Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:43, реферат
1848—1849 жылдарда Францияда, бытыраңқы Германия мен Италии мемлекеттерінде және Австрия империясында революциялар болды. Бұл революциялардың туу себебі біреу ғана, ол — капитализмнің дамуы. Бұл революциялар, осы үш елдің әр түрлі ерекшеліктеріне қарай, біркелкі дамыған жоқ, сондықтан да бұл елдердегі буржуазиялық революциялардың өзіне тән ерекшеліктері болды.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу
себептері
1.1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы 4-7
1.2 Париждегі Июль көтерілісі 8-10
1.3 Германиядағы революция 11-14
1.4 Австрия империясындағы революция 15-18
2-тарау. 1848—1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен
қорытындылары
2.1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары 19-23
2.2 Жұмысшы табының тарих сахнасына шығуы 24
Қорытынды..................................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
1848 жылдың июнь күндерінде
Францияда капиталистік
1848—1849 жылдардағы буржуазия
XVIII ғасырдағы революционерлердей
— якобиншілдердей — халықпен
бірге күреспей, жұмысшы табы
мен шаруаларға қарсы күресті.
Мүны XVIII ғасырда пролетариаттың
әлі қалыптаспағандығымен, ал XIX ғасырда
пролетариат қаһарлы күшке
24 июнь күні таңертең
Құрылтай жиналысы Париж
23-26 июньдегі көтеріліс
буржуазияны қатты ойлантып, олар
енді күшті билік керек деп
шешті. 1849 мамыр айында сайланған
Заң шығарушы жиналыс жаңа
Конституцияны қабылдады.
Заңдардың қолданылуын бақылайтын кеңесуші орган болып Мемлекеттік кеңес табылды. Оның құрамы Ұлттық жиналыспен 6 жыл мерзімге тағайындалатын.
Бұл конституция бойынша
барлық билік республиканың
Заң шығару билігі тек қана бір палатадан тұратын Ұлттық жиналысқа берілді. 21 жасқа толған ер адамдар сайлауға қатысатын болды, тұрақтылық цензі сақталды. Бірінші рет заң шығаратын мемлекеттік органға жұмысшылар сайланды. Атқару билігі президентке берілді. Президент төрт жылға сайланып, Мемлекеттік кеңесті басқаратын. Францияның бұл Конституциясы типтік буржуазиялық-демократиялық конституция деп саналды.
1844 жылдан бастап Германияда саяси жағдай ауырлады. Төңкерісшіл күштер көтеріле бастады: 1844 жылы Силезияда, 1847 жылы Берлин қаласында көтерілістер болып өтті. Сондықтан Пруссияның королі Төртінші Фридрих Вильгельм бұл жағдайды реттейтін шара қолданды. 1847 жылы ол ландтаг деген өкілетті органды жинап, оған жаңа буржуазиялық либералдық конституция қабылдасын деп талап қойды. Король бұндай өзгерістерге дайын еместігін көрсетіп, ешқандай конституция қабылдамай, ландтагты таратып жіберді. Бұл кезде Францияда 1848 жылғы буржуазиялық-демократиялық революция басталып, Луи-Филипп тақтан алынды. Берлин қаласында жұмысшылардың көтерілісі басталды. Олар қаланың үштен екісін өздерінің қолына алды. Бұл жағдайда Пруссияның королі констититуция қабылдаймын деп сөз беруге мәжбүр болды, ол үшін ландтагты тағы жинайтын етті.
Конституцияны қабылдау үшін
ете күрделі процедуралар дайындалды,
Одақтық Сеймді Майндағы Франкфуртта
предпарламент деген
Парламент Рейхстаг екі палатадан тұратын. Жоғарғы палатасына жеке мемлекеттердің өкілдері кірсе, ал төменгісіне жалпы сайлаумен депутаттар сайланатын. Министрлер парламентке жауапты, типтік буржуазиялық құқықтар мен бостандықтар жариялады. Франкфуртта алынған конституция формальды конституцияларға жатты. Екі мемлекеттің корольдері (Тертінші Фридрих Вильгельм, Австрияның императоры) тақтан басын тартты. Олардың: "Бұл тәж емес, құлдықтың мойынға кигізген қарғысы. Ол төңкерістің крепостнойына айналдырады" деп айтты. Бұл Констититуцияны орындайтын мемлекеттік орган табылған жоқ. Сондықтан Пруссияның королі бүкіл революциялық қозғалыстарды басып, өзінің Конституциясын қабылдады.
Ол ұсынған екі конституция 1848 және 1850 жылдары қабылданған. 1850 жылғы конституция өте қызык, және басқа мемлекеттерге ықпалын тигізген конституцияларға жатады. Әскери-полицейлік саяси режимді түсіну үшін осы конституцияны оқыған дұрыс. 1850 ж. Конституциялық Хартия халыққа, төңкеріске қарсы салтанатты Хартия болды.
Король өз қолына атқару билікті жинақтап алған еді. 43-51 баптарда Корольдің құқығы жөніңде тұжырымдалған: өкімет корольге бағынады, оның әскері және басқа мемлекеттік қызмет саласында адамдарды лауызымды орынға белгілеуі, корольдің соғыс жариялауға құқығы болуымен бірге, бейбітшілік жариялап, шет ел мемлекеттерімен шартқа қол қойып, сол сияқты ол палатаны шақырып, олардың сессиясын жабады деген.
Ландтаг. Ол мырзалар және депутаттар палаталарынан тұрады. Мемлекет полицейлік мемлекетке ұқсас еді, жоғарғы палатасы мырзалар палатасы деп аталып, ол бұрынғыдай ақсүйектерден тұрды.
Мырза палатасы қандас принцтер, король отбасымен, Пруссия королдығының 4 жоғары сарай мүшесінен, король тағайындайтын өмірлік мүшелерден, олар евангелистік кәсіпорындар ұсынады, ірі мұра байлық иелерінен, 9 университеттің және 43 қаланың өкілдерінен құрылады. Король жасы 30-дан асқан барлық атақты адамдарды шақыра алатын.
Депутаттар палатасы. Төменгі палатаға сайлау өте қызық өтетін: 24 жасқа толған Германияның азаматтары өздері тұрған қауымында сайлау құқығына ие болады. Сайлаушылар байлығына, мүдделік жағдайларына сәйкес үш топқа бөлінді: салықтың көп түрін төлейтін сайлаушылар, салықтың жалпы салмасының үштен бір болегін төлейтін сайлаушылар, салық аз салынғандар және салықтың жалпы салмасының 2/3 болегін төлейтіндер. Әр разряд сайлаушылардың үшінші бөлегін жеке сайлайды да, ал сайлаушылар депутаттарды сайлайды. Байлардың топтарында электорат аз, үшінші кедейлердің топтарында көп. Сондықтан заңдардың алдында азаматтардың бәрі тең деген буржуазиялық приципі бұзылды. Заң шығарушы өкімет король және екі палаталар бірігіп заңды жүзеге асырады. Қаржы заңының жобасы алдымен төменгі палатаның қарауына жіберіледі, заң шығаруға ұсыныс құқығы екі палатада болды. Король ландагтардың жиналыстарын кідіртуге немесе таратып жіберуге құқық алды.
Жергілікті басқарма. Пруссия провинциялардан, округтерден, уезден, селолық және қалалық қауымдардан құрылады. Провинцияларда бақылау жұмысын орындайтын оберпрезиденттер тағайындалды. Провинциялық кеңестің құрамына кіретіндер: оберпрезидент, жергілікті жоғарғы әкімшілік лауазымдар, 6 жылға белгіленген ішкі істер министрлері. Өзінөзі басқару органдары сеймдер және комитеттер. Үкімет айналасында өзіндік басқару органдары болған жоқ. Басқарманы орталық өкімет тағайындады, оны президент басқарды. Ландрагтар уезде ерекше орын алды, бұлар үкіметтін тыңшылары, округтік әкімшіліктің және Берлиннің орталық өкіметтің ұсынушылары. Олар оберпрезидент болып тағайындалады. Ол уездік комицияның басында тұрады, мемлекеттік жұмыстарға не жатса, соның бәріне бақылау жасайды. Уездік жиналыс ірі байлық иелерінен және селолық қауымнан, жалпы 25000 тұрғыннан 1 депутат тағайындайды.
Сот жүйесі. Сот заңнан басқа билікке бағынбайды. Сот билігі тәуелсіз корольдің атынан жарияланады және жүзеге асырылады. Өмірлік соттарды король тағайындайды. Олардың қызметінен шетгетілуі немесе орнынан алынуы, тек соттың шешімі негізінде ғана мүмкін. Бірінші инстанцияда ұсақ-түйек азаматтық істерді қараған трибуңалдар болды, ал екінші инстанцияда, үш бөлімнен тұратын: азаматтық, қылмыстық, сауда істері жөнінен құрылған округтік соттар болды. Пруссияда жай соттардан басқа азаматтардың себепті әрекеттерін, қызметкерлердің заңсыз жүргізген істерін қараған өкімет пен жеке адамдардың арасындағы барлық дауларды шешкен әкімшілік соттар да болды. Бұлар уездік комитеттер, қалалық комитеттер, округтік комитеттер, Берлиндегі басты әкімшілік соттан құрылды. 1850 жылғы Конституцияның жалпы ерекшелігі осылай көрінеді. Пруссияның осы үлгісіне көптеген мемлекеттер еліктеді, мысалы, Жапония 1889 жылғы Конституциясын қабылдағанда осы конституцияны үлгі етті.
К. Маркс Пруссияның Конституциясына былай деп мінездеме берді: "Сіздер өмір сүре де алмайсыз, өле де алмайсыз, некеге де тұра алмайсыз, хат жаза да, ойлай да, басып шығару да, сауда істерін аша да, оқи да, білім ала да, жиналыс шақыра да, фабрика тұрғыза да, басқа жаққа кете де алмайсыздар, не істеуі керек болса да мемлекеттің рұқсатынсыз істей алмайсыздар"7.
Пролетариат бұл қанаушы мемлекеттік машинаны өз мүддесіне пайдалана алмайды, ол буржуазиялық үстемдік кезінде құрылған қанаушы мемлекеттік машинаны — басқару органдарын, чиновниктерді, полицияны, армияны — қиратып, талқандауға тиіс және бұл органдарды жаңадан қайта құру керек, оларға халық арасынан шыққан адамдарды, жұмысшылар мен шаруаларды жіберу керек.
Германияда пруссия
1849 жылдың тамызында Венециядағы
көтерлістің жеңіліс табуы ұлт-
1848—1849 жылдары халық бұқарасы
жеңіліп қалғанмен де
1848—1849 жылдардағы европалық
революциялардың нәтижесінде
Коммунистік партиялар жалдамалы
жұмысшылардың негізгі тапқа
айнала бастауына және коммунистік
дүниетанымның идеологиялық тұрғыда
негізделуіне байланысты 19 ғ-дың ортасынан
бастап пайда болды. Жұмысшы қозғалыстары
К.Маркс пен Ф.Энгельске дейін
тек қана жергілікті сипат алып келді.
Маркстік идеология жұмысшы табын
қанамайтын жаңа қоғам құруды мақсат
етіп қойды. Бұл үшін пролетариат
көсемдері жұмысшыларды ұйымдасқан
күшке айналдыруға тиісті болды.
Коммунистік партиялар өз елдерін
жоспарлы ұжымшылдыққа негізделген
қоғамға алып баратын төңкерісшілдік
өзгерістерді дайындау және жүзеге асыру
мақсатында құрылды. Саяси партияның
тарихи рөлі, міндеттері мен принциптері
Маркс пен Энгельстің “Коммунистік
партия манифесінде” (1848) тұжырымдалды.
1903 ж. В.И. Ленин Коммунистік партияның
жұмысшы табы революциялық ұйымының
жоғарғы формасы ретіндегі
Қорытынды
«Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялар» атты курстық жұмысымды аяқтай отырып мынадай тұжырымдарға келдім:
Қандай да болмасын революциялар алғашқы кезде түрлі дағдарыстардың нәтижесінде пісіп-жетіледі. Сонан кейін кез келген болмашы оқиға осы революцияға себепкер болады. Мұндай жағдайды керемет қолдана білгендердің қатарында біз Ленин бастаған большевиктерді көреміз. Бұлар дәл осы біз атап көрсеткен Маркс пен Энгельсті өздеріне пір тұтқандар еді.
Тағы да айта кетерлік бір мәселе бой тасалап тұр. Ол кез келген революция тіпті жеңіске жеткенімен артынша сол революцияның бел ортасында жүргендердің көңілін қалдырады және олар ойлағандай нәтижеге жеткізе қоймайды.
Сонан кейін кез келген революция соңынан елде басып-жаншу саясаты жүргізіліп, қоқан-лоққы бой көрсетеді. Тіпті террор жүргізу үйреншікті жағдайға айналуы да мүмкін.