Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Қорыта айтқанда, Зейнолла Шүкіровтің «Орамал» поэмасы халқымыздың ежелгі дәуірлерде негізі қаланған ата-бабалар  салт-дәстүрлерінің кейінгі тарихи  оқиғалар кезінде де ұмытылмай ұрпақтар жүректерінен берік орын алғандығын дәлелдейді.

Қазақ поэзиясындағы эпикалық шығармаларды өмір шындығы деректерін тарихи-этнографиялық, тарихи-аңыздық сюжеттер негізінде  өрбіте, көркемдік қиялмен дамыта, ұрпақтарды тәрбиелейтін көркем шындықпен жырлау арқылы ақындар ұлттық сөз өнерінің адамгершілік-эстетикалық, тәлім-тәрбиелік қуратын танытты. Зейнолла Шүкіров поэмаларының ұлттық сипаты да осы үрдісті дамыта жырлауынан байқалады.

Қазақ поэзиясының ғасырлар белестеріндегі қалыптасу, даму жолында отаншылдық-азаматтық сарынмен жырлау дәстүрінің үзілмей сақталғандығы байқалады. Ұлттық сөз өнері мұраларының ежелгі үлгілерінен басталып, қазіргі әдеби үдеріске ұласқан жолында лирикалық және эпикалық шығармалардың арқауына алынған қаһармандық-жауынгерлік тақырыптағы эпикалық шығармалар халықтың ерлікпен өткен тарихи кезеңдері шындығын әйгілейді. Қазақ поэзиясының ежелгі сақ, ғұн дәуірлеріндегі қаһармандық-эпикалық жырларда Еуразия кеңістігінде қолбасшылық, батырлық істерімен із қалдырған тұлғалар тағылымы сөз өнері мұралары арқылы тарих беттерінде жазылды. Академик Ә.Марғұлан ғұндар империясы кезіндегі қаһармандық-жауынгерлік кезеңдер шындығының әлемдік танымал эпостық дастандардың сюжеттік-композициялық желісіне қосылған тарихи поэтикалық көріністерін атап көрсеткен еді: «Ғұндардың Европа елімен қарым-қатынаста болғаны тек тарихта жазылып қоймай, Европа елдерінің ұлы эпос жырларында (сага), қария аңыздарында да жарқын түрде сақталып келген».

... Ғұндар туралы әдемі хикаялар, әсіресе, Скандинавия жырларында, германның ескі эпос жырларында (Нибулын), Латынның, Мадьярдың қария сөздерінде жиі кездеседі. Ғұндардың жарқын бейнесі Скандинавияның «Ұлы Эдда», «Кіші Эдда» сияқты дүниежүзілік әдебиеттің сюжеті болып табылған. Ол әрі қызықты, әрі көркем, әрі тамсанып айтылатын ғажайып эпос жырын шығаруға негіз болған [9, 60-61-бб]. Қазақ тарихының көне дәуірлермен қатысты осындай қаһармандыққа толы кезеңдерінің жанрлары халықтың ата-бабалар қалыптастырған мыңжылдықтар белестеріндегі ұлағат жолын аңғартады.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ  поэзиясында қазақ тарихының  ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті, сонымен бірге Шығыс өркениеттері елдеріне (Египет, Грекия, Үндістан, т.б.) байланысты сюжеттерді лирикалық және эпикалық шығармалар арқауына алып жырлау үрдісі байқалды. Бұл, әрине, осы кезеңдегі түркітану, шығыстану ғылымдары салаларындағы жаңа еңбектердің жазылуы себебінен де болар. Кеңестік кезеңдегі шығыстану, түркітану салаларындағы ғылыми-зерттеулер институттары жасаған кешенді еңбектер ықпалымен ежелгі дәуірлердегі тарихи тұлғалар, халықтар, мемлекеттер туралы көптеген көркем шығармалар да жазыла бастады. Қазақ поэзиясындағы, прозасындағы, драматургиясындағы ежелгі дәуірлерге арналған фольклорлық-мифологиялық, тарихи-шежірелік негіздегі сюжеттер бойынша жаңа туындылар дүниеге келді. Бұл орайда, біз З. Шүкіровтің «Перізаттың перзенттері», «Алау», «Клеопатра», М. Шахановтың «Сенім патшалығы», «Жаңғырық», «Жеңілген жеңімпаз хақында» «Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» және т.б. ақындар (Т. Медетбек, И. Оразбаев, т.б.) шығармашылығында қазақ тарихының ежелгі, орта, сонымен бірге, жаңа ғасырлар белестеріндегі елдік-отаншылдық мұрат бағдарындағы шығармалар жазу үрдісі қалыптасты. Бұл – қазақ поэзиясындағы ежелгі дәуірлерден қазіргі әдеби үдеріске ұласқан тарихнамалық негіздегі халық рухының ұлағатын ұрпақтарға ұғындырудың көрінісі. Ақын Зейнолла Шүкіровтің «Перизаттың перзенттері» поэмасы [98, 270-281-бб.] осының негізінде жырланған. Тақырыбы – қазақ халқының шығу тегінің сақ аталуындағы (қас сақ) тарихи-аңыздық негізділік, идеясы – тіршілік қозғалысының табиғи заңдылығы адам сезімінің өсу, өркендеу дәнекері болатын ықпалын дәйектеу. Поэманың негізгі кейіпкері – қазақ қариясы. Бұл – қазақ халқының мыңжылдықтар белестері бойы қалыптасқан, байырғы ұлт болып танылған тарихының көркем шындықпен жинақталған тұлғасы.

Ақын З. Шүкіров поэмасының арқауына кейіпкер – ата қазақ айтқан аңыз-шежіре әңгіме желісі бойынша ежелгі заманғы мифологиялық әңгімелерге, қисса-дастандарға арқау болған Сүлеймен патша туралы бір оқиға алынған. Оның пілдерден, диюлардан құралған қарулы әскерімен бір қаланы басып алған қанды жорығы жырланған. Сүлеймен – шығыс фольклоры мен әдебиеттері мұраларында мол жырланып бейнеленген кейіпкер. Қазақтың мифтік әңгімелерінде «Су иесі» [133, 27-28-бб.], «Құран хикаялары» кітабында                [134, 120-125-бб.] да, ақындардың қисса-дастандарында [137, 23-58-бб.] да әр алуан сюжеттік үлгілері рухани құндылықтар қатарында сақталып келеді. Ал, тарихи нақты дерек бойынша: «Соломон, царь Израильско-Иудейского царство в 965–925 до н.э. Сын Давида провел адм.реформы, добивался централизации и религ. культа. Согласно библейской традиции, славился необычайной мудростью, по преданию, Соломон – автор некоторых книг Библии (в том числе «Песни песней»)» [123, с. 1243]. Тарихта талай жорықтар жасаған билеушілердің кейінгі ұрпақтарға олар туралы жағымды және жағымсыз оқиғалары да әртүрлі сюжеттер бойынша жететіні мәлім. Сондықтан тарихтағы жеке тұлғалардың фольклор мен әдебиет мұраларындағы бейнелеуі сипатынан тіршілік қозғалысындағы қарама-қайшылықтар жүйесінің табиғи заңдылығын түсінеміз.

З. Шүкіровтің «Перізаттың перзенттері» поэмасы сюжетінің басталуында Сүлейменнің қанды шабуылына ұшыраған қаладағы ханның және оның қызының, халықтың басқыншылардан жеңілген ауыр хал-ахуалы суреттелген. Қаланың иесі ханды да, оның қызы ханышаны да, халықты да тұтқындап, өктемдік, зорлықтың үстем үкімін айтып тұрған Сүлейменнің сөзі басқыншыларға ортақ озбыр, әділетсіз қасиет сипатын көркем шындықпен жинақталған тұлғасымен байқатады:

 

... Жендеттер, дігірлейді,

– Жүгін! – дейді.

Ақ патша алтын тақта күрілдейді,

– Жер-көктің әміршісі мен – Сүлеймен,

Алдыма шығып бүгін кім үндейді?!

 

– Сәйгүлік ат ойнаған тақымымда,

Батырлар басын ұрып ақырында,

Сүлеймен қаптатқанда диюларын,

Жын-жыпыр қашқан бәрі жапырыла!

 

– Ақ жібек алты қанат шатырымда,

Арулар келген талай ақылына,

Перізат, енді менен құтылмайсың,

Қосамын сарай толы қатыныма.

 

– Мен – қыран, сенсің таңдап жемім қонар,

Көнбесең мынау сарай көрің  болар,

Әкеңе зындан мәңгі мекені боп,

Етермін жарық күнді көруге зар.

 

– Жендеттер маңдайында көзін де алар,

Аузында тілін кесіп, сөзін де алар.

Мойнына қартайғанда дорба асынып,

Кәсібі елден-елді кезу болар... [98, 272-273-бб.]

 

Бұл – озбыр басқыншы билеушілерге ортақ пиғыл көрінісі. Поэма сюжетіндегі  шиеленісті сәттерінде басқыншы патшаның қатыны болуға қыздың көнбегені, зорлықшылға  басын имеген тәкаппар қызды жапан далаға апарып тастауға («Құм құйып, бозартайын жанарыңды! Тастасын Бетпақ шөлге алып барып, шақырып әкеліңдер Қарадүрді!») Сүлейменнің бұйрық бергені, жазалаушы Қарадүр диюдың қызды айтылған жерге апарып тастау үшін аспанға ұшқаны – миф пен өмір шындығы тұтастығындағы көркем тілмен жырланған.

Поэманың көркемдік шешімі бойынша  қызды межелі жерге жеткізу сапары кезінде дию Қарадүрдің бойындағы еркектік сезімнің ояна бастауы айтылады. Бұл – поэма сюжетінің шарықтау шегіндегі оқиғаның қарсаңы. Ұшу сапары кезінде қолтығына қысқан Перізат қыздың денесі еркектік сезімін оятқан, бірақ көз алдына әміршісі Сүлейменнің қаһарлы келбеті, өзін жазалайтындығы есіне түскен дию Қарадүрдің психологиялық хал – ахуалын да ақын лирикалық сыршыл тілмен өрнектеген:

 

Аппақ қыз үлпілдеген сүйрік еді,

Денесі тиген жерін күйдіреді.

Бір ысып, бір суынып дию бойы,

Сорғалап таудан төмен шүйлігеді.

 

Желкеге қыздың ыстық тиді лебі,

Дір етті дию жаны түйді нені?

Селк етті, есін жиды...

Шыдау керек

Өрт болып күйіп кетсін, құй, жүрегі!

 

Кес-кестеп қап-қара бұлт басып жолды,

Шатырлап атып жатыр жасыл жерді.

Бейне бір алмас қылыш жарқ етеді,

Патшаның қаһар шашып ашулы  өңі.

 

Бейне бір қазулы көр ашылды енді,

Иманы кеудесінде қасым болды!

Дір етіп дию жаны...

Тақ алдында

Өзінің домаланған басын көрді... [98, 275-276-бб.].

 

Поэманың лирикалық сарындылығы  еркек пен әйел жынысы денелері жақындасқан  сәттерде болатын табиғи жандану, қан  ойнау, көңілдің астан-кестең алабұртуы, т.б. сан түрлі психологиялық құбылыстар құрсауына түсетін жағдай елестетіледі. Дию Қарадүрдің жан діліндегі құбылыстар, арпалысқан сезім толқындары («Қаттырақ жабысқан сәт қыз денесі, тағы сол тәтті сезім тылсым тілді...», «Кеудеде дүрс-дүрс ұрған дүрсіл тұрды, алдында қатері мол бір сын тұрды. Сөгіліп жан – жағында бұлт құрсауы, ақ жауын көкіректен былш-былш ұрды») психологиялық егіздеу өрнектерімен өрілген. Сүлеймен патшаның қаһарлы бұйрығын орындау сапарында аспанда ұшып келе жатқан Қарадүр диюдың екіұдай сезім құрсауындағы жанұшырған, жанталасқан көңіл-күй құбылыстары поэтикалық-психологиялық сарынды көркем шындық болмысымен бейнеленген:

 

Дүниені әлде дию тарсынады,

Қақ жарып қара бұлтты қамшылады.

Аспанда құлдыраған жалғыз қара,

Алдында қара дауыл қарсы ұрады.

 

 

Бұл – поэма сюжетті шешім алдындағы кейіпкердің психологиялық хал-ахуалы. Перізат қызды Сүлеймен патша тапсырған межелі жерге жеткізгеннен кейін қызды тастап кетуге қия алмай қипақтағаны, бірақ Сүлейменнің қаһарлы үні («– Өй, доңыз! Өй, шошқаның ақымағы!»), жазалайтыны көз алдына елестеп қиналғаны, осылайша екіұдай сезіммен бір айды осы жерде өткізгені, ақыры қызға оянған махаббат сезімінің құдіретімен («Аңсатты кенет оны жар құшағы», «Бір сезім елжіретіп, сарқып әлді», «Қалыпты қысып ұстап ақ білекті, дір етіп қыз денесі қалтыранды») Қарадүрдің қайта оралмауға бел буған шешімге келгенін де дәлелдей жырлаған.

Қазақ поэзиясында ХХ ғасырдың екінші жартысында халық тарихының ежелгі заманғы бастауларына қатысты аңыздық, мифологиялық сюжеттерді көркем шындықпен  жырлау үрдісі ұлттық санадағы серпілістерді аңғартады. Ата-бабалардың түпкі тарихи негіздері – халық жадында жатталған фольклор мен әдебиет мұраларында сақталатыны мәлім. Қазақ поэзиясындағы тарихи-этнографиялық, фольклорлық-мифологиялық сюжеттердің авторлы әдеби шығармалардағы жырлануы ұлттық рух қуатының сөз өнері арқылы жаңғыра күшейетінін дәлелдейді.

Қорыта айтқанда, тарихнамалық-аңыздық сипатпен жырланған қазақ поэмалары ұлттық және жалпыадамзаттық көркемдік ойлау кеңістігіндегі рухани құндылықтар тұрғысындағы маңыздылығымен бағаланады.

Сөз өнері тарихындағы әдеби  тек (эпос, лирика, драма) жанрларының  қалыптасу, даму жолында өмір шындығы  оқиғаларының ұрпақтар санасында ұмытылмай  сақталуы көркемдік-эстетикалық таным  арқылы жүзеге асып келеді. Адамзат  ұрпақтарының әуелгі пайда болуынан бастап кейінгі дамуға ұласқан жолында  жеке тұлғалардың өздері өмір сүрген ортада жасаған ықпалы, әсері адамдардың ауызша айтуымен де, жазбаша жәдігерліктері бетінде бейнеленуі мен өнер құдіретінің  тағылымын танытады. Көркемөнер туындылары – адамзат ұрпақтарының дүниетанымын кейінгі ұрпақтарға жеткізетін эстетикалық  ықпалды қызметі айқын рухани құндылықтар. Әлем әдебиетінің тарихындағы  эпикалық жанрлар шоғырындағы поэма  жанрының қалыптасуы да, дамуы да адамзат  өркениетіндегі өмір шындығы оқиғаларының көркем шындықпен өрнектелуін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

Қазақ поэзиясының өзекті мәселелерін  ұлттық және жалпы әлемдік әдеби  үдеріспен сабақтастық жағдайында қарастырудың бірқатар поэтикалық жүйесі саралана көрінеді: біріншісі –  жанрлар тектестігіне ортақ поэтикалық ерекшеліктер болмысы; екіншісі – лирикалық, эпикалық шығармалар арқауына алынатын тарихи тұлғалар тағдырларының ортақтығы. Бұл арада әлем әдебиетіндегі  көрнекті ақындар шығармаларындағы мазмұн мен пішін жүйесінің бір  ғана ұлттық көлемі емес, әлем әдебиеті классикалық үрдісімен жырлануы жағдайын есепке аламыз. Әлем әдебиетінің  қалыптасуы мен дамуы жолында көрнекті қаламгерлер қалыптастырған дәстүрлі үрдіс – эпикалық шығарма арқауында басқа халықтар тарихындағы дара тұлғалардың әдеби көркем бейнелерін сомдау. Бұл орайда, біз әлем әдебиеті алыптарының классикалық мұраларындағы үлгілерді назарға аламыз. Мысалы, «Александр Македонский (Alexandros ho Medas), (б.з.б. 356 - шілде, Пелла – б.з.б. 13.6.323, Бабыл)» – [135, 322-б.] туралы фольклорлық аңыз әңгімелерде, көркем әдебиет шығармаларында (Ә. Фирдоусидің «Шахнамасындағы» бөлім, Г.Низамидің «Ескендірнамасы», Ә. Науаидің «Ескендір қорғаны», хакім Абайдың «Ескендір», т.б.) бейнеленді. Бұл – тарихи тұлғаның көркем шындықпен бейнелену үлгісі. Басқа халықтардың тарихы, дүниетанымы, жеке тұлғалары туралы жырлауда әлем әдебиеті классикалық мұраларындағы көптеген туындыларды айта аламыз. Мысалы, И. В. Гетенің «Батыс-шығыс диваны», Дж. Г. Байронның «Мазепа», «Шильон тұтқыны», «Теңіз көкжалы», («Корсар»), «Дон Жуан», С.Сейфуллиннің «Чжан-Цзо-Лин, С. Мұқановтың «Жұпархан», Иса Байзақовтың «Клеопатра», Қ. Жармағамбетовтің балладалары «Галилей», «Фирдоуси», «Вавилон оқиғасы», М. Мақатаевтың «Мавр»,                         Т. Айбергеновтің «Космонавт монологы», Ө. Нұрғалиевтің «Гераклиттің көз жасы» және т.б. кейінгі әдеби үдеріс жолында эпикалық және лиро-эпикалық сарынды шығармалар жазу жалғасуда. Бұл – әлем әдебиеті дамуындағы поэтикалық үндестік көрінісі. Қазақ әдебиеті тарихына лирикалық өлеңдерімен, поэмаларымен, прозалық туындыларымен мол үлес қосқан көрнекті қаламгер Зейнолла Шүкіровтің (1927–1979) сөз арқауындағы эпикалық поэзия дәстүрінде де өзіндік өрнектері бар. Қаламгердің ұлттық әдебиет тарихындағы ең негізгі шығармашылық тұлғасы поэзиялық туындылары арқылы танылды. Оның ішінде поэма жанрындағы мұралары да эпикалық жанрды игерудегі шығармашылық шеберлік деңгейін айқындайды.

Академик З. Қабдоловтың поэманың жанрлық поэтикалық ерекшелігі туралы тұжырым әдебиеттанудағы негізгі  дәйектемеміз. «...өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқығаларды, алуан-алуан адам тағдыры  мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипатты өлеңмен  суреттеу. Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті  поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары  да әр алуан: эпикалық образ да, лирикалық  образ да, реалистік образ да болады. ...Поэма – қазіргі қазақ поэзиясындағы  мол өркендеп, кең өріске шыққан шешуші жанрлық түрлердің бірі» [23, 313-б.]». Бұл – сөз арқауындағы  поэмалар поэтикасына да қатысты  пікір.

Ақын Зейнолла Шүкіровтің поэмалары («Адам мен тағдыр», «Аня», «Жүрекке әмір жүрмейді», «Орамал», «Дауыл», «Алау», «Араша», «Олимпиада», «Клеопатра», «Нағыз гүл», т.б.) да поэтикалық сипаттарының әралуандығымен, күрделілігімен ерекшеленеді. «Адам мен тағдыр», «Аня», «Орамал», «Алау», «Олимпиада», «Клеопатра», «Нағыз гүл» поэмаларында қазақ ақынының эпикалық жанр аясында өзге халықтар өкілдерінің  әдеби бейнелерін жырлағанын оқимыз. Бұл – сөз арқауындағы әлем әдебиеті көркемдік дәстүрінің қазақ  поэзиясында жалғасқан көрсеткіші.

Көркем шығармалардың барлығының да көркемдік негізі – өмір шындығы. Өмір шындығы – әдеби туындыдағы реалистік сипаттың басты ұстанымы. Поэзиялық шығармалардағы романтикалық кейіпкерлердің сомдалуында ақындар  халықтың ежелгі замандардан жадында  сақталған, кейінгі ұрпақтардың  санасында сақталған тарихи тұлғалардың  адамзатқа өнеге, үлгі болатын ерлік, қаһармандық істерін көркем шындықпен  жырлайды. З.Шүкіровтің «Адам мен  тағдыр» поэмасы автордың «Н.Островскийге арнаймын!» сөзімен берілген. Поэманың тақырыбы – тарихи тұлғаның әдеби  көркем бейнесін сомдау, идеясы – күрескер адамдарға тән рухани күш-қуат ұлағатын таныту. Поэмада бейнеленген басты  кейіпкердің түптұлғасы (прототипі) – «Островский Николай Александрович (1904–1936) – ... көзі көрмесе де, төсекте  жатса да «Құрыш қалай шынықты» (1932–1934), «Дауылдан туғандар» (1936) романдарын жазған жазушы» [123, с. 946].

 «Адам мен тағдыр» поэмасының  идеялық-композициялық желісінде  тарихи тұлғаның өмір шындығы  дерегі негізге алынған. Бір  кездері майдан шайқастарында  тұлпарымен, қару-жарағымен жасындай  жарқылдап жүрген кездері романтикалық  көтеріңкі әуенмен көз алдымызға  елестетілген:

 

...Атының от ұшқындап тұяғынан,

Өткен күн ғажап сурет қиялында.

Келген жан жауынгер боп кең  дүниеге,

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі