Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 20:41, реферат

Краткое описание

Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Содержание

Кіріспе
1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
1.1 Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
1.2 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2. Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
2.1 Ұрлықты тергеу әдістемесі
2.2 Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
2.3 Алаяқтықты тергеу әдістемесі
2.4 Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
2.5 Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 65.45 Кб (Скачать файл)

-    қылмыстың болған  орны;

-    қылмыскер тұлғасының  мінездемесі;

-    қылмыстың болуы  мерзімінен бергі уақыт саны;

-    тергеуге қатысқан  тергеушілер саны.

Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесінің жеке типтік құрлымы  келесі бөлімдерден тұрады:

а) көрсетілген қылмыс түрінің  криминалистикалық сипаттамасы;

б) көрсетілген қылмыс түрін  тергеудегі анықтауға жататын жағдай;

в) көрсетілген категория  ісі бойынша қылмыстық істі қозғау және тергеудің бастапқы этабын жоспарлау  негіздері;

г) типтік тергеу жағдайы  пайда болу барысында, тергеуші тергеудің  әр этаптағы әрекет тәртібі; тергеу іс-шарасындағы  тактика әрекетінің және  басқа  да ұйымдасқан  әрекеттің ерекшеліктері;

д) көрсетілген дәреже істері бойынша арнаулы  білімді қолдану  ерекшеліктері;

е) тұрғындардың көмегін  пайдалану ерекшелігі;

з) көрсетілген қылмыс түрін  тергеудегі тергеушінің, анықтаушы  бөлім қызметкерлерінің және олардың  басшыларының ара қатынасты жан-жақты  жандандыру;

и) сәкес келетін іс катергориясы бойынша тергеушінің тергеу материалдары бойынша  профилактикалық жұмыс, яғни алдын алу әрекетін ұйымдастыру.

 

2.1. Ұрлықты тергеу әдістемесі

 

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексі – 175 бабына сай, ұрлық бөтен мүлікті жасырып  ұрлау болып ұғындырылады.

Бұл жеке меншікке қарсы  кең тараған қылмыс.

Объект – меншік.

Объективтік жағы – бөтен  мүлікті жасырын ұрлау.

Субъект – 14 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы – тікелей  қасақаналық.

Ұрлық заты – ақша, бағалы бұйымдар,  тауарлар және тағы басқа  болып табылады.

Бұл қылмыс әр түрлі жерлерде жасалады. Ұрлық күндізгі уақытында, түнгі уақытта да жасалады. Жиі  кездесетіні дүкен, қойма, пәтер, үйдегі заттар және де жеке заттарды вокзалдарда, поезда, базарларда, сондай-ақ адамдар  көп жүретін жерлерде қалтадан ұрлау.

Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға ұрылар төбені, қабырғаны, еденді, есікті, терезелерді  бұзып кіреді немесе жерді қазып  кіреді. Құлыпты бұзып немесе арнайы дайындалған кілтпен ашып кіреді. Сындыру, бұзу үшін белгілі бір құралдарды қолданады.

Қалтадан ұрлағанда бір  заттың көмегімен немесе заттың көмегінсіз қыстырылысқан уақытты пайдаланып ұрлайды. Ұрылар өз қылмысын сездірмеу  үшін үй жас балаларды, орамадағы  гүлдерді пайдаланады.

Ұрлықты тергеудегі анықтауға  жататын мән-жайға мыналар жатады:

-    ұрлықтың орны  бар ма;

-    оны жүзеге  асырудағы уақыты, орны және шарты;

-    ұрлық заты (қылмыскермен  ұрланған зат), оның құны, белгісі;

-    ұрланған зат  кімге тиесілі;

-    ұрлықты істеу  тәсілі;

-    ұрлық субъектісі (оның кіммен істелгені);

-    ұрлық қылмыстық  топпен жасалды ма, жасалынса  топтың әрбір қатысушысының кінәларының  дәрежесі;

-    ұрланған затты  сату орны, уақыты және тәсілі;

-    кінәлілердің  жауаптылығын жеңілдететін және  ауырлататын мән-жайлар;

-    ұрлыққа ықпал  еткен себептер мен шарттар.

Ұрлықты істеу тәсілдерін келесі көрініспен топтауға болады:

а) мемлекеттік немесе қоғамдық, не азаматтардың жеке мүлкін тұрғын алаңнан  ұрлау; олар бұзу және бұзбау жолдарымен жүзеге асырылады;

б) тұрғын үй алаңға енусіз азаматтардың жеке мүлкін ұрлау (сумкадан, қалтадан ұрлау, маскүнемдікті пайдалану);

в) сенімділікті пайдалану  арқылы істелетін ұрлық (тұрғын үйге немесе алаңға ену және енбеу арқылы);

г) автоматтандырылған сақтау камераларынан ұрлау;

д) автокөліктерден және тағы басқалардан ұрлау.

Қылмыстық іс келіп түскен арыздар, хабарлар және жедел іздеу  кезінде алынған мәліметтер бойынша  қозғалады.

Ұрлықты тергеу кезінде бастапқы үш түрлі тергеу әрекеттері айқындалады.

А) Ұсталынған, қылмыс жасаған  сезікті тұлға.

Бұл тергеу жағдайында болған қылмысқа тұлғаның қатыстығын көрсететін дәлелдемелерді жинаумен қорытындыланады. Тергеушінің келесі әрекет бағдарламасы ерекше: сезіктікті ұстау, жеке тінту, қажет болғанда куәгерлендіру; оқиға  болған жерді қарау; жәбірленушілерді немесе материалды жауапты тұлғаларды және куәгерлерді жауаптау; сезіктікті жауаптау; сезіктінің тұрғын орнын  тінту.

Б) қылмыс жасалды деп  сезіктелген тұлға ұсталмаған, бірақ  оның тұлғасы жайында анықталған дәлел бар.

Тергеудің негізгі бағыты болған қылмыс болған материалдық жағдайды зерттеу, сезіктелген тұлғалар, ұрланған мүлікпен немесе  құнды заттар туралы дәлелдемелерді жинау мен бекіту және басқа қылмыс мән-жағдайларын  анықтау болып табылады.  Берілген жағдайда мынандай бастапқы тергеу  әрекеттері негізгі мәселе бола алады: жәбірленушілерді немесе материалды жауапты  тұлғаларды жауаптау; оқиға болған жерді қарау;  куәгерлерді жауаптау;  сот сараптамаларын тағайындау, жедел  іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру.

В) қылмыс істеген тұлға  жөнінде мәліметтердің құқық  қорғау органдарында болмауы және жоқтығы.

Тергеуші әрекеттеріне жататындар: зерттеп, іздеуші бағыттамалар қасиетері  сәйкес бұл жағдайлар үшін жоғарыда айтылған  тергеу әрекеттерінен  басқа қылмыс істеген тұлғаны  анықтауға; ұрланғанды іздестіру; қылмыстың  болу тәсілі, оқиға болған жердегі  табылған іздер, ұрланған заттардың  белгілері туралы криминалистикалық  тіркеуді және басқа іс-шараларды  пайдалану арқылы тергеуді жүзеге асыруға  арналған жедел-іздестіруші іс-шаралар  сипаты.

 

2.2. Тонау мен қарақшылықты  тергеу әдістемесі

 

Тонау - бұл бөтен мүлікті  ашық ұрлау.

Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті  ұрлау мақсатында шабуыл жасауға  ұшыраған дамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету мен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп  қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

Тонау

Объект – меншік, адамның  жеке басы.

Объективтік жағы – бөтен  мүлікті ашық ұрлау.

Субъект – 14 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы – тікелей  қанаушылық.

Қарақшылық

Объект – меншік, адамның  өмірі мен денсаулығы.

Объективтік жағы – адамның  өмірі мен денсаулығына қауіпті  күш көрсету, күш көрсетемін деп  қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

Субъект – 14 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы – тікелей  қастандық, пайдакүнемдік.

Аса қауіпті қарақшылық шабуылдар  банктерге (ақша айырбастау бөлімдеріне, банк филиалдарына, бөлімшелеріне) кассирлерге, инкасатрларға қарулы шабуыл жасаумен жасалады.

Мұндай қылмысты жасау  үшін қылмыскер жан-жақты дайындалады. Бөлек мекеменің және қызметкердің жұмыс уақытын біліп алады. Қызметкерлердің  жүретін жолдарын анықтап алады. Өздерін  көлік құралдарын қамтамассыз  етеді, қаруландырады.

Ұшу, теміржол билеттерін алдын  ала дайындап сатып алып қояды, істерін  бітіргеннен кейін қаладан қашып  кету үшін және де түр түстерін, киген  киімдерін өзгертіп алады.

Қылмыскерлер тобы нақты  және тез қимылдайды, көздейді. Қылмыс кезінде қауіпті жағдайларды  сезгенде қару қолданады.

Пәтерлерге қарақшылық шабуыл жасау кезінде қылмыскер жалған құжаттарды қолданады.  Өздерін құқық  органдарының қызметкеріміз деп, почта, коммуналдық бөлім қызметкерлеріміз деп пәтерлерге алдап кіреді. Одан кейін қатаң қимылдайды; жәбірленушілерді байлап тастайды немесе бәрін бір  бөлмеге қамап бекітіп тастайды (ваннаға, бөлмеге) және қорқытады полицияға  хабарласа өлтірітіндерін айтады. Егер жәбірленуші қарсылық  көрсетсе, көмек сұрап айқайласа ұрып соғады, денсаулығына қауіпті зиян келтіреді.

Қарақшылық пен тонау  болғанда қылмыстық іс жәбірленушінің немесе олардың туыстарының, куәгерлердің хабарлауы бойынша немесе жеке арыз бойынша қозғалады.

Қарақшылық шабуыл жасау  және тонау туралы істер бойынша  анықталуға мыналар жатады:

-    қарақшылықтың  немесе тонаудың болған орны, уақыты, мән-жайы;

-    қылмыстың жасалу  тәсілі, оның нақты көрініс алған  физиологиялық немесе психикалық  зорлықтың қолданылуы; қару қолданды  ма, қалай; қылмыскер көлік құралын  қолданды ма және оның белгілері  қандай?

-    қылмысқа дайындық  болды ма, қандай, қатаң және кіммен  жүргізілді?

-    қылмысты жасыруға  қылмыскер  қандай тәсілдерді  қолданды?

-    түрін өзгертті  ме, киімін ауыстырды ма, қылмыстың  іздерін жойды ма, басқа қылмыстың  көрінісін жасауға тырысты ма?

-    қарақшылық шабуыл  жасауға, тонауға кімдер қатысты,  жәбірленушілерде қандай дене  жарақаты қалды, еңбек ету қабілетінен  айырылды ма?

-    не тоналды  және оның құны, тоналған заттар  мен ақшалар кімге тиесілі;

-    қарақшылық немесе  тонауды кім істеді, тығылған  қылмыскердің белгілері, сырт  бейнесін өзгертутәсілдері, жабылғандардың  саны, олардың әртүрлі қылмыскерлердің  тұлғасы туралы көрсетпелерді  жинау;

-    қарақшылыққа  немесе тонауға неше адам қатысты,  олардың арасындағы келісімнің  болуы, топ құрамы, олардың қалыптасу  шарты, әрқайсысының қылмыс істеудегі  ролі, осы тұлғалармен басқа да  қылмыстар жасалды ма?

-    қандай, қашан,  қайда және осы қарақшылықпен  олардың байланысы бар ма?

-    тоналғанды тығушы, алушы, шағыстырушылардың, табушылардың  берген тұлғаны сипаттайтын көрсетпелері;

-    қарақшылық немесе  тонауға ықпал етуші мән-жайлар.

Тонау мен қарақшылық шабуылды жасау тәсілдері:

а) зорлықсыз күтпеген жерден болған жағдайды қолданып; тұрғын үйлерде, алаңдарда немесе ашық жерлерде шабуыл жасау;

б) зорлық пен қорқытуды  қолдану арқылы ашық жерлерде, сондай-ақ есік алдында және подъездерде шабуыл жасау;

в) белгілі бір сылтаумен  немесе зорлықты қолдану арқылы тұрғын алаңдарға  кіріп, азаматтарға шабуыл жасау;

г) мемлекеттік немесе коммерциялық  банк кассирлеріне, сатушыларға, сату мекемелерінде, қаржылық ұйымдарда, байланыс бөлімшелерінде және басқа мемлекеттік  немесе жеке ұйымдар мен мекемелерде  болатын шабуыл;

д) теміржол, су және басқа  көліктердің қозғалмалы құрамындағы  азаматтарға шабуыл жасау;

е) такси жүргізушілеріне, олардың ақшасына немесе автокөліктеріне  иелену мақсатында шабуыл жасау.

Тонау мен қарақшылықты тергеудің  бастапқы кезеңінде көбінесе мынандай тергеу түрлі жағдайларды қалыптасады.

А) тонаған немесе қарақшылықпен  шабуыл жасаған сезікті тұлға  қылмыс болған жерде немесе оның болуынан кейін ұсталуы.

Осы жағдайда тергеудің әрекет жоспары мынандай: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, қажет болған жағдайда куәгерлендіру, жәбірлеушілерді жауаптау, қажет болғанда оның киімін қарау  және куәгерлендіру; оқиға болған жерді  қарау; сезіктіні жауаптау; сезіктінің тұрақты мекен жайын тінту; көрген куәгерлерді жауаптау; сот - медициналық, криминалистикалық және басқаа сараптаманы  тағайындау;

Б) қылмысты жасаған сезікті  тұлға ұсталған жоқ, бірақ тергеушіде іздестіру мен ұстауды шешетін  дәлел бар.

Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің реті сынандай: сезіктіні  жауаптау, куәгерлендіру және киімін қарау; оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді жауаптау, сот сараптамаларын тағайындау; жедел іздестіру іс-шараларын  жүргізу.

В) қылмыс істеген тұлға  туралы мәлімет құқық қорғау органдарында жоқ.

Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің басқа жоғарыда аталған, сезікті тұлғаларды анықтаумен ұрланған затты іздестіруге бағытталған  жедел іздестіру іс-шаралары қолданылады.

Тонаумен  және қараушылықпен  шабуыл жасау туралы  істер бойынша  сот – медициналық сараптаманың шешетін мәселері:

-    жәбірленушінің, сезіктінің денесінде қандай  жарақаттар бар;

-    бар залалдың  сипаты қандай;

-    қарудың қандай  түрлерімен залал келтірген;

-    нақта заттарға  залал тиген бе;

-    зақым беру  кезінде қылмыскер мен жәбірленушінің  орналасу аралығы қандай;

-    зақымның түсу  ескілігі мен ауырлығы қандай;

-    зерттелуші зата  қан бар ма;

-     ол адамға  тиісті ме;

-    қан тобы қандай;

-    қан нақты бір  тұлғаға тиісілі болуы мүмкін  бе.

2.3. Алаяқты тергеу әдісі

 

Алаяқтық – бұл бөтен  мүлікті  ұрлау немесе бөтен мүлікке  құықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.

Алаяқтық әрекеттерді  істегенде, қылмыстық қол сұғудың  пәні болып ақша, өндірістік тауарлар, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар және т.б табылады.

Объект -  мнешік.

Объективтік жағы – бөтен  мүлікті ұрлау, бөтен мүлікке  құқықты алу, сенімге қиянат жасау  арқылы алу.

Субъект – 16 жасқа толған тұлға.

Субъективтік жағы – тікеле қасақаналық, падакүнемдік мақсатта.

Қылмыстық іс жәбірленушінің арызымен қозғалады. Егер де алаяқтылық қылмыскердің құрбаны өнеркәсіп  немесе мекемелер болса, қылмыс іс меншік иелерінің, лауазымды тұлғалардың  хабарлауы мен және де тергеу органдарының бастамасымен де іс қозғалады.

 Қылмыстық істерді  берілген дәрежесі бойынша   дәлелдеуге жататын жағдайлар  қатарына мыналар жатады:

-    алаяқтық орынға  иеленді ме;

-    алаяқтың орны, уақыты, шарты, тәсілі, қылмысты білген, көрген кім, 

-    қылмыстық ойдың  болуы;

-    алаяқтың пәні  алаяқпен қанша мөлшердегі ақша  заңсыз түрде алынған;

-    алаяқтық кімге  қатысты істелінген (мемлекеттік  немесе қоғамдық ұйым, коммерциялық  құрылым, жеке тұлға);

-    қылмыскердің  тұлғасы туралы деректер (жұмыс  орны, еңбек мінездемесі, сотталғандығы);

-    алаяқтық қылмыстық  топ және әр жердегі қатысқан  басқа тұлғалар туралы деректер;

-    жәбірленушінің  тұлғасы (алаяқтықпен қатынасқа  түсуі туралы деректер);

-    алаяқты істеуге  ықпал ететін мән-жайлар.

Алаяқты істеудің негізгі  тәсілдері дәстүрлі және қазіргі  заманға лайықты болып бөлінеді.

Дәстүрлі тәсілдерге мыналар  жатады:

а) карта және де басқа  да құрамалы ойындарда алдау;

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі