Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 00:03, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудiң өзектiлiгi. Кез келген басқа да күрделi құбылыс сияқты сабақты мұғалiм алдын-ала ойланып, өз ой-санасы арқылы өткізіп, сонымен қатар жүрегімен сезіне білу керек. Тек, осы жағдайда ғана сабақ биiк әрі технологиялық деңгейде жүргiзiледі. Сабақты өткiзу мұғалiмнің көздеген жоспарының iске асуы болып табылады, демек, сабақтың сапалы және ойдағыдай өтуі сабақ жоспарының сапасына тікелей байланысты.

Содержание

Кiрiспе
I.Негізгі бөлім. Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң ұйымдастыру деңгейінiң көрсеткiштерi сияқты мектептегі шет тiлiнiң сабақ жоспарларын талдау
1.1 Шет тiлi сабақтарының түрлерi
1.2 Сабақтардың классификациясы
II-бөлім. Шет тілі сабағын қорытындылау – шет тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің компоненті сияқты
2.1 Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң компонентi сияқты шет тiлi сабағын талдау
2.2 Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң компонентi сияқты шет тiлi сабағын жоспарлау
Қорытынды
Әдебиет тiзiмi

Вложенные файлы: 1 файл

ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ АЛҒЫШАРТЫ СИЯҚТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ.docx

— 50.40 Кб (Скачать файл)

     Сабақтың оқу-әдiстемелiк тапсырмалары: кiрiспе, бекiту, ағылшын тiлi материалының активизациясы, қорытынды-бақылау жұмысы. Оқу материалдарының мазмұнының тақырыбы: мәтiн, ауызша тақырып, жаттығу, ахуал, әдiстемелiк құралдар, тiл материалы. Сабақты жабдықтау: көрнекiлiк, дидактикалық материалдар, соның iшiнде оқу-әдiстемелiк кешеннiң қолданылатын компоненттерi.

      Жаңа тақырып өткенде сабақ жүретін орын (сабақ оқу тақырыбын ашады, жалғастырады, бiтiредi). Мақсат қою: сабақ барысында оқушылардың ағылшын тiлінде сөйлеуге, жазуға білімдерін дамытуға бағыттау (монологтық, диалогтық сөйлеуді таспадан тыңдау, айтып беру); оқушыларды тiлдiк аспекттер арқылы меңгеруге бағыттау (лексика, грамматика, сөйлеу арқылы); сабақтың кешендi мақсаттары (ағылшын тiлiнде сөйлесуге үйрету; ағылшын тiлiн қолдана отырып, оқушыларды жеңіл, әрі тез оқып-үйренуге бағыттау.

    Сабақтың тәрбиелiк мақсаттары: болмыстық, эстетикалық, еңбекке баулу, мәдениеттілік, қарым-қатынас тәрбиесi, сезiм және мiнез-құлықтарын тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың жалпыбiлiмдік мақсаттары: танырлық, ел танушылық, лингвистикалық ел танушылық, дамыту, лингвистикалық ойлауды дамыту.

           

Мақсаттық бағыт:  дағды дамуының және ағылшын тілінде сөйлеу дамуының бағыт бағдары (аудирование, сөзуарлық, монологтық, диалогтық тіл), оқу, жазу; тіл аспектілерін үйренудің бағыт бағдары (айтылуымен, лексикамен, грамматикамен); сабақтың құрама мақсаты (ағылшын тілінде әңгімелесуге үйрету, ағылшын тілін қолдана отырып танымдық процесске үйрету).

Сабақтың  тәрбиелі  маңызы: өнегелілікке, эстетикалық сезімге, еңбек тәрбиесі, өркениетті тұлға тәрбиелеу,  ойлау мәдениеті, әңгімелесу, сезу және өз өзін ұстау мәнеріне тәрбиелеу.

 Сабақтың жалпы білім беретін мақсаттары: танымдық, елтану, лингвоелтанушылық, даму, лингвистикалық ойлаудың дамуы.

 Сабақ мақсатының оның  орны мен пән тақырыбына сәйкестілігі, ағылшын тілін оқытудағы талаптар  мен нақ осы сыныпқа арналған  оқу жоспарының  сәйкес келуі. 

 Сыныптағы оқу жағдайы: оқушылардың зейінін «ағылышын тілі» пәніне толығымен аудару;  ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің  (Ұлыбритания, АҚШ, Австралия) тарихын немесе жалпы солар жайлы мәлімдейтін мәліметтер қолдану;  ағылшын тілінде сойлейтін адамның үні жазылған күйтабақшаларын алып келіп, сынып оқушыларына тыңдату;  сабаққа лайықты етіп тақтаны дайындау; таблица құру мен көзбен шалып қарауға арналған әртүрлі керек жарақтарды пайдалану, және т.б.

Ұйымдастыру мәселелері:  оқушылардың зейінін «ағылшын тілі» пәніне толығымен аударудың нәтижелілігі;  мұғалімнің оқушылармен ағылшын тілінде әңгіме жүргізу;  мұғалімнің оқушыларға сұрақ қою арқылы олардың сабаққа дайындылығын байқау; сабақтың барысы жайлы хабарлама беруі;  оқушылардың бағдарын практикалық мақсаттардың, тәрбиелік мақсаттардың  орындалуына бұру;  тілдерін шынықтыру; мұғалім мен оқушылар арасындағы контактті орнату; микроәңгімелерді пайдаланып оқушылармен сөйлесу; сыныпта шығармашылық, іскерлік, тілектестік қарым қатынас орнату үшін педагогикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдану;  тіл шынықтыру барысында сабаққа қатысты материалдарды қолданып, сабақтың алдында қойған мақсаттарына қол жеткізу.

Үй  жұмысы: үйге берілген тапсырманы сабақ барысында тексеру, жаңа сабақты бастағаннан соң, оның өту барысын бақылау,  үй тапсырмасын орындау сапасын бақылау;  үй жұмысын тексермей тұрып оның орындалмай қалған жағдайларын болдырмау немесе алдын алу;  тапсырманы қалай орындаулары жайлы мұғалімнің түсінік беруі;  үй жұмысын орындау барысындағы болатын қиындықтарды ескеру;  әдеттегі болатын қателерді жалпылау; осы болатын қателерді  келтіретін себептерді түсіндіру; олардың алдын алуына тиімді тәсілді қолдану; қателерді түзету;  үй жұмысын тексеру барысында  әдептілік, биязылық  және тілектестік жағдайын сақтау;

Жаңа  сабақты бастау:  жаңа сабақты жүргізу түрі; индукция әдісі мен дедукция әдісін қолдану; тақта мен оқулықты қолдану; пәндік және бейнеләк көрнекілікті қолдану, түсіндірме, дефиницияларды, тасымалдарды қолдану;  тілдік бірліктерге сәйкес келетін даму сатысын үйрету;  жаңа сабақтың қиындықтарын, мақсаты мен оқылатын материалдың терең меңгерілуін ескеру;  жаңа материалды түсіндіру кезінде оқішыларға оны қабыл алуы;  жаңа тілдік бірліктердің түсіндірілуін бақылау; оқушылармен жаңа тілдік бірліктердің сөйлемде қолданылуы.

Тыңдату ( Дыбысты естіп, түсінуге үйрету): қойылған мақсатқа жету үшін мұғалімнің қолданған әдістері; аудиомәтiнi бар жұмыстың кезеңдерiнiң әдiстемелiк дәлелдiгi (тiл қиындықтарының алынып тасталынуы, тiл болжамына үйренту), мәтінді қабылдауға дайындау; қабылдауға қызығушылықтарын ояту; магнитафон (ойнатқыш)  қолдану; тиімді тыңдауларды қолдану; көру, бейнелеу көрнекілігін, тілдік және мағыналы тіректер қолдану; жұмыстың нәтижесі.

Сөйлеуге  үйрету: сөйлеу материалдың таңдап алуы, сөйлеу ахуалдары,  диалог, мәтiн, (ауызша, жазбаша) көрнекіліктер қолдану, оқушыларға көмек көрсетуі мен диалогтық пен монологтық пікір айтуды ұйымдастыру, әртүрлі тірек түрлерін қолдану (жоспар, логико синтаксистік схема, бастамасы мен аяқ жағына арналған тетікті тірек сөздері); мұғаліммен қолданылатын ойындардың тиімділігі.

Оқуға үйрету: оқу дағдысы мен оқыған материалды түсіну дағдыланың негізін қалау; мәтіналды және мәтінсоңды әр түрлі әдістерді, тапсырма мен жаттығуларды қолдану; мәтінмен жүмыс істеу барысында тапсырманы орындаудың дұрыстылығы; түсінуді қадағалау үшін рационалды әдістерді қолдану(азат жолдарға ат қою, т.б); контекстті ауыз екі сөйлеуде негіз ретінде қолдану, бұл іс әрекеттің мақсатқа сәйкестілігі мәтінді оқытудың осы сәтіндегі даму сатысы; жаттығулардың тиімділігі.

Жазуға  үйрету: тапсырмалар мен тәсілдерді дұрыс қолдану; мақсатқа байланыстылығы (жазбаша мазмұндама, шығарма, диалогтағы қақпалауларды үлкейту, хат жазу, түсініктеме, аударма, жоспар құру, ең керек деген сөйлемдерді таңдау, оқу барысында жоспарға сүйеніп, конспектілеу, тезистер құру, сөз тіркестері мен тірек сөздерді тауып жазу).

Сынып жұмысының формаларын қолдану: фронталды және топтық жұмыстың ара қатынасы; жұппен және дара жұмыс; әртүрлі тапсырма түрлерін қолданудың ұтымдылығы; оқу формасының әрекеттілігі (оқушы мұғалім, оқушы кітап, оқушы магнитафон, оқушы сурет, оқушы оқытылатын пәннің елі туралы мәлімет, оқушы оқушы).

Баға, амал тәсілдерді еске алу: ағылшын тіліндегі материалдың оқушылармен қалай мақұлданғанының дәрежесі, ағылшын тілін игерудің дағдылары мен білімдері; сұрақ жауап жұмысының тиімділігі; тапсырмалар менжаттығуларды орындау, тестілеу, суретпен жұмыс, т.б.

Сабақтың  қорытынды бөлімі: мұғалімнің оқушылармен әңгімелесуі, жоспарға кірмеген сұраққа жауап, барлық оқушылардың жұмысын бағалау, баға қою.

Ортақ дидактикалық ұстанымдарын сақтау: саналылықты, тәжірибелікке назар аудару, жеңілден қиынға қарай өту, белгілі нәрседен белгісіз нәрсеге, деректіден дерексізге көшу. Әдістемелік ұстанымдарды жүзеге асыру: ағылшын тілін үйренудегі коммуникативті бағыт бағдар, ауызша сөйлеу, функционалдылық және т.б.

Мұғалім мен сынып: сабақтың өтіп жатқан күйі (жайлы, белсенді, оптимистік, іскерлік, тілектестік түрде); мұғалімнің сынып оқушыларымен байланысы; мұғалімнің кәсіби даярлық деңгейі, ағылшын тілін үйретудегі әдістемелік біліктілігі, педагог ретінде мұғалімнің өзіндік ерекшелігі; мұғалімнің сөйлеу мәнері, стилистикалық әдептілігі, тілдік қателердің болмауы я болуы, дауысының сүйкімділігі.

Сыныппен(топпен) оқу әрекетінің мақсатын түсінушілігі: оқушылардың мұғаліммен сөйлесуіндегі талапшылдығы, немесе сыныптастармен; сұрақтың спонтанды мінезі, сөйлемдер жайлы оқу әрекетінің талғамдылығы; өз ойларын айту; ағылшын тілін қолдануға асығу; қате жіберемін деген қорқыныштың болмауы; мұғалімге деген оқушылардың көңілдерінің ауу, мұғалімді өз жұмысының шебері ретінде бағалауы; мұғалім пікірін жоғары бағалау; оқу тапсырмасын орындауға дайындығы.

Оқушылардың және мұғалімнің сөйлеуінде ана тілді (қазақ) тілін қолдану: оқушылар кейбір сөздерді білмейді және түсінбейді деген жағдайда, мұғалім өзінің сөздерінде оқушыларға дұрыс әрі түсінікті етіп жеткізу үшін ана тілді қолдану; ана тілінде өзінің ең қиын деген пікірлерін түсіндіру; оқушылармен тіл табысып сөйлесуде әрдайым ағылшын тілін қолдану; ана тілін оқушылардың ойлау мақсатында қолданып, соның арқасында олар түсініп тек қана ағылшын тілінде сөйлеуді қолға алу,  үнемшіл семантизация мақсатында, өте қиын материалды түсіндіру үшін, күрделі психологиялық педагогтық тапсырмаларды шешу үшін, стилистикалық фразеологиялық ерекшеліктерді түсіндіру үшін, текті сөздерге ұқсас сөздерді қатесіз түсіндіруге ана тілін қолдану, ағылшын тiлiнiң оқушыларының артықшылығы бар немесе тұрақты қолданудың мадақтауының әдiстерiн; [Конаржевский,2003 : 54].

Сабақ өтіп жатқан уақытты үнемді әрі пайдалы  өткізу: мұғалім мен оқушылардың сөз сөйлеулерінің уақыты(минуттармен), үй жұмысын тексеруге, жаңа материалды түсіндіруге, сабақты әзірлеуге, оны дұрыстауға, жаттығуға берілген тапсырмаларға, қорытынды бақылауға, үй жұмысмын түсіндіруге сабақтың соңғы бөліміне және ана тілінде сөйлеуге кеткен уақыт; сабақтың жоспарына сәйкес уақытты пайдалану.

Атап  айтсақ,  ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің басты көрсеткіштері өз алдына мына жағдайларды талап етеді: мұғалімнің оқушыларға коммуникативті және өзаралық қарым қатынастың керектігін түсіндіріп нығайту, оның компоненттеріне лингвистикалық, тематикалық, мәдени әлеуметтік, оқу танымдық құзіреттілік кіреді[Леонтьев, 1985 : 14].  

Коммуникативтік құзырлылық көпшілдік, басқа адамдарға қатысты  ашық мінезді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар оқушыларда практикалық білімнің, өзінің оқу  әрекетін дамытуын да қалыптастырады. Мұғалім оқушылардың санасында  өз бетінше даму мен коммуникативті тапсырмаларды орындауға мүмкіндік  жасауы тиіс. Соның арқасында оқушылар өздерінің өсу деңгейлерін көріп  бақылай алатын болады. Шетел тілі мұғалімі коммуникативті тапсырмаларды  ғана шешпей, сонымен қатар, рухани өнегелілікті және басқа да тапсырмаларды  шешуге көмектеседі.

Осылайша, құзырлылықтың  өзін өзі кемелдендіруінің ең басты  аспабы ол ағылшын тілі мұғалімінің  сабақтың анализін жасауы.  Тек қана сол ғана оқушылардың шығармашылық танымдылығын нығайтады.

2.2. Шет тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің компоненті сияқты шет тілі сабағын жоспарлау.

Жоспарлау – «бұл алға қойған мақсат пен тапсырмаларды орындауға бағытталған белгілеу» [Азимов, 1999 : 243].

Жоспарлаудың мән жайы белгілі бір нәтижеге жету үшін ең басты әрекет пен шараларды қолдануда  түйіседі. Сабақтың әр түрі, мейлі ол семинар сабағы, мейлі кәдімгі  сабақ болсын ол – мұғалімнің оқу тәрбие процесімен бірге қатар жүретін оқу таным процесінің дұрыс қорытындыға келуге бағытталған сапалы жұмысы.

Әр сабақтың мақсатында мұғалім  оның қорытындысын, яғни соңы қалай  аяқталатыны, жаңа тақырыпты үйренгендегі интеллектуалды дамуды оқушылар қалай  алып кете алатынының көрінісі жатыр.

Сабақты жоспарлаудың дидактикалық мақсаты  нені бейнелейді:

- оқушылардың айқын анықтауды үйренуін;

- жоспар жасап шығара алатындарын;

- іс әрекеттің қандай алғышарттары пайда болатынын.

 Сабақтың структурасы,  яғни оның бөліктерінің өзара  орналасуы, оның тақырыптардың  ортақ системасында қандай орын  алып тұрғанымен тікелей байланысты. Әр сабақ өз алдына толық  мән мағынасы бар, аяқталған  түсінікті де пайдалы ортақшылықты, логикалық және психологиялық  аяқталған бүтінді құрайды. 

Логикалық бүтіндік сабақтың мазмұында өз көрінісін табады. Ол тақырыптың жаспарын айқындап, оның логикалық  структурасын көрсетеді.

Психологиялық бүтіндік сабақтың мақсатына жету керектігін, жақсы  қорытындымен қуанарлық жағдайдың, ықыластық пен әрі қарай жылжу  мақсатын айқындайды.

Жақсы сабақта шығармашылық, логикалық және психологиялық жақтары  өзара байланыста болады. Дегенмен, тәжірибеде кейде сабақ шығармашылық жағынан аяқталған, бірақ  логикалық  және психологиялық жағынан аяқталмаған, яғни, қорытынды әлі жасалмаған, немесе оқушылар жаман жұмыс атқарып, мұғалім олардың назарын жеткілікті түрде өзіне, өзінің пәніне аудара алмаған  жағдайлар болып тұрады. Бұндай сабақты, әрине, жақсы сабақ деп тани алмайсың. Сабақтың басты дидактикалық мақсатын анықтау дегеніміз – ол сабақ қандай түрге жататын болады, қайталау сабағы ма, әлде жаңа сабақ па, әлде бұрынғы өткен материалдарды бекітуге арнала ма немесе ол үйге берілген тапсырмаларды тексеруге арналған бола ма  соны анықтау.   Сабақтың бірнеше дидактикалық мақсаты болуы мүмкін. Ол әрине сабақта қандай мақсат қойылып отыр соған байланысты болады, бәлкім сабақ үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпты бекіту мен жаңа сабақ өту деген үш мақсаттан тұрады, яғни осы сабақтың дидактикалық мақсаты, демек, осылар. Осыған орай сабақ түрлері де түрлі болады.

Ары қарай сабақтың әр түрін  жоспарлауға тоқталайық. Осы түрлілікке сүйене отырып сабактың күнтізбелік  немесе тақырыптық жоспары құрылады. Олар әр түрлі бөліктерден, тақырыптан тұрады. Сабақтың қатынасы олардың  түрлеріне, оқытылатын пәннің мазмұнына, спецификасына, біліміне, мақсаттарына және тапсырмаларына байланысты әр түрлі, яғни ұқсастығы жоқ болады.Сабақтың әрбір түрі өзінің дәл белгіленген  мақсаты мен әдістемесінен, және соған байланысты мақсат пен тапсырмалардан тұрады. 

Құрамдастырылған  сабақтардың  шамамен алғандағы структурасы:  үй жұмысын тексеру мен оқушылардан сабақ сұрап, оларды тыңдау, жаңа сабақты бастап, оқушыларды оған үйрету, оқытылатын материалды меңгерген меңгерілмегенін тексеру, жаттықтыратын тапсырмаларды пайдаланып, оқушыларға жаңа түсіндірілген материалды бекіту, бұрын оқытылған материалды талқылау ретінде қайталау, оқушылардың білімін тексеріп, бағалау, үйге тапсырма беру. [Гайдукова, 2006 : 58]. 

Білімді бекіту сабағындағы ең басты мәселелердің бірі ол сабақты толық меңгеру үшін бұрынғы өтіп кеткен материалды екінші рет ұғыну.Оқушылар өздерінің бідімдерін жаңа тапсырмаларды орындап, жаттығулар жасап тереңдете түседі, ауызша әрі жазбаша түрде өздерінің алған білімдерін көрсетіп, немесе олар білімдерін одан әрі тереңдете түскілері келсе, жеке ЭССЕ немесе қысқыша доклад ретінде жазбаша түрде тапсырулары мүмкін. Өздерінің структурасына сәйкес сабақтар мына кезеңдерден өтуді талап етеді: үй жұмысын тексеру, ауызжа және жазбаша тапсырмаларды орындау, тапсырмалардың орындалуын тексеру мен үй жұмысына тапсырма беру.

Информация о работе Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)