Қылмыстық ізге түсу амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 06:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады: 1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыстык изге тусу амалдары.doc

— 383.00 Кб (Скачать файл)

8)     әскери     бөлімшелер,     құрамалдардың,     әскери     мекемелер     мен гранизоналардың     бастықтары     олардың     қоластындағылар     жасаған  қылмыстарға қатысты, егер әскери полиция;

9)   дипломатиялық  өкілдіктердің, консулдық мекемелердің  бастықтары және ҚР өкілетті  елшілері - олардың жұмысшылары бару  елінде жасаған қылмыстары бойынша;

10)  мемлекеттік  өртке қарсы қызмет органдары  - өртпен байланысты барлық қылмыстар бойынша [26; 61].

           Осы аталып кеткен органдар  анықтау органдары болып табылады  және өз өкілеттіктері шегінде  қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.  Анықтау органдарына төмендегілер  жүктеледі:

1)    заңмен  белгілеген құзыретті шегінде  қылмыс белгілерін және оларды жасаған   адамдарды   анықтау,   қылмыстарды   алдын   алу   және   кесу мақсатында қылмыстық іс жүргізушілік және жедел іздестіру шараларын жүргізу;

2)     алдын ала тергеу жүргізу міндетті  болып табылатын істер бойынша  Қылмыстық   іс   жүргізу   кодексінің   200-бабында   көзделген   тәртіппен қылмыстық  іс  жүргізушілік  және  жедел  іздестіру  әрекеттерін  жүзеге асыру;

3)    қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 37-тарауында  көзделген тәртіппен алдын ала  тергеу қажет емес істер бойынша анықтау жүргізу;

4)     Қылмыстық іс жүргізу кодексі  288-бабының 3-бөлігінде көзделген  істер бойынша анықтау жүргізу  [27; 51].

         Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу  және барлық қылмыстар бойынша  кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін  жасау жөніндегі анықтау органның құқықтары мен міндеттерін алыстағы жүзудегі кемкелердің капитандары, геологиялық барлау партиялардың басшылары, анықтау органдарынан алыс тұратын басқа мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің иеленіп, жүзеге асыра алады.

          Бұл органдар мен лауазымды тұлғалар анықтау органдарының өкілеттіктерін көлік қатынастары болмаған уақытта жүзеге асырады. Ал егер көлік қатынастары болса, онда жақын тұрған елді мекеннің анықтау органдарымен байланыс орнатылып, олар қылмыстық қудалауды өздері жүзеге асырады.

          Анықтау органның бастығы қылмыс  белгілерін, қылмыс жасаған адамдарды  анықтау, қылмыстардың алдын алу  және кесу мақсаттарында қажетті  қылмыстық іс жүргізушілік және  жедел іздестіру шараларын жүзеге  асыруды ұйымдастырады.

          Алдын ала тергеу органдарының тергеуіне жататын істер бойынша анықтау органның бастығы:

         1)     кідіртілмейтін тергеу  әрекеттерін жасауды қамтамасыз  етеді;

         2) прокурордың, тергеушінің, соның  ішінде, жекелеген тергеу әрекеттері  мен   өзге   де   әрекеттерді   жасау   және   жәбірленушілірді,   куәларды, қылмыстық сот өндірісіне қатысушы өзге де тұлғаларды қорғау шараларын жүзеге асыру тапсырыстарын орындайды;

         3)     сот тапсырмаларын  орындауды жүзеге асырады [28; 108].

          Олар бойынша сотқа дейінгі  сот ісі анықтау органымен  жүзеге асырылатын қылмыстар  бойынша анықтау органның бастығы  анықтаушылардың әрекеттерінің  уақытында жүзеге асырылуын және заңдылығын бақылайды және:

         1)       олардың өндірісіндегі  істерді тексеруге;

         2)   тергеу әрекеттерін және  өзге де процессуалдық әрекеттерді  жүргізу бойынша,     айыпталушы     ретінде     жауапқа     тарту     бойынша,     істі (материалдарды) бір анықтаушыдан екінші анықтаушыға беру бойынша нұсқаулар беруге;

        3)      анықтауды бірнеше  анықтаушыларға тапсыруға;

        4)    қылмыстық іс қозғап, жеке өзі анықтауды жүргізуге  құқылы [29; 37].

      Сонымен қатар, анықтау органның  бастығына келесі өкілеттіктер берілген: қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы, тінту жүргізу және мүлікке тыйым салу туралы, айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, іс бойыша өндірісті тоқтату, қалпына келтіру, қысқарту туралы, қамауға алынбаған айыпталушыны (сезіктіні) сот- медициналық және сот- психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберу туралы; айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыға іздеу салу туралы қаулыларды бекіту; қылмыс жасауға сезікті адамдарды қамауға алу туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын бекітеді, қылмыс жасауға ықпалын тигізетін мән-жайларды жою бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді, прокурорға қылмыстық істі айыптау хаттамасымен бірге жібереді.

           Анықтаушы - бұл өз құзіреттері  шегінде қылмыстық іс бойынша  сотқа дейінгі өндірісті жүзеге  асыруға өкілетті болып табылатын  лауазымды тұлға. Анықтаушы дербес  өзі сотқа дейінгі өндірістің басталуы мен ақталуы уақыттың анықтауға құқылы. Ол қылмыстық істі тергеу бойынша әрекеттерді тек қана қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатан сақтай отырып, жүзеге асырады. Ол өз еркімен шешімдер қабылдап тергеу әрекеттерін жүргізе алады. Бірақ, бұған анықтау органы бастығының  рұқсатын алуы қажет болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Олар бойынша алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырған кезде анықтаушы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 39-тарауындағы ережелерді қоспай отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін басшылыққа алады.

            Алдын ала тергеу жүргізу міндетті  болып табылатын қылмыстық істер  бойынша анықтаушы анықтау органы  бастығының тапсырмасы бойынша  қылмыстық іс қозғауға және кідіртілмейтін тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізуге өкілетті болып табылады. Бірақ, ол туралы анықтаушы анықтау органының бастығына 24 сағат ішінде хабарлауға міндетті.

            Анықтаушы жекелеген тергеу әрекеттерін  жүзеге асыру, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша соттың, прокурордың, алдын ала тергеу және анықтау органының тапсырмаларын орындауға міндетті.

           Анықтау органы бастығының тапсырмалары  анықтаушы үшін міндетті болып табылады, осы тапсырмаларды шағымдану олардің орындалуын тоқта тұрмайды. Бірақ, бұған қылмысты саралау бойынша, айыптың көлемі бойынша, істі прокурорға айыпталушыны сотқа жіберу үшін беру бойынша немесе қылмыстық істі қысқарту бойынша тапсырмалар қосылмайды.

           Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 285-бабында  кезделген қылмыстар тураы істер  бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу  барысында анықтау органы бастығының  өкілеттігіне өз құзыретінің  шегінде Бас басқарманың  (Департаменттің), басқарманың, бөлімнің, бәлімшенің және анықтау органының өзге де бөлімшелерінің бастықтары ие болады.

          Анықтау органының бастығы қылмыстың  белгілері мен оны жасаған  адамдарды анықтау, қылмыстарды  болдырмау және жолын кесу  мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларың қолдануды ұйымдастырады. Жедел- іздестіру қызметтің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабында белгіленген тәртіппен жібереді.

         Анықтау органның бастығы алдын  ала тергеу органдары тергейтін  қылмыстар туралы істер бойынша:

        1)     кезек күттірмейтін  тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді;

        2)     прокурордың , тергеушінің  тапсырмаларын, оның ішінде жекелеген  тергеу және өзге де әрекеттер  жүргізу туралы жәбірленушілерді, куәларды, қылмыстық  сот  ісін  жүргізуге  қатысушы  басқа  да  адамдарды  қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

       3)     соттың тапсырмаларын  орындауды ұйымдастырады [30; 9].

         Сотқа дейінгі іс жүргізуді  анықтау органдары жүзеге асыратын  қылмыстар туралы істер бойынша  анықтау органының бастығы анықтаушылардың іс-әрекеттерін уақытылығына және заңдылығына бақылау жасайды және:

       1)     олардың іс жүргізуіндегі  істерді тексеруге;

       2)   жекелеген   тергеу   және   өзге   де   іс   жүргізу   әрекеттерін   жүргізу,  айыпталушы ретінде тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы, істерді (материалдары) бір анықтаушыдан екіншісіне беру туралы нұсқау беруге;

      3)     анықтауды бірнеше  анықтаушыға тапсыруға;

      4)     қылмыстық  іс  қозғауға  және  істі  өзінің  жүргізуіне  қабылдап  не жекелеген іс жүргізу әрекеттерін орындай отырып анықтауды жеке-дара жүргізуге құқылы [31; 28].

         Анықтау органының бастығы қылмыстық  іс қозғау немесе оны қозғаудан  бас тарту, тінту жүргізу және  мүлікке тыйым салу туралы, айыпталушыны қызметінен шеттену, айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қамауға алу түріндегі бұлттартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтау туралы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту қамауға    алынбаған    айыпталушыны    (сезіктіні)    стациянарлық    сот-медициналық немесе сот-психиатрыялық сараптамалар жүрпзу үшін медициналық мекемеге жіберу, айыпталушыны (сезіктіні) қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны этаппен жөнелту,оған іздеу жариялау туралы қаулыларды бекітеді; қылмыс жасады деп күмән келтірілген адамдарды ұстау туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын бекітеді; қылмыс жасауға жағдай туғызатын жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз етеді; прокурорға айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі жолдайды.

           Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауы анықтаушының дербестігін, оның Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 67-бабында белгіленген құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда беріледі және атқарылуға міндетті, бірақ ол жөнінде прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының іс-әрекетіне шағымдануы олардың атқарылуын тоқтатпайды.

          Анықтаушы - өз құзыретінін шегінде  қылмыстық іс бойынша сотқа  дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

          Анықтаушы Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінің  айқындалған нысандарда сотқа  дейінгі іс жүргізудің басталуы  және жүзеге асыралуы туралы  шешім қабылдауға, заңда оларды  анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

          Алдын ала тергеу жүргізу міндетті  емес қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде анықтаушы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-тарауында көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын ала тергеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің көзделген ережелерді басшылыққа алады [39; 136].

           Анықтаушы, алдын ала тергеу  жүргізілуі міндетті қылмыстық  істер бойынша кідіртуге болмайтын  жағдайларда анықтау органы бастығының  тапсырмасы бойынша қылмыстық  іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол турулы 24 сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органның хабарлауға міндетті.

           Анықтаушы соттың, прокурордың алдын  ала тергеу органының және  анықтау органының жекелеген  тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық прцесске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті.

          Анықтау органының бастығының  нұсқаулары анықтаушы үшін міндетті. Анықтау органының бастығының  қылмыстық істер жөніндегі нұсқауға прокурорға шағым жесалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым, қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олрдың атқарылуын тоқтатпайды.

          Ең басты әрі елеулі қиыышылықтар  туғызатын мәселе болып ал. тергеу  міндетті  емес  анықтау  істерін  тергеудің іс жүргізу  мерзімдерінің  бұзылуы табылады.  Қылмыстық  іс жүргізу заңында осы анықтау  тергеудің мерзімі  он  күн  деп белгіленген және қажет жағдайда ол отыз тәулікке дейін ұзартыла алады. Алайда тәжірибеде осы қылмыстық істерді тергеу   мерзімінің   отыз  тәулікке  ұзартылуы,   прокурорлармеп   іс жүргізу мерзімінің бұзылуы деи танылады.

          Осы түсініспеушілікті реітеу жөніндегі ұсыныспен  бірнеше  рет  шыққан анықтау  органдарының өкілдері аталған мәселенін   оң   шешілуіне   қол   жеткізе   алмады.   Ал   осы   анықтау істерін тергеудің   мерзімдерін  бұзудың  негізгі  себептері  - сезіктілерді. айыпталушыларды   құжаттандыру,  сот  сараптамасы  қорытындысының дер кезінде дайын болмауы мәселелерінін өзі - заң шығарушы тарапынан қайта қарап, оңтайлы жағына карай шсшілуді қажет ететін маңызды әрі жеке сұрақтар.

           Қылмыстық іс жүргізу заңында  алдын ала тергеу міндеітті емсс істерінің жәбірленушінің сезіктімен немесе айыптапушымен татуласу жағдайында кыскартылуы көзделген. Бірақ тәжірибеде мұндай істер қосымша тергеуді талап ететін істер деп белгіленіп, қосымша тергеуге кайтарылады, Адам атаулыға қатысты ізгілік білдіру қағидасы да жеткіліксіз іске асырылуда. Осылай. тәжірибеде сезіктілер мен айыптаушыларға бұлтартпау шарасы ретінде қамау. кей жағдайларда ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру шарасы қодданылады. ал кепіл. үйде камауда ұстау сияқты шаралардың  тәжірибеде қолданылуы мүлдем енгізілмеген. Десек те. құқық органдарының қызметі ең біріншіден кінәлі тұлғаны жазалауға емес. қылмыстың аллын алуға. оны тәрбиелеу негізінде дұрыс жолға коюға бағьпталуы тиіс.

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу амалдары