Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 15:12, реферат
Түрік халықтары арасында Қырым және Кавказ түріктері Османлы түріктерінен бұрын Ресей арқылы батыс мәдениетін азды-көпті тани бастаған еді. Бірақ бұл біреу басқа арқылы тану шығыс дүниесіне кең көлемде бір өзгеріс болып саналмайтын еді. Алайда Таяу Шығыс дүниесінде дүниенің үш құрлығына жайылған, түрік-ислам мәдениетін құрған Османлы Түркиясының мәдениет өзгертуі тек Түркия үшін ғана емес өзге түрік халықтары үшін үлкен өзгерістің басы.
Республика кезеңіндегі әдебиет (1923-?): Негізін Мұстафа Кемал Ататүрік қалаған
Республика кезеңінде түрік әдебиеті жаңа белеске көтерілді. Тәуелсіз Республиканың азат
ұлдары ретінде ақын-жазушылар, өз шығармаларын еркін жазып, таратты. Батыспен
қатынас жаңа тұрғыдан болып, енді тек еліктеу емес, қорытып, пайдалану белең алды.
Бұрындары тек француз әдебиетінен әсерленген ақын-жазушылар ендігі жерде бүкіл
батыс әдебиетін жақыннан тани бастады. Түрік тілі жат тілдердің үстемдігінен құтылып,
тазара түсті. Новелла және күнделік жанры қарқынды дамыды. Драма жанры үшін бұл
кезең алтын ғасырға айналды. Халық әдебиеті даму үстінде болды.
Бұл кезеңнің көрнекті ақындары ретінде Зеки Өмер Дефне, Ариф Нихат Асия (1904-1975),
Зия Осман Саба (1910-1957), Жахит Сыткы Таранжы (1910-1956), Орхан Уәли Қанык
(1914-1950), Фазыл Хүснү Дағларжа (1914-?), Мехмет Чынарлы (1925-?), Атилла Илхан
(1925 -?), Ниязи Иылдырым Генжосманоғлы (1929-1992) және Сезаи Қаракочтың аттарын
атауға болады.
Республика кезеңінде проза жанры да ерекше қарқынмен дамыды. «Ұлттық әдебиет»
ағымының өкілдерінен кейін проза жанрында Махмұт Иесари, Етем Бениже, Есат Махмұг
Қарақұрт, Мемдух Шеукет Есендал, Сайт Файк Абасыйанык, Халдун Танер, Севинч
Чокум т.б. жемісті еңбек етті. Дегенмен бұл жанрдың ең көрнекті өкілдері ретінде Хұсейін
Нихал Атсыз (1905-1975) бен Тарық Бұғра (1912-?) аттарын атау керек. Хүсейін Нихал
Атсыздың «Бозқұрттардың өлімі», «Бозқұрттар тіріледі», «Рух адам» сияқты туындылары
тарихтың тереңінен сыр шертеді.
Драма жанрында шығарма жазған ақын-жазушылардың қатарында Ахмет Нури
Секизинжи, ОсманЖемал Қайғьшы, Мүсахипзаде Желал, Халид Фахри Озансой, Хүсейін
Суат, Решат Нури Гунтекин, Хүсейін Рахми Гүрпынар, Якуп Қадри және т.б. есімін атауға
болады. Сонымен қатар, Ведат Тор, Назым Хикмет, Жеудет Кұдрет және Нежип Фазыл
Қысакүрек сияқты ақын-жазушылардың драма жанрында жазған еңбектері театр
сахналарында тартымды қойылымға айналды.
Г.Т. Жиембаева
Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ халықаралық
қатынастар факультетінің,
түркітану кафедрасының
аға оқытушысы
Түрік Танзимат кезеңі романдарындағы құлдық мәселесі
Түйін: Аталған мақалада Түрік Танзимат әдебиеті роман,
әңгімелеріндегі құлдық мәселесінің бейнеленуі қарастырылады.
Кілт сөздер: құлдық мәселесі, түрік әдебиеті, Танзимат әдебиеті,
роман, әңгіме.
ХІХ ғасырда қалыптасқан түрік Танзимат әдебиеті
романдарында маңызды орын алатын және ең көп қарастырылған
мәселелердің бірі - құлдық мәселесі еді. Аталған мәселеге
байланысты сол кезеңнің қаламгерлерінің көптеген шығармалар
жазып қалдырғандығы белгілі. Ежелден келе жатқан қоғамдық-
әлеуметтік мәселелерден бірі саналатын құлдық батыс болсын,
шығыс болсын әлемнің түпкір-түпкірінде кеңінен таралғандығы
баршамызға аян. Ислам дінінің құлдықты қаламағандығына, тіпті,
пайғамбарымыздың құлдарын азат еткендігіне, Құранда құлға
азаттық беру сауап іс саналатындығына қарамастан қатаң тиым
салынбағандықтан құл алып, сату Османлы жерінде де жалғасын
тапты.
ХІХ ғасыр түрік романдарында қарастырылған құлдық мәселесі
әлеуметтік мәселеге қарағанда романтикалық сезімге негізделген
десек те болады. Ол туралы әдебиетші ғалым Орхан Окай
«Танзимат романында өте көп кездесетін аталған тақырып -
әлеуметтік мәселе ретінде емес, көбіне романтикалық сезімнің
негізі ретінде қарастырылған»[
қоғамындағы құлдар мен күңдер жер өңдеу, құрылыс, ауыл
шаруашылығы сияқты ауыр жұмыстарға жегілсе, Османлы
қоғамындағы құлдар мен күңдер көбіне өздері қызметші болып
жүрген отбасының бір мүшесі ретінде саналған, қожайындары
оларды үйлендіріп, білім беріп, жоғары орындарға қызметке
тұрғызған. Танзимат кезеңіндегі романдардан көбіне Кавказ
жерінен әкелініп құлдыққа сатылған балалардың басынан кешкен
қайғы-қасіреттері, кездейсоқ бір-бірімен табысқан бауырлар, олардың алыстарда қалған отандарына, жақындарына деген
сағыныш сезімдерінің суреттелгенін байқауға болады.
Танзимат кезеңі романдарының ішінен құлдық мәселесін
алғаш рет қозғаған және оны жан-жақты қарастырған Ахмет
Мидхаттың «Құлдық» романы(1870) түрік әдебиеті тарихында
маңызды орын алады. Аталған романда Зейнел атты бай құл
саудалаушылардан екі бала сатып алады. Өсе келе екі жастың бірін-
бірі жақсы көретінін сезген үй қожайыны оларды некелестіреді.
Неке түні Фатин мен Фытнат бір-бірлерінің өмірлері, балалық
шақтары туралы әңгімелеп отырып туған бауыр екендіктерін
кездейсоқ білгеннен кейін қожайындарына хат жазып қалдырып,
өз-өздерін өлімге қиып кете барады. Жазушының екі бауырды өз-
өздеріне қол жұмсатып өлтіруінің астарында құлдыққа деген
жеккөрушілікті ояту мақсаты жатыр десек те болады. Ахмет
Мидхат Әпенді аталған шығармасында бір жағынан түрік
қоғамының құлдар мен күңдерге оң көзбен қарағандығын
аңғартқысы келсе, екінші жағынан құлдықтың, күңдіктің қаншама
отбасын ойрандап, ортаға түсіргенін баяндайды. Сол жылы
жарияланған «Фиркат» атты әңгімесінен де осыны байқауға
болады. Шығарманың кейіпкері Мемдух Фериде атты Кавказ
жерінен келген қызметшімен үйленеді. Бір-біріне бауыр
екендіктерін білген Фериде мен Мемдух у ішіп өледі. Жазушының
«Жөн түрік» романындағы Дилшинас күң болғанына қарамастан
әскери қызмет атқаратын дәулетті Газанфер мырзаға тұрмысқа
шығып сән-салтанаты жарасқан үлкен тойы өтеді.
Танзимат әдебиетінің танымал өкілі Н.Кемалдың «Гүлнихал»
атты пьесасында (1875) Кавказ жерінде бақытты өмір сүріп жатқан
Гүлнихалдың тағдырдың тәлкегіне ұшырап, өмірінің тасталқанға
айналғандығы баяндалады. Күйеуі өлтірілгеннен кейін құлдыққа
сатылған жас әйелдің басынан талай қиыншылықтар өтіп, қайраты
мұқалып, мына өмірдегі тек мақсаты өш алуды ғана көздейді.
Гүлнихалдың өз өмірі жайлы Исметке айтқан мына сөздерінен
құлдықтың қасіретін, күңнің сезімдерін түйсінеміз. «Көздерімді
ашсам кемеде қол-аяғым байлаулы жатыр екенмін. Сөйтсем,
күйеуімнің жанын алған
сатып жіберіпті. ... Қаншама басынуды, таяқты, балағаттауды, түрлі
қорлықты көріп осы жерлерге жеттім. Басымнан өткен қаншама
қиындық жүрегіме бір қатігездік ұялатты. ... Тұрып қалған
қамырдың ашып, көгеріп кететіні сияқты уақыт өткен сайын жүрегімдегі қайғы да табиғатымды өзгертіп, өшпенділікке
айналдырды»,[2, 9-10]- дейді. Н.Кемал алғашқы әдеби роман
саналынатын «Интибах» романында да күңдікке түскен қыз
Дилашубты «ар-намыстың, пәктіктің символы» ретінде бейнелейді.
Әдебиеттанушы ғалым Зейнеп Керман «Романда Дилашубқа күң
болғандығынан емес, бақытсыз әйел болғандығына байланысты
жанымыз ашиды»[3, 37], - дейді.
А.Мидхаттың 1874 жылы жарияланған «Фелатун мырза мен
Рақым әпенді» романында да құлдық мәселесінің көрініс
тапқандығын көреміз. Романның жағымды кейіпкері, сол кезеңдегі
жастарға үлгі боларлықтай жан-жақты болып, жақсы өсіп жетілген
Рақым әпендінің үйіндегі қызметшісі Федаи де күңдікке сатылған
әйел. Рақым әпендінің әкесі қайтыс болғаннан кейін материалдық
қиындыққа тап болған отбасын тастап кетпей, ханымының жасаған
бұйымдарын сатып, түрлі істер атқарған Федаи қолынан келгенше
Рақымға көмектеседі. Рақым анасы қайтыс болғаннан кейін өсіп
жетілуіне материалдық, әрі рухани қолдау көрсеткен осы жасамыс
қызметші әйелге үлкен құрмет көрсетеді. Жағдайы жақсарғаннан
кейін Федаиге көмектессін деген ниетпен Жанан деген қызды
сатып алады. Рақым әпенді үйіне алған жас қыздың мәдениетті,
әдепті болып өсуі үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Жеке
мұғалімнен музыка мен шет тілін үйреніп жүрген Жананға өзі түрік
тілін үйретеді. Рақым кейіннен Жананға ғашық болып екеуі де
жүрек қалауларымен бас қосады. А.Мидхат әпендінің осы
романында шығыс пен батыстағы құлдықты салыстырғандығын,
түріктердің құлдыққа, күңдікке түскендерге адамгершілікпен
қарағандығын білдіргісі келгендігі айқын көрініс тапқан десек те
болады. Романда Рақым әпендіден сабақ алып жүрген ағылшын
қыздарының Жананға «біз де Рақым әпендінің қызметшісі болсақ
қой», - деп қызығушылықпeн қарауы осының дәлелі десек те
болады. А.Мидхат әпенді 1891 жылы басылып шыққан
«Мүшахедат» романында да Османлы жеріндегі құлдар мен
күңдердің тұрмыстарының, жалпы жағдайларының жақсы
болғандықтарын алға қоюға тырысқандығын көреміз.
Османлы тарихынан құлдар мен күңдердің сарайда қызмет
атқарғандықтарын, сарайда тұрғандықтарын білеміз. Орхан падиша
кезеңінде басталған осы үрдіс Кануни сұлтан Сүлейман кезеңінде
шырқау шыңына жетті десек те болады. Оны Кануни сұлтан
Сүлейманның Украина жерінен күңдікке әкелінген Хүррем сұлтанмен үйленуінен көреміз. Танзимат кезеңінде де Кавказ
жерінен Стамбұлға құлдыққа, күңдікке әкелінгендердің бір бөлігі
үй иелерімен, дәулетті адамдармен үйленіп, бақытты өмір сүрсе,
бір бөлігі түрлі қиыншылықтарда өмірлерін өткізеді. Осылардың
барлығын Танзимат жазушылары өз романдарында жан-жақты
суреттеуге, оқырмандарына әсер етуге тырысқандығын көреміз.
Танзимат әдебиетінің басты өкілдерінен бірі Режаизаде
Махмұт Екремнің 1875 жылы басылып шыққан «Вуслат немесе
үзілген қуаныш» атты пьесасында құлдықтағы қыз Вуслаттың
драмасы баяндалады. Алайда, жазушының осы романда тоқталған
негізгі тақырыбы құлдық емес, сол кезеңнің кең таралған
мәселелерінен бірі ата-аналардың өз пайдаларын ойлап, балаларын
өздері қалаған сүйіктілерімен үйлендірмей өз дегендерін жасатуы,
балаларының ой-пікірлерімен санаспауы қарастырылған болатын.
Танзимат кезеңі түрік әдебиетіндегі құлдық тақырыбын алға
қойып, көркем тілмен бейнелегендердің бірі жазушы Самипашазаде
Сезаи еді. А.Х.Танпынардың айтқанындай «сол кезеңнің көптеген
жазушылары мен ақындарының анасы сияқты Сезаидің анасы да
күң ретінде Черкесс елінен келген»[4, 291-293] екен. Сондықтан да
оның осы мәселеде қалам тербеуі түсінікті жәйт сияқты.
С.Сезаидің «Сергүзешт»
кішкене кезінде Кавказиядан Стамбұлға күңдікке әкелінген Дилбер
атты қыздың басынан кешкендері баяндалады. С.Сезаи романында
бастан-аяқ қаналған, анда-мында сатылған, адам ретінде сезімі мен
ой-пікіріне мән берілмей төмендетілген Дилберді көреміз. Романда
осынау талдырмаш келген байғұс қыздың айналасындағылардың
зәлімдігі бейнелі көріністерімен оқырманға үлкен әсер ететіндігі
сөзсіз. Романда Дилбердің қысқа ғұмыры негізгі үш ортада өтеді.
Кішкене қызды Кавказиядан әкелген кемеден сатып алған Қажы
Өмер атты құл саудагері «қапастың ішіндегі құсты»[5, 10] еске
түсіретін Дилберді Мұстафа әпендінің әйеліне сатады. Осы үйдегі
ең ауыр жұмысқа жегілген байғұс қыз үй иесінен де, сол жердегі
қызметші Тараветтен де болмашы нәрсеге бола таяқ жеп әбден