Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр,Тасмола қорғандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 21:42, реферат

Краткое описание

Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған іргелес жатқан өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері - қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек,
Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан табылған. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
3. Бесшатыр қорымы. Есік обасы.
4. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Тасмола мәдениеті.
5. Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан тарихы.docx

— 44.85 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Ғылым және Білім министрлігі

        Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

                    "Жылуэнергетика" факультеті

                 "Әлеуметтік пәндер" кафедрасы

 

 

 

 

                          Қ а з а қ с т а н т а р и х ы

                      №1-с е м е с т р л і к ж ұ м ы с

Тақырыбы: "Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр,

                          Тасмола қорғандары."

 

 

 

 

 

                                                   Орындаған:

                                                                        

                                                   Тексерген:

 

 

                                           

                                              Алматы, 2013

                                    Жоспар:

1.  Кіріспе.

2.  Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.

3.  Бесшатыр қорымы. Есік обасы.

4.  Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Тасмола мәдениеті.

5.  Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Кіріспе

       Сақ   мәдениеті - ерте  темір  дәуірінде  Қазақстан  мен  оған  іргелес 

жатқан  өлкелерді  мекендеген  тайпалар  қалдырған  археологиялық 

ескерткіштер  жиынтығы. Сақтар  көшпенділердің  жоғары  деңгейде 

дамыған  өркениетін  қалыптастырды. Сақтар  адамзат  қоғамы  үшін 

аса  маңызды  мәдени  құндылықтар  қалдырды. Сақ  тайпалары  тарихы  мен

олардың  материалдық  және  рухани  мәдениетінің  аса  маңызды  бастау

деректері - қорымдар, жартастағы  суреттер, сақ  бұйымдарының  көмбелері.

Сақ  қорымдарының  шоғыры  Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек,

Шарын  өзендерінің  аңғарларынан, Кеген  мен  Нарынқол  алқаптарынан

табылған. Археологтар  зерттеулері  Қазақстанның  әр түрлі  аймақтарынан

сақтардың  аса  жарқын, байырғы  мәдениетін  ашуға  мүмкіндік  берді.

       Темір   дәуірінің  кезіндегі  ру-тайпалардан  қалған  басты 

ескерткіштерінің  бір  түрі  бүкіл  Қазақстанның  барлық  жерінде  кездесетін

төбе  болып  жатқан  обалар. Археологиялық  зерттеулер  Қазақстандағы 

сақ  мәдениеті  жөнінде (б.з.б. 7-3 ғасырлар) неғұрлым  толығырақ деректер

береді. 1930 жылдардың  соңында  басталған  зерттеу  жұмыстары  іс жүзінде

1946 жылдан  кейін ғана  кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария,

Орталық  Қазақстан, Солтүстік  Қазақстан, Шығыс  Қазақстанда  сақ

мәдениеті  ескерткіштері  ашылды, көптеген  қорымдар, ғұрыптық  орындар 

және т.б. жәдігерлер  қазылып, зерттелді. Жетісудағы  Есік  (Алтын адам),

Бесшатыр  обалары  мен  көптеген  көмбелер, Сырдың  төменгі  ағысындағы

Үйғарақ  қорымы, Орталық  және  Солтүстік  Қазақстандағы  Тасмола 

мәдениетінің  обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары,

т.б.  көптеген  нысандар  көне  сақтардың  тамаша  ескерткіштері  ретінде 

танымал.  Кең  байтақ  аумақтарға  тарағандықтан, әр  өлкенің  мәдениетін

зерттеудің  өзіндік  жүйелері  қалыптасқан.

       Б.з.б.  V ғасырға  жататын  Бесшатыр  қорымының  сақ 

"пирамидаларынан"  бөренелерден  тұрғызылған ірі жерлеу  құрылыстары

тамаша  сақталған  күйінде  табылды, олар  Орта  Азия  мен  Қазақстан

аумағындағы  жер  бетіне  ағаштан  салынған  ең  ежелгі  сәулет  өнерінің

бірегей  ескерткіштері.

       Іле   Алатауының  солтүстік  беткейіндегі  үлкен  қорымға  енетін  "Есік"

обасындағы  ақсүйек  сақтың  қабірі  жерлеу  ғұрпының  байлығымен  қайран

қалдырады.  Оның  киімі, бас  киімі  мен  аяқ  киімі  алтыннан  жасалған

4000-ға  жуық  қаптырма  мен  қалақша  арқылы  әшекейленген,  олардың

көпшілігі  скиф - сақ кезінде "аң"  стилінде  орындалған. Есік  қабірінен

табылған  күміс  тостағанның  маңызы  ерекше,  оның  түбіндегі  26

таңбадан  тұратын  жазу,  тегінде,  әліпбилік  жазба  болуы  ықтимал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертедегі  темір  дәуіріндегі  Жетісу  мен  Оңтүстік Қазақстан.

       Б.з.б   I  мыңжылдықта  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан  -

болжамдарыдың  бірі  бойынша  тиграхауда - сақтарға  баланатын   сақ

тайпаларының  үлкен  тобы  қоныстанған  Орта  Азия  мен  Қазақстанның

этномәдени  сақ  қауымының  өзіндік  жарқын  мәдениетінің  ірі  ошағы

саналды.  Үлкенді - кішілі  Сырдария,  Іле,  Талас,  Лепсі,  Есік,  Шелек,

Шарын,  Кеген  өзендері  мен  басқаларының  аңғарларында  көптеген  тас

және  топырақ  обалар  шоғырланған.  Олардың  көбісі  жүздеген 

төмпешіктері  бар  үлкен  молалы  жер  болып  табылады.  Жетісу  мен

Оңтүстік  Қазақстанның  басқа  да  ірі  оба  қорымдарында  адамдар  әр

түрлі  уақыттарда  жерленіп,  олардың  жүздеген  жылдар  бойында

қалыптасқан.  Биіктігі  20 метрге  дейін  жететін  "патша"  обалары 

дейтіндердің  көп  жинақталуы  жөнінен  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстанға

Орта  Азияда  және  Қазақстанның  басқа  аудандарында  тең  келетіні  жоқ.

Осындай  археологиялық  ландшафт  А.Н.Бернштамды  "патша  сақтары

мен  усундер"  нақ  Жетісуды  мекендеген  деген  қорытындыға  келтірген.

 

                          Бесшатыр  қорымы

       Бесшатыр  қорымы  Іле  өзенінің  оң  жағасында,  Шылбыр  қойнауында

орналасқан.  Ол  31 обадан  тұрады,  олардың 21 - і таспен,  ал  10 - ы

қиыршықтас  және  топырақ  үйінділерімен  жабылған.  Үйінділердің

көлеміне  қарай  қорым  обалары  үлкен,  орташа  және  кіші  обалар  болып

бөлінеді.  Үлкен  обалардың  диаметрі 45 метрден 105  метрге,  олардың

биіктігі  6  метрден  18  метрге  дейін  жетіп  ауытқып  отырады;

орташаларында  диаметрі  25  метрден  38  метрге  және  биіктігі  5  метрден

6  метрге  дейін жетті;  кішілерінде  диаметрі  6  метрден 18  метрге  және

биіктігі  0,8  метрден 2  метрге  дейін  жетті.

       Сирек   кездесетіндері  болмаса,  қазылған  обалар  бұрындары тоналып

кеткен  болып  шықты.  Дегенмен де  Бесшатыр  обалары  мерзімін 

белгілеуге  болатын  тамаша  материал ( қанжарлар, жебелердің  ұштары)

ғана  емес,  сонымен  қатар  қабір  үстіне  орнатылған  іргелі 

құрылымдардың  ерекше  бағалы,  жаға  үлгілерін  де  берді.  Диаметрі

104 метр,  биіктігі 17 метр  Үлкен Бесшатыр  обасы ерекше.  Үйінді

төбесі  қиық  конус  тәрізді,  жалпақ  төбесінің  диаметрі  32 метр.  Обаның

тас  жамылғысы  табаны  жағалай  тығыз  етіп  бірнеше  қабат  төселген,

бұл - орасан  зор үйінді  орнатқан  цоколь  секілді болып көрінеді.

Үйіндінің  солтүстік  және  оңтүстік  жақтарында  төменге  қарай  түсетін 

ордың  (ені 2 метр)  ізі байқалады.  Үйінділер айналасынан 5 - 7 метр

қашықтықтан  тас  дуал  өтеді ( ені  2 метр және  сақталып  қалған  биіктігі

50 - 60 см).  Үйіндімен   қатар  бір  басы  көмілген  ірі  тас  бағандардан

( менгирлерден ) және  үлкен   қойтастардан  қоршау  түрінде   тұрғызылған

дөңгелек  құрылыстар  салынған.  Үлкен обаның  айналасында барлығы

94  қоршау  бар.  Кейбір  тік тұрған  тас бағандарға  қазақ ру -

тайпаларының  таңбалары  қашап  салынған.  Обаның  солтүстік -

шығыс  жағында  тағы да  осындай  жеті  қоршау  бар,  олар  оңтүстік -

шығыстан  солтүстік - батысқа  қарай  созылып  жатыр.  Олардың  жанынан

қыш  ыдыстардың  көптеген  сынықтары  табылды,  қыш  қазандардың

тұтқалары  кездеседі.  Қазылған  қоршаулардың  көпшілігінде  тайыз  жерден

күл - ыс  дақтары  табылды,  екеуінен  сүйек  қалдықтары,  керамиканың 

сынықтары  мен  моншақтар  шықты.  Сірә,  қоршаулар  табыну  мақсатына

арналып,  отқа  табынуға  және  құрбан  шалу  ғұрпына  байланысты  болуы

ықтимал.

       Бесшатырда  үш  үлкен  оба:  Бірінші,  Үшінші  және  Алтыншы 

Бесшатыр  обалары,  орташа  үш  оба  мен  барлық  ұсақ  обалар  қазылды.

Бірінші  Бесшатыр  обасының  диаметрі  52 метр биіктігі,  7,6  метр,

оңтүстік  жағынан  8,93  метр.  Оба  таспен  жабылған.  Үйіндінің  түп

жағына  тас  неғұрлым  тығыз  қаланған,  обаның  төбесі  жалпақ.  Үйінді

үш  қабат.  Ең  үлкені - екінші  қабаты,  ол  қалыңдығы  8,5  метрден

13 метрге дейін  жететін  топырақ  пен  қиыршықтастан  тұрады.  Төменгі

қабатының  астында  Тянь - Шань шыршасының  өңделген  тұтас

бөренелерінен  салынған  үлкен  ағаш  құрылыс  табылды.  Сағана  үйілген

топырақ  астына  жерленген  адамның  үстіне  тұрғызылған,  бұл  түгелдей

жер  бетіндегі  құрылыс.

       Бесшатыр  сағанасы  сол  кезде  ағаштан   салынған  күрделі  құрылыс  

болып  табылады,  ол  бірнеше  бөліктен  тұрады,  олар:  дәліз ( дромос ),

қабірдің  алдыңғы  кірер  аузы  және  жерлеу  бөлмесі.  Сағананың  барлық

бөренелері  жақсы  өңделген:  бұтақтары  мен  бұдырлары  тегістеліп

шабылып,  қабығы  аршылған.  Бөлменің  қабырғасын  құрайтын  бөренелер

мұқият  тегістеліп,  бір  - біріне  тығыз қиюластырылған;  бүкіл құрылысты

мейлінше  тұрақты  ету  үшін  бөренелердің  жуан  жұмыр  басы  қарама -

қарсы  айқастырылып  салынған.  Бұрыштарында  бөренелер  бір  - біріне  тек

түйісіп  қана  тұрады  және  өзара  бекітілмеген,  сондықтан  Бесшатыр

құрылысы  дағдылы  түсініктегі  қима  емес.

       Бөренелерде   қашау  мен  пышақ  іздері  жақсы  сақталған -олардың  екі

шеті  мен  ортасында  кертік  бар.  Жерлеу  бөлмесінің  бөренелерден 

тұратын  жалпақ  төбесі  шиден  есілген  арқандармен  буылған  қамыс

төсеніш  қабатымен  жабылған.  Сірә,  жерлеу  ғұрпынан  кейін  бөлмеге

апаратын  есікке  ірі  тастар  қаланып,  дәліз  бекітіліп  тасталған  болуы

ықтимал.  Осыдан  кейін  ғана  жерлеу  құрылысының  үстіне  тас  пен 

қиыршықтас  аралас  зор  үйінді  үйілген.  Үлкен  обалар  тобының  ең

оңтүстігіндегі  Алтыншы  обадағы  құрылыс  та  осындай.  Оның  үйіндісі

таспен  жабылған.  Обаның  диаметрі - 52 метр, биіктігі  - 8 метр.  Үйіндінің

астында,  ертедегі  жер  беті  деңгейінен  шамамен  2 метр  тереңдікте 

жерасты  жолдарының  жүйесі  болған.  Олар  жерден  қазылған  және

орталық  бағыттағы  есік  пен  бүйірдегі  тарамдардан  тұрады,  негізгі 

жолдан  түрлі  бағыттарға  бүйірге  қарай  жеті  тармақ  кетеді,  олардың 

батыс  жақтағы  екеуі  жарым - жартылай  топырақпен,  ал  солтүстік -

шығыс  жақтағы  біреуі  ірі  тастармен  толтырылған.  Жолдардың  күмбезі

жарты  шеңбер  тәрізді,  жерасты  жолдарының  биіктігі   1,1  метрден

1,68  метрге  дейін,  ені 75 - 80 см.  Қабырғалардың көптеген  жерлерінде

кішкене  ойықтар  жасалған,  олардың  айналасындағы  ыс  іздері  оларда 

жер  астында  жұмыс  істеген  жер  қазушыларға  жарық  беретін  май 

шырағдандар  тұрғанын  дәлелдейді,  бүйірдегі  тарамдардан  жануарлардың

сүйектері - құрбандық шалудың қалдығы табылды.  Бүйірдегі

тармақтарымен  қоса  алғанда  негізгі  жолдың  жалпы  ұзындығы - 55 метр

       14 - обаны   қазған  кезде  жерлеу  құрылымының   жаңа  үлгісі  ашылды.

Обаның  жерлеу  құрылысының  негізгі - ұсақ  қиыршықтастар 

араластырылып  топырақтан  тұрғызылған  қабырғалар.  Қабырғалар 

бөренелермен  үш  қатар  етіп  жабылған,  бөренелердің  төменгі екі қатары

Тянь - Шань шыршасының,  ал  жоғарғы қатары  жиде  бөренелер.

Бөренемен  жабылған  төбесінде  тас  пен  бұтадан  және  сексеуілдің 

шырпысынан  он  алты  қатар  етіп  күмбез  тәрізді  жаппа  жасалған.

Мазардың  негізі  төртбұрышты, ал  төбесі  дөңгелек  күмбез  сияқты  болған.

       Қабірдің  шығыс  жағында  есігі   болып,  есіктің  екі  жағында   жерге

тігінен  көмілген  қос  - қостан  екі бағана  тұрған.  Қос бағаналар бір -

бірімен  қазықтармен  бекітілген,  мейлінше  берік  болу  үшін  бөренелер

шиден  өрілген  жуан  арқандармен  байланып  тасталған.  Кірер  ауыздың

төбесін  бөренелердің  үстінен  ши  арқандармен  буылған  екі  қабат 

төсенішпен  жапқан.  Қабірдің  лақатына  кірер  жердің  жанына  жуан

бөрененің  кесінді  қойылған.  Лақаттың  еденінде  адамның  шашыраған

сүйектері  жатыр.

       Бесшатырдың  хронологиясы  кіші  обалардың  бірінен  табылған  заттар

бойынша  айқындалады.  Оның  үйіндісі  астындағы  ұзын  жағы  батыстан

шығысқа  қаратылған  үлкен  қабір  шұңқырында  (көлемі  3,50  де  2 м)

жерленген  екі  адамның  қаңқалары  жатты.  Сүйектер  бірінің  жанында

бірі  шалқасынан  созылып,  бастары  батысқа  қаратып  қойылған.

Жерленгендердің  әрқайсысының  жанында  оң  жағынан  қысқа  семсер

ақинақтар  қойылған.  Қанжарлардың  сабы  көбелек  тәрізді,  ұшы  бүлінген.

Солтүстік  жақтағы  сүйектің  сол  жағында  темір  умбон  жатыр,  тағы  бір 

жатқан  нәрсе, сірә, кішкене  ағаш  қалқанның  қалдығы  болуы  мүмкін,  бел

тұсында  темір  тоға  жатты. Сүйектердің  арасынан  төрт  ақық  моншақ

және  біріне - бірі  дәнекерленіп  жапсырылған іші қуыс  алтын

түйіршіктерден  жасалған  екі  моншақ  табылды. Материалдар  жиынтығына

талдау  жасау  жалпы  алғанда  Бесшатырды  б.з.б. V-IV ғғ.  деп  белгілеуге

мүмкіндік  береді.

         Архитектурасы  және  құрылыс   техникасы.

       Бесшатыр  қорымының  көлемі  2 шаршы щақырым жерді алып

жатыр.  Алайда  Бесшатыр  обаларымен байланысты  ескерткіштердің

таралған  жері  қорымның  өз  ауқымынан  әлдеқайда  кең.  Мәселен,

Информация о работе Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр,Тасмола қорғандары