Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 20:41, реферат

Краткое описание

Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Содержание

Кіріспе
1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
1.1 Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
1.2 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2. Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
2.1 Ұрлықты тергеу әдістемесі
2.2 Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
2.3 Алаяқтықты тергеу әдістемесі
2.4 Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
2.5 Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 65.45 Кб (Скачать файл)

 

Тонау мен қарақшылықты

Тонау дегеніміз -  бөтен  мүлікті ашық ұрлау. Бұл қылмыстық  іс-әрекеттің қоғамға қауіптігі, ол меншікке құқықты бұзады.

Осы қарастырылып отырған  қылмыстың объектісі меншік.

Қосымша тікелей объект ретінде  адамның денсаулығы алынады (күш  қолданып тонағанда).

Тонаудың құрамы конструкциясы  жағынан материалды, сондықтан да бұл іс-әрекеттің объективтік  жағын:

а) қоғамға қауіпті әрекеттер;

б) қоғамға қауіпті салалдар;

в) солардың арасындағы себептік байланыс құрайды.

Тонау кезіндегі қоғамға  қауіпті әрекет бөтен мүлікті  ашық ұрлауға бағытталған. Күш қолданып тонау – осы іс-әрекеттің сараланған құрамы болып табылады. Бірақ алудың ашық тәсілі, сонда да мүлікті иелену үшін айыпты тарапынан  қандай да бір  күш  жұмсалуын қарастырады.

Жәбірленуге залал келтіру  фактісі мен мүлкті  ашық түрде  иеленуге бағытталған айыпты адам әрекетінің арасында қажетті тікелей себептік байланыс болуға тиіс.

Тонаудың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінә мен  және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

Қылмыстық Кодекстің 14 және 15 баптарына сәйкес тонаудың субъектісі жасы 14 толған, есі дұрыс адам бола алады.

Ұрлаудың тек тонау  сияқтынысанына ғана тән саралаушы  нышанға жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті емес күш  қолдану не сондай күш қолданамын деп қорқыту жатады.

Жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті емес күш  қолдану деп  кішігірім жарақат, қанталау, дене тырналуы түрінде денсаулыққа  келтірген жеңіл зиянды түсіну керек.

Адамның жанына бататын, бірақ  жарақат қалдырмайтын ұрып-соғу немесе өзгедей күш қолдануәрекеттері  де сондай, зорлыққа жатады.

Бөтен мүлікті иелену үшін  жәбірленуші бостандықтан айыру  немесе бостандығын шекте, байлап тонау, ұстап тұружәне басқандай да айыпты қолданған әрекеттер де денсаулыққа  немесе өмірге қауіпті емес зорлықтар  қатарына жатады.

Тонауды күш қолданған  деп тану үшін жәбірленушінің өмірі  мен денсаулығы үшін қауіпті зорлық әрекеттерінің қолданылуы міндетті емес, оны қолданудың, нақты қауіпінің  төнуіжеткілікті, бірақ күш қолдану  да, психикасына  қысым жасау да  мүлікті иеленуге немесе  оны  ұстап қалуға  бағытталуы тиіс.

 

Қарақшылық

Қарақшылық объектісі  күрделі қылмыстар қатарына жатады. Онда  бөтен мүлікке ғана емес, жәбірленушінің өз басына  қастандық  жасалады.  Шабуылға ұшыраған  адамның  өмірі мен  денсаулығы үшін қауіпті  күш қолданылады. Қарақшылық шабуыл жасаушының заты мүлік деп танылады, яғни ол өз иесінің мұқтаждығы не тікелей (тағам, жиһаз, автомашина, киім) не жанама (ақша, құнды қағаздар, және басқа) қанағаттандыра алатын материалдық әлемдегі заттар.

Объективтік жағынан алғанда  қарақшылық жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті зорлықпен  немесе, ондай зорлықта тікелей қолдану  қаупімен ұштасқан шабуыл арқылы сипатталады.

«Шабуыл» термині жәбірленушіге  кенеттен, ойламаған жерден  психикалық қысым жасаумен байланысты.

Шабуыл кенеттен болғандықтан жәбірленуші өз мүмкіндігінше тойтарыс беру қабілетін жоғалтады немесе үшінші адамның көмегіне жүгіне алмайды, себебі күш көрсету  әрекеті табан  асты туындайды. Қарақшылықта зорлық пен мүлікті иемдену бір уақытта жүзеге асырылады. Күш қолданусыз шабуыл жасау мүмкін емес.

Адамның дене құрылысына және физиологиялық жағдайына  тіптен әсер етпейтін немесе шамалы ғана әсер ететін қалыпты қызметін бұзбайтын  әсері күшті және есеңгірететін  заттарды ағзаға еңгізу, ол заттардың  денсаулыққа  және өмірге қаншалықта  қауіпті екендігіне байланысты, тонау  немесе қарақшылық  ретінде сараланады.

 Қарақшылық кезіндегі   шабуылды кең мағынада  түсіну  керек. Ол  жәбірленушінің жеке  басына кез келгеннысанда күш  көрсетіп ықпал жасаумен сипатталады,  нәтижесінде оның өміріне немесе  денсаулығына қауіп туады. 

Жәбірленушінің ағзасына  әсері күшті уды, есеңгірететін  заттарды оның еріксіз және егі жоқта  күштеп еңгізу заң нормасында көрсетілген  мақсатта болса, онда оның қарақшылықпен  шабуыл жасау деп  саналатын арттан келіп ұруды, тасада тұрып атудан айырмашылығы жоқ.

Зорлықтың жалпы мазмұны  қайсыбір адамға заңға қарсы қандай да бір күш қодануда жатыр. Жалпы  қабалданған пікір бойынша күш  қолдану адамның дене бітіміне және психикасына жасалған  зорлық деп  бөлінеді.

Дене бітіміне зорлық дегеніміз  – жәбірленушінің ағзасына, сыртқы және ішкі органдарына, оның еркімен  санаспай, механикалық құралдармен, сондай-ақ химиялық және электр құралдарымен де  жасалған әртүрлі қоғамға  қауіпті заңсыз әсер.

Зорлық өмірге қаіпті ме, жоқ па анықтау үшін сот істің  барлық мән-жайын ескеруге тиіс: қылмыс жасау құралын, көрсетілген зорлықтың  сипатын, жәбірленушінің жанды жерінің  жарақаттыған, алған жарақатына жәбіленушінің  психикалық көзқарасын,  сот-медициналық  сарапаттаудың қорытындысын және тағы басқаларды.

Бұл аталған мән-жайларды сот зорлықшының өмірге қауіптігін анықтау кезінде де ескеруге тиіс.

1988 жылғы 1 шілдедегі Денсаулыққа  зиянның ауырлығын сот-медициналық  тұрғыдан бағалаудың Ережесіне  сәйкес салған кезде тікелей  өмірге  қауіп төндіретін дене  жарақаты да, патологиялық жағдай  да  өмір үшін қауіпті деп  танылады. Оған мидың, жүректің  жарақат алуы, ірі қантамырларының  көп қан кетуі, тағы басқа  жатады. өмір үшін қауіпті деп,  сонымен қатар, өмір және денсаулық  үшін маңызды болып табылатын  органдар мен орталықтардың   бүлінуі де саналады, атап айтқанда, бас сүйекке, төске және қарынға,  жұлынға өткен жарақаттар, жеңіл  болса да ішкі органдардың  бүлінуі, өмірге қауіп төнетін  жағдайға әкеп соғатын жарақаттар (клиникаық естен тану, коллаж, қан  жоғалту,май эмболиясы). Жарақаттын  қауіптілігін бағалағанда адамның   емделгеннен кейінгі жағдайы  емес, жарақат алған кездегі жағдайы  ескеріледі.

Қарақшылық кезінде, көп  жағдайда,  денсаулыққа нақты  қауіптілік төнеді. Бұл мән-жай едәуір  мөлшерде зорлықтың жасалуы  тәсілімен  анықталады.

Мүлікті қылмыскердің иеленген-иеленбегендігіне қарамастан, жәбірленушінің  өмірі  мен денсаулығы үшін қауіпті зорлыққа ұласқан шабуыл жасаған кезеңнен бастап қылмыс аяқталған болып саналады.

Қарақшылықтың субъективтік жағы тікелей ниетпен және пайдакүнемдік  мақсатпен сипатталады.

Қарақшылықты саралаушы  ныандары ретінде заң мыналарды  таниды:

а) адамдар тобының алдын  ала сөз байланысуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен;

г) қару немесе қару ретінде  пайданылатын заттарды қолданумен жасалған.

Ерекше саралаушы нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылардың толық  қараушылық жасауы;

б) денсаулыққа зауыр зиян келтіріп қарақшылық жасау;

в) мүлікті ірі мөлшерде ұрлау мақсатында  қарақшылық жасау;

г) ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет соталған адамдардың қараушылық жасауы.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 27 қазандағы «Қарудың кейбір  түрлерінің айналымын мемлекеттік  бақылау туралы» заңынды тірі және өзге де нысаналарды құлатуға конструкциясы әдейі  арналған құрылғылар мен заттар, сондай-ақ қарудың функционалдық  міндетін анықтайтын оның негізгі бөліктері  қару деп танылады делінген.  Заң  қаруға оның  мына түрлерін жатқызады: атылатын, суық, газды, электр, пневматикалық  қарулар.

Қарақшылық жасағанда  қарудың болуы жеткіліксіз: ол қолданылуы тиіс. Қаруды қолдану дегеніміз –  қылмыскердің оны нақты пайдаланылуы, яғни ол жәбіренушінің өмірі мен  денсаулығына қауіпті жарақат салады, сондықтан да мұндай заттар тек сырттай  көрініс қана бермей, нағыз қарулар  қатарына жатуға тиіс.

Қаруды немесе өзге заттарды қолдану дегеніміз – қарудың  атылуы, көрсетілген заттарды ұрып-соғуға, тұншықтыруға, жаншуға пайдалану, және тағы басқа.

Қараушылық шабуылының зардабы  ретінде саналатын денсаулыққа  ауыр зиян келтіруді заң шығарушы жаңа Қылмыстық Кодексте осы іс-әрекеттің  саралаушы нышаны деп қарастырған. Бұл саралаушы нышан сондай зардап орын алған жағдайда ғана адамға кінә болып тағылады.

 

Мынандай жарақаттар салынғанда денсаулыққа ауыр зиян келген деп  есептейміз:

а) салған кезде өмірге қауіпті;

б) көру, сөйлеу, есту қабілетін  немесе қандай да бір органды жоғалтуға  не органның өз функциаларын жоғалтуғаәкеп  соғатын;

в) бет әлпеттің сиқын  бұзатын;

г) денсаулықтың бұзылуына, сонымен қатар жалпы еңбек  қабілетінің келгінде  үштен бір  тұрақты  жоғалтуға әкеп соғатын;

д) кәсіби еңбек қабілетін  толық жоғалтуға әкеп соғатын;

з) нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауруға әкеп соғатын  жарақаттар.

Сонымен жәбірленуші қарақшылық шабуы кезінде ұрып-соғу, оның денсаулығына жеңіл, орта ауырлықты зиян келтіру  Қылмыстық Кодекстің 179 бабының 1 бөлігі бойынша сараланады, қарақшылық кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру 179 баптың 3 бөлігі бойынша сараланады, егер де қарақшылық шабуылдың нәтижесінде жәбірленуші өлсе, онда әрекет Қылмыстық Кодекстің 96 бабы 2 бөлігінің «з» тармағы мен 179 бабының 1 бөлігінің жиынтығы бойынша сараланады.

 Қорқытып алу

 Қорқытып алушылықтың  қоғамға қауіптілігі сонда, ол  меншік құқығын бұзады.

Бұл қылмыстың объектісі  деп тек меншікті ғана емес, жәбірленушінің өз басын да санау керек ( оның бостандығы, ар-ожданы, қадір-қасиеті, жеке дербестігі).

Объект құрылымына және де меншік құқығымен ғана емес, кейбір жағдайларда міндетті құқықпен: меншікке өз үлесінен бас тарту, қорқытып алудың пайдасына қандай да бір мүліктік сипаттағы әрекеттерді қайтарымсыз  орындаумен қамтамассыз етілген  мүліктік мүдделер де кіреді.

Қорқытып алушылық – мүліктік қылмыс, меншіктің қоғамдық қатнастарына қол сұға отырып өз затына тек мүлікті  немесе оған құқықты ғана емес, сонымен  қатар мүліктік сипаттағы әрекеттерді  жатқызады. Бұл жерде мүлікке  құқық қатаң заңдық нысанның сақталуын  талап ететін тиісті құжаттармен  бекітіледі.

Күн көрсетіп қорқытушылықтың  ерекшелігі – оның келешекте жүзеге асатындығында, яғни айыпты өзінің мүлікті  беру туралы талабы орындалса бірнеше  уақыттан кейін күш қолданылатындығын  айтады.

Сонымен қатар бұл қылмыста табандылық сипат та болады, яғни өз талабы орындалмаса айыпты сол жерде  күш қолданылатынын білдіреді.

Қорқытып алудың қарақшылықтан  айырмашылығы сол, қорқытып алу кезінде  айыпты келешекте күш  қолданамын деп қорқытады, яғни  қорқыту мен  оны іске асыру арасында қандй  да бір уақыт болады.  Қорқытып алушылық кезінде  айыпты иелігінде  немесе  күзетінде мүлік бар  адамға ғана қатысты емес, оның жақындарына  да қатысты күш қолданамын деп  қорқытады, мұндай қараушылық кезінде  болмайды.

 Қорқытып алушылық  кезінде мүліктің келешекте брілуі, ал қарақшылықта оның табан-асты  берілуі талап етіледі.

Мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту дегеніміз – ол жүзеге асса, мүлік не мүлік болудан  қалады, не келген зақымнан кейін оны  қайта қалпына келтіру қажет  болады.

Бөтен мүлікті иеленуші немесе сол мүлік күзетіндегі адамды масқаралайтын мәліметтерді таратамын  деп қорқыту дегеніміз – сол  мәліметтерді оларды білмейтін адамдарға  хабарлаймын деп қорқыту.

Жәбірленуші қорқытып, оған мүліктік талап қойылған кезден бастап тіптеп айыпты өзі қалаған  нәтижеге қолын жеткізе алмаса да, мүлікті  немесе оған құқықты иеленбесе де, қылмыс аяқталған болып табылады.

Қорқытып алушылық заты –  мүлік, мүлікке құқық, мүліктік сипаттағы  әрекеттер, ал қараушылық пен тонаудың заты тек – мүлік.

Қорқытып алушылық кезіндегі  зорлық күш көрсетілген деп  қорқыту  мен мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп  қорқытумен, масқаралайтын мәлеметтерді таратамын деп қорқытумен, сондай-ақ күш қолданумен сипатталады.

Субъективтік жағынан  қылмыс тікелей ниетпен және пайдакүнемдік  мақсатпен сипатталады. Мүлікке  ешқандай құқ болмаса да, жәбірленушінің мүддесіне  залал келтіруі мүмкін әрекеттер жасаймын деп қорқытып сол мүлікті талап етіп, отырғанын  айыпты ұғынады.

Мақсат -  мүлікті немесе сол мүлікке құқықты алу.

Қорқытып алудың субъектісі – жасы он төртке толмаған, есі дұрыс  адам.

Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдестемесі – бұл тергеуді ұйымдастыру  мен жүзеге асыру және қылмыстың  жеке түрлерін болдырмау бойынша  кеңес беу негізінде қарастырылатын ғылыми жағдай жүйесін құратын криминалистиканың  бөлімі.

Криминалистиканың әдістемесінің  көздері мыналар болып табылады:

а) қылмыстың құрамының  белгілерін, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні мен шегін  айқындайтын қылмыс және қылмыстық  іс жүргізуші заң шығарушы нормалар;

б) криминалистикалық техника, криминалистикалық тактика, криминалистикалық  ұйымдастыру жағдайының жалпы теориялық  ережелері;

в) қылмысты ашу, тергеу және болдырмаудың  алдыңғы қатарлы  тәжірибесі;

г) қылмысты тергеуде қолданылатын басқа ғылымдардың жеке ережелері (сот медицинасы, психология, криминология)

Криминалистикалық әдістеменің  жалпы мәселесі болып Республикалы қылмыспен белсенді айбынды түрде  күреске қатысу болып табылады.

Өзекті мәселе қатарына жататындар:

-    криминалистикалық  тұрғыдан қылмыс пен қылмыстылық  жағдайларды зерттеу;

-    әр қилы қылмыстың  түрлерін ашу, тергеу және болғызбаудың  алдыңғы қатарлы тәжірибесін   зерттеу және талдап қорыту;

-    қылмыстың жеке  түрлерін ашу, тергеу және қылмысты  болғызбауды жүзеге асыру   мен ғылыми негізделген бағдарламаларды  жаңарту.

Қылмыстың жке түрлерін тергеу әдісі екі бөлімнен тұрады:

а) криминалистикалық методологияның жалпы ережелері;

б) қылмыстың нақтылы айқын  түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі (жеке әдіс);

Жалпы жағдайы – бұл  криминалистикалық әдістің теориялық  негіздері (жүйесі, мақсаты, қағидасы)

Жеке әдістер – қылмыстың  нақты түрлерін тергеу кеңестері  мен  бағдарламалары жеке әдіс екі  топқа бөлінеді: жай және ерекше.

Жай әдістер – қылмыстық  заңмен бекітілген қылмыстың түрлері  бойынша, ал ерекше әдістер мынандай белгілер бойынша құралады:

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі