраңқылықтан феодализмнің басқа да сарқыншақтары, мысалы шаруалардың помещиктерге міндеткерлігі, дворяндардың билеп-төстеуі әлі де өте көп еді. Аграрлық реформаның нәтижесінде неміс мемлекеттерінің көпшілігінде крепостниктік право жойылды. Алайда шаруалар көп жылдар бойы ақы төлеп, өз жерлерінің тек бір бөлігін ғана сатып ала алды.

Егер өнеркәсіп пен  ауыл шаруашылығының дамуы жағынан  Германия Францияны бірінші буржуазиялық революция кезеңінде едәуір дәрежеде қуып жеткенімен, неміс буржуазиясы  саяси жағынан XVIII ғасырдағы француз  буржуазиясынан анағұрлым артта  қалды. XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі  француз буржуазиясындай емес, Германиядағы XIX ғасырдағы буржуазия революцияшыл болмады. Пролетариат Германияның  өзінде 1844 жылы Силезияда көтеріліс  жасап, өзінің күшін көрсеткен кезде, неміс буржуазиясы саяси күреске  шықты. Оның үстіне (бұл да үлкен  роль атқарды), Франция мен Англиядағы жұмысшылар қозғалысының үлгісі бойынша  пролетариат бұлардың өзіне қауіп  болып табылатынын Пруссия буржуазиясы  көрді. Неміс буржуазиясы помещиктермен  бірігіп алып, халық бұқарасына қарсы  күрес жүргізуге әзір тұрды.

Неміс буржуазиясы 1834 жылы Герман одағының (Австрияны қоспағанда) мемлекеттері арасындағы таможня шекараларын  жойдыртты, ал бұл бір тұтас ішкі ұлттық рынок құруға жеткізді. Бірақ  Германияның бытыраңқылығы, чиновниктердің, полицияның, соттардың қатал зорлық-зомбылығы, реакционерлердің ғылымға қарсы  жүргізген күресі елдің дамуына  қатты бөгет жасады.

Артта қалған Германияда жағдай былай болды: капиталистік дамуға жол  ашу үшін буржуазиялық революция  керек болды, ал буржуазия революциядан қорқып, помещиктердің алдында құрдай жорғалады.

Революция қарсаңында. Революция  дауылының төніп келе жатқаны  көптеген оқиғалардан айқын байқалғандығына  қарамастан, Пруссиядағы король мен  помещик-дворяндар өздерінің артықшылықтарынан  айрылып қалғысы келмеді және ешқандай жеңілдік жасауды ойламады.

1845—1846 жылдары картоп  ауруының салдарынан және егін  шықпай қалғандықтан азық-түліктің  бағасы көтерілді. Ашаршылықты  пайдаланып, картоптың бағасын өте  қымбаттатып жіберген саудагерлерді  аш адамдар өзі жазалап отырды. Халық нан пісіретін наубайханаларға  да басып кіріп, піскен нанды  күшпен тартып алып отырды. Берлинде, Хемницада және басқа қалаларда  дәл осылай болды.

1847 жылы өнеркәсіптік  дағдарыс басталды. Фабрикалар жұмысын  тоқтата бастады. Францияда революция  басталды деген хабар Герман  одағы мемлекеттерінде революция  өртін тұтатқан ұшқын болды.

Пруссияда революцияның басталуы. 1848 жылғы мартта Берлинде айбынды  демонстрациялар болды. Тақтың мирасқоры  принц Вильгельм жиналған халықты  атқылау жанында бұйрық берді. Бұған  жауап ретінде көшелерде баррикадалар толып кетті. Жауынгерлер баррикадаларда қатарынан он үш-он төрт сағат бас  көтермей соғысты. Жұмысшылар алдыңғы  сапта болды. Баррикадаларға қарсы 36 зеңбірегі бар 14 мың тұрақты  әскердің солдаттары шығарылса да, бүкіл халық қолдаған жұмысшылардың  қарсыласуын тойтара алмады.

 

 

 

 

1848—1849 жж. революцияның негізгі  мақсаты: Германияда елді біріктіру,  Германияның бытыраңқылығы оның  дамуы үшін басты кедергі болды. 

Король IV Фридрих Вильгельм  «Сүйікті берлиндіктерге» деген  үндеу таратты, онда ол күресті тоқтатуын  өтінді және қан төгістің бәрі де екі  солдаттың мылтығы «өзінен-өзі  атылып кетуінен» болып отыр деп сендірмекші болды. Бірақ бұл жалған үндеу жұртқа әсер етпеді, ақырында король астанадан әскерді шығарып әкетуге мәжбүр болды. Баррикададағы ұрыстарда оққа ұшып өлгендерді король сарайының жанынан алып өткенде, бұл өлімнің айыпкері болған король, халықтың талап етуі бойынша, балконға шықты. Король сұры қашып, қорқып, қалшылдап, өзінің әскерлерінің қолынан қаза тапқан жұмысшылардың табыты алдында бас киімін алуға мәжбүр болды.

Берлинде 1848 жылғы марттағы ұрыстарда жұмысшылар мен қолөнершілер жеңіп шықты. Бірақ, февральдағы  Париж жұмысшылары сияқты, Берлинде бұлар да ұйымдаспағандықтан, жұмысшылардың  жеңісін буржуазия пайдаланып кетті. Король мннистрлікті тағайындады, оны  ірі фабриканттар басқарды және Ұлт  жиналысының сайлау мерзімі белгіленді. Неміс буржуазиясы революция  басталысымен-ақ помещиктер мен корольды қолдай бастады.

Буржуазиялық жаңа министрліктер  ескі чиновниктердің бірін де орнынан  алмады, ескі пруссиялық полиция мен  армияға да тимеді, корольды қорғай бастады.

Берлин жұмысшылары жиналыста  еңбек министрлігін ұйымдастыруды, оған жұмысшылардың өкілдерін қатыстыруды, сонымен бірге жалпыға бірдей тікелей сайлау негізінде парламент  шақыруды талап етті. Буржуазия жұмысшылардың  талабына күшпен жауап беруді көздеп, корольдан әскерді Берлинге қайта  әкелуді өтінді. Әскерлер лезде кейін  қайтарылды. Немістің буржуазиялық қайраткерлері  корольдық өкіметпен ымыраласып кетті.

Германиядағы революцияның болуына 1848 жылы Францияда болған революциясы  түрткі болды деп алдында айттық. 1848 жылғы наурыз айында Берлин қаласында  қарулы көтеріліс өтті. Король мен  князьдар уақытты ұту үшін Майндағы Франкфурт қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық Құрылтай жиналысын  шақыруға келісім берді.

1848 жылы майда Берлинде  ашылған пруссиялық Ұлттық жиналысқа  бір жұмысшы және бір қолөнерші  ғана қатысты. Депутаттардың басқасы  буржуа мен помещиктер болды.

1848 жылдың көктемінде  Пруссияның көп жерлерінде кеңінен  етек алған шаруалар қозғалыстары  басталды, бірақ пруссиялық жиналыс  шаруалардың мойнындағы феодалдық  міндеткерліктерді жою туралы  жобаны қабылдамады, сөйтіп, олар  осы арқылы шаруаларды өздерінен  бездіріп алды. 1848 жылғы ноябрьде  Пруссия королы Пруссияның Ұлттық  жиналысын таратып жіберді. Халықты  қарсылық көрсетуге шақыруға  батылы жетпеген депутаттар бас  иіп, жай-жайына тарап кетті.

Информация о работе Негізгі бөлім