Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 21:42, реферат
Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған іргелес жатқан өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері - қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек,
Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан табылған. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
1. Кіріспе.
2. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
3. Бесшатыр қорымы. Есік обасы.
4. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Тасмола мәдениеті.
5. Қорытынды.
жотасына дейін жетеді. Солтүстік - шығыста обалы қорымдар Шідерті,
Өлеңті өзендері мен олардың салалары жағалауындағы жарқабақты тегіс
аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті
өзенінің бас жағына орналасқан.
Тасмола мәдениеті.
Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі
малшыларының мәдениеті неғұрлым көлемді археологиялық қазба
жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауының атына сәйкес Тасмола
мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар
обалар - "мұртты" обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер
себеп болды. Мұндай ескерткіштер қазақтың ұсақ шоқылы өңірінен тыс
жерлерден, мысалы, Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарынан
және Еділ бойы кездеседі, бірақ олардың кең тараған негізгі өңірі
Орталық Қазақстан болып табылады.
"Мұртты" обалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік
біртұтас сәулет өнері кешеніне кіреді. Үйілген топырақ астында өлікті
жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұңқыры бар үлкен оба оның
негізін құрайды. Үлкен үйіндегі жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші
оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жанына
қыш ыдыс қойылып, ат жерленген. Сонан соң кіші обадан шығысқа
қарай бағытталып, шет жақтарында дөңгелек тас құрылыстары бар, доға
тәрізді тас тізбектері қойылған.
"Мұртты" обалардың архитектуралық кешені қола дәуірінің
тайпаларының табынушылық құрылыс өнерінің дәстүрлерін айқын
бейнеледі, бірақ сонымен бірге бұл б.з.б. VII-VI ғасырларға және
онан кейінгі кезеңдерге де тән жаңа құбылыс.
Бұрынғы аттың терісі мен басын жерлеу ғұрпынан айырмашылығы -
тасты тізбектері бар обалардан өлген адамның аяқ жағына көмілген
жылқы қаңқасы табылды. Сірә, атын құрбандыққа шалатын бұл ғұрып
күнге табынушылыққа байланысты болу керек.
Тасты тізбектері бар обалар кешенінің элементтерінен Күн құдайға
атты немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан ету, үнемі "кірер аузы"
шығысқа, таңңертеңгі күнге қаратып салынатын тас тізбектері сияқты
күнге табынушылықтың ерекше белгілері деп топшылауға негіз бар. Ал
доға тәрізді тас соқпақтар, сірә, алыста қалған, Ригведаға сәйкес, күнге
арнап Варуна құдай дайындайтын сүрлеумен байланысты болса керек.
Тізбектердің ұштарындағы дөңгелек тас құрылыстар ішіне бата қылу
кезінде жағылған оттардың іздері де күнге табынушылықпен
байланысты екені шүбәсіз.
Өлікке жылқы малын арнау және Күн - құдайға атты құрбандыққа
шалу ғұрыптары көбінесе діни ұғымдардың негізі ретінде Орталық
Қазақстанның ежелгі малшылары арасына кең тараған.
Тасты
тізбектері бар құрылыс
кешендері салынуына
жұмсалуы, байлығы, сәнділігі жағынан ру-тайпа ақсүйектерін жерлеуге
арналған. Әрбір рулық зиратта ондай құрылыстар онша көп емес, ал
олардың жандарында қатардағы тайпаластары жерленген көптеген
қарапайым обашықтар бар.
Ескерткіштердің бұл түрлерінде адамды жерлеу ғұрпының неғұрлым
мәнді сипаттары ұқсас. Бұлар этникалық-тайпалық құрылымы бір, бірақ
әр түрлі әлеуметтік топтардың ескерткіштері.
Тұрғындардың антропологиялық үлгісі мен материалдық мәдениеттің
аса маңызды элементтері ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
тайпалары мен олардың бұрын өмір сүрген андронов тайпаларының
сабақтастық бар екенін айқын көрсетеді.
Тас тізбекті обалар ішінен тастан жәшіктер мен дөңгелектер салуда,
б.з.б. VII-V ғасырдың кейбір обаларында тақтатастарды жалпағынан
қалап, тас лақаттар тұрғызу тәсілдерінде, қаруларда, өрнектерде
андроновтық құрылыс дәстүрі сақталған.
Археологиялық деректер және ішінара жазбаша деректерден алынған
үзінді мәліметтер Тасмола мәдениеті тайпалары сақ тайпаларының
қуатты одағы құрамына кіргенін көрсетеді. Қазақстан аумағының басқа
аудандарының көпшілігіндегі сияқты, Арал-Ертіс суайрығы аумағын
мекендеген тайпалардың да нақты этнонимін анықтау қиын. Дегенмен
де ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпаларын негізінен
Аристей Проконесский жылқыға, қой мен өгіздер табынына бай сансыз
көп және даңқты жауынгерлер деп сипаттаған исседондар деп
жорамалдауға болады. Басқа авторлар, атап айтқанда, Гекатей Милетский
олардың шығыс скифтеріне немесе сақтарға жататынын атап көрсетеді.
Сонымен, Есік, Шілікті, қорғандары, Бесшатыр, Тасмола
мәдениеттері, Түгіскен мен Ұйғарақ кесенелері, Шірік - Рабат пен
Баланды қалалары секілді сақ мәдениетінің көрнекті ескерткіштерін
археологтардың ашуы тағы бір кедергіден өтуге мүмкіндік берді.
Табылған жазбалардың, көрнекті өнер туындыларының жәдігерлеріне
сүйене отырып, біздің дәуірімізге дейінгі 1мың жылдықтың ортасында
Қазақстан аумағында пайда болған көне сақ мемлекеттері туралы сөз
етуге болады. Сақ тайпаларыының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу
жұмыстары олардың өмір-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, жерлеу
ғұрпы, шаруашылығы туралы көптеген деректерді береді. Бұл
ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген тайпалардың мәдениет дәрежесінің
әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру сипатының
этникалық, қан жағынан және географиялық шоғырлану жағынан
туыстық, жақындық белгілерін дәлелдейді.
Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз
және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып
табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз
борыштымыз.
Қолданылған әдебиеттер
бүгінге дейін. I том. Алматы "Атамұра", 2010.
Алматы "Білім", 2004.
Алмат "Ана тілі",1995 ж
5. Ақышев А.К., Асылбеков М.Х., Байпақов К.М. Қазақстан тарихы
көне заманнан бүгінге дейін. Алматы "Дәуір" баспасы,1994 ж.
6. Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар,
рулар, жер жұтқан қалалар. Алма-Ата,1987 ж.
7. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. Алматы, 1994 ж.
8. Жолдаспайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.
Алматы, 1995 ж.
9. Маданов Х. Қазақ халқының арғы - бергі тарихы. Алматы, 1995ж.
10. Қани М. Қазақтың көне тарихы. Алматы, 1993 ж.
Информация о работе Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр,Тасмола қорғандары