Қылмыстық ізге түсу амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 06:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады: 1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыстык изге тусу амалдары.doc

— 383.00 Кб (Скачать файл)

      5)тексеру барысында жиналған  материалдар бойынша қорытынды  шешім шығару.

         Аллын ала тергеу міндетті  қылмыстық істер бойынша анықтау  органының бастығы мен анықтау органының қылмыстық-іс жүргізушілік өкілеттіктері шектеулі болып табылады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес анықтау органдары арызды қабылдаған жағдайда қылмыстық істі қозғап. кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларыи ғана жүргізеді жәнс бсс тәуліктен кешіктірмей істі тергеушіге береді.

          Бұл қылмыстық істер бойынша  анықтау органының бастығына  заңмен іс жүргізушілік өкілеттіктер  берілмеген. Анықтау органының бастығы  осы қылмыстық істср бойынша анықтаушының заңмен белгіленген өкілеттіктерді орындауын ұйымдастырып, тергеушінің, соттың, прокурордың тапеырмалары мсн нұсқауларын орындауын қамтамасыз етеді. Осы себептен де. осы қылмыстық істерге жүзеге асыратын бақылауың ұйымдастырушылық сипатқа ие болады деп көрсеткен.

          Ал сотқа дейінгі іс жүргізуді  анықтау органдары жүзеге асыратын  қылмыстық істер бойынша (ҚР  КІЖК-нің 285-бабы) ведомстволық бақылау  көбінссе іс-жүргізушілік сипатқа  жақын. Бұл оның осы қылмыстық  істер бойынша заңмен берілген қылмыстық істі қозғау немесе істі өз өндірісіне қабылдап, анықтау жүргізу не жекелеген тергеу әрекеттерін орындау құқықтарынан айқын керінеді. Сонымен қатар анықтау органы бастығының осы қылмыстық істсрге жүзеге асыратын ведомстволық бақылауының мүмкіндіктері үлкен десек қателеспейміз.

           Анықтау органының бастығы осы  қылмыстық істерге ведомстволық  бақылауды жүзеге асыру кезінде  мынадай іс жүргізу нысандарын  қолданады:              -         қылмыстық  істсрді тексеру.

- тергеу әрекеттерінін жүргізілуіне қатысу,

- нұсқаулар беру,

- істі баска анықтаушыға беру,

-  қылмыстық істі тергеуді бірнеше анықтаушыға тапсыру,

- қылмыстық істі өзінің жүргізуіне қабылдау.

           Тәжірибеде анықтау органы бастьгғының  қылмыстық істер бойынша нұскауларды  беру нысаны кеңінсн қолданылады. Нұсқаулар негізінде басшы мсн анықтаушылар арасында қылмыстық-іс жүргізушілік қатынастар туындайды. Сонымен бірге,  нұсқаулар анықтау органы бастығының ведомстволық бақылауды жүргізу және окың жалпы жұмыс жасау деңгейін көрсететін критерий болып табылады.

             Қолдаиыстағы ҚР ҚІЖК-нін 123-бабында  қылмыстық іс жүргізетін органдардың    құжаттары    қылмысгық   іске   тіркеледі    және   онда   оның сақталуының бүкіл  мерзімі бойында сақталады делінген.

             Алайда, қылмыстық істерді зерделеу қылмыстық істер бойынша анықтау органының бастығымен берілетін нұскаулардың орындалмайтынын және көп жағдайда жоғалып. іске тіркелмейтінін көрсетеді (57%). Осы орайда, қылмыстық іс жүргізу заңында анықтау органы бастығының іс бойынша беретін нұсқауларын қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеу қажеттігі туралы ережені белгілеп көрсегкен жөн.

            Осыған байланысты,  ҚР ҚІЖК-нің  66-бабының б-бөлігін «нұсқау жазбаша  беріледі» деген сөздердеи кейін  «және істің материалдарына қоса тіркеледі» деген сөздермен толықтыруды ұсынған, арі қарай мәтін бойынша. Осы толықтыру прокурордын анықтау органдарының қызметіне жүзеге асыратын қадағалауын жеңілдетіп, ведомстволық бақылаудың деңгейі мен тиімділігін көрсетеді.

          Осы қылмыстық істер бойынша анықтаушылардың негізгі іс жүргізу шешімдерін бекіту (ҚР ҚІЖК, 66-бап 5-бөлігі) құзыреті де анықтау органы бастығының ведомстволық бақылау қызметін тергеу бөлімі бастығынан ерекше етіп көрсетеді.

           Анықтау органы бастығының бұл ерекшелігі оның ведомстволық бақылауын «қос сипатты бакылау» деп атауға иегіз береді. Оның себебі, анықтау органының бастығы анықтаушылардың іс бойынша қабылдаған негізгі іс жүргізу шешімдерін міидетті түрде бекіте отырып (80%) - бір рет және ведомстволық бақылаудың занда көзделген іс жүргізу нысандарын қолдану арқылы — екінші рет бақылауды жүзеге асырады.

          Ведомстволық бақылау мен прокурорлық  қадағалаудын объектісі ортақ  болып табылады. Зерттеу барысында  заң әдебиеттері мен тәжірибеге  жасалынған талдау  осы екі қызметтің ара қатынасын мынадай деп мінездеуге септігін тигізді:

          1)  ведомстволық бақылаудың негізгі  міндеті – заң бұзушылықтар  мен тергеу   қателіктерінің   алдын   алу,   қылмыстық   істің  жан-жақты.   толық,  объективті зерттелуің және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

             Ал прокурорлық қадағалау қылмыстық  істі қозғау және  гергеу кезінде   анықтаушылардың   жіберген   кез-келген   заң бұзушылықтары   мен тергеудегі қателерін болбыртпауга  және жоюга бағытталған.   Бірақ  бұл прокурордың    заң бұзушылықтарды,    тергеу     қателіктерінің    алдын     алу жөніндегі    құқықтарын   (жекслеген   тергеу   әрекеттеріне   санкция    беру. шешімдерді бекіту, келісімдеу) жоққа шығармайды;

          2)  всдомстволық бақылау әрдайым әрі үздіксіз жүзеге асырылады және сонысымен   қадағалаудан   ерекшеленеді.   Ал   қадағалау   анықтаушылардың жіберген заң бұзушылықтарын, тергеу қателіктерін жою және осы ЖӨНІНДЕ Оларға берген нұсқаулардын орындалуын тексеру кезінде жүзеге асырылады. Және   кейбір   кездері   прокурор   қадағалауы   жоспарлы  түрде   нсмесе   өз бастамашылығымен жүзеге асыруы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы ретінде ол. өз ұстанымының сапалы дәлелдемелік материалға сүйенетініне мүлдслі. Сондықтан да. прокурор тергеу барысында істін мән-жайының жаи-жақты. толық. объективті болуына күш салады; айыптау қорытындысын не айыптау хаттамасын   іс   бойынша жиналған   дәлелдемелерді   өзі   бағалай   отырып тергеудің тиісті түрде жүргізілгендігін тұжырымдағанда ғана бекітеді

         3) прокурорлық қадағалаудың берген  нұсқаулары тек анықтаушыларға, тергеушілерге, тергеу бөлімінің  бастығына ғана емес, анықтау  органының бастығына да қоса  таралып, қатысты болады.

         Осы айтылғандарды ескере отырып, автор мынандай ортақ тұжырымға келеді: ведомстволық бақылау да, прокурорлық қадағалау да- қылмыстық істің мән-жайларын жаи-жақты, толық, объективті зерттеуді қамтамасыз етудің және тергеу қателеріи алдын алудың іс жүргізу кепілдіктері болып табылады. Демек, дұрыс ұйымдасгырылып жүзеге асырылатын бақылау да, қадағалау да бірін-бірі ауыстырмайды және іс жүргізуді бәсендетпейді, керісінше, қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің табысты орындалуын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарынын сапалы қорғалуын бірігіп қамтамасыз етеді.

      «Қылмыстарды тергеу саласындағы  анықтау органының бастығы қызметінің  ұйымдастырушылық және іс жүргізушілік  аспектілері» деп аталатын екінші  бөлім үш бөлімшеден түрады.

      «Қылммыстарды тергеді ұйымдастыруда  анықтау органы бастыгының ролі» (ііпіпі.і бірінші йолімшеде анықтау органы бастығының іс жүргізушілік өкілеттіктерін талдау негізінде анықтау органы бастығының рөлі анықталып, ОНЫҢ ОСЫ қызметін бағалаудың критерийлері қарастырылды.

       Анықтау оргаиы бастығының қылмыстық  істердің тергеуін ұйымдастыру кызмоті екі бағытта - алдын ала тергеу міндетті және алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істердің тергеуін ұйымдастыруда, автордың пікірінше, анықтау органының бастығы басты назарды анықтау мен алдын ала тергеу органдарының өзара тығыз әрекет етуіне аударуы қажет. Өйткені нақ осы істер бойынша ғана аталған органдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды (53,3%).

           Бұл осы қылмыстарды анықтау органдары қарастырып, тергеудін алғашқы сатысын жүргізгеи жағдайда заңмен белгіленген тәртіп ережелеріне де байланысты болып келеді. Атап айтқанда, анықтаушы алдын ала тергеу міндетті қылмыстар туралы арыздарды немесе хабарларды қабыддаған сәтте бірден ол жөнінде тергеушіні, прокурорды хабардар етуі керек, сондай-ақ, кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекетгері мен жедел-іздестіру әрекеттерін үйлестіріп. жүргізу және істі бес тәуліктен кейін тергеушіге беру, одан кейінгі кезде осы істер бойынша тсргеушінің тапсырмаларын орындау барысында онымен тығыз әрскет етсді. Автордың пікірінше, осы қылмыстық істердің тергеуін ұйымдастыруда анықтау органының бастығы ұйымдастырушы, үйлестіруші рөлдеріне ие болады. Өйткені оған қылмыстыкқ іс жүргізу заңымен осы қылмыстық істердің тергеуін ұйымдасгыру да ешқандай іс жүргізушілік өкілеттіктер берілмеген.

           Ал осы ісгергс қарағанда сотқа  дейіигі іс жүргізуді анықтау  органдары жүзеге асыратын қылмыстық  істер бойынша тергеуді анықтау  органының бастығы толық көлемде ұйымдастырады. Бұл онын қылмыстық іс жүргізу заңымен берілгси кең өкілеттіктерімен, оның ішінде ҚР ҚІЖК-нің 66-бабының 4-бөлігінің 4-тармағыида белгіленген қылмыстық істі козғау немесе қылмыстық істерді өз тергеуіне қабылдау және жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу не анықтауды жеке-дара жүргізу құқыктарымен байланысты.

         Тәжірибеде басшының осы  құқықтарды  пайдаланудың қажетті жағдайларын  естен шығармайды. Олар ведомстволык.бақылауды  жүзеге асыру-кезінде қылмыстық  істің сапасыз жүргізілуі мен  заңбүзушылықтарға, кателіктерге жол бермеу мақсатында (20,4%), сондай-ақ, қазіргі кезде кадрлардың жетіспеуі жағдайында (33,3%)- анықтаушыларға көмек көрсету кездерінде қолданылады (46,3%).

          Сонымен бірге, осы мәселе жөнінде  зерделенген заң әдебиеттерінде анықтау органы бастығының басты міндеті - қылмыстық істерді тергеу емес. өзіне сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін тиімді етіп ұйымдастыру және оның сапалы жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар туғызу деп көрсетілген. Аталған мән-жайларды ескере отырып,  анықтау органы бастығының осы құқықтарды қолданудын нақты жағдайларын заңда белгілеп көрсету қажет деп санайды.

          Осы қылмыстық істердің тергеуін  ұйымдастыру жөніндегі анықтау  оргапы бастығының қызметін талдай  отырып, оның кепіл бсруші, ұйымдас-тырушы, ал жоғарыда айтылған құқықтарын пайдалану жағдайларында аныктаушының міндетін атқарушы рөлдеріне ие болатынын атап көрсеткен.

         Анықтау органы бастығының қылмыстарды  тергеуді ұйымдастыру қызметінің  оның өзге де ведомстволық  бақылау, ақпараттық-талдау және жоспарлау сияқты қызметтерді атқаруымен тығыз байланысты екені негізделген.  Қылмыстардың тергеуін ұйымдас-ырудың тиімділігі анықтау органы бастығының осы қызметтерді тиянақты түрде орындауынан да болады.

         Жұмыста анықтау органы бастығының қылмыстарды тергеуді ұйым-дастыру қызметін бағалаудың критерийлері де қарастырылған.  Олар осы заманғы талаптарға жауап бермейді және жедел жағдайдың қазіргі қалпын объекуивті, дәл көрсетпейді. Сонымен қатар, алдын ала іздестіру органдарының түрлі заң бұзушылықтарды жасауына және анықтау органдарының жұмыс көрсеткіштерін олай-бұлай бұрмалауына себеп болады. Осының неіізінде қарапайым халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенгіштігі, үмітпен қарау көзқарасы бәсендеген, кейбір жағдайдаларда тіпті жоғалған.

         Мысалы, Ресейдің қылмыстық іс  жүргізу тәжірибесінде қылмыстардың  ашылу пайызы критериі алынып  тасталған. Соның нәтижесінде  қылмыстарды есепке қоюдан жасыру  қажеттігі жойылып, тіркелген  қылмыстардың саны бір жарым  есеге өсті.  Бұл нағыз демократияға апаратын дұрыс қадамдардың бірі.

        Осы мәселені қарастырған заң  әдебиеттерін талдау арқылы. анықтау  органы бастығының қылмыстарды  тергеуді ұйымдастыру кызметі  осы жұмыстың формальды-статистикалық  көрсеткіштерімен емес. азаматтардың  конституциялық құқыктары мен бостандықтарын. заиды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелерін ескеріп, қайта қаралған киритерийлері негізінде бағалануы тиіс деген тұжырым жасайды.                            

      Алдын ала тергеу міндетті қымыстық істер боііынша анықтау органы бастыгының іс жүргізуішік өкілеттіктерінің шегі» атты екінші бө.чімшеде анықтау органы бастығының және анықтаушының осы қылмыстық істер бойынша  жүзеге  асыратын   іс-әрекеттер  жүйесі   анықталып,  анықтаушының қылмыстық-іс жүргізушілік дербестігі және аталған қылмыстық істерге жүзеге асырылатын прокурорлық қадағалау қарастырылған.

        Алдын ала тергеу міндетті  қылмыстық істер бойынша анықтау  - анықтау органдарының негізгі  қызмет түрі болып табылмайды. Мұндай іс жүргізу анықтаушының тергеушінің тергелуіне жататын қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдап алған жағдайда немесе осы істер бойынша анықтау органы бастығының анықтаушыға қылмыстық істі козғау, кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар ету жөнінде берген тапсырмалары бойынша жүргізіледі.

       Осы қылмыстық істер бойынша  анықтаушы мен анықтау органы  бастығының іс жүргізушілік екілеттіктерін зерделеу негізінде, автор, олардың шектелгендігі жөнінде тұжырымға келеді. Осылайша, анықтау органының қызметі қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдап алу, қарау, тексеру және ол бойынша шешім қабылдаудан басталып, қылмыстық іс қозғалған жағдайда кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, істі бес тәуліктен кешіктірмей тергеушіге берумен аяқталады.

       Бұл қылмыстық. істер бойынша  анықтау органдары өз еріктерімен  тек қылмыс жасаған тұлғаны анықтап табуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын ғана жүргізе алады. Басқа жағдайда осы қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттері мен іздестіру шаралары тек тергеушінің тапсырмасы мен нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі (ҚР ҚІЖК-нің 64-бабының 7-бөлігі, 200-бабының 3-бөлігі).

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу амалдары