Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 21:42, реферат
Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған іргелес жатқан өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері - қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек,
Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан табылған. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
1. Кіріспе.
2. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
3. Бесшатыр қорымы. Есік обасы.
4. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Тасмола мәдениеті.
5. Қорытынды.
қорымның солтүстік - шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде
алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр
обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ
осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағында 10
шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан
45 қоршау бар.
Қорымның
төңірегіндегі бұл
сыртқы түрі, құрылымдары мен көлемінің бірдейлігі олардың Бесшатыр
қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп
санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық
салынған қоршаулар - Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі
объектіні толықтыратын сияқты.
Сірә, Бесшатыр кешені Іле өзенінің аңғарында мекендеген Жетісу
сақтарының киелі орны болса керек. Орасан зор Бесшатыр патшалық
обалары орналасқан жерге сақтар ғасырлар бойы келіп табынып, сансыз
көп құрбандықтар әкелген, ас беріп, бата қылған, әр түрлі діни
жоралғылар жасаған. Мұндай діни салтанатттар мен жоралғылар
өткізілетін орындарға менгирлер мен қойтастардан үлкен қоршаулар
тұрғызылған.
Бесшатыр қорымының барлық обаларына - үлкендері мен
орташаларына да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі
қиыршықтастардан үйілген, төбесі жалпақ, етегіне тас тығыз
қиюластырылып қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының
ерекшелігі - үйінділер етегіндегі ордың терең болуы, обалардың астына
кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде, жерлеу және обаны
тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына кіретін есік бата
қылу, құлшылық ету және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық
қалдырылып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір
бөлігі құлап басып қалған болса керек.
Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен обасы
құрылыстың екі түрінен: сырқы және ішкі түрлерінен тұрады. Сыртқы
құрылыс - тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және үйінділер
төңірегіндегі менгирлер мен қойтастар тізбегінен тұратын үйдің үстіңгі
қабатында орнатылған сияқты жалпақ тебелі үшкіл үйінді. Үйінді
архитектурасында жер астына түсетін ор және ішкі құрылыстары -
ағаш қабір мен қуыстар маңызды ескерткіштер болып табылады.
Мұның бәрі сақ тайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық құрылыстар
салынғанға дейін - ақ архитектуралық - құрылыс тәсілдері мен түрлері:
төрт бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш
өңдеу дағдылары мен ағашатн құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты,
қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде - ақ
орныққанын дәлелдейді. Сірә, мұндай құрылыс тәжірибесі ғұрыптық
ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер
мен қора - қопсылар салу кезінде де жинақталған болса керек.
Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерін
мәңгің есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды
бүлінбейтіндей ету ғана емес, сонымен бірге "мәңгі" тұратындай етіп
салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі бойынша, ескерткіш өзінің
көлемі жағынан көсемнің құдіреті мен байлығына сай келіп, келер
ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды.
Бесшатыр
обалары өздерінің
Үлкен обаны тұрғызу үшін ғана елу мың текше метрден астам топырақ,
тас, қиыршықтас пайдаланылған, ал оның үстіне қорымнан 3 шақырым
жерде орналасқан ең жақын таулардан мыңға жуық тақтатастар мен
қойтастар тасып әкелінген.
Оба
үйінділерін стартиграфикалық
зерттеу бұл үлкен
әрқайсысы тастар мен топырақты жөн - жосықсыз текшелеу ғана емес,
қайта құрылымы алдын ала ойластырылған сәулетті ғимарат екенін
көрсетеді. Топырақтың көп қабат етіп үйілуі оба ішіндегі ағаш
құрылысқа қажетті микроклиматты қалыптастырылып, ескерткіш обаның
өз сынын ұзақ уақыт сақтауына да әсер еткен.
Үйінділердің көлемі жағынан қорым обалары үлкен, орташа және
кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарының
әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына - бөренелерден тұрғызылған
қабір, киіз үй тәрізді бейіт, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған
шұңқыр сәйкес келеді. 4-ші обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке
ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан
табылған осы түрдегі бірден - бір құрылыс.
Бесшатыр құрыыстарын салуға қажетті бөренелер оба орналасқан
орыннан шамамен 200-250 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен,
Іле Алатауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде, ағаш кесілген,
бұтақтары мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кетпелер арқылы
оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге
жеткізген. Бұл орайда қыл арқандар мен ши ташықтарынан есілген
арқандар пайдаланылған.
Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар
жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді
өңдеу сан алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола шапашоттармен
жүргізілген болса керек.
Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ
тайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар
көпжылдық тәжірибенің, жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін
салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де
жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары "таза" көшпелі болған
жоқ, олар жылдың жылы маусымдарында ғана көшіп, суық түсісімен
қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған
деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, қамыс,
бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған.
Есік обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік
шетінде орналасқан. Обаның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Үйілген
топырақтың құрылымы айқын емес, бірақ көп қабатты, малтатас қабаты
қиыршық - сазды қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың
айналасынан ірі қойтастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі
қабыр: орталық және бүйірдегі қабірлер бар. Ортадағы қабір
қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен.
Бүйірдегі қабір сол күйінде сақталған. Лақат Тянь - Шань шыршасының
өңделген бөренелерінен салынған, оның көлемі: ішінен өлшегенде
2,9x1,5 метр, сырты - 3,3x1,9 метр, қабатымен қоса алғанда биіктігі
1,3 - 1,5 метр.
Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар қойылған, ал
солтүстік бөлігінде, лақаттың тура тақтай еденінде жерленген адамның
сүйектері жатыр. Ағаш қалдықтары мен темір тұтқаларға қарағанда,
өлік ағаш қақпақпен жабылған болуы керек. Ол басын батысқа қаратып,
шалқасынан созылып жатыр, бас сүйегінен өкше сүйегіне дейінгі
ұзындығы 165 см.
Есік обасындағы қабір құрылысы, сірә, былайша тұрғызылған болса
керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты
қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима - лақат жасалған.
Оның құрылымы өте қарапайым: ұзындықтары бірдей бөренелерді
көлденеңінен лақаттың қабырғасы болатындай етіп қаластырған.
Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, тек түйісіп қана тұр,
лақаттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің ұштары
қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек - кезек ұмсындырылып
шығарылған.
Лақаттың қабырғаларына бөренелер бес қатар етіп салынып, ол
үстінен де ұзын қабырғаларына көлденеңінен қойылған бөренелермен
жабылған. Түбіне жақсылап өңделген он тақтайдан бір - біріне жақсы
қиюластырып еден төселеген. Еденге өлік пен неше түрлі нәрселер
қойылған.
Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын
қаптырмаларымен әшекейлеп тігілген мата төсеніш төселген болуы
керек. Төсеніш үстіне тамаша сәнді киімі кигізіліп, бес қаруы түгел
асылған өлік қойылған. Орныққан салт бойынша, өлік аяқ - қолы
созылып, басын батысқа, бетін жоғары қаратып шалқасынан
жатқызылған, оң қолының саусақтары кіндігінен төмен қойылып, сол
қолы бір жағына созылып жатыр.
Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған.
Қару ілетін аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының
бедерлі бейнесі бар өткерме шегелеген. Белдіктің сол жағына шауып
бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі
жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген.
Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспарлары үшін жасалған,
бүктелген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі
қаптырма тоға ерекше көз тартады.
Сол қолының қарында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырақ
сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, одан жоғарырақ
ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.
Лақаттың еденіне өлік тамағы салынған және ыдыстар қойылған.
Жазуы бар күміс тостаған мен оқшауыр тұрған алтынмен апталған
қола тегененің де соларға жататыны анық. Оның ішінде жырқыш
құстың тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік
алтын тіліктер жатыр. Ыдыстардың бірде - біреуінен жануарлардың
сүйектері - ет тағамының қалдықтары табылған жоқ.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш және
ағаш ыдыстар бөлек қойылған. Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар
арт жағында - екі қатарда төрт табақша, алдыңғы жағында тегене мен
ожау тұр. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне түйістіріліп
бір қатарға тізіліп қойылған. Қола аяқ бөлек, қаңқаның бас жағында
тұр. Лақаттың шығыс қабырғасы жағындағы еден бөлігі заттардан бос.
Сірә, лақаттың есігі оның шығыс жағындағы болса керек.
Жерлеу ғұрпы жасалып, дене қойылған соң лақат қысқа
бөренелермен жабылып, шұңқыр топырақпен көмілген де, сонан соң
топырақ үйілген.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам
17-18 жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. Ол алтынмен
мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де
әр түрлі алтын қаптамалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік бас киім
киген. Бас киім жылқы, барыс, таутеке, құс бейнеленген 150-дей алтын
қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген. Есік жауынгерінің
мойнында - ұшы жолбарыстың басы іспетті алтын алқа, сол жақ
сырғаларында - перузадан жасалған салпыншақтары бар, көз салған
алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен
жеңдері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырылып,
әшекейлеп, кестеленген; көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен
боялған былғары бешпенттің өн бойы жолбарыстың басы бейнеленген
алтын тоғалармен және үш сала жапырақ формасындағы кішкене
тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан зооморфтық стильде
жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді қаптырмамен қапталған
құрама белдік тағылған. Белдіктің оң жағына қызыл қынға салынған
ұзын темір семсер, сол жағына бұлан мен жылқы бейнеленген алтын
қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Шалбар тігіс-
тігісі бойымен ұсақ алтын шеттіктермен әдіптелген және балақтары
бешпенттегідей алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке
сұғындырылған. Сақ жауынгері саусағына екі алтын жүзік таққан,
олардың біреуі - сәнді бас киім киіп қырын қарап тұрған адамның бас
бейнесі бар алтын. Есік обасындағы қабірдің мерзімі б.з.б. ғасырдың
алғы - III ғ. деп белгіленіп отыр.
Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.
Бұл кезде Орталық Қазақстан ең көп таралғаны - обалы қорымдар.
Ең ірі обалар: Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл, Қызылтас,
Кент, Арқалы, Қу, Қызылтау, Ортау, Ақтау таулары мен сілемдері
аудандарында шоғырланған. Олар Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр
тауларының бөктерлерінде, Желдітауда, Тайатқанда, Шұнақта жақсы
мәлім, Солтүстік Бетпақдалаға дейін жетіп жатыр. Балқаш өңірінің
шөлді айммағында обалар Қотанемел, Тесіктас, Қайрақтас, Жалғызтау,
Жорға, Көксеңгір тауларында шоғырланып, шығысында Шыңғыс
Информация о работе Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр,Тасмола қорғандары